Delphi 7 ортасының программалау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Ноября 2011 в 20:39, реферат

Описание

50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы - бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элеметтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық командалардан тұратын да, прогаммалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған).

Содержание

Мазмұны Кіріспе.......................................................................................... 3
Теориялық бөлім
Delphi ортасымен танысу........................................................... 5 Обьектілер бақылаушысының терезесі.................................... 8 Бағдарлама кодының терезесі................................................... 9
Визуалды бағдарламалаудың негіздері.................................... 10
Форма қасиеттерін өзгерту........................................................ 11
Delphi ортасының компоненттері............................................. 15
Delphi 7 ортасының программалау негіздері........................... 17 Функция....................................................................................... 18
Процедура.................................................................................... 19 Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы....................... 20 Модульдер................................................................................... 23
Тәжірибелік бөлім...................................................................... 28
Қорытынды................................................................................. 34
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................... 35

Работа состоит из  1 файл

Курсовой.docx

— 58.47 Кб (Скачать документ)

                    

                                     Мазмұны Кіріспе.......................................................................................... 3

Теориялық бөлім

Delphi ортасымен  танысу........................................................... 5 Обьектілер бақылаушысының терезесі.................................... 8 Бағдарлама кодының терезесі................................................... 9

Визуалды бағдарламалаудың негіздері.................................... 10

Форма қасиеттерін  өзгерту........................................................ 11

Delphi ортасының  компоненттері............................................. 15

Delphi 7 ортасының  программалау негіздері........................... 17 Функция....................................................................................... 18

Процедура.................................................................................... 19          Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы....................... 20 Модульдер................................................................................... 23

Тәжірибелік бөлім...................................................................... 28

Қорытынды................................................................................. 34

Пайдаланылған әдебиеттер....................................................... 35 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                    Кіріспе

   50-жылдардың басында жарыққа шыға бастаған негізгі өңдеу құралы  -  бірінші буын ЭЕМ-дерінің ішкі құрылымы элеметтері жеке бөлшектерден дайындалған электрондық-логикалық схемаларға негізделген болатын. Бұл бөлшектің негізгілері вакумдық электрондық шамдар еді. Мұндай компьютерлердің көлемі үлкен, сенімділігі жоғары емес, тездік жылдамдықтары бір секундта 5-6 мың қарапайым операция шамасынан аспайтын (екі санды қосу, көбейту не символдарды салыстыру сияқты бір әрекет қарапайым операция деп аталады. Оның үстіне, мұндай машиналар үшін құрылатын программалар машиналық командалардан тұратын да, прогаммалау жұмысы көп еңбекті қажет еткен. Ал, ЭЕМ-нің өзі тек есептеу жұмыстарын жүргізу үшін пайдаланған).

   Транзисторды шығарғанға байланысты, 50-жылдардың соңғы кездері техникалық  негіздері түгелдей алмастырылған,  негізгі элементтері жартылай  өткізгішті транзисторлардан тұратын  екінші буын  ЭЕМ-дері жарыққа  шықты. Мұндай элементтер машинаның  әрекет тездігін және сенімділігін  елеулі түрде арттыруға мүмкіндік  береді. Екінші буын машиналарының  сырт аумағы, массасы, энергия  пайдалану шамасы көп төмендегендіктен, олардың өзіндік құны да бірінші  буын машиналарына қарағанда  көп төмендетілді. Оның үстіне, бұл  ЭЕМ-дерде жоғары деңгейлі (Алгол, Фортан, Бейсик, т.б.) прграммалау тілдерінде операторлардан тұратын программалармен жұмыс істеу мүмкіндігі туды.

  Информация  өзінің хабары мен мазмұны  арқылы сипатталатындығы және  хабар жіберушіден қабылдаушыға  материалды энергетикалық (электр, жарық, дыбыс және т.с.с. сигналдар) түрінде берілітіндігі белгілі. Хабарды қабылдау қабылдаушының жағдайын сипаттайтын қандай-да бір шаманың уақытқа байланысты өзгерісімен тікелей байланысты. Демек, информациялық хабарды информациялық процесс жүретін физикалық ортаның материалдық – энергетикалық параметрлерін уақытқа байланысты өзгертетін X(t) функциясымен бейнелеуге болады. Осы функция үздіксіз де (мысалы, уақытқа байланысты өзгеретін дененің жылдамдығы, ауаның температурасы және электр тоғының күші сияқтылар), үздікті де (мысалы, увқытқа байланысты белгілі бір қатынас тіліндегі таңбалар тізбектері немесе дыбыстар тіркстері арқылы құрылатын сөздер мен сөйлемдер) болуы мүмкін. Үздіксіз функциялар арқылы бейнеленетін  хабар – аналогты  сигнал, ал үздікті функциялар арқылы  берілетін хабар – дискретті сигнал деп аталады. 

Адамның сезім мүшелерінің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан информацияны дискретті  түрде қабылдайды.

   Ең алғаш ДЭЕМ тек сандық  информацияларды өңдеу, яғни ғылыми-техникалық, соның ішінде көбінесе математикалық  есептерді шешу үшін қолданылған.  Сондықтан оның атындағы  «дискреттік» деген сөздің орнына цифрлық деген анықтауышты пайдаланып, цифрлық есептегіш машина (ЦЕМ) деп аталып кетті.

  Қазіргі  кезде ЦЕМ арқылы информациялардың  кез келген (сандық, символдық, логикалық)  типін өңдеуге, яғни әртүрлі  (ғылыми-техникалық, экономикалық мәтіндерді  түрлендіру, бір тілден екінші  тілге аудару, басқару, жасанды  зерде және т.б.) есептерді шешуге  болады. Оның себебі, бұларда информацияларды  өңдеу және сақтау үшін екі  тұрақты жағдайлары бар физикалық  құрылғылар қолданылады. Бұл жағдайда  “ 0 ” және “ 1 ” цифрларымен белгілейді. Сондықтан өңдеуге қажет информациялар және оларға қатысты алгоритмдер “ 0 ” және “ 1 ” –ден тұратын тізбектер арқылы берілуі керек. Ал қандайда болмасын алгоритмдік тілде жазылған алгоритмді және кез келген  таңбалардың тізбектері арқылы берілген өңдеуге қажет информацияларды мазмұндарын өзгертпей “ 0 ” мен “ 1 ” –ден тұратын тізбектер арқылы кескіндеуге болады (бір ғана мазмұны әр түрлі беріледі). Яғни, ЦЕМ әмбебап есептегіш (өңдегіш) құрал болады. Біздің қарастыратынымыз  тек ЦЕМ.

  Ең  алғаш 1946 жылы АҚШ ғалымы Джон  Фон Нейман әмбебап ЦЕМ жасаудың  негізгі принциптерін жариялады.  Осы принциптерді толық жүзеге  асырып жасалынған ең бірінші  ЦЕМ  “EDCAS” деген атпен 1949 жылы Англияда Кембридж университетінде жасалынды. Бір жылдан кейін 1950 жылы “EDVAC” атты әмбебап ЦЕМ АҚШ-та шықты. Бұл елдерде оларды ағылшын тілінде «компьютер» деп атады. Сондықтан осы терминді    «автомобиль» деген термин сияқты қазақ тіліне өзгертпей ендіріп қолдануымыз керек. Бұрынғы Кеңес одағында ең бірінші «МЭСМ» деген компьютердің жасалуы 1947 жылы басталып 1951 жылы аяқталды. 1952-1953 жылдары келесі « БЭСМ – 1» компьютері жасалынды.

  Алгоритмнің  “ 0 ” мен “ 1 ” – ден тұратын тізбектер арқылы кескіңделуін порграмма деп атайды. Ал ондағы нұсқаулар мен амалдарды бұйрықтар дейді. ЦЕМ орындай алатын барлық бұйрықтар жиынын   машиналық тіл деп атайды. Қазіргі машиналық тілдің әліпбилері тек “ 0 ” мен “ 1 ” – ден ғана құрылады.

                                     Delphi ортасымен танысу

  Delphi тіліндегі қолданбалы программалар немесе қосымшалар IDE   (Integrated Development Environment) - дамып отыратын құрылымдық ортада орындалады. IDE ортасы программаушының компьютермен қарым-катынасын ұйымдастырып, әр түрлі басқару элементтерінен құралған бірнеше терезелерден тұрады. Осы ортаның құралдарын пайдалана отырып, қосымшаның интерфейстік бөлігін жобалауға, программаның кодын жазуға және оны басқару құрылымымен танысуға болады. Delphi шығу үшін негізгі терезені жабу керек. 
 

                                                Негізгі терезе

  Негізгі  терезе программаның жобасын  құрудағы жұмыстарды басқарады  және Delphi ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғары бөлігінде орналасады.

  Негізгі  терезеде Delphi-дің негізгі меню жүйесі, пиктограммалық-командалық батырмалар мен компонеттер жинағы ( палитрасы ) орналасқан.

  Тақташадағы  батырмалар құрамын өзгерту үшін  алдымен тақташаның оң жақ  батырмасымен  шертіп, шыққан терезедегі  тақташалар тізімін және олардың  статусын өзгертуге болады.  
 

                                  
 
 
 
 
 
 

                               Пиктограммалық батырмалар

  Пиктограммалық  батырмалар арқылы негізгі меню  жүйесінің маңызды опцияларына  (мүмкіндіктеріне) тез арада қол  жеткізуге болады. Атқаратын жұмыстарына  байланысты пиктограммалық батырмалар 6 топқа бөлінген.  
 

                                      Компонеттер жинағы 

  Компонеттер  жинағы – Delphi-дің негізгі ерекшелігі. Ол негізгі терезенің оң жағында орналасып, қажетті компонетті тез табуға арналған белгішелерден тұрады. 

  Компонент  деп белгілі-бір қасиеттері бар  және форма терезесінде кез  келген обьектіні орналастыру   мүмкіндігі туғызатын функционалды  элементті атайды. Delphi ортасының компонеттері 19 топқа бөлінген, ол топтарды парақтар деп атайды. Компонеттер көмегімен программаның негізгі қаңқасы құрылады (терезелер, батырмалар, таңдау тізімдері және т.с.с).

  Батырмалар  тақташасы сияқты компонеттер  палитрасын икемдеуге  болады. Ол үшін компонеттер палитрасына  кіретін кез келген пиктограммада  тышқан тетігінің оң батырмасын  таңдау арқылы, арнайы редакторды  іске қосу керек. 

                  
 
 
 
 
 

                      

                     

                      

                          Форма құрастырушысының терезесі 

  Форма  құрастырушысының немесе форманың  терезесі – болашақ программаның  Windows ортасындағы жобасы. Алдымен бұл терезе бос болады, дәл айтсақ Windows стандартты интерфейстік элементтерінен, яғни жүйелік менюді шақыру, терезені үлкейту/кішірейту, жабу батырмаларынан, тақырып қатарынан және қоршалған шегінен тұрады. Бұл терезенің жұмыс аумағы координаттық тордың нүктелерімен  реттеліп тұрады.

  Программалау  Lego констукторының бөлшектерімен атқарылатын жұмыс сияқты компонеттер жинағынан қажетті компоненті таңдап, форманың терезесіне орналастырудан басталады. Сөйтіп, форма терезесінде қажетті компонеттер бірінен соң бірі орналастырылады.

  Бұл  ерекшелік – визуалды (көзбен  көз) программалаудың негізі болып  табылады. Программалаушы әр мезгілде  құрылатын программаның терезесін  бақылап отырып, қажетті өзгерістерді  кез келген мезетте енгізу  мүмкіндігіне ие болады.

                          
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                            Обьектілер бақылаушысының терезесі

  Обьектілер  бақылаушысының терезесі екі  парақтан құрылады. Properties – қасиеттері және Events – оқиғалары. Properties парағы арқылы компонеттің қасиеттері – параметрлер анықталады, ал Events парағы арқылы компонетті әртүрлі көшіруді анықтайды.

  Обьектілер бақылаушысының екі бағанадан құралған кесте сол жақ бағанада параметрдің немесе оқиғаның атауы, ал оң жақта – параметрдің мәні немесе оқиғаны өңдейтін ішкі бағдарламаның атауы орналасады.

  Кестенің  кез келген жолын тышқанды  шерту арқылы таңдауға болады. Бұл жолдағы параметр қарапайым  немесе күрделі болуы мүмкін. Қарапайымдарға бір мәнімен анықталатын  – сан, символдар жолы, True немесе False мәндерін қабылдай алатын және т.с.с компонеттің қасиеттері жатады. Мысалы, Caption (тақырыбы) қасиеті бір символдар жолымен, Enabled (қол жетерлі) - True немесе False мәндерімен, ал Heigh (биіктігі)  және Width ( ені ) нақты бір сандық шамалармен анықталады.

  Компонеттің  күрделі қасиеттер құрамына бірнеше  мәндер тізімі кіреді. Олардың  сол жағында “ +” белгісі тұрады.

  Обьектілер  бақылаушы терезенің жоғарғы  жағында форманың атауы және  формадағы орналасқан барлық  компонеттер және оларға қолданылған  оқиғалар тізімі орналасып тұрады. Обьектілер бақылаушысының терезесін  тышқанның оң батырмасымен шерткенде  жергілікті меню шығады. Меню  құрамындағы бірнеше опциялары  терезені икемдеуге мүмкіндік  туғызады, мысалы Stay on Top  опциясы екпінді болса, онда обьектілер бақылаушысының терезесі әрқашанда басқа терезелердің үстінен орналасып тұрады. 

                                    
 
 
 

                                   

                                Бағдарлама кодының терезесі

  Бағдарлама (немесе модуль) кодының терезесі  бағдарламаның мәтінін құруға  және оны түзетуге арналған. Бұл  мәтін арнайы ережелер бойынша  құрылып, алгоритм жұмысын анықтайды.  Delphi жүйесінде Pascal тілінің ұлғайтылған және дамыған нұсқасы Object Pascal бағдарламалау тілі қолданылады. Delphi ортасы іске қосылғанда бағдарлама кодының терезесі Windows ортасының бос терезесінің бастапқы кодынан (яғни, минималды қажетті кодынан ) тұрады.

                       unit Until,

                       interface         интерфейстік бөлігі

                       uses              //стандартты модульдер 

  Windows, Messages, SysUtils, Classes, Gparhisc, Controls, Forms, Dialogs,

                      type

                    TFormal = class ( TForm )

                     Private

                    { Private declarations}

                     public

                  { Public declarations }

                     end;

                   var

                   Forml: TForml;

                   Implementation     // орындалатын бөлігі

                   { $R*. DFM }

Информация о работе Delphi 7 ортасының программалау негіздері