Access - мәліметтер қоймасы, деректер базасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 23:15, реферат

Описание

Ең жалпылама түрде мәліметтер қоймасы – бұл жазбалар және файлдар терімі, олар арнайы жолмен ұйымдастырылған.
Реляциондық деп, әрбір жазбасы тек бір нақты объектіге қатысты ақпараттан тұратын мәліметтер қоймасы түсініледі. Олардан басқа, бірнеше типті мәліметтермен, мәліметтер арасында байланысқан мәндерге негізделген бір тұтас сияқты жұмыс жасауға болады.
Мәліметтер қоймасы типтерінің бірі – бұл мәтіндік редактор көмегімен терілген және тақырып бойынша топтасқан құжаттар. Бірақ мәліметтер қоймасымен жұмыс жасау барысында көптеген қиындықтар туындауы мүмкін:
егер мәліметтер жеке мәтіндік файлдар және электрондық кесте бойынша шашыраған болса, клиенттер туралы ақпаратты қалай жинау;
жаңа ақпаратты енгізу барысында файлдар арасындағы байланысты қалай сақтау;
енгізілген мәліметтерді қалай сақтау және т.б.

Содержание

1.Кіріспе
Access МҚБЖ жұмыс жасау негіздері
2.Негізгі бөлім
2.1.Мәліметтер қоймасы туралы жалпы мағлұматтар
2.2.Мәліметтер қоймасымен жұмыс
2.3.Кестелердің импорты және экспорты
2.4.Өрнектерді құрушы
2.5.Мәліметтер формасы. Форма жасау
2.6.Есеп беру формасында мәліметтерді беру
3. Қорытынды
Мәліметтер қоймасын ашу

Работа состоит из  1 файл

Access МКБЖ.doc

— 85.00 Кб (Скачать документ)

 

 

Сұраныстар Мастерін қолдану.

Сұраныстар Мастерін таңдағаннан кейін сізге төрт Сұраныстар Мастері беріледі:

    • қиылысатын сұраныстары;
    • қайталанатын сұраныстары;
    • бағыныштылары жоқ жазбаларды іздеу;
    • архивтеу.

Сұраныстарды өз бетімен  құру

Егер Сіз өз бетіңізбен сұраныс құрғыңыз келсе, онда Сізге Жаңа Сұраныс тәртібін таңдау керек. Экранда сұраныстарды құру терезесі пайда болады және бір уақытта Кестені Қосу диалогтық терезесі ашық тұрады.

Әрі қарай Сіздің сұранысыңызда  пайдаланылатын кестені таңдап алу  керек. Ол үшін қажет кестелерді ерекшелеп және Қосу батырмасын басу қажет.

Таңдау шартын енгізу

Құрастыру аймағындағы  сұраныста Таңдау Шарты жолындағы  ұяшығында шартты анықтау керек  өріс үшін, тышқанмен шертіңіз. Содан  кейін, сәйкес таңдау шарты үшін өрнекті  енгізу керек. Access берілген өрнекке таңдау жасайды және синтаксисті жөндеуі мүмкін. Сіз бірнеше таңдау шартын бере аласыз. Бір өріс үшін бірнеше таңдау шартын анықтағанда Сіз “ЖӘНЕ” немесе “НЕМЕСЕ” операторлатын қолдана аласыз.

 

Өрнектерді  құрушы

Құрушы аймағында Таңдау Шарты жолындағы ұяшықты белсендіру керек. Әрі қарай құрал саймандар панеліндегі Құру (Построить) (үш нүкте бейнеленген) батырмасын таңдап, өрнектерді құрушыны іске қосу керек немесе тышқанның оң жақ батырмасымен шақырылатын, жанама менюінде Құру нұсқауын таңдап алу керек. Сол жақ тізімнен, сұраныс соған негізделетін кестені таңдап алу керек. Оң жақ тізімде ерекшеленген кесте үшін өрістер орналасады. Өрнектер өрісіне сәйкес өрісті енгізу үшін өріс атау үстінен екі рет шерту қажет. Тізімге әкеліп қоюға болатын өрнектер үшінші тізімде көрсетілген.

