Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:18, реферат
Жануарлар патологиясы зертханаларда оқу бағдарламасына байланысты әртүрлi зертханалық жануарлармен жұмыс жүргiзiлiп, химиялық заттар мен электр жабдықтар пайдаланылады.
Осындай мақсатпен патофизиологиялық зертханаларда жұмыс шартында қауіпсiздiк шараларын ұйымдастыру керек. Сол себептi әрбiр студент келесi шарттарды есте сақтап, орындау қажет:
1. Жұмыс барысында халат және қалпақ, қажеттi жағдайда белденше және резиналы қолғап кию керек.
2. Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау барысында оларды мықтап бекiту немесе қозғалыссыз күйiн қалыптастыру керек.
1- Сабақ
Тақырыбы: Кiрiспе сабақ. Патологияда эксперименттік әдістердің мәні
Сабақтың мақсаты: Патологиялық үрдістерді игеру кезінде эксперименттік әдістердің мәнін көрсету. Жедел және созылмалы тәжірибелер кезінде әртүрлі қолданылатын әдістермен таныстыру. Патологиядағы эксперименттiк әдiстердiң мәнi.
Жануарлар патологиясы
зертханасында оқу-машықтану
Жануарлар патологиясы зертханаларда оқу бағдарламасына байланысты әртүрлi зертханалық жануарлармен жұмыс жүргiзiлiп, химиялық заттар мен электр жабдықтар пайдаланылады.
Осындай мақсатпен
1. Жұмыс барысында халат және қалпақ, қажеттi жағдайда белденше және резиналы қолғап кию керек.
2. Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау барысында оларды мықтап бекiту немесе қозғалыссыз күйiн қалыптастыру керек.
3. Зертханалық жануарларға тәжiрибе жүргiзгенде, мiндеттi түрде жеке гигиенаны, сонымен қатар жұмыс орнын таза ұстаған жөн. Тәжiрибе жасалып болған соң, жұмыс орнын (үстел, қабырғалар, т.б.) ылғалды түрде тазалау жұмысын жүргiзу керек. Әртүрлi әлсiз дезинфекциялайтын ертiндiлердi (хлорамин, натрий қышқылы және т.б.) пайдаланған жөн, ыдыстар мен аспаптарды жылы сумен жуып, кептiрiледi. Жануарлармен тәжiрибе жүргiзiлiп болған соң, қолды сабындап жуып, керек жағдайда дезинфекциялау заттарды қолдануға болады.
4. Зертханалық жұмыстарды орындағанда әртүрлi химиялық заттарды ауызға, көзге немесе киiмге тиiп кетуден сақтану керек. Сондықтан, мiндеттi түрде пипеткалы грушаларды қолданған жөн.
5. Электр құралдарын және аппараттарын қолданғанда студент қауiпсiздiк техникасын сақтау керек.
6. Прозекторийда патологиялық
7. Жұмыс орындау алдында
Ауру мал организмінде өтетін патологиялық процестерді патологтар екі тәсіл арқылы өткізеді: ол эксперимент және клиникалық байқау.
Жалпы патологияның ең басты тәсiлi ол - эксперимент. Бұл тәсiл арқылы организмдегi әртүрлi аурулар түрiн, организмнiң патологиялық күйiн модельдеуге болады. Эксперимент жедел және созылмалы түрде өтеді.
Жедел эксперимент немесе вивисекция - бұл эксперимент арқылы организмде тез өтетiн патологиялық жағдайларды зерттеуге болады. Бүл кезде ұлпа, мүше, жүйелер қызметі бұзылуын игеруге болады. Осыған орай, жедел эксперимент арқылы патологияда үлкен ашылымдар ашылды. Ал баяу түрде жүргiзiлетiн эксперимент организмде болатын патологиялық жағдайларды және ағзалардың функцияларының өзгерiстерiн, бастапқы патогеннің әсерінен бастап, аурудың соңына дейінгі уақытты зерттейдi.
