Кiрiспе сабақ. Патологияда эксперименттік әдістердің мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:18, реферат

Описание

Жануарлар патологиясы зертханаларда оқу бағдарламасына байланысты әртүрлi зертханалық жануарлармен жұмыс жүргiзiлiп, химиялық заттар мен электр жабдықтар пайдаланылады.
Осындай мақсатпен патофизиологиялық зертханаларда жұмыс шартында қауіпсiздiк шараларын ұйымдастыру керек. Сол себептi әрбiр студент келесi шарттарды есте сақтап, орындау қажет:
1. Жұмыс барысында халат және қалпақ, қажеттi жағдайда белденше және резиналы қолғап кию керек.
2. Зертханалық жануарлармен жұмыс жасау барысында оларды мықтап бекiту немесе қозғалыссыз күйiн қалыптастыру керек.

Работа состоит из  1 файл

патология.docx

— 905.00 Кб (Скачать документ)

10. Сумен шаю  1-2минут

 

 

 

  

5- сурет. Гистологиялық кесінділер жабыстырылған зат шынысының бояуда орналасуы 

 

 

 

Судан арылту үшін  спирт қолданады

11. 75% 1- спирте  2-3 минут

12. 90%  2- спирте   2-3 минут    

13. 100%  3-спирте   2-3 минут

14. Карбол- ксилол -1-3 минут  гистокесінділердің түсі мөлдірейді                                                 

15. Ксилол -1-3 минут, целлоидиннен  өткізген гистокесінділерді зат  шыны үстіне қояды. 

16. Фильтр қағазбен кептіреді      

 Кесінділер үстіне  пихта бальзам тамызып, жапқыш  шынымен жауып, бекіндіреді. 

 

Материалдар, құрал - жабдықтар:

Патологиялық материал, химиялық сұйықтықтар, қағаз, ағаш блоктар, микротом.  

 

 

 Бақылау сұрақтары:  

 

1. Патологиялық материалды өлекседен алу тәртібі

2. Патологиялық материалды бекіндіру сұйықтықтары.

3. Целлоидин мен парафин блоктарын дайындау методикасы

4. Гистокесінді жасау және бояу тәртібі. 

 

 

 

3- Сабақ

Тақырыбы:  Өлекселік өзгерістер 

 

 

     Сабақтың  мақсаты: Өлекселік өзгерістерді зерттеп, игеру.     

 Жүрек қызметі тоқтаған соң  жануарда өлім белгілері пайда  болады: бірінші (клиникалық), екінші (өлекселік), үшінші

(бұзылу белгілері). Өлекселік өзгерістер немесе белгілерге жататындар: өлексе сууы, сіресуі, дақтардың пайда болуы және шіруі. Өлекселік өзгерістер сыртқы орта жағдайына, өлім себебі және организмнің ерекшеліктеріне  де байланысты. 

 

 

 

 

 6-сурет. Хаттама жазуға арналған  секциялық үстел  

 

Өлексенің сууы дегеніміз өлексе дене температурасы сыртқы орта температурасымен тенесуі. Өлексенің сууы қоршаған орта  температурасына (суық жылдамдатады, жылулық бәсеңдетеді), ауа ылғалдылығы мен оның қозғалу жылдамдығына, өлексе салмағына (ірі жануарға  қарағанда кішірек жануарлар жылдам суыйды), ауру сипаты мен өлім себептеріне байланысты.Сыртқы орта температурасы өлексе температурасы алғашқы тәуліктерде орта есеппен сағатына 10С төмендейді, ал екінші тәулік аралығында 0,20С түседі. Ең алдымен құлақтары, аяқтары, басы, сосын денесі мен ішкі мүшелер суыйды. Сонымен өлексе суымен бірге көрнекті кілегейлі қабықтар кебе бастайды.      

