Астрономия және ғарыштық болашақ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 13:22, курсовая работа

Описание

Адамзат баласы ғарышты игеру арқылы көптеген таңғаларлықтай жетістікке қол жеткізді. «Байқоңыр» Қазақстанда орналасқан ғарыш айлағы ғана емес, ол – адамзат пайдасына жұмыс істеп отырған үлкен ғылыми-технологиялық кешен. Бүгінгі ақпараттық қоғамда сіз бен біз емін-еркін пайдаланып жүрген интернет, радио, телевизия және өзге де коммуникациялық байланыс желілерінің жетілуі мен нанотехнологиялардың дүниеге келуі – ғарыш мамандарының еңбегі. Қалай десек те, қоғамдағы кез келген сала ғарыштық технологиялардың көмегіне зәру. Қазіргі уақытта астрономия, картография, геодезия, биология, география, химия, медицина сияқты күрделі салалардағы жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың дені – осы ғарыштық зерттеулердің тиімді нәтижесінен. Жердің қойнауын, онда жатқан қазба байлықтарды, теңіз бен мұхиттардың астын зерттеу үшін де ғарыштан жүргізілетін зерттеулер өте қажет. Сондықтан да ғарыш саласын жаһанданған әлемдегі технологиялық прогрестің локомотиві десек, артық айтпаған болармыз.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Астрономия - ғалам туралы ғылым
1.1. Астрономияның даму жолы
1.2. Қазіргі астрономияның бөлімдері
ІІ. Ғарыш кеңістігі
2.1. Ғарыш алаңы
2.2. Ғарышкерлер
2.3. Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері
2.4. ҚР-да ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары
2.5. Жерді қашықтан зондтау әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар

Работа состоит из  1 файл

Философия МОЖ1.doc

— 291.50 Кб (Скачать документ)

    Әрине, барлық байқоңырлықтар үшін кез келген мемлекеттің болмасын, қайбір ұлттың тіліндегі мерзімді газет – журналдарды жаздырып алып оқуына кедергі жоқ. Орталық пен аймақтық басылымдар да еш шектеусіз еркін таратылады.

    Телерадиохабарларын көріп тындау еріктілігі жөнінде  де осыны айтуға болады. Тіпті Қазақстанның басқа өнірлерінде таратылмайтын Ресейдің телеарналарын біз шектеусіз түрде тамашалау мүмкіндігіне иеміз. Керісінше, жергілікті ресейліктер де «Хабар», «Қазақстан», «КТК», «Еларна» арқылы Қазқстанның ішкі-сыртқы саясаты туралы жеткілікті дәрежеде мағлұмат алып отыр.

    Ресей Федерациясына жалға берілетін  Байқоныр қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоныр» ғарыш  айлағындағы арнаулы Өкілінің аппараттық қолдауымен «Бәйтерек-Байқоңыр» апталық бұқаралық ақпарат құралы дүниеге келіп, азаматтарымыздың сөз бостандығы мен еркін білдіру құқығы қамтамасыз етіледі.

    Байқоныр  қаласында 1996-2000 жылдар аралығында «Ақжол»  апталық газеті шығып тұрған, 1996 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін  Ресей Федерациясына қарасты  қала әкімшілігінің құрылтайшылығымен  орыс тіліндегі «Баконур» газеті шығады.

    Қазіргі ғарыш игерумен атағы әлемге таралған, әрі өте экологиялық қауіптілік төндіріп жатқан «Байқоңыр» атауы әлем құлағына осыдан жарты ғасырдан астам уақыт бұрын таңыла бастаған-ды. «Байқоңырдан» ішінде басқарушысы бар, не автоматты түрде ұшатыны бар, әйтеуір қыруар ғарыш аппараттары көкке самғағанын білеміз. «Байқоңыр» баурайына кері айналып, жауынша себелеп жатқан зымырандарда да тірі жанның шаруасы болмаған. Мысалы, 1994 жылдың 5 шілдесі мен 27 қазан күндері ғарышқа ұшқан екі бірдей «Протон» зымырандарының Қарағанды жеріне қайта құлап түскені белгілі. Ал 1966 жылы мамырдың 14-де Байқоңыр аспанынан ұшырылған «Союз-5» зымыраны Жезқазған және Торғай облыстарының шекарасына құлады.

    Бұлар жай қалдық емес, радияциямен уланған  сирек кездесетін металлдар. Біздің түбімізге жететін де осы «құнды металлдар» болмақ. Себебі бүгінде осы жаһан  даланың  төсінде шашылып жатқан ракета сынықтарын әлдекімдер сыпыра теріп олжалап жатыр. Бүгін  олжаға батып, келешекте  мүгедек  боларына  көзі жете  бермейді. Әлгі  сынықтардың арасын мал мен аң  кезіп жүр. Біз оның етін жейміз. Міне, бар сырқат  осылай тарап жатқаны айдан анық. Ал бізде әлі күнге сол сынықтармен  қора-қопсыны жөңдеп, жамап-жасқауға  шыққандар баршылық. Мұның зардабын түсіндіріп айтуға әлі енжармыз.

    «Байқоңыр» тек атмосфералық ауа мен жер үстіндегі  кеңістіктегі бүлдіріп жатқан жоқ, сонымен бірге жер  астынын суын да сарқуға  айналды. Өңірде атмосфералық ауаның радиоактивтілігі  көбеюде.Осының әсерінен озон қабатының бұзылуы адамның, жануарлардың,өсімдіктер мен микроорганизмдердің денсаулығы   үшін ықтимал қатер болып  табылады.Өйткені 1973 жылдан бастап байқаулар көрсеткендей  республиканың  үстіндегі озон қабатының  қалыңдығы 5-7 пайызға азайған. Негізінен атмосфераның  жоғары  қабатында, яғни 20-25 шақырым биіктікте озон молекулаларын   құрылатын  жұқа газ  тәрізді қабықша  озон қабаты  деп аталады. Бұл қабат жер бетіне тіршілік үшін қауіпті ультракүлгін сәулелердің түсуіне кедергі жасайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау  ұйымының  деректері бойынша озон құрамының бір пайызға кемуінен онкологиялық дертпен ауыратын адамдар саны 6 пайызға артады екенін. Сондықтан соңғы жылдары ғалымдар атмосферадағы озон қабатының таусылуына қатты алаңдауда.

    Әлі бір шешімі табылмаған экологиялық  проблемаларының  бірі - өңірдегі  қышқыл жауындар. Осы  қышқыл жауынның әсерінен табиғи обьектілер – топырақ пен өсімдік уланып, бұзылады. Бұдан егіннің өнімдері азайып, судағы тірі организмдер  қырылады. Мұның экономикалық және экологиялық зардабының  да көп екені даусыз.  «Байқоңырдан»  арасын суытпай ұшырылған зымырандардың жерге  түскен бөлшектерінің өзі өңірдегі  өсімдік пен жануарлар әлеміне кері әсерін тигізіп  жатқаны анық. Өйткені осы өсімдіктермен малдар қоректенсе, ал мал етін жеп, болмаса сүтін ішкен адамдардың ішкі органдарында радиоактивті  қалдықтардың концентрациясы артып, олардың қызметін әлсіретіп, тіпті адам өміріне қауып тудырады. Ал дәрігер және  биологтардың  мәліметтеріне қарағанда, радиоактивті заттармен жарақаттанған адамдар басқа ауруларға да тез шалдығады екен. Онымен қоса олардан   туған  балалар дұрыс жетілмеген,  кейбірі дене мүшелер қисайып, кемтар және кескінсіз болатын көрінеді. Қазір облыста жүйке аурулары  диспансерінде ақыл-есі кем 1100 бала есепте тұрса, облыс бойынша 21 мыңнан астам мүгедектер бар. Өңірде адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы көбеюде. Балалар  арасында кеміс болып туу  да азаймай тұр. Ал балалы әйелдердің 70-80 пайызға анемия ауруларына шалдыққан.

    Байқоңыр  өңірінің суын сарқып, ауасын улай отырып, 575 миллион доллардың ұзын санын  қосқанда, бес жыл бойы  50 миллионын ғана өтегенін ақпарат құралдары қайта-қайта айтып жатыр. Байқоңырдың жылдық мерзімін ұзартумен қатар Ресей Қазақстанның ғарышты игеру жұмыстарына жан-жақты көмек көрсететіні айтылған. Осы келісім бойынша «Ангара» зымыран-ғарыш кешені базасында қоршаған ортаға, ауа мен жерге экологиялық зиян келтірмейтін « Бәйтерек » ғарыш-зымыран кешені салынатыны болды. Екі жақ бірлесіп ұлттық спутникалық байланыс жобасын жүзеге асыру туралы да келісілді.