Зертханалық және
Есте сақтайтын жай, әрбiр эксперименттiң белгiлi шегi бар. Эксперименттің өз алдына қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты. Сонымен, патологиялық процестерді игеру үшін, ғылыми жұмыс жүргізуді үйымдастыру бағытында эксперимент жүргізу үшін көптеген тәсілдер қолданылады. Патофизиологиялық зерттеулерде организмдегi өзгерiстердi анықтау үшiн көптеген тәсiлдер қолданылады. Солардың бiрi, мысалы: фустуланы пайдалану, мүшенің қызметін төмендету, функционалдық сынама, тітіркендіру, ангиостомия, мүшені жартылай немесе бүтіндей организмнен бөліп алып қызметін тексеру, ұлпа жасушаларын арнайы қоректі ортаға егіп өсіру, биопсия, радиоактивтi изотоптарды қолдану, клиникалық, рентгенологиялық, патологоанатомиялық, лабораториялық, бактериологиялық, бактериоскопия, эволюциялық, вирусологиялық, паразитологиялық, серологиялық, гематологиялық, биофизикалық (электрокардиография, энцефалография, ультрадыбыс арқылы зерттеу, радиотелеметрия т.б.), биохимиялық, иммунологиялық зерттеулер үлкен рөл атқарады.
Экспериментке тек қана сау
жануарлар қолданылады: мысалы
бақалар, тышқандар,
Әрбiр студент организмдегi
патологиялық өзгерiстердi
Клиникалық байқау патологияның келесі тәсілі. Осы әдісті патологиялық жағдайдағы жануарларда қолдануға болады. Ол үшін ауырған күннен бастап байқау жүргізіліп, зерттеу мен емдеу шараларын белгілейді.
Материалдар, құрал - жабдықтар, тәжірибелік жануарлар: ит, бақа, химиялық аспаптар, кимограф, цилиндр, канюля, 0,65% натрйй хлориді.
Тәжірибе№1 Оқшауланған жүрекке адреналиннің әсері. Оқшауланған жүрек жұмысы жылықандыларда немесе суыққандыларда кимограф лентасында жазылады.
Жүрек амплитудалары мен жүрек ритмін жазып алған соң, жануарлардың оқшауланған жүрегіне жана дайындалған балауса рингер - локк қосылған адреналин ерітіндісімен/ бақа жүрегі үшін - 0,65% натрий хлордың қолданады/ әсерін тигіземіз. Осылайша жүрек амплитудаларының тез ұлғайғанын және ритмін жиілегенін байқауға болады. Қайтадан оқшауланған жүрекке адреналинсіз таза рингер локк ерітіндісінің әсерін тигізгенде жүрек ритмі мен амплитудасы қалыпты жағдайларына келеді.
Қорытынды: Адреналин жүрек
Бақылау сұрақтары:
1. Патофизиологиялық зертх
2. Патофизиологияның негізгі тәсілін атаңыз?
3. Жедел және баяу эксперимент қандай мақсатпен өткізіледі?
4. Клиникалық байқау деген не?
2- Сабақ
Тақырыбы: Патогистотехниканың негіздері
Сабақтың мақсаты: Патогистотехниканың теориялық негіздері мен патогистологиялық препараттарды дайындау методикасымен танысу.Техника кауіпсіздігімен танысу.
Көптеген ауруларды балау кезінде гистологиялық зерттеу арқылы
ғана анықтау мәлім. Ол үшін патологиялық материалды іріктеп алу
техникасы өте маңызды.
Зерттеуде балауса патологиялык материалдар болу қажет. Бұл үшін өлексенің өзгерістерінің дамуын назарға алып, жануар өлген соң жазда 2-3сағат, ал қыста 12 сағат ішінде патологиялық материал алу керек. Шіреген, ыдыраған, қолайсыз иісті патологиялық материал зерттелмейді.
Бекіндіретін сұйықтықты сініру үшін зерттеуге алынатын ұлпа кесінділері көлемі 0,7-1 см3 болады.
Зерттелетін материалды алу үшін мүшенің анатомиялық және микроскопиялық ерекшелігін білу керек. Ұлпа кесіндісін алған кезде мүшенің капсуласы мен барлық қабатын алған жөн, ал өзгерген мүшелерде орталық, перифериялық участкелерін және қалыпты ұлпамен шекаралас жерінен алады. Ұсақ зақымдалған ошақтарды тұтас алады, ал көптеген немесе үлкен зақымдалған әрбір жерінен, ошақтардың патологиялық процесстің әрбір деңгейін байқау үшін алады.
Куыс мүшелерді: жарып тазаламай кішірек кесінді кесіп алып, пробкалы пластинкаға кілегей қабатын сыртқа қаратып инемен бекіндіреді.