Сұраныстағы мәліметтер жазбасын сұрастыру

Ол үшін құрушы аймағында  Сұрыптау (сортировка) ұяшығын белсендіру қажет. Содан кейін бағытын таңдау керек: өсуі немесе кемуі бойынша.

Сұраныс қалыптасқаннан кейін оны орындауға болады. Сұранысты тез орындау және таңдаманы алу үшін құрал саймандар панеліндегі – Орындау леп белгісімен белгіленген батырмасын қолданып немесе Сұраныс менюіндегі сәйкес нұсқауын таңдау керек.

Параметірлік сұраныстары

Өте жиі, бірдей құрылған бірақ қойылған таңдау шарттарында кейбір айырмашылықтары бар, сұраныстарымен жұмыс жасауға тура келеді. Бұл жағдайда, әр уақытта бөлек сұраныс жасай бермес үшін, параметрлері бар сұраныс құру керек. Таңдау шарттары өзгермейтін стандарттарды бергеннен кейін, Таңдау Шарты жолына анық өріс үшін әдеттегі нақты таңдау шарттарының орнына тұтынушыға таңдау шартын беруге, диалогтық терезеде пайда болатын шақыру енгізіңіз (мәтін тік жақшалардың ішінде). Сұраныс менюіне кіріңіз және Параметр нұсқауын таңдаңыз. Экранда параметрлік Сұраныстары диалогтық терезе пайда болады. Параметр бағанының ұяшығына Сіз құру аймағында Таңдау Шарты жолында анықтаған мәтінді енгізіңіз. Мәліметтер типі бағанындағы қашықта қажет типті анықтап және ОК басыңыз.

 

Мәліметтер  формасы, Форма жасау   

Кесте және сұраныс құрғандағыдай форма құруда сіз Мастер немесе форманы өз бетімен жасау тәртібін қолдануыңызға болады.

Мастер көмегімен форма  жасау үшін қажетті:

- мәліметтер қоймасы  терезесінде форма қосымшасын  ашып Жасау батырмасын басу.

немесе

    • Файл менюіне Жаңа Обьект нұсқауын, содан соң Форма нұсқауын таңдаңыз.

Экранда Форма Жасау  диалогтық терезесі пайда болады, мұнда Форма құру Мастері тәртібін таңдау қажет. Оның Формасының 5 түрі бар:

  • Бір бағанға
  • Кестелік форма
  • Диаграмма
  • Құрама форма
  • Қарапайым форма

Бір баған формасы 

Мәліметтің әрбір жазбасы  форманың бөлек бетінде берілген, ал мәліметтердің әрбір өрісі  өзінің жеке жолында орналасқан.

Кестелік форма

Форманың бұл түрі мәліметтер қоймасы кестесінің немесе сұранысының әдеттегі кестелік берілуін еске түсіреді.

Диаграмма – Форма

Бұл мәліметтер қоймасынан ақпаратты графикті түрде бейнелейтін  диаграммасы бар форма.

Құрама форма

Бір формада бір уақытта  екі әр түрлі мәліметтер қоймасымен басқару кестесінің ақпараты берілуі  мүмкін, олардың арасында байланыс орнатылған.

Қарапайым форма 

Бұл форма бір бағанға  жазу формасының дербес жағдайы.

Өзіндік форма жасау 

Форма жасау диалогтық  терезесінен Бос Форма батырмасын басу ACCESS құру тәртібіндегі форманың бос  бланкілі терезесін ашады және әрі  қарай Сіз өзіңіздің жеке формаңыздың макетін жасаумен айналыса аласыз. Сізге форма қасиетін, өріс тізімін анықтап және басқару элементтерін қалыптастыру қажет.

ACCESS әрбір формасы  экранда төрт түрінің біреуімен  беріле алады:

    • Құру тәртібінде. Бұл тәртіпке көшу үшін Түр менюінен Конструктор Форм нұсқауын таңдаңыз.
    • Кестелік тәртіпке. Бұл тәртіпке көшу үшін Түр менюінен кесте нұсқауын таңдаңыз;
    • Алдын ала қарау тәртібі. Бұл тәртіпке көшу үшін Файл менюінен Алдын ала қарау нұсқауын таңдаңыз.

Есеп беру формасында мәліметтерді беру

Есеп беру макетін  екі тәсілмен құруға болады: Мастер отчетов көмегімен немесе өз бетімен.