 Өлексенің сіресуі дегеніміз  өлгеннен кейінгі қаңқа бұлшық  еттерінің тығыздалып, қатаюы және  осыған байланысты буындардың, жүрек  пен  бұлшық еттің    қозғалмауы. Сіресудің алғашқы белгілері өлгеннен соң 2-5 сағаттан соң басталып, 20-24  сағатта барлық бұлшық еттер сіреседі. Ол бас бұлшық еттерінен басталып, мойын, иық , алдынғы аяқтар, арқа мен кеуде, құрсақ, шап және артқы аяқтарға таралады. Өлексе сіресуі 2-3 тәулік сақталады, осы жағдайдан шығуыда осы  кезекте өтеді.  Жүрек бүлшық еті жануар өлген соң 1-2 сағаттан соң қатая бастайды. Сепсистен (сібір жарасы т.б) өлген, не ұзақ ауырған, сондай - ақ жаңа туған гипотрофиктерде өлекселік сіресу нашар білінеді  не мүлдем болмайды.      

 Өлексе дақтары  қанның күйінің өзгеруіне және оның  ауысуына орай пайда болады. Өлексе дақтары жануар өлгеннен кейін 2-3 сағатта пайда болады да, екі кезеңде өтеді: гипостаз және имбибиция. Гипостаз  кезінде қан өлексенің төменгі жағындағы тамырлары мен ішкі мүшелерде ығысып, сондықтан сыртқы және ішкі гипостаздар болып  ажыратылады. Бұл кезеңде өлекселік дақтар қоныр- қызыл түсті, көкшіл реңде болады, анық белгіленбейді, басқан кезде тез бозарады, ал кесінді беткейінде қан тамшылары пайда болады. Өлексені қозғағанда дақтар жылжуы мүмкін. Ішкі гипостазда табиғи қуыстар (өлекселік транссудат жиылуы) қан сұйықтығымен толады. Инбибиция кезеңі  18 сағат не одан  да көп уақыттан соң басталады. Бұл кезең қоршаған орта температурасы мен өлексе бұзылуына байланысты.  Өлекселік дақтар, әсіресе, асфиксиядан (тұншығу) өлген және толық  жануарларда жақсы байқалады: жүдеп жадаған және жаңа туған төлдерде олар нашар білінеді, ал қансыздандырылып сойғанда олар мүлдем болмайды.       

 Өлексенің бұзылуы аутолиз  бен шіру салдарынан болады. Аутолиз  (грек. Autolis-өздігінен еру) организмнің  өз жасушаларының протеолиздік  ферменттері арқылы болады.      

 Шіру процестері жануар өлімінің  алғашқы тәулігінің соңында басталады.  Оларды ішкі мүшелерге ас қорыту, тыныс алу және несеп пен  жыныс жолдарынан, сонымен сыртқы  ортадан түскен микроб ферменттері  туғызады.     

 Өлекселік бұзылу кезінде  пайда болатын күкіртті сутек  қан гемоглобинімен қосылыс тудырады (сульфгемоглобин, күкірті темір)  да ұлпаларға жасыл, сұрғылт  - жасыл рең (өлекселік жасыл  түс) береді. Өлекселік бұзылу  әсіресе жылдам түрде сепсис  ауруынан өлгенде, не өмір сүру  кезінде іріңдеткіш және шіріткіш  микробтар жинақталуы дамығанда  болады. Жануар өлексесі бұзылу  барысында ағзалар босайды, көпіршікті  сұйықтықтар пайда болады да  ағзалар жағымсыз иісті кіршең-жасыл  қоныр қойыртпағына айналады. 

 

 

       Гистопрепарат: Ит ішегінің кілегейлі қабатындағы өлекселік  өзгерістер      

 Ішектің кілегейлі қабаты  түктерінің ядролары көрінбейді.Түктер  көленке сияқты сақталған. Өзгерген  және сақталған ұлпалар шекарасы  анық  көрінбейді. Қабыну реакциясы болмайды. Демаркациялық сызық  ұлпа арасында  жоқ.  

 

  

 

7- сурет. Ит ішегінің кілегейлі қабатындағы өлекселік өзгерістер 

 

Материалдар, құрал- жабдықтар: өлексе, жарып – союға арналған аспабтар.  

 

Бақылау сұрақтары:

1. Өлексе жару орнына қойылатын талаптар

2. Өлексе жаратындардың арнайы киімі мен қолдарын домдауы.

3. Өлекселік өзгерістер түрлері, оның практикалық маңызы. 

