Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2011 в 13:22, курсовая работа
Адамзат баласы ғарышты игеру арқылы көптеген таңғаларлықтай жетістікке қол жеткізді. «Байқоңыр» Қазақстанда орналасқан ғарыш айлағы ғана емес, ол – адамзат пайдасына жұмыс істеп отырған үлкен ғылыми-технологиялық кешен. Бүгінгі ақпараттық қоғамда сіз бен біз емін-еркін пайдаланып жүрген интернет, радио, телевизия және өзге де коммуникациялық байланыс желілерінің жетілуі мен нанотехнологиялардың дүниеге келуі – ғарыш мамандарының еңбегі. Қалай десек те, қоғамдағы кез келген сала ғарыштық технологиялардың көмегіне зәру. Қазіргі уақытта астрономия, картография, геодезия, биология, география, химия, медицина сияқты күрделі салалардағы жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалардың дені – осы ғарыштық зерттеулердің тиімді нәтижесінен. Жердің қойнауын, онда жатқан қазба байлықтарды, теңіз бен мұхиттардың астын зерттеу үшін де ғарыштан жүргізілетін зерттеулер өте қажет. Сондықтан да ғарыш саласын жаһанданған әлемдегі технологиялық прогрестің локомотиві десек, артық айтпаған болармыз.
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Астрономия - ғалам туралы ғылым
1.1. Астрономияның даму жолы
1.2. Қазіргі астрономияның бөлімдері
ІІ. Ғарыш кеңістігі
2.1. Ғарыш алаңы
2.2. Ғарышкерлер
2.3. Ғарыш қызметінің жалпы даму үрдістері
2.4. ҚР-да ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары
2.5. Жерді қашықтан зондтау әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қосымшалар
Осылайша, ғарыштық қызмет — қазірдің өзінде әр түрлі елдер мен әлем аймақтарының экономикасына айтарлықтай үлес қосып отырған келешегі зор қызмет саласы. Оның ерекше белгісі ғарыш кеңістігін игерудегі жедел қарқындылық пен практикалық экономикалық нәтижелер алудағы салыстырмалы жылдамдық болып табылады.
Ғарыш нарығының ғаламдық конъюктурасы
Табысы 1990-шы жылдардың ортасында 77 млрд. АҚШ долл. құраған ғарыш индустриясы әлемдегі миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін әлемдік экономиканың ірі, коммерциялық тартымды құрамдас бөлігіне айналған. Коммерциялық спутниктік қызметтерге деген сұраныстың артуы әлемдің аэроғарыштық саланың едәуір көтерілуін туғызады. 2005 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның орташа жылдық табысы 93,3% өскен, нақты цифрлармен көрсеткенде өсім 168,2 млрд. АҚШ долл., 2006 жылы — 220 млрд. АҚШ долл. құраған. Қазіргі кезде әлемдік ғарыш нарығы 10 пайыздан асатын жыл сайынғы табысты көрсетіп отыр, ал 2007 жылдың соңындағы деректер бойынша нарықтың жиынтық көлемі 251,16 млрд. АҚШ долл. құраған. Шамасы, «ғарыштық бәліштің" көп бөлігін соңғы тұтынушыларға қызмет көрсететін провайдерлер алары сөзсіз. Шолулардан байқағанымыздай, спутниктік қызметтер (байланыс, теледидар және т.б.) көлемі спутниктерді өндіру мен ұшыру құнынан бір саты артық болып отыр. Бұл сегмент бірінші орында тұр. Екінші орында — спутниктермен ұсынылатын мүмкіншіліктерді пайдалануға арналған терминалды құрылғылар нарығы, одан кейін спутниктер мен ғарыштық аппараттар өндірісі тұр, ал тізімді ұшыру қызметтері аяқтайды. Талдау көрсетіп отырғандай, 1997–2007 жж. аралығында коммерциялық ғарыштық ұшырулар нарығында өсіп отырған бәсекелестік сұраныстың артуымен орны толтырылды. Кейінгі 10 жылда спутниктерді геостационарлық орбитаға белсенді түрде шығарумен байланысты ұшыру нарығы секторын біршама кеңейту жүзеге асырылады. Ғарыштық микроэлектроника саласындағы алға басу түрлі мақсаттардағы аз габаритті ғарыштық аппараттар, ел алдымен, Жерді қашықтықтан барлап тексеру аппараттары санының өсуіне әкеп соқтырады. Байланыс, навигация және Жерді қашықтықтан барлап тексеру технологияларын синтездеу жаңақпараттық қызметтер мен сервистердің пайда болуына жетелейді.
