Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Октября 2013 в 10:08, реферат
Адамзат өркениетінің қазіргі заманғы дамуы ғылыми-техникалық революцияның тағы да бір кезеңі – адамның тыныс-тіршілігінің барлық салаларына оның өмірін өзгертіп, ақпараттық қоғам, жоғары әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени дамыған қоғамға көшуінің тұғырын және материалдық базасын құрайтын ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) енгізумен сипатталады.
Кіріспе
Ағымдағы жағдайды талдау
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар
1. Мемлекеттiк басқару жүйесін тиiмдi қамтамасыз ету
1.1. Ақпараттандыру арқылы мемлекеттiк басқару жүйесін оңтайландыру
1.2 Мемлекеттік органдарының ашықтығы
1.3 «Электрондық үкіметі» дамыту
1.4 Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру жаңа моделін енгізу
1.5 АКТ құқық тәртібін, қоғамдық қауіпсіздікті, техногенді апаттар мен дүлей апаттардың тәуекелдерінің төмендеуін қамтамасыз ету үшін
2. Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету
2.1 Қазақстан Республикасы үй шаруашылықтарындағы ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігі
2.2 АКТ-нарығын ынталандыру
3. АКТ-ны енгізу арқылы өмір сүру сапасы мен шарттарын арттыру
3.1 Адами капиталды дамыту
3.1.1 АКТ саласындағы мамандардың компьютерлiк сауаттылығы мен білім деңгейін арттыру
3.1.2 АКТ білім және ғылым саласында
3.2 Электрондық денсаулық сақтауды дамыту
3.3 Электрондық коммерцияны дамыту
3.4 Электрондық экономиканы қалыптастыру
3.4.1 АКТ өнеркәсiп саласында
3.4.2 АКТ көлік жүйесінде
3.4.3 АКТ агроөнеркәсiп кешенiнде
3.4.4 Энергия үнемдеу және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы үшін зияткерлік жүйелері
3.4.5 АКТ экология және гидрометеорология саласында
3.4.6 АКТ туризм саласында
3.4.7 АКТ дене тәрбиесі мен спорт саласында
4. Отандық ақпараттық-мәдени кеңістікті дамыту
4.1 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
4.2 Отандық ақпараттық-мәдени контент өндірісін ынталандыру
4.3 Мемлекет қызметін ақпараттық сүйемелдеу
5. Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
6. Қажетті ресурстар
7. Бағдарламаны іске асыруды басқару схемасы және құралдары
2011 жылы «Мәдени мұра
– Культурное наследие»
Ресурс жалпы көлемі 70 ГБ құрайтын Қазақстанның мәдени мұрасы жөнінде кең ақпарттан тұрады. Мұнда 1 млн. файл, 2000 фотосурет және сурет, 360 кітап, 50 бейнематериал орналастырылған.
Археологиялық, тарихи және мәдени бірегей ескерткіштер, археологиялық қазбалар туралы мәліметтер іздеуге ыңғайлы формат – елді мекендер мен ескерткіштердің географиялық координаттарына сәйкес Қазақстанның мәдени мұрасының виртуалды картасында орналастырылған.
Міндет: азаматтардың мәдениет
мекемелерінің материалдары мен
нысандарына қолжетімділігін
Нысаналы индикаторлар:
Халықтың мәдениет саласындағы қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі 2017 жылы 61%, 2020 жылы 65% құрайды;
Халықтың «Мәдени мұра» жобалары жөнінде ақпараттану деңгейі 2017 жылы 82%, 2020 жылы - 85% құрайды.
«Қазақстан кітапханасы»
электрондық мемлекеттік
Қол жеткізу жолдары
Азаматтардың мәдени мекемелердің
материалдары мен нысандарына
«Ата мұра» веб-порталын сүйемелдеу және техникалық қолдау:
ұлттық электрондық
мәдениет және өнер саласындағы түрлі ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті, электрондық қызметтерді ұсыну мүмкіндігін қамтамасыз ететін бірыңғай интернет-порталды құру мәселесін пысықтау;
мәдени ескерткіштер, мәдени мұра нысандары туралы 3D-суреттер жиыны бар кітапхана құруды пысықтау;
Қазақстан республикасының мемлекеттік мұражай қорының электрондық тізбесін және мәдени ескерткіштер мен нысандар бойынша деректер қорын құру мәселесін пысықтау;
құжаттарды ақпараттық іздеу функционалы бар Қазақстан Республикасынң мемлекеттік мұрағат құжаттарын автоматтандырылған тіркеудің бірыңғай жүйесін құру мәселесін пысықтау;
мемлекеттік кітапханаларды Интернет желісіне қосуды қамтамасыз етуді мониторингілеу;
«Ұлттық электрондық құжаттар
орталығы» республикалық
Бірыңғай электрондық мұрағат жүйесін құру мәселесін пысықтау.
