Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 14:54, курсовая работа

Описание

Ең алғаш 1946 жылы АҚШ ғалымы Джон Фон Нейман әмбебап ЦЕМ жасаудың негізгі принциптерін жариялады. Осы принциптерді толық жүзеге асырып жасалынған ең бірінші ЦЕМ “EDCAS” деген атпен 1949 жылы Англияда Кембридж университетінде жасалынды. Бір жылдан кейін 1950 жылы “EDVAC” атты әмбебап ЦЕМ АҚШ-та шықты. Бұл елдерде оларды ағылшын тілінде «компьютер» деп атады. Сондықтан осы терминді «автомобиль» деген термин сияқты қазақ тіліне өзгертпей ендіріп қолдануымыз керек.

Содержание

Мазмұны Кіріспе.......................................................................................... 3
Теориялық бөлім
Delphi ортасымен танысу........................................................... 5 Обьектілер бақылаушысының терезесі.................................... 8 Бағдарлама кодының терезесі................................................... 9
Визуалды бағдарламалаудың негіздері.................................... 10
Форма қасиеттерін өзгерту........................................................ 11
Delphi ортасының компоненттері............................................. 15
Delphi 7 ортасының программалау негіздері........................... 17 Функция....................................................................................... 18
Процедура.................................................................................... 19 Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы....................... 20 Модульдер................................................................................... 23
Тәжірибелік бөлім...................................................................... 28
Қорытынды................................................................................. 34
Пайдаланылған әдебиеттер....................................................... 35

Работа состоит из  1 файл

Курсовой.docx

— 58.47 Кб (Скачать документ)

 Ішкі  программалардың параметрлері болады. Олар формальды және нақты  параметрлер деп бөлінеді. Функцияны  сипаттау бөлігінде көрсетілген  параметр формальды деп аталады.  Процедураны шақыру инструкциясында  көрсетілген параметрлер нақты  параметрлер деп аталады. Параметрлер  ішкі программаға мәліметтер  жіберу үшін және ішкі программа  нәтижелерінен алу үшін қолданылады.

                                             
 
 
 

                                                      

                                                 Функция

   Функция – бұл ішкі программа, аты бар инструкциялардың тізбегі. Функцияны шақыру жалпы түрде былай жазылады айнымалы:=функция(параметрлер);

  1. Айнымалы – функция есептеген мәнді меншіктеуге арналған айнымалының аты,
  2. Функция – функция аты
  3. Параметрлер – формальды параметрлер тізбегі, функция мәнін есептеу үшін қолданылады.

             

              Төмендегі ескертулерге көңіл  бөлу керек:

    1. Функция мәні меншіктелетін айнымалының типі, функция типімен сәйкес болуы қажет.
    2. Әрбір функция үшін параметрлер саны және типі анықталған  болады. 

               Жалпы түрде функцияны сипаттау төмендегідей болады.

  Function аты (1-параметр: 1-тип,...,к-параметр:к-тип):Tun var

  жергілікті айнымалыларды сипаттау;begin

функция инструкциясы:

аты:-өрнек;

End;

  Function – Delphi ортасының қызметші сөзі, бұл сөзден кейін функция инструкциясы жазылады.

 Параметр – функция мәнін есептеу үшін қолданылатын айнымалы.

 Аты – функция аты, программадан функция инструкциясына ауысу үшін қолданылады.

 Тип – функция мәнінің типі.

        

          

                                               Процедура

  1. Ішкі программа негізгі прораммаға ешқандай мәліметтерді қайтармаған жағдайда процедура түрінде болады.
  2. Ішкі программа оны шақырған программаға бірден артық мән қайтарғанда процедура түрінде болады.
 

     

        Жалпы түрде  процедураны сипаттау:

      Procedure аты (var 1-параметр: 1-тип; .

    .., var к-параметр: к-тип); var жергілікті айнымалыны сипаттау;

    Begin

       Процедура инструкциясы  жазылады;

    End;

    к-параметр – формальды параметр, ол процедура ішінде қолданылады. Процедураны шақыру.

    Аты (параметр тізімі);

    Аты-шақырылатын  процедура аты.

    Параметр  тізімі-үтірмен ажыратылатын нақты параметрлер.

    Енді  процедуралар мен функцияларға мысалдар келтірейік. 

  Delphi 7 ортасында ішкі программаларды пайдалану жолдары көрсетіледі. Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктерді және ұғымдарды беруде оларды есептермен бекітіп отырған қолайлы болады. Мысалдарды күрделі емес, ықшам етіп және 1-мысалды екі тәсілмен (процедура мен функция) көрсету оқушыларды тез түсінулеріне ықпал етеді деп ойлаймыз. Енді оқушыларға 2-мысалды функциямен, ал 3-ші мысалды процедурамен шығаруды талап етуге болады. Содан кейін оқушыларға жеке орындауға арналған тапсырмалар ұсынылды. Оқушыларға теориялық мағлұматтарды нәтижелі меңгерту үшін осындай практикалық жаттығу есептерін олардың орындалу іс-әрекетін ретпен көрсету арқылы ұсыну қолайлы деп есептейміз. 
 
 

                   

                   DELPHI тіліндегі бағдарламаның құрылымы.

  Delphi тіліндегі бағдарламаның құрамына .drp кеңейтілуі бар жобаның файлы және .pas кеңейтілуі бар бір немесе бірнеше модульдер файлдарды кіреді.

  

                                         Жобаның құрылымы.

  Жобаның  файлы Object Pascal тілінде жазылған және компилятормен өңделетін бағдарлама. Бұл бағдарламаны Delphi автоматты түрде құрастырады және ол бірнеше жолдардан тұрады.

  Delphi ортасын іске қосыңыз, ProjectView Source опцияларын орындау арқылы келесі терезені шығарыңыз:

  Бағдарлама  Program сөзімен басталып, End сөзінен кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Object Pascal тілінде коптеген арнайы сөздер әртүрлі нұсқау ретінде қолданылады, компилятор оларды солдан оңға  және жоғарыдан төмен қарай оқиды. Жүйелі жақшаға алынған таңбалар түсініктеме ретінде қолданылады. Сонымен қатар, түсініктемені көрсету үшін "(**)"  немесе "//" белгілерін қолдануға болады.

   Бірақ {$R*. RES} жолы – (жақшадан кейін бірден "$" белгісі тұрған) түсініктеме емес, ол компиляторға берілген нұсқау болып табылады. Мсыалы, жоғарыда келтірілген {$R *.RES} жолы - бағдарламаны ресурстар файлын қоса есептегенде компиляциялау керек екендігі туралы баяндайды.

  Program сөзі және кейін анықталған бағдарламаның атауы – бағдарламаның тақырыбы деп саналады.

  Uses (пайдалану) сөзімен басталған сөйлем бағдарламаны осы сөзбен анықталған басқа файлдарда орналасқан модульдерді қоса есептегенде компиляциялау керектігін хабарлайды. Жоғарыдағы мысалда жобаның файлымен бірген стандартты Forms және бағдарламалаушы өзі құрастырған 'Umitl.pas' файлындағы Unitl модульдерін біріктіре отырып, компиляциялау керектігі туралы берілген нұсқау.

 Нұсқаудан  соң бағдарламаның денесі орналасады, ол Begin  сөзімен басