Казакстан-моя родина

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 22:33, реферат

Описание

Про Казакстан, история, на пути к независимости

Работа состоит из  1 файл

билер.doc

— 64.50 Кб (Скачать документ)

    Төле Әлібекұлы (1663 - 1756) қазіргі Жамбыл облысы Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс, Жанту би, одан Жайылмыс би, одан Құдайберді би. Сол тоғыз ұлдың бірі Әлібектен Төле би туады. Төле жастайынан ескіше оқып, сауатын ашады. Арапша, парсыша тарихи кітаптарды, аңыз, хисса – хикаяларды көп оқиды. Бір жағынан қазақтың аңыз әңгіме, өлең, жырларын, шежіре тарихтарын ел арасынантыңдап, өзінен бұрын өткен шешен – билер мен хандар, әсіресе, өзінің бабалары Жанту, Жарылқамыс билердің кесімді, тапқыр, өнегелі нақыл, шешен сөздерін ойында сақтап өседі. Төленің әкесі Әлібек те ділмар, би болған кісі. Төле бала әкесіне еріп жүріп ел көреді., жұрт таниды. Онбес жасынан билікке араласып, өзінің ақыл, парасаттылығы, әділ шешім, шешендік өнерімен көзге түседі.

    Ол  жас кезінде талай жасы үлкен  атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады.

    Төле  бала Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге  келген Әнет баба ынтымак, елбірлігі  жөнінде әңгіме айтып отырады. Төле «Қалай еткенде де бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда Әнет баба, әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады:

    Балам мынаны сындырып көрші?

    Төле  буылған шыбықты олай – бұлай  иіп сындыра алмайды.

    Енді  сол шыбықты біртіндеп сындыршы? – Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп, пырт – пырт оп – оңай сындырып береді. Әнет баба:

    Бұдан не түсіндің, балам? – дейді

    Сонда Төле бала:

    Түсіндім, баба, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау  да ала алмайды, «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп – оңай алады» дегеніңіз ғой.

    Бәрекелді балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке, ынтымаққа  шақыра біл. «бақ қайда барасың –  ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы, - депті.

    Елді  Қазықұрт тауының бөктеріне көшіп  қонып жатқан көктеу кезі екен. Бір күні Төленің әкесі Әлібек биге екі дауге жүгіне келіпті. Біреуі:

    Қырдан  қуып індеткен түлкіме мынау таласып, бермейді – дейді. Екіншісі:

    Сыртынан  жүні жетілсін деп бағып жүрген түлкім еді, оның үстіне жер де, ін де менікі, демек түлкі менікі. Екеуі осылайша біраз дауласады. Әлібек би даугерлердің сөздерін тыңдап алған соң, баласына сілтеп, «мұның билігін Төле берсін» дейді. Даугерлер Төлеге келсе, ол бір шыбықты ат қылып, Бір шыбықты қамшы қылып, далада «айт, шулеп» ойнап жүр екен. Алдына келіп дауларын баяндаған соң, бала:

    Түлкі арлан болса сенікі, - дейді, «жер менікі» деген жігітке. Баланың  бұл билігіне түсінбей әлгілер әкесіне  қайтып келеді.

    Балаңыздың  сөзіне түсінбедік...

    Төлежан төрелігін дұрыс берген екен, - дейді  Әлібек би.

    Түлкінің  ұланы түз сақтайды, ұрғашысы ін сақтайды. Түлкі еркек болса, сенікі, сенің қырдан қуып келіп, індеткенің рас, түлкі саған тиеді, ал ұрғашысы болса, жер иесі саған тиеді.

    Тағы  бір аңызда Төле би қанжыға ұрлаған ұрыға атшапан айып кеседі. Мәнісін сұрағанда «қанжыға тон сақтайды, тон жан сақтайды», - деп жауап береді. Сондай – ақ тұсау ұрлағанға да айып салады. Оның мәнісін «тұсау ат сақтайды, ат ерсақтайды, ер ел сақтайды» деп түсіндірген. 

Қаз Дауысты Қазыбек Би 

 
 
 
Қазақ шежіресінің деректері бойынша Келдібекұлы Қазыбек (1667-1764) аралығының Қаракесек руынан. Сол Қаракесектің бір атасынан Бұлбұл, одан Шаншар туады. Бұлар да тоқығаны көп, ақылгөй абыз, шешен би боп өткен.

    Балам – ау, басқа сұлу қыздар тұрғанда, өңі –түсі келіспеген мына қызды қайтесің, ал біздер уәделесіп қойған құралдар жағын қайтеміз? – деген де Келдібек:

    Шаншардың екінші әйелі Айбикеден Келдібек, Тыныбек, Жәнібек, есіркеп тарайды. Кеклдібек кезінде аузына ел қаратқан белгілі шешен би болыпты. Ол отыз жасқа келгенше үйленбей жүріп алса керек. Соның себебін ел былай аңыз етеді: Бұлбұл бабасы түсінде «Сен қатын алмайсың, ешбір әйелге көзіңді салмайсың. Алатын әйелің мынадай болады: ұзын бойлы сары қыз, оң аяғы ақсақ, оң жақ құлағының түбінде меңі, екі емшегінің арасында алақандай қалы болады. Сен соған үйленесің», депті. Айтқанындай Келдібек сол қызға көш – жөнекей кездесіп, танысады. Ол қыздың аты Тоқмейіл екен. Айттырып алмақ болып жүргенде әке – шешесі:

    Қаймағын  піскен сүттің алдым қалқып,

    Аяғы  ақсақ болғанымен, ақылы артық.