 

 

4- Сабақ

Тақырыбы: Дәрi- дәрмектердi енгiзу әдістері және зертханалық жануарларды бекіту  

 

 

        Сабақтың мақсаты: Студенттерге жануарларды экспериментке дайындаудың негiзгi принциптерiн үйрету, бекiндiру тәсiлдерiн менгеру және әртүрлi препараттарды енгiзу жолдарын үйрену.

Бақаларға ертiндiнi арқасындағы лимфатикалық қапшығына енгiзу керек.        

 Қояндарға құлақтарының шеткi венасына, терi астына жауырынның тұсына, санның қалын етiндегі терiсiнiң астына препараттарды егу керек. Асқазан және iшектерге сұйықтықты жiберу үшiн зонд қолданылады. Тоқ iшекке жiберiлетiн заттарды тiк iшек арқылы енгiзуге болады. Ақ тышқандар мен егеуқұйрықтарға дәрiлiк заттарды құйрық қантамыр венасы арқылы жiбередi. Сонымен қатар, ерiтiндiнi терi асты және жамбас бұлшық еттерiне беру арқылы жүзеге асыруға болады.        

 Құстарға препараттарды қанат асты венаға енгiзедi. Шошқаларға құлақтарының үлкен венасына және жамбас бұлшық етiне сұйықтықты жiбередi (терi астына құлақ маңына).        

 Жылқыларға, iрi және  ұсақ қара малдардың құрсақ  терi асты венасына, ал жылқыларға  сыртқы төс венасына препараттарды  енгiзедi. Iрi малдарға терi асты  препараттарын мына жерлерге  енгiзедi, егер терi асты клетчаткасы  жақсы дамыған болса, жүйке  талшықтары мен iрi қантамырлары  аз жерлерге.        

 Иттерге терi асты  препараттарын құрсақ аумағына  және де жамбас қантамыр венасына  немесе иық терi асты венасы  арқылы енгiзуге болады. 

 

Наркоз және зертханалық  жануарларды бекiндiру      

    Патофизиологиялық эксперименттердi жүргiзу үшiн көп жағдайда наркоз астындағы жануарларды пайдаланып, соларға тәжiрибе жүргiзiледi. Оларға наркоз және жергiлiктi жансыздандыру қолданылады. Жергiлiктi жансыздандыру жоғарғы және инфильтрациялық анестезияны тудырады. Жоғарғы анестезия ауыздың кiлегей қабықтарында, мұрын қуысында, конъюктива және қуықта байқалады. Ол үшiн 2-10% новокаин ертiндiсi пайдаланылады. Ал инфильтрациялық анестезияны тудыру үшiн 0,25-0,5%, ал iрiлері үшiн 1% новокаин ертiндiсi қолданылады.          

 Жануарларды наркоздау  үшiн ингаляциялық және ингаляциялық  емес заттар пайдаланылады.

Бақаны наркоздау

1.     10% -к этил спиртiнiң ертiндiсi пайдаланылады.

2.     Шыны қалпақ астында эфир буымен ингаляциялау керек.

3.     Лимфалық қапшыққа келесi ертiндiлердi егу керек: 5%-к хлорогидралы ертiндiсi (1,5-2 мл), 1%-к гексенал (0,5 мл), 10%-к уретан (1-1,5 мл), 25%-к этанол ертiндiсi (2мл) қолданылады.  

Теңiз шошқаларын наркоздау  үшiн 30% уретан ертiндiсiн 1г/кг  iшiне, 5%-к этиминал натрий ертiндiсiнiң 30 мг/кг  iшiне және 7% хлоралгидрат ертiндiсiнiң 300 мг/кг салмағына терi астына егу керек. 

 Мысықтар мен ақтышқандарды  шыны қалпақтың астында  белгілі уақыт ұстап наркоздайды. Ол үшiн эфирмен ылғалдандырылған  мақтаны қалпақ астына  салып қояды. 

 Қояндарды наркоздау  үшін әтiрге салынған мақтаны  мұрынына жақындатады (ингаляциялық  маскалар) не болмаса 10%-к гексанал  ертiндiсiн 1 мл/кг мөлшерде сыртқы  венаға енгiзуге болады.  

 Иттерге әдетте комбинирлiк  наркоз қолданылады.  

