Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 10:08, реферат
Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі – адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға көшуінің тұғырын және материалдық базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізумен сипатталады.
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету
1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру
1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы
1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
2.2 АКТ-нарығын ынталандыру
3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру
3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері
3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында
3.4.6 АКТ туризм саласында
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру
4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу
5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары
Әрбір климаттық аймақ
үшін жүргізілген есептеулердің
негізінде: орманды дала, далалық, жартылай
дала, шөлді, сондай-ақ тау бөктері
және таулы аймақтар, Қазақстан Республикасы
аумағының метеорологиялық
Қоршаған орта мен табиғи қорларды мониторингілеудің бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесінің болмауы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен өзге де мүдделі мемлекеттік органдардың арасындағы экологиялық ақпаратты жүйелік алмасуды іске асыруға жол бермейді.
Міндет: Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа АТК енгізу есебінен қоршаған ортаның сапасын жақсарту.
Нысаналы индикаторлар:
Республика аумағын Бірыңғай мемлекеттік мониторингілеу жүйесімен қамту 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 70%;
шынайы уақыт «online» режимінде деректерді қашықтықтан жіберу орнатылған І санатты өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлесі 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 70%;
атмосфераға зиянды қалдықтардың шығарылуын қысқарту 2017 жылы - 3%, 2020 жылы - 5%, 2013 жылы сәйкесінше;
зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды суларды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер астына лақтырудың мемлекеттік кадастрын толтыру деңгейі 2017 жылы - 50%, 2020 жылы - 70 %;
болжамдардың ақталуын арттыру:
агрометеорологиялық болжамдар 2017 жылы - 83%, 2020 жылы - 85%;
ұзақ мерзімді гидрологиялық болжамдар 2017 жылы - 83%, 2020 жылы - 85%;
ұзақ мерзімді метеорологиялық болжамдар 2017 жылы - 91%, 2020 жыл – 94%.
Қол жеткізу жолдары
Жаңа АКТ енгізу есебінен Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ, қоршаған ортаның сапасын арттыру және тұрақтандыру мақсатында келесі іс-шаралар жүзеге асырылады:
Қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін Қоршаған орта мен табиғи қорларды мониторингілеудің бірыңғай мемлекеттік жүйесі құру мәселесі пысықталады.
Қазақстан Республикасының гидрометеорологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында келесі тапсырмаларды шешуді көздейтін «Қазақстан Республикасында гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингілеудің кешенді жүйесі» жобасын іске асыру мәселесі пысықталады:
Қазақстан Республикасы Ұлттық
гидрометеорологиялық қызметінің мемлекеттік
қадағалау желісін Дүниежүзілік
Метеорологиялық Ұйыммен
қажетті ақпаратты бөлінген жинауды қамтамасыз ету, оны орталықты өңдеу және әрі қарай сақтау процесстерін автоматтандыру;
геоақпараттық технологиялардың негізінде үздіксіз гидрологиялық мониторинг және ауа-райын болжау, сондай-ақ экологиялық мониторинг, ықтимал қауіпті табиғи, оның ішінде экологиялық құбылыстар жөнінде алдын-ала ескерту.
Каспий теңізінің қазақстандық секторын гидрометеорологиялық және экологиялық мониторингілеу жобасының шеңберінде Каспий теңізінің қазақстандық секторының қоршаған орта жағдайы және адамзаттың өнеркәсіптік қызметімен байланысты жағымсыз факторлар әсері туралы жедел деректерді алуды қамтамасыз ету үшін АКТ кеңінен қолданылады.
Зиянды заттарды, радиоактивті қалдықтарды көміп тастау және ағынды суларды және өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жер астына лақтыру процесстерін басқару бойынша ұсыныстар әзірленеді.
Қалдықтармен айналысу саласында стандарттан әзірленеді.
Өндірістік экологиялық мониторингілеу және бақылауды жүргізу үшін шынайы уақыт «online» режимінде қадағалауды іске асыратын заманауи технологиялық шешімдерді пайдалану қарастырылатын болады.
Автокөлік құралдарымен пайдаланылған газдардың улылығы мен түтіні нормаларын төмендету мақсатында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп желіге шығару кезінде улылық нормаларын бақылау үшін автокөлік кәсіпорындарын жабдықтармен жарақтандыруды бақылау жұмыстары жүргізіледі.
3.4.6 Туризмдегі АКТ
АКТ саласындағы заманауи
Ағымдағы жағдайға қысқаша талдау
2007-2010 жылдар бойы саланы
дамыту Қазақстан
Осы кезеңде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жұмысы жүргізілді. 2008 жылы бірқатар заңнамалық актілерге туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер енгізілді.
Туризм саласында тұрақты негізде шетелдерде Қазақстанның имиджін, оның ішінде ақпараттық насихатты қалыптастыру жұмысы жүргізілгенін атап өткен жөн. Негізгі құралдар әлемнің жетекші телеарналарында жарнамалық бейне роликтерді жасау және жүргізу, ірі туристік көрмелерге қатысу болып табылады.
2009 жылғы басты имиджді оқиға Астанада 2009 жылғы қазан айында Дүниежүзілік туристік ұйымдардың (ЮНВТО) Бас ассамблеясының 18-сесссиясын өткізу болды. Оның жұмысына 146 мемлекеттен 700 астам делегат, ЮНВТО ұйымының мүшелері, сондай-ақ әлемдік БАҚ құралдарының өкілдері қатысты.
Міндеті: Туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігі мен АКТ енгізу арқылы Қазақстанның туристік бағыттағы тартымдылығын арттыру.
Нысаналы индикатор:
интернет желісіне қосылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы 100%;
интернет-брондаудың халықаралық жүйесіне ықпалдастырылған туристік инфрақұрылым нысандарының (қонақ үй, демалыс орындары және туристік фирмалар) үлесі 2017 жылы – 65%; 2020 жылы - 100%;
меншікті интернет-порталы бар туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылы - 100 %;
ішкі бизнес-үдерістерін автоматтандырған туристік инфрақұрылым нысандарының үлесі 2017 жылы - 100%.
Қол жеткізу жолдары
АКТ енгізу арқылы туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін және Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыру үшін мынадай іс-шаралар жүргізілетін болады:
Интернет арқылы Қазақстанның туристік бағыт ретіндегі тартымдылығы имиджін жылжыту, халықаралық көрмелер және спутниктік Kazakh TV (CaspioNet) телеарнасы бойынша іс-шараларды іске асыру;
Интернет желісіне жедел қол жеткізе отырып туристік инфрақұрылым объектілерін қамтамасыз ету;
Қазақстанның туристік инфрақұрылым объектілерін (қонақ үйлер, демалыс базалары мен санаторийлер) интернет-брондтаудың танымал халықаралық жүйесіне біріктіру
мемлекеттік- жеке меншік әріптестік шеңберінде туризм саласындағы сервистер мен қызметтерге қол жеткізуді арттыру үшін ұтқыр ұсыныстар әзірлеу;
туризм индустриясы
туризм объектілерінің орналасқан жерлерін, тарихи және ескерткішті орындарды, санаторийлерді, курорттық аймақтар мен өзге де көрікті жерлерді көрсете отырып геоақпараттық технологиялар базасында Қазақстан, Республикасының бірыңғай цифрлық картасын жасау;
жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстарын қоса алғанда өңірлердегі бар туризм объектілері туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен жария ету;
Қазақстан Республикасындағы туризм объектілерінің тізілімін жасау және өзектендіру.
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі және спорт саласында
АТК пайдалану төмендегі
салаларда спорт саласын
АКТ спорт саласын басқару тиімділігін арттыруға, әртүрлі спорт ұйымдарының, оның ішінде халықаралық ұйымдардың арасында өзара байланыс жасауға және үйлестіруге ықпал етеді.
Ағымдағы жағдайды қысқаша
Халықаралық стандарттардың талаптарына жақындау және елдегі жаппай спортты дамыту мақсатында Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттік спорт инфрақұрылымын әрі қарай дамытуға және Республика спортының материалды-техникалық қорын жетілдіруге бағытталған бірқатар ұйымдастыру шаралары іске асырылды.
Сондай-ақ, саланың нормативтік құқықтық қорын жетілдіру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленді және бекітілді.
Елде дене тәрбиесі мен спортпен айналысатындар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады: 2007 жылы жалпы халықтың ішіндегі спортпен айналысатындардың саны 2,3 млн.адамды құрады (15%), 2008 жылы 2,35 млн.адам, 2009 жылы 2,4 млн.адам, 2010 жылы 2,8 млн.адам (17,7%), 2011 жылы 3,3 млн адам немесе 20,0%.