    Көзі  қыли болса да, сөзі түзу

    Сөйлескеннен  өн бойым кетті балқып, - депті. Тағы бірде құрбы құрдастары Келдібектің  үйінде отырып, оны кекетіп, келемеждей беріпті. Келемеждің ара – арасында келіншегінің кемістігі де айтылып кетсе керек. Сонда жаңа түскен жас әйел әдеппен ғана:

    Көзім қыли, жасырмаймын, ақсақпын,

    Келдекеңмен сондай тату жақсы – ақпын

    Татулықтың  белгісіндей тамаша,

    Төрт  Боршанды билейтін ұл таппақпын, - дегенде, әлгілер «бұл тегін адам емес екен, енді қалжыңды қояйық» десіпті. Айтқанындай –ақ Тоқмейіл анадан атақты қазыбек би дүниеге келеді. Сол Тқмейілден Қазыбекпен қоса Сәдімбек, Асан, Балапан, Үсен, Бөдене деген барлығы алты ұл туылады. Бұларды ел «ақсақтың алтауы» деп атап кетеді. Қазыбек туғанда анасы: 

    «Айналып  – толғанып өсірсем

    Ақ  сүтімді сіңірсем

    Адалдан болар нәсібің,

    Тіліңнен  болар кәсібің » - депті.

    Сәдімбек  туғанда айтыпты: «Осы шіркін ызақор болар, емшегімді емерде ашуланып тырналаушы еді» депті.

    Асан  туғанда «Осы шіркін доңғай болады - ау» депті. Үсенге «кербез болар, сірә» депті. Бөдене туғанда «батыр болар ма екенсің» депті. Бәрі де сол дуалы ауыз анасының айтқанындай боп ер жетіпті.

    Қазыбек бала жасынан шешендік өнерге бейім  өседі. Ол ел арасындағы айтылып жүрген дана сөздерді, мақал – мәтел, нақыл өнерді, өткендегі ақын – жыраулардың тақпақ, терме,тоғауларын, шешен – билердің ұтымды айтқан сөздерін есіне сақтап жүреді. Әсіресе, әке тәрбиесі оған мол әсер етеді. Жасынан ел билігіне араласады.

Әйтеке, шын аты (Айтық) Бәйбекұлы (1683-1722) - кіші жүзден шыққан қазақтың атақты шешен биі. 

Әйтеке Би

     
 

    Әйтеке  бидің қай ауылда, қай жылы туғаны әзірше анық емес, әркім әртүрлі  жазып жүр, Қазақ энциклопедиясының 1 томында: «Айтық, Әйтеке (17ғ. Аяғы, 18ғ.басы) - Әбілқайырға дейінгі кіші жүзді басқарған би. Есім ханның тұсында Самарқанды билеген атақты Жалаңтөсбатырдың немересі деп көрсетілген. Ел аузында айтылып жүрген бір шежіре аңызда Қаражігіт би (халық Әйтекені де осылай атап келген) Ташкент шаһарының қасындағы Келес өзенінің бойында туған. Ташкентті билеген Төле биден 18 -19жас кіші еді» дейді. Бұл дерекке қарасақ, Әйтеке би 1681 – 82 жылдары туылған болып шығады.

    Ертеде  Тле би мен қаз дауысты қазыбек  бір өлген кісінің құнын даулап Алшының еліне барады. Дау ұзаққа созылып, жуық арада бір бітімге келе қоймайды. Сонда есік жақта отырған жігіт:

    Асқар тау сенде бір мін бар,

    Асауға  жол бермейсің

    Тасқын  су сенде бір мін бар,

    Өтерге  өткел бермейсің.

    Ау, билер, сендер де рас мін бар,

    Басқаға сөз бермейсің – деп орнынан  тұрып жүре беріпті.

    Сөз сыңайын байқаған Қазыбек би:

    Шақырыңдаршы  ана жігітті? – дейді, жігіттер оны  қайта ертіп келеді.

    Шырағым, қай баласың? Аты – жөнің кім? – деп сұрайды Қазыбек. Сонда  әлгі жігіт бөгелместен: 
Әкемді сұрасаң - жетесіз,
 
Шешемді сұрасаң – некесіз. 
Тау салған бір баламын, 
Тегімді сұрап нетесіз?!- депті.

