Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 22:33, реферат
Про Казакстан, история, на пути к независимости
Қарабас
өзенінің басындағы қырғын шайқасты ел
былай деп аңыздайды: Алаңсыз малын бағып,
тойын тойлап тыныш жатқан Қарабас сазындағы,
Жетімтаумен Керегетас ығындағы Зорбай
ауылына жоңғарлар тыңшыларынжіберіп
жүріп, ол ауылдың басшылары Досай би мен
Қосайдың Түркістандағы жиынға кеткен
хабарын есітіп, бір түнде тұтқиылдап
шабуыл жасайды.
Бекболат
би
Бекболат
Қазыбекұлы атақты Қаз дауысты Қазыбек
бидің баласы. Жас кезінен әкесіне
еріп билік мәслихатына көп
Әкесі
қартайған шағында Бекболатқа билік
тізгінін берген. Ол әкесінің билік, шешендік
дәстүрін жалғастырып, елге өзінің адалдығымен,
адамдығымен бар ықылас – зейінімен қызмет
еткен. Бекболат та әкесіне ұқсап өсіп
- өнген, өнегелі - тәрбиелі дәстүрлі семья
құрған, ақылшы аға болған азамат. Оның
бәйбішесінен тоғыз ұл, тоқалынан бір
ұл, бір қыз туған. Бәрі де шетінен ығай
мен сығай, шаруаға мықты, сөзге шебер,
ісмер боп өскен.
Жанкісі би
Жанкісі Өтемісұлы шамамен 1740-1815 жылдар арасында ғұмыр кешкен атақты би әрі жырау. Алматы облысының Балқаш ауданында туған. Жас кезінен-ақ үйсін, найман арасында атағы жайылған әділ би болған. 18 - ғасырдың алғашқы жартысында қиыншылық шапқыншылық заманда Сыр бойына ойысып, қоныстанған. Бұл кезде Сыр елі Қоқан хандығы қол астында еді. Жанкісі Қоқан хан, бектеріне қарсы күреседі. Арада талай айқас, даулар өтеді. Бәрін де Жанкісі би жеңіп отырады. Қоқан хандары оған қастасып соңына адам салады. Ақыры аңдып жүріп оны мерт етеді. Арты құн дауына айналып, ел қоқандықтарға қарсы көтеріледі. Батырлар, билер басқарған ол көтерілістің соңы қоқандықтардың айып, құн төлеумен аяқталады.
Жанкісінің Қоқандықтарға қарсы айтқан толғауынан басқа Бөгенбай батырды жоқтап айтқан толғауында ел аузында жүр. Бөгенбай батыр мерт болғанда оны Абылай ханға кім батылы барып есіттіру айтады дегенде сол Жанкісі жырау мен барамын деп, шыққан екен. Жанкісінің Қоқан ханына айтқаны:
Ассалаумағалейкум,
Алдияр тақсыр ханымыз.
Алдыңа келді қарашаң,
Арызын қабыл алыңыз,
Өтірік болса арызым,
Мінеки, сізге жанымыз,
Өзіңіз қосқан зекетші,
Біздің елде Жүзбай бар.
Жүзбайдың жүрген жерінде,
Жылауменен ойбай бар.
Және мұның жолдасы,
Қаратамыр Дадан бар.
Еріп жүрген соңында,
Қырық - отыздай адам бар.
Шоңмұрын деген молдасы бар,
Төлеген деген жорғасы бар,
Атына жемді салуға,
Алты еннен қылған дорбасы бар.
«Келі түбім» деп алады,
«Кеусенім» деп алады,
«Отыра зекет» деп алады.
«Құшақ зекет» деп алады.
Арқадан келген сор найман,
Аң - таң болып қалады.
Айтайын десең ұрады,
Ұрмақ түгіл қырады.
Қаумалаған көп момын,
Қорлаушыдан құтылар,
Амал - айла таба алмай,
Қарайда да тұрады.
Алдына салып айдайды,
Ашулансаң байлайды.
Әкімі жоқ қазаққа,
Теңдік жоқ деп ойлайды.
Алса малға тоймайды,
Біз ішінде ажарлы,
Қыз - қатынды қоймайды.
Жақсыларды сөгеді,
Ат үстінен тебеді,
Жүрексініп отырмын,
Айтар сөзім көп еді...