Ғарыштық қызметтің ішкі аймақтық нарықтары мен қатысушылары
Ғарыш нарығы дамуының тағы басқа ерекше
үрдісі оның қатысушылар санын белсенді
түрде арттыру болып табылады. Ғарыш нарығы қатысушыларының
бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіншіліктерін
зерделеу мақсатында ғарыштық клуб құрылымын
қарастыру және нарықтағы
2.4. Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметті дамыту жұмыстары
Ғарыштық қызмет саласы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының басым секторы болып саналады. «Қазақстан Республикасындағы ғарыштық қызметті дамыту» - 2010-2014 жылдарға арналған ғарыш қызметін дамыту бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып өтсек.
«KazSat-3» ғарыш аппаратын әзірлеу жобасы халықаралық Ле Бурже (Франция, Париж қаласы) авиациялық ғарыштық салонында академик М.Ф.Решетнев атындағы «Ақпараттық спутниктік жүйе» ААҚ ресейлік компаниясы мен Ғарыштық байланыс республикалық орталығы арасындағы келісім-шартқа қол қою нәтижесінде өмірге келген болатын. Келісім-шарт ережесіне сәйкес ресейлік компания басты орындаушы да, ал Thales Alenia Space еуропалық компаниясы оның әріптесі ретінде белгіленген. «KazSat-3» ғарыш аппаратын 2013 жылдың соңына таман ұшыру көзделген. Бұдан басқа, Алматы облысының Іле ауданы аумағында ғарыштық аппараттарды жерден басқару резервтік кешені салынып жатса, ол 2012 жылдың басында іске қосылады деп күтілуде.
Жерді арақашықтықтан зондтау жүйесіне арналған жобаның құрылысы да басталды. «Астана – жаңа қала» экономикалық аймағының аумағында 30 гектар жерге ғарыштық аппараттарды жинақтау-сынақтан өткізу кешені құрылысы жүргізілуде. «Ғалам» ЖШС негізінде қазақ-француз бірлескен кәсіпорны құрылып, франциялық «EADS Astrum» компаниясы тарапынан қажетті құрал-жабдықтар қойылуы бойынша келісім де жасалды. Ғарыштық аппараттарды жобалау, жинау және сынақтан өткізуде тәжірибе жинақтау үшін 24 қазақстандық инженер франциялық кәсіпорынға жіберілді. Сонымен, Ақмола мен Алматы облыстарында 10 дифференциалды стансалар және мобильді дифференциялды станса, сондай-ақ Астана қаласында Өңірлік орталықты іске қосу қолға алынды.
«Байқоңыр» ғарыш айлағы аумағында «Бәйтерек» зымыран ұшыру кешенін салу жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі қазір Экономикалық даму және сауда министрлігінде екені белгілі болды. Оның құны 223 миллион доллардан 1 миллиард 248 миллион долларға дейін артқан. Сондай-ақ еліміздің «Днепр» және «Зенит» ғарыштық зымыран кешені жобасына қатысатыны да белгілі болды. Ал «Зенит» зымыран ұшырғышы бойынша «Наземный старт» жобасына Қазақстанның Ресеймен және Украинамен бірге қатысуы бойынша жұмыс тобы құрылып, осы мәселе жан-жақты пысықталуда. Ғарыш мамандарын даярлауға еліміздің 5 жоғары оқу орны жұмылдырылып отыр. «Болашақ» халықаралық бағдарламасына сәйкес Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Канада және Қытайда 9 мамандық бойынша 58 қазақстандық студент білім алуда. Байқоңыр қаласындағы «Восход» Мәскеу авиация институтының филиалында 205 Қазақстан азаматы оқуда. «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы қазіргі кезде туындап отырған әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу жолдары, «KazSat-2» жер серігін тиімді пайдалану, әсіресе, халыққа қызмет көрсетуде оның бағасын төмендету; ғарыш саласындағы ғылыми орталықтарды жаңғырту, мақсатты қаражаттарды қарастыру, осы салада еңбектенетін мамандарды дайындау мәселелері өткір саналады. Қазір Мәжілісте талқыланып жатқан «Ғарыш қызметі туралы» заң жобасын жан-жақты пысықтап, жылдың аяғына дейін қабылдауға күш салатын болады». Қазақстанның ғарыш саласындағы үлесі. Қазіргі жағдайда мемлекеттердің ғарыш саласын игерудегі көздеген мақсаты әртүрлі болып отыр. Мәселен, Иран Ислам Республикасының ғарыш саласы негізінен мемлекеттің әскери қорғаныс саласын, әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Ал Ресей, АҚШ, Қытай сынды бірқатар елдер бірнеше бағытта қатар жұмыс жасай береді: байланыс саласы, әскери қорғаныстық, ғылыми-академиялық зерттеулер мақсатында. Ал көптен бері ғарыштық держава атануды өзіне мақсат етіп қойған еліміз Қазақстан ғарыш саласындағы барлық бағыттары бойынша бірдей күш жұмсай алмайды. Біріншіден, бұған өте ауқымды қаржылық ресурстар қажет болар еді.