Қаңқа бұлшық етті, миокардтті ұзынынан, керек жағдайда көлденен кесіп алуға болады. Бүйректен, бүйрек үсті безінен, лимфа түйінінен, бас миынан кесіндіні барлық қабатынан алған жөн. Алынған патологиялық материал сынамалары бекіндіретін сұйықтыққа салынады.
Патологиялық материалды бекіндіру
Патологиялық материал бекіндіруге, мойыны кең қақпақты немесе тығыз пробкалы шыны ыдыс қолайлы. Ыдыс ішіне, кесінді арасына мақта немесе сүзгіш қағаз салады. Шыны ыдысқа жануар өлексесі туралы мәліметтер немесе нөмір жазылады. Патологиялық материалды бекіндіру, ол мүше мен ұлпалардан алынған кесінділерді шіру мен ферментативтік процесстер сақтау үшін қажет.
Бекіндіретін мүшелерден
алынған сынамаларды
1-сурет. Патологиялық материал кесінділерінің бекінуі
Электрондық
Егерде кесінділерді тез бекіндіру керек болса, онда формалинді 2-3 минут қыздырыды.
Патологиялық материалды бекіндіруші қарапайым сұйықтықтар:
1. 10%-20% формалин ертіндісі
2. формалин қосылымы: а) тұзды формалин б) спирт-формалин в) кальций-формалин немесе Бэкер сұйықтығы
3. этанол 4. ацетон 5. метанол
Патологиялық материалды бекіндіруші күрделі
сұйықтықтар:
1. Шабадаш сұйықтығы
2. Карнуа сұйықтығы
Спирт абсолютты……………………………….. 60 мл
Хлороформ……………………………………….30 мл
Мұзды сірке қышқылы ……………………… .10 мл
3. Шаффер қосындысы т.б.
Тығыздығы мен
2- сурет. Патологиялық материал кесенділерін жуу тәсілі
Гистопрепараттар
Патологиялық материалды парафиннен өткізу реті. Патологиялық материал кесінділері формалин 10% ерітіндісінен алып,ағынды суға жуады(6-24сағат). Содан кейін спирттерден өткізеді.
1. Спирт 700-8-12 сағат. Формалиннен алған кесінділерді су астында жуып спирттерден өткізеді (сусыздандыру үшін)
2. Спирт 800-8-12 сағат
3. Спирт 960-8-12 сағат. Сосын абсолюттік спирттен 2 рет өткізіледі 3-6 сағат.
4. абсолюттік спирт - ксилол – 2-3 сағат (1:1)
5. ксилол 2-3 сағат
6. ксилол-парафин (370)
7. 1-парафин -2 сағат (540-560)
8. 2-парафин-2 сағат (540-560)
Пішінді қағаз ойықтарға патологиялық материал кесінділерін салып, парафин құяды. Содан соң, осы бойымен суық суға немесе қарға қойып, парафинді ыстық скальпель арқылы ағаш блоктарға желімдейді.
3 – сурет. Парафин құюға арналған қағаз қорап
Патологиялық материалды целлоидиннан өткізу реті
Целлоидинді фото немесе кинопленкадан дайындайды.
1. Жуылған патологиялық материалды судан арылту үшін келесі спирт ертінділерінен өткізеді: спирт 70о-24 сағат,спирт 850-24 сағат, спирт 950-24 сағат, спирт 1000-24 сағат, содан соң 2-4% целлоидинде 2-3 күн, 6% целлоидинде 2-3күн, 8-9% целлоидинде 2-3 күн, кейін ағаш блоктарға /кубиктерге/ желімдеп, 70% спиртте сақтайды. Микротом арқылы гистокесінділерді кесіп, дайындап, оларды бояйды.
Гистокесінділерді гематоксилин - эозинмен бояу.
1.Парафиннен өткізген
гистологиялық кесінділерді
4- сурет. Шаналы микротом
2. Гистологиялық кесіндіні суда шаяды
3. Гематоксилинге -20 минут салады
4. Сумен жуады 3-5 минут
5. Қызарғанша тұзды қышқыл спиртке (700) ұстайды (НСL ) 1% -10- 20 секунд
6. Сумен шаю 5-10минут
7. Сілтілі ертіндімен /суға 1-2 тамшы аммиак қосады/ жуады 10 минут
8. Сумен шаяды 10-15 минут
9. Эозинмен бояу 3-5 минут
Информация о работе Кiрiспе сабақ. Патологияда эксперименттік әдістердің мәні