Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 06:53, доклад
Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ-орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады.
Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы 1
XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы 2
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі 3
XX ғасырдың басындағы іс қағаздар тілі 5
Қазіргі жазба әдебиеттердегі раст, дост сөздеріндегі т дыбысының жойылып кеткені сияқты өстіру етістігіндегі т фонемасы да қолданылмайды.
Функционалдық стильдерді, оның ішінде біз қарастырып отырған ресми іс қағаздар стилін қалыптастырып отыратын негізгі база – баспасөз болып табылады. XX ғасырдың басында жарық көрген «Қазақ газеті», «Қазақстан», «Айқап» журналы, «Садақ» журналы т.б. газет-журналдар қазақтың жазба әдеби тілін, оның стильдік тармақтарын әрі қарай дамытуда орасан зор қызмет атқарды.