Есеп беруді өңдеу бойынша Мастерді таңдау барысында экранда есеп берудің  жеті түрінен құралған тізімі пайда  болады:

    • Бір бағанға. Бұл есеп беруде жазбаның әрбір бейнеленетін өрісі бөлек жолда орналасады.
    • Мәліметтерді топтастыру және нәтижелерді есептеу. Бұл есеп беруде мәліметтерді жазу өрісі бір жолға кестелік формада орналасады.
    • Нәтижелік. Алдыңғы есеп берулерден айырмашылығы қорытынды есеп беруде нақтылап жазылғандарды құрамайды.
    • Кестелік. Бұл есеп берудің түрі кесте түрінде берілген мәліметтер қоймасымен сұраныстар кестесі түріне сәйкес келеді.
    • Пошталық жапсырмалар. Бұл есеп берудің түрі конвертке стандартты пошталық жапсырмаларды жасау үшін қолданылады.
    • MS Word – пен қосылу. Бұл есеп берудің түрі MS ACCESS мәліметтер кестесін немесе сұранысын MS Word құжатымен біріктіруге мүмкіндік беретін сериялы құжаттарды дайындау үшін қолданылады.
    • Қарапайым. Нақты кесте немесе сұраныстың мәліметтер жазбасының барлық өрісі берілген бір бағанында есеп беру қалыптасады.
Есеп беру макетін өз бетімен  құру

Мәліметтер қоймасы  терезесінде Отчет қосымшасын ашыңыз, содан кейін Создать батырмасын басыңыз. Экранда Создание Отчета диалогтық  терезесі пайда болады. Әрмен қарай Пустой Отчет батырмасын басу керек.

Есеп берудің бос  макеті бірнеше аймақтарға бөлінген.

Әртүрлі аймақтардың  келесідей тізімі бар:

    • есеп беру тақырыбы,
    • жоғары колонтитул,
    • топ тақырыбы,
    • мәліметтер аймағы,
    • топ ескертушісі,
    • төменгі колонтитул,
    • есеп берудің ескерту аймағы.

Мәліметтер қоймасын ашу

Бұрын жасалған мәліметтер қоймасын ашу үшін қажетті:

    • “Файл” менюіне кіру;
    • “Меню” нұсқауын таңдау. Экранда сәйкесінше диалогтық меню пайда болады. Параметрлерді келтіру көмегімен бұл терезеде Сіз мәліметтер қоймасын аша аласыз.

Егер  мәліметтер қоймасын тек қарап шыққыңыз келсе, онда Только Чтение жалаушасын орнатыңыз. Егер сіздің компьютеріңіз компьютерлік желіге жалғанған болса, және сіз басқа  тұтынушылардың мәліметтер қоймаңызға өзгерістер енгізуіне қарсы болсаңыз, онда Монопольный Доступ жалаушасын орнатыңыз.

Қажетті параметрді анықтап  болған соң, ОК батырмасын шертіп қалыңыз, сонда сізге қажетті мәліметтер қоймасы ашылады.

Соңғы ACCESS-тің қосымша  мүмкіндіктерін айта кету керек. ACCESS-тің  мәліметтер қоймасын жасау барысында жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін қосымша мүмкіндіктері бар: Макростар, SQL сұраныстар және ACCESS BASIC. Бұл мүмкіндіктер мәліметтер қоймасын неғұрлым тереңдетіп оқығанда қарастырылады, сондықтан да берілген кітапта нақтылап қарастырмаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

  1. М.К. Изтлеуов, А.И. Беккужина, Н.Б. Жалимбетова
  2. А.Б. Бөрібаев Информатика А. 2004г.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Астана Медицина Университеті

Медбиофизика  курсымен информатика, математика кафедрасы.

 

 

 

 

 

      СӨЖ

Тақырыбы: Access деректер базасы

 

                                        

 

                           Орындаған: Шекіртқали Гүлмаржан

                           Тексерген: Бактиярова Назира Ақжітітқызы

                           Топ: 120 ЖМ 

 

 

 

 

 

                               Астана 2012 ж.


Информация о работе Access - мәліметтер қоймасы, деректер базасы