Алдымен 1%-к морфин ертiндiсiн (1 мл/кг) терi астына енгiзедi. Содан кейiн  әтiрмен қосылған наркоз бередi, яғни бұл  дегенiмiз этил спиртiмен хлорофордың  арақатынасы 3:2:1 болуы тиiс.  

Iрi жануарлар үшiн хлоралгидрат  және алкоголь, ал ұсақ жануарлар  үшiн - эфир және хлороформ пайдаланады.   

Құстарға тиопентал натрий сүйықтығын қанат асты венасына 5%-к  глюкозамен  18-20 мг/кг мөлшерiнде баяу енгiзеді.   

Патофизиологиялық эксперименттердi қою үшiн наркоздалған және наркоздалмаған жануарларды мiндеттi түрде бекiндiреді.   

Ұсақ жануарларды ағаш және металл үстелдерінде арқа немесе кеуде жағдайында бекiтедi. 

  Наркоздалған немесе жұлыны зақымдалған бақаны пенопласт тақтайшасына аяқтарын созып, шеттерiн инемен қадайды.  

  Теңiз шошқаларын, тышқандарды және егеуқұйрықтарды шыны қалпақтың астына отырғызып бақылайды. Наркоздалған жануарларды арнайы операциялық үстелге бекiндiредi. Аяқтарын дәкемен байлап, басты бекiндiру үшiн бас ұстағышты қолданады.   Наркоздалмаған қоян мен мысықтарды ағаш торға отырғызады. Иттерге тұмылдырық кигiзедi немесе жақтарын байлайды.

 

 

 

 

8-сурет.  Ит жақтарын дәкемен орап бекіту әдісі: а – бүйір жақтан көрінісі, б – жақ асты жағынан көрініс  

 

Тәжiрибе кезiнде наркоздалмаған иттердi Павлов станогына кiргiзiп, алдынғы және артқы аяқтарын бекiтедi. Сонымен қатар иттердi көп уақытқа дейiн қозғалыссыз немесе бiр орыға жатқызып үйретедi.

Жылқыларға ауырсыну сезiмiн  сезіндіретін манипуляциялар (инъекция, қан алғанда, және т.б.) жүргiзгенде үстiнгi ерiндерiне бұрау салады.

 

 

9- сурет. Жылқыны мұрын қысқышы арқылы бекіту 

 

Сиыр және бұқаға зерттеу  жүргiзгенде танауын бас бармақ пен  сұқ  саусақ көмегімен  немесе арнайы мұрын қысқыштармен қысады. 

 

10- сурет.  Ірі қара малды мүйізінен ұстап және мұрынды қысу арқылы бекіту. 

 

Қажеттi жағдайларда iрi жануарларды  қимылсыз күйге келтiру керек. Мысалы: тыныс алуды немесе жүрек жұмысын  зерттегенде, шаруашылық  жағдайында жануарларды бағаналарға байлайды.

Құстарды қимылсыздандыру  үшiн темір торларға бекітедi. Құстардың басын, мойынын және құйрық қанатын сыртқа алдынғы және арттқы қабырға саңылаулары арқылы шығып тұрады. Құстарды бекiндiру үшiн құстың  қанаттарын айқастыра ұстап, аяқтарын басып тұрады.

Материалдар,құрал-жабдықтар,тәжірибелік  жануарлар: 5 мл шприц инесi, шприц, ұсақ жануарлар үшiн операциялық үстел, тауықтарды бекiндiретiн тор, иттердiң павлов станогі, егеуқұйрықтар мен тышқандар бекіндіретін тор, ұштары иiлген қайшылар, қояндар үшiн асқазан зондтары,  0,65-к натрий хлоридi, 70%-к этил спиртi (100мл), зертханалық жануарлар.  

 

Бақылау сұрақтары:

1.     Ұсақ зертханалық жануарларға әртүрлі препараттарды  енгізу жолдарын  атаңыз.

2.     Ұй жануарларына дәрі - дәрмектерді енгізу орындарын атаңыз.

3.     Ұсақ зертханалық жануарларды наркоздау.

4.     Ірі үй жануарларын наркоздау.

5.     Қандай тәсілдер жануарларды бекіту үшін қолданады? 

 

 


Информация о работе Кiрiспе сабақ. Патологияда эксперименттік әдістердің мәні