    Осы бағдарламадағы үлкен жұмыс –  «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру. Осы ғарыш зымыран кешенін құруда, жалпы космосқа ұшуда Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық қауіпсіздік жүйесін жасау міндеттелді. Онда байқоңыр ғарыш айлағының қоршаған орта мен адамдардың денсаулығына әсерін кең түрде бақылау, осы орайда әсердің физикалық-химиялық диагностикасы әдістерін дамыту жобалары бар.

    Бір сөзбен айтқанда, Бәйтерек» ғарыш-зымыран  кешені маңызды халықаралық жоба болып саналады.

2.2. Ғарышкерлер 

Ғарышкер, астронавт , космонавт - ғарышқа ұшу кезінде ғарыштық техниканы сынақтан өткізетін әрі оны пайдаланатын адам. Адамның ғарышқа ұшуынан кейін (1961) пайда болған мамандық.

Қазақстанның  ғарышкерлері

    Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров — қазақтың тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры (1988), Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы (1995), техника ғылымының докторы (1998), профессор (1997),  Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің құрметті профессоры. Ол 1946 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында өмірге келген. Ресей Федерациясындағы Армавир жоғары әскери ұшқыштар училищесін (1969), авиация институтын бітірген (1979). 1969 — 75 жылдары Әскери-әуе күштерінде ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары. 1976 — 1992 жылдары Мәскеудегі Тәжірибелік конструкторлық бюроның ұшқыш-сынақшысы міндеттерін атқарды. Ол реактивті ұшақтың елуден аса жаңа түрін сынақтан өткізді. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына алынды. 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан “Союз ТМ-13” кемесімен ғарышқа ұшты. Онда ол өзге ғарышкерлермен бірге биотехнология, металлургия, медицина салалары және Арал аймағы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу нәтижесінде Арал үстіндегі тұзды шаң борамасының пайда болу процесі, сол зиянды аэрозолдардың Қазақстан мен Ресей аймақтарына таралуының ғарыштық суреттері алынды. Ғарышта өтеген мерзімі — 7 күн 22 сағат 13 минут. Ғарыштан оралған соң Қазақстандағы ғарыштық зерттеулердің негізін қалауға, отандық Қарулы Күштердің әскери даярлығын жетілдіруге, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын жолға қоюға белсене араласты. Ол 1992 — 93 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1-орынбасары, 1993 — 94 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық аэроғарыштық агенттігінің бас директорыҒылым және жаңа технология министрінің орынбасары. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутатыҚорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болды. Тоқтар Әубәкіров — Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Кеңес Одағының ақырғы (72-ші) ғарышкері.

Талғат  Амангелдіұлы Мұсабаев — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007).1951 ж. қаңтардың 7-сінде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарғалы ауылында туған. 1974 ж. - Рига азаматтық авиация инженерлері институтын бітірген, инженер.1974 ж. сәуірдің 1-інен — Бұрындай әуе кәсіпорнында кезекті инженер.197584 жж. — әуе кәсіпорндарында саяси-тәрбие қызметінде.1984 ж. — Алматы әуе клубында оқу бітірген.1986 ж. — ұшқыш даярлауын бітіріп азаматтық авиациясының пилоты деген куәлігін алған.19871990 жж. азаматтық авиациясында ұшқыш, ұшақ командирі жқызметтерін атқарған.1991 ж. бастап ғарышқа ұшуға даярлануында. Әскери әуе күштерінде. Қосалқы ғарышкер есебінде екінші экипаждардың мүшелігінде болған.2000 ж. техника ғылымдарының кандидаттық диссертациясын қорғаған.200105 жж. Ресей ғарыш мекемесінде.2005 ж. «Бәйтерек» акционерлік қоғамының (Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны) Бас директоры. 2007 ж. ақпан — Қазақстанның әуе-ғарыш агенттігінің директоры.2007 ж. сәуірдің 11-інден — Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы.1994 ж. ғарышқа 1-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-19) 126 күн ғарышта өткізген.1998 ж. ғарышқа 2-ші рет ұшқанда (Союз ТМ-27) 208 күн ғарышта өткізген. Гиннестің үздік табыстар кітәбінде бір айдың ішінде 5 рет не бары 30 сағат 8 минөт ұзақтығымен ашық ғарышқа шыққанны жазылып алынған. Ұшқанда американ ғарышкері Л. Эйартс пен ресей ғарышкері (шуваш ұлтынының өкілі) Николай Бударинмен бірге. Қонғанда ресей ғарышкерлері Николай Бадурин мен Юрий Батуринмен бірге.2001 ж. Әскери атағы - запастағы РФ ӘӘК генерал-майоры, ҚР авиация генерал-лейтенанты (2007 жылдан).

2.3. Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері

   Космонавтика, әлемдік ғылыми-техникалық прогрестің негізгі өнімі бола отырып, өзі-де әлемдік шаруашылықтың басқа салаларына маңызы жағынан баға жетпес және көлемі жағынан теңдесіз жаңа материалдар, технологиялар мен ғылыми әзірлемелер, ағынын үздіксіз бере отырып, адамзаттың тұрақты дамуна айтарлықтай үлес қоса отырып, осы прогрестің қуатты қозғалтқышына айналды. Қазіргі кезеңде ғарыштық қызмет және оның ғылыми-өндірістік базасы әмбебап заңдылықтар мен даму үрдістеріне бағынатын ғаламдық экономиканың табиғи қызмет ететін саласына айналып отыр. Бұл ретте ғаламдық экономиканың ғарыштық секторы қарқынды әрі тұрақты дамуын көрсетіп отыр, бұл ғарыштық технологияларды әскери саладан азаматтық салаға қуатты трансферттеу процестеріне және соның негізінде ғарыш индустриясы мен әзірлемелерімен байланысты тұтастай коммерциялық қызметтер кешені негізінде дамуына байланысты. Мұның барлығы тұтастай алғанда ғарыш қызметін коммерцияландыруға  және ғарыш өнеркәсібінің, ғарыштық өнімдерді, технологиялар мен қызметтерді әзірлеу мен өткізудің қарқынды өсуіне ықпал етеді, бұл, өз кезегінде, түрлі-деңгейлерде: ғаламдық, аймақаралық, мемлекетаралық және ұлттық деңгейлердегі салалық бәсекелестіктің күшеюіне қатты серпін береді. Әлемдік ғарыштық нарық өз кезегінде жоғары технологиялардың әлемдік нарығыны, ірі әрі тез дамушы сегменті болып табылады. Қазіргі экономикалық пргрестің басты қозғалтқышы болып, микроэлектроника, цифрлі және, ақпараттық жүйелер, бағдарламалық қамтамасыз ету, байланыс және телекоммуникация, жаңа композиттік материалдар және т.б. саласындағы инновациялық технологиялар саналатындығы белгілі. Бұл әзірлемелердің көпшілігі бастауын ғарыш индустриясының түрлі салаларынан алады және қазіргі тіршілік әрекетінің алуан түрлі салаларына айтарлықтай әсерін тигізеді. Ғарыштық әзірлемелердің едәуір бөлігі құпия күйінде қалатындығы және ұлттық қауіпсіздік саласында ғана мемлекеттік саясат жүргізуіне жататындығы белгілі. Сонымен қатар қазіргі заманғы ғарыш қызметін дамытудың белгілі үрдістері ғарыштық технологиялар мен әзірлемелерді біріктіруді күшейту, оларды қарусыздандыру және коммерциялық мақсаттарға пайдалану болып табылады. Осыған байланысты ғарыш қызметін жабық әскери ғарыш саласына (military space) саралап жіктеу және азаматтық және коммерциялық ғарыш салаларын (civilian and commercial space) ашу жөн саналады. Тұтас алғанда, ғарыш қызметі із жүзінде қазіргі өмір сүруді қамтамасыз етудің барлық салаларындағы сарқылмас әрі үздіксіз дамып отыратын инновациялық технологиялар көзі болып табылады. Бұл ретте ғарыш қызметінің дамуына әлемдік экономикадағы көптеген өндіріс пен қызмет салалары тікелей байланысты болады. Осыған байланысты жыл сайын ғарыш қызметі тек мемлекеттер мен олардың бірлестіктерінің ғана емес, сондай-ақ трансұлттық корпорациялардың да назарын аударып отыр. Нарықтың кеңейе түсі және оның қатысушылары санының жүйелі түрде өсуі саладағы қаржылық құралдар айналымының өсуіне ықпалын тигізуде. Әлемдік ғарыш нарығын қалыптастыру мен дамытуда ғарыш қызметін интернационализациялау, әлемдік шаруашылықты  индустрияландыру  және ғаламдандыру процестері көрініс тауып отыр. Әлемдік жоғары технологиялық нарық сегменті ретінде ғарыш қызметінің дамуын талдау мынадай тұрақты процестерді анықтауға мүмкіндік береді:

Информация о работе Астрономия және ғарыштық болашақ