    Жігітім, сөзің жетті. Енді осы даудың билігін өзіңе бердім, өзің шешіп тындыршы, - дейді төле би. Сонда Қаражігіт қасқайып тұрып:

    Алты  алқасын арқалап жүргенді кім  көріпті? Жеті атасын жетелеп жүргенді кім көріпті? Ескіріп кеткен дау  екен, бірақ құр қайтасыңдар ағалық назаларына қалармын. Ердің құны жүз  қара ғой. Кіші жүз санын жүзге  толтырып тайынша торопақ берсін. Соған разы болыңдар?! – дейді.

    Екі жағы да осы төрелікке тоқтап, өзара  келісім тарқасыпты. Бұл - Әйтекенің жігіт шағындағы айтқан бір төрелігі екен. 

Бәйдібек Би

     
Бәйдібек Қарашаұлы 1356-1419 жылдары ғұмыр кешкен қазақтың атақты биі әрі ханы болған батыр. Әкесі Қараша да, бабалары Бабыралы, Майқы, Төбей, Кейкі, Бақтияр бәрі өз заманында би, әулие абыз, батыр, хан болып өткен. Бәйдібек атышулы Ақсақ Темірмен (1336-1405) замандас, тұтас, қызметтес болған. Өзінің жақын туысы қазақтың дала пәлсапашысы Асанқайғы аталып кеткен дана жырау Асан Сәбитұлымен (1361-1370) сырлас, мұңдастын.

    Ол  осыдан 635 жыл бұрын Ташкент шаһарында  туған. Жаугершілік кезінде үш жасынан  әке-шешеден жетім қалады. Ағайындарының қолында жүріп, есейе келе үйсін Шынтас деген байдың жылқысын бағады. Тәжірибелі жылқышы, ат бапкері, мерген, сайыскер, көкпаршы додапаздарын әбжілдік, батырлықты үйренеді.

    Сонымен бірге Бәйдібек би кезінде кесімді, бітімді, тапқыр да шешен сөздері, ақыл–нақыл, мақал–мәтелдерді көп айтқанға ұқсайды. Олардың кейбірі ұмытылып, кейбірі  айтыла–айтыла халықтық мұраға айналып кеткен. Көпшілігі тіптен ел есінен шығып та қалған. Өйткені Бәйдібек заманынан бері қаншама ғасыр өтті. Десек те, бабамыздың бірлі - жарым сөздері, нақыл - мақалдары атадан балаға ауысып, бүгінге жетті. Солардың бірқатары мыналар:

    Боралдайдың бір байы мен жалшысы дауласып, Бәйдібек биге барыпты. Бұл кезде  Бәйдібек бидің жігіт шағы екен. Бай айтыпты: «Өзім асырап, есігіме салған құлым еді. Ауқат беріп әлдендірдім, ескімді беріп киіндірдім. Соған місе қылмай енді менен ат дәметеді.

    Би  жалшыға сөз беріп:

    Кәне, сен сөйлеші, - десе, әлгі жалшы өте  момын, жалтақ болса керек, байға  жалтақ-жалтақ қарай беріпті. Ал, бай болса, оған көзін алартып қояды. Жалшының бұл халін сезе қойған Бәйдібек би:

    Аяққа кісен салуға болар,

    Қолға кісен салуға болар

    Ал, тілге кісен салуға болмас, - деп  жалшыға араша түсіп, ақысын алып беріпті. 

Досай Би  

    Досай Бәйгеұлы (1692-1790) қазақтың белгілі шешен биі. Ол Қаратаудың күнгей бетіндегі осы күнгі Шымкент облысы, Бәйдібек ауданында туған. Досай жастайынан халықтың ата дәстүрі шешендік өнерді бойына дарытқан, өзі атбегі, құсбегі, ақын жанды, алып тұлғалы батыр, палуан боп ер жеткен. Қазақ шежіресінде Досай би Ұлы жүздің үйсін тайпасынан шығады.

    Досай би жоңғар, қалмақ басқыншылығының аз - ақ алдында үйлі жайлы, балалы - баранды болған, орта жасында ел билігіне араласады. Сырттан қара дауылдай қаптап келе жатқан жаудың дүмпуін есіте бастаған ел жұрты одан және оның батыр інісі Қосайдан ел билігін қолға алып, жаудан аман сақтап қалуды сұранады. Бұл тайпа елдің бір өтінішін ол кездегі Түркістан шаһарын орталық етіп билеп тұрған хандар, бек, билерқолдайды. Сонымен досай кейбір би, болыстарға ұқсап, мені би сайлаңдар деп бар малын шашып шығындап, атынып – шабылмай ақ тілеуі бойынша би болып белгіленеді.

    Бала  кезінен Қаратау өңірінде хандар, билердің алдын көріп, сөзін тыңдап, ауыл арасының кішігірім дау - дамайын атақты билерге жібермей-ақөзі шешіп, кесімді тапқыр, шешен сөйлеп жүргенДосай енді би болған соң аты әйгілі хандар мен билердің көпшілігімен таныс, дастархандас боп кетеді. Ол әсіресе Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен және Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Есей билермен жиі кездесіп тұрады. Елді жаудан қорғау мәселесін және кейбір шиеленіскен дауларды сол билермен бірге ақылдаса отырып шешеді.

Информация о работе Казакстан-моя родина