Қазақстан ғарыш саласын бейбіт мақсатта дамытады.Атом өндірісін әскери мақсатта пайдалануға болмайтыны секілді, ғарышты да әскери қақтығыс алаңына айналдыруға болмайды. Әрине, бұл БҰҰ деңгейінде қойылатын талап болу қажет. Себебі бұл саланың да теріс мақсатта пайдаланылуы атомдық қарулардан кем зиян әкелмейді. Қазір ғарыш саласын әскери мақсатта дамытуға күш салып жатқан елдер де бар. Әскери қорғаныс саласын жетілдіру жолында АҚШ пен Иран секілді зымырандарға қарсы қорғаныс орнату үшін миллиардтар құю еліміз үшін тиімсіз болар еді. Оның үстіне, еліміз өзінің соңғы 20 жылдық тарихында ешбір әскери амбиция танытқан емес, бейбіт имидж қалыптастыруда. Ғарышты игеру саласын прагматикалық көзқарасқа салатын болсақ, нақты мемлекет қазынасына пайда түсіріп, ел азаматтарына игілік әкелетін жобалардың ғана маңыздылығы үстем.
Ғарышқа қанша ақша бөлінеді? Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, барлық дерлік ғарыш державалары «жұлдызды» жобаларды қаржыландыруды азайтудың орнына, ұлғайтып жатты. Космостық бағдарламалар бюджеті осыдан бір жыл бұрын АҚШ-та – 16,8 млрд, Жапонияда – 5 млрд, Қытайда – 1,5 млрд, Ресейде – 1,2 млрд долларды құрағандығы өзін-өзі байқатып тұр. Осылай NASA америкалық агенттігі ғарыш саласына салған әрбір доллардың 5-6 доллар болып қайтатындығын хабарлаған. Мамандардың бағалауынша, соңғы жылдары Ресейдің ғарыштық зымыран саласындағы пайдасы – үш есеге, ал оның қайтымы екі есеге өскен. Ендеше, біз де елдің индустриялық-инновациялық даму стратегиясының жүзеге асуына, ғарыш индустриясы кластерінің құрылуы мен дамуына, халықаралық маңызды серпінді жобалардың іске асуына, әлемдік ғылыми және ғылыми-техникалық кеңістікте кірігуіне ықпал ететін отандық ғарыш саласын жасауға міндеттіміз.
Ғарыш пен байланыс. Соңғы жылдары еліміз Қазақстан да бұл бағытта тартынып жатқан жоқ. Сөйте тұра, ғарыштық жобалардың барлық салалары бойынша далақтай бермей, негізгі бағыттар бойынша ғана жұмыс жасау қажеттігін түсінеді. ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев Қазақстандағы ғарыштық саланы қалыптастыру стратегиясы мен еліміздегі ғарыш саласын дамытудың мемлекеттік басқару реформасы бойынша ғарыш саласына 2020 жылға дейін жыл сайын 316 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы қажет болатынын айтады. Ғарыштық жүйені дамытуға бағытталған стратегияны жүзеге асыру барысында 2020 жылға дейін орбиталық топталған 12 ғарыштық аппарат құрылатындығын, сонымен қатар еліміздің спутниктік байланыс каналдарына сұраныс қанағаттандырылып және өңірлер көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз ету жоспарланған. Яғни ғарыш саласын дамытуда еліміз ең алдымен байланыс мәселесіне көп көңіл бөледі. Еліміздің азаматтары «Қазсат» ұлттық жүйесін пайдалану – еліміздегі байланыс саласын бірнеше есеге арзандатады» деп үміттенеді. «Қазсаттарымыздың» жоғалып кетуіне қарамастан, Қазақстанның төл жерсеріктерін ұшырудан тайынбауы – осының бір дәлелі. Ғарыш саласының тағы бір мүмкіндігі – табиғи катаклизмдерді алдын ала болжау мүмкіндігі. Дегенмен бұл саланы айтулы ғарыштық державалардың өзі толық игеріп болған жоқ. Әлемде болып жатқан түрлі стихиялы апаттар адам шығынын болдырмау мақсатында табиғи болжамдарға қаржы құюдың зая еместігін көрсетіп жатыр. Ғарыштағы жалпы саны 23 жерсерігін, әлемдегі ғарыштық ұшулардың 40 пайызын қамтамасыз етіп отырған Ресей де ғарыш саласында кенже қалып қоюымыз мүмкін деген қаупін жасырмайды.