4.2 Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңғырту
Жаһандық ақпараттық дәуірдегі
қоғамдық қатынастар
Ағымдағы жағдайға қысқаша талдау
Отандық бұқаралық ақпарат құралдары ашық ақпараттық кеңістікте қызмет етіп, шетелдік БАҚ-тармен арада аудиторияның назарын аудару үшін күресуге мәжбүр. Қазақстан шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдерін әкімшілік тұрғыда шектеулерге бағытталған шараларды қолданудан саналы түрде бас тартты. Осы бәсекелестік күресте табысқа жету мақсатында Қазақстан өз медиа нарығының жоспарлы даму жолын таңдады.
Мемлекет тарапынан отандық бұқаралық ақпарат құралдарының техникалық қорын жаңарту жөнінде жұмыстар жүргізілуде. 2010 жылдың желтоқсанында DVB-S2 сандық стандарттағы MPEG-4 компрессия форматындағы ұлттық серіктік желісі іске қосылды. Бүгінгі таңда оған 180 мыңнан астам абонент қосылды.
Астана қаласында мемлекеттік хабар таратушы компаниялардың басты технологиялық алаңына айналған заманауи телерадиокешен іске қосылды.
Міндет: отандық бұқаралық ақпарат құралдары жұмысының сапасын арттыру
Нысаналы индикаторлар:
2017 жылға республиканың аумағын сандық телерадиотаратумен 100%-ға қамтамасыз ету;
ұлттық жерсеріктік желінің абоненттер санын 2017 жыл – 700 мың абонент, 2020 жыл – 1 миллион абонентке жеткізу;
2017 жылға бүкіл ел аумағында қолжетімді отандық телеарналар – 45-ке жеткізу.
қазақстандық телевизиялық арналардың тарату географиясын 2017 жылға – 100 шет елге, 2020 жылға - 110 шет елге дейін кеңейту.
баспа және электрондық БАҚ-тың Интернеттегі нұсқасының ұсынылуын 2017 жылға 70% -ға, 2020 жылға – 95%- ға жеткізу.
мобильдік қосымшалар арқылы қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдары 2017 жылға – 50% -ға, 2020 жылға 80%- ға жеткізу;
негізгі ақпараттық мұқтаждықтарын отандық БАҚ арқылы қанағаттандыратын тұрғындардың бөлігі (әлеуметтік сауалнама қорытындылары бойынша) 2017 жылға - 64% -ға, 2020 жылға – 70%- ға жеткізу;
мемлекеттік БАҚ-тармен тартылатын жарнама нарығының көлемін 2017 жылға - 35% -ға, 2020 жылға – 50%- ға арттыру (2012 жылға қатысты).
Қол жеткізу жолдары
Отандық бұқаралық ақпарат құралдарын жаңартудың техникалық қоры келесі бағыттар арқылы іске асырылады:
телерадио хабарларды тарату желісінің ұлттық эфирін жаңғырту шеңберінде эфирлі сандық телевизияны енгізу;
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені төңірегіндегі өндірістік инфрақұрылымды дамыту;
отандық телеарналармен өнімді өндірудің қазіргі заманға сай технологияларын қолданудың фрагменттігін төмендету;
телевизия бағдарламаларының лентасыз өндірісін пайдалану бөлігінде мемлекеттік телеарналардың әлеуетін дамыту;
«Қазмедиа орталығы» телерадиокешені
негізінде мемлекеттік
елдің медиа инфрақұрылымын дамыту;
Қазақстан аумағында отандық бұқаралық ақпарат құралдарын тарату географиясын кеңейту үшін:
ұлттық жерсеріктік
шалғай аудандарда республикалық арналардың көрсетілімін қамтамасыз ету үшін электрондық БАҚ-тың жерсеріктік операторлармен өзара іс-қимылын кеңейту;
мемлекеттік телеарналар мен баспа БАҚ-тың Интернет желісіне енуін қамтамасыз ету, Интернет нұсқаларын танымал ету бойынша ақпараттық науқан жүргізу,
халық арасында неғұрлым кең
таралған ақпарат құралдарында жұмыс
істеуге бейімделген
дәстүрлі мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарының Интернет жүйесіне шығуына жағдай жасау. Оларға мобильдік қосымшалар жасауға қолдау көрсету.
Қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін отандық контенттің өндірісін ынталандыру арқылы көтеру межеленуде, сондай-ақ:
мемлекеттік телеарналардың
біреуін эксклюзивті
өндірістік процесті НD форматына аудару арқылы мемлекеттік телеарналар мен олардың өңірлік филиалдары бейнематериалдарының сапасын арттыру,
мультимедиалық өнімдерді ең соңғы форматтарда (анимациялық 3D-фильмдер, голографиялық кескін, инновациялық мультимедиалық-шешімдер) өңдейтін орталық ашу мәселесін пысықтау,
баспасөз БАҚ-ты басу, беттеу және таратудың жаңа технологияларын талдау және Қазақстан жағдайына бейімдеу, отандық газет-журналдарды жеделдік, мультимедиалық, аудиториямен байланыс секілді бәсекеге қабілеттіліктің қазіргі заманғы өлшемдерінің жетістіктеріне жеткізу,
Қазақстан үшін саяси, экономикалық
және ақпараттық жағынан маңызды
болып табылатын елдер мен
өңірлерде республикалық
мамандандырылған интернет-
мемлекеттік БАҚ сайттарының тартымдылығы мен қол жетімділігін, ноутбуктар мен смартфондардың, планшеттік компьютерлер мен телевизорлардың (Интернетке шығуы), автокөліктердегі мультимедиалық құрылғылардың экрандарында тартымды жабдықталуының тұжырымдамасын қайта қарау.
Дайын медиа-өнімдерді ілгерлету мәселесіне ерекше назар аударылатын болады:
бірегей және қызықты контентпен алдын ала құлақтандыру жетекші баспасөз және электронды бұқаралық ақпарат құралдары үшін міндетті практика болмақ,
жаңа материалдар туралы хабарландырулар әлеуметтік желілер, тақырыптық қызығушылықтары бойынша электронды пошталар, мобильдік телефондар арқылы жедел жаңалықтар мен маңызды жарияланымдар туралы хабарландырулар жолдау сияқты әдістер қолданатын болады.
қазақстандық БАҚ-тың маңызды графикалық, фото- және бейнематериалдары Интернет жүйесінде белсенді түрде алға жылжымақ,
мемлекеттік БАҚ тоғыспалы технологияларды қолданатын болады.
Ақпарат кеңістігін басқару халықтың барлық санаттарын есепке алатын БАҚ аудиториясының объективті өлшемдері нәтижелеріне негізделмек. Көрермендер қажеттілігін талдау нәтижелері бойынша телеарналардың эфирінен рейтингі төмен бағдарламаларды алып тастау жұмыстары жалғасын табуда. Көрермендер аудиториясын барынша көтеруге жетекші шетелдік аналогтар мысалы бойынша қайта бағдарламалау қызмет етеді.
Мемлекет мемлекеттік БАҚ-ты басқарудың жаңа тетіктерін белсенді түрде қолдана бермек. Сондай-ақ, мемлекеттік БАҚ-қа стратегиялық жоспарлау талаптарының деңгейін арттыру мақсатында жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік телеарналар және газеттердің басшыларымен келісімдер нақты нәтижелерге негізделетін болады. Атап айтсақ, олар: көрермендер аудиториясы мен жарнама нарығын ұлғайту, таралымды көбейту, сайттардың оқырмандарын арттыру және т.с.с.
Туындаған қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес, барлық мүдделі жақтар тартыла отырып, БАҚ саласы бойынша заңнамалар жетілдірілетін болады.
Бағдарламаның қолданылу барысында баспасөз БАҚ өз маңыздылығын сақтап қалмақ, сондықтан мемлекет тарапынан оларға қолдау көрсету жұмыстары жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бағытталған газеттер мен журналдарды, сондай-ақ олардың тиісті Интернет ресурстарын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Ақпараттың ұдайы өсу ағынында жаһандық желіде контентті дербестендіру бірінші кезектегі мәнге ие болады. Интернет жүйесінде орналастырылатын материалдар жаңа медиа форматқа бейімделмек. Жарияланымдарға маңыздылықты арттыру БАҚ нұсқаларын мобильдік байланыс құралдарына қолжетімді етеді. Тұтастай алғанда, барлық негізгі бұқаралық ақпарат құралдары Интернетке көшіріліп, Интернет масс-медиа үшін бірегей тұғырнамаға айналатын болады.
Отандық БАҚ-ты жаңғыртудың кадрлық негіздерін тұрақты түрде қамтамасыз ету үшін жаңа мамандарды оқыту бойынша келесі жұмыстар жүргізіледі:
жергілікті еңбек нарығындағы
жағдайға мониторинг, талдау және болжау
жүргізу жоғары оқу орындары мен
еліміздегі жетекші бұқаралық
жоғары оқу орындарының медиа саладағы мамандарды оқыту бойынша бағдарламалары қазіргі заманның талаптарына сай жаңартылады. Оларды көкейкесті етуіне бұқаралық ақпарат құралдары саласының жетекші мамандары тартылады,
еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының негізінде инженер-техникалық кадрлер, медиалық интернет-техологиялар және баспасөз ісі саласының мамандарынан басқа, тарбейінді мамандарды даярлау ұйымдастырылады,
масс-медианың кәсіби мамандарын даярлауды жүзеге асыратын ұлттық университеттердің оқытушылары шет елдерде біліктілігін арттырудан өтеді, тәжірибе алмасу олардың ұдайы практикасына айналады,
«Болашақ» халықаралық білім беру стипендиясын тағайындауға арналған басым бағыттағы мамандықтар тізбесіне заманауи медиа-технологиялармен жұмыс істей білетін кәсіби мамандар тапшылығын қысқартуға мүмкіндік беретін мамандықтар қосылатын болады,
журналистерді даярлайтын еліміздің
негізгі жоғарғы оқу
Ерекше назар мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің біліктілігін арттыруға аударылатын болады:
ақпараттық саланы басқару саласының мамандары, мемлекеттік телеарналар, газеттер, ақпараттық агенттіктер қызметкерлері үшін ұдайы негізде шет елдерде оқу және біліктілік арттырудан өту ұйымдастырылатын болады,
Астана және Алматы қалаларында масс-медиа мамандарының біліктілігін арттыру жөніндегі орталықтарды ашу мәселелері қарастырылады,
Астана қаласындағы
БАҚ саласындағы тәжірибе алмасу және әріптестік орнату үшін алаң ретінде халықаралық іс-шаралар, оның ішінде Қазақстанның медиа-қауымдастығы өкілдерінің халықаралық көрмелер, форумдар, конференциялар мен сыйлықтарына белсенді қатысу басымдыққа ие болуы тиіс.
Қазіргі заманғы ақпараттық әлемде аудиторияның сенімі баспа және электронды БАҚ, Интернет-ресурстың неғұрлым қажеттілік сапасы болып табылады. Сондықтан, журналистік қақоғамдастықтың өзін өзі реттеу мәселесі жөніндегі масс-медиа саласындағы кәсіби мамандардың ұсыныстары қолданатын болады. Мұндай жалпы мойындалған құндылықтарды қорғау тетігі бір уақытта мемлекеттің қоғамдастық пен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы қатынасқа араласу қажеттілігін төмендете отырып, отандық БАҚ-ты күшейтуге мүмкіндік береді.
Халықаралық деңгейдегі мемлекет имиджін нығайту және Қазақстан туралы ғаламдық ақпаратты алға жылжыту үшін қазақстандық телеарналардың шетелдік аудиторияны қамтуы көмектесе алады:
Қазақстанның таяу көршілері тұрғындарына қазақстандық мәдени-білім беру арналарына қолжетімділік қамтамасыз етіледі,