Бүгінгі таңда елімізде өткізіліп жатқан спорттық-жаппай және дене тәрбиесі – сауықтандыру іс-шараларының саны артып жатыр, 2011 жылы 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, мұнда 4,1 млн.астам адам қатысты.
Бүгінгі таңда 208,4 мыңнан астам айналысатын ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамуда (2010 жылы – 166 мың адам). Аталған жағдайға жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық және халықаралық турнирлерді, сондай-ақ, тоғызқұмалақ бойынша әлемдегі бірінші чемпионат, бірінші Жастар ойындары, «қазақ күресі» бойынша әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесіне үлттық спорт ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарда ұлттық спорт түрлері бойынша бөлімшелерді ашуықпал жасады.
Лондонда өткен 30-олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медалді жеңіп алып, 12-орынды иеленді.
Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар отандық спорттың дамуына кедергі келтіріп отырған проблемалар да бар, атап айтқанда материалды-техникалық база мен спорттық инфрақұрылымның төмен деңгейі, заманауи талаптарға сай келетін спорттың ғылыми базасының болмауы, білікті мамандар тапшылығы.
Міндеті: Жаттықтырушылық
құрамды, спортшыларды және мамандарды
даярлау жүйесінде оқу-
Нысаналы индикаторлар:
интернет желісіне қосылған дене тәрбиесі және спорт саласындағы нысандардың үлесі 2017 жылы - 100%;
дене тәрбиесі және спорт
саласындағы нысандардың оқу-
жаттықтырушылар құрамы мен спортшылардың компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру 2017 жылы – 70%, 2020 жылы – 100%.
Қол жеткізу жолдары
АКТ-ны енгізу арқылы дене тәрбиесі және спорт саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін мынадай шараларды іске асыру қарастырылады:
спортшылардың оқу-жаттықтыру процесстері үшін спорттық жүйелер мен іс-шаралардың эмуляторларын, виртуалды спорт алаңдарын, командалардын құру үшін виртуалды шындық технологияларын қолдану;
Интернет желіге қолжетімділікпен барлық спорт нысандарын қамтамасыз ету;
Халықтың спортпен айналысуының
белсенділігін арттыру
Интернет, телерадио хабарларды тарату спорттық сипаттағы компьютерлік ойындар арқылы халық арасында салауатты өмір салтын ілгерілету және дәріптеу;
жаттықтырушылар құрамы мен спортшылар арасында компьютерлік сауаттылық деңгейін артыру;
дене тәрбиесі және спорт нысандарының әкімшілік-шаруашылық қызметін және басқару, тіркеудің ішкі үрдістерін автоматтандыру.
4. Отандық ақпараттық кеңістіктің дамуы
Негізгі міндеттер
Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту.
Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту.
Отандық ақпараттық контент өндірісін ынталандыру.
Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу.
4.1 Мәдениет саласында АКТ-ны дамыту
Ақпараттық қоғамды
Халықаралық тәжірибеден көріп отырғанымыздай, соңғы уақытта мәдениет саласын ақпараттандыруға, АКТнегізінде мәдени мекемелердің жаңа қызметтерін дамыту, мәдени және ғылыми мұраны цифрландыру және оған ашық қолжетімділікті ұсыну, электрондық кітапханаларды құруға баса назар аударылуда.
Осыған байланысты, жуық арада мемлекет мәдениет саласындағы АКТ-ны дамыту бойынша белсенді шараларды қабылдауы тиіс.
Ағымдағы жағдайды қысқаша талдау
Қазақстанның мәдениет және
өнер саласындағы мемлекеттік
Бүгінгі күнгі жай-күйі бойынша елімізде 64 театр, 216 мұражай, 4 171 кітапхана, 94 кинозал және кинотеатр, 74 концерттік ұйым, 3 169 мәдени мекеме, 105 цирк, хайуанаттар бағы, ойын-сауық және демалыс парктері қызмет етуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша 2004 жылдан бастап көлемі мен тарихи диапазоны бойынша аналогы жоқ «Мәдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы іске асырылуда.
2004 жылдан бастап ғылымды
мыңдаған артефактілермен