Ғарыш саласына білікті кадрлар даярлау мәселесі. Қазiргi әлемде ғарыш саласы адам қызметiнiң неғұрлым басым және ғылымды қажетсiнетiн салаларының бiрi болып табылады. Ғарыш қызметiне қатысу мемлекеттiң саяси беделiн, оның экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс қуатын бiршама айқындайды. Ғарыш қызметiн дамытуға әлемнiң жетекшi елдерi айтарлықтай күш салып отыр. Әлбетте, жоғары білікті кадрларсыз ғарыш дамуының стратегиялық бағдарын жүзеге асыру мүмкін емес. Сондықтан да мемлекет осы күрделі саланы игеруге талпынғандарға жан-жақты жағдай жасап, қолдау көрсетуде. Мәселен, ғарыштық профильді мамандар даярлауды ұйымдастыру бойынша «Қазғарыш» пен Білім және ғылым министрлігі арасында ынтымақтастық және өзара әрекеттестік туралы меморандумға қол қойылды. «Қазғарыштың» ұсынысымен ғарыш саласына арналған мамандарды даярлау бойынша базалық жоғары оқу орындары ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Алматы энергетика және байланыс институты, Азаматтық авиация академиясы анықталды. Осы жоғары оқу орындарында кадрларды даярлау жұмысы басталып та кетті. Бұған қоса, жоғарыда аталған оқу орындарында аэроғарыш факультеттерін ашу жөнінде жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Президенттің «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде шетел жоғары оқу орындарында 58 стипендиат 9 ғарыштық мамандықтар бойынша Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Нидерланды, Канада, Қытай мемлекеттерінде білім алуда. Мемлекеттік қаржыландыру негізінде Байқоңыр қаласындағы Мәскеу авиациялық институтының филиалында 205 студент оқуда. Осы оқу орындарын бітіріп шыққандардың көбі болашақта өз білімдерін ғарыш қызметін дамытуға қолданатыны анық. Жас мамандардың теориялық дайындықтарын шыңдап, өндіріске бейім қалыпқа бағыттау жұмыстары кадрлық әлеуетті жетілдіретіні белгілі. Ғарыш саласын кадрлармен қамтамасыз етуді дамыту бойынша басты ұйым ретінде «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы анықталды. Онда белгілі бір инфрақұрылым қалыптасқан және олар ғарыш саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауды, ғылыми қызметкерлердің шетелде тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру бойынша елеулі жұмыстар жүргізуде. Қазіргі таңда «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы республикалық бағдарлама шеңберінде ғарыш саласындағы мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүйелі түрде оқу семинарларын ұйымдастыруда. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Astrium SAS компаниясы арасындағы келісім-шарт аясында Францияның кәсіпорындарында 24 инженерден құралған конструкторлық топ өндірістік тәжірибе жинауды бастап, практикалық білім алуда. С.П.Королев атындағы Самара мемлекеттік аэроғарыш университетімен кадрларды оқыту және қайта даярлау бойынша ынтымақтастық ниеті туралы хаттамаға сәйкес «Бәйтерек бірлескен кәсіпорны» акционерлік қоғамының 12 қызметкері озық компьютерлік жобалық модельдеу бағдарламасын тәмамдады. Осы орайда Елбасымыздың көреген саясаты негізінде қанат жайған «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында ғарыш технологиялары мен техникалары бағытында білім алған алғашқы түлектерді жұмыспен қамту мәселесі серпін алды. Қазіргі кезде Қазғарышта және оған бағынысты ұйымдарда 10-нан астам «Болашақ» бағдарламасы түлектері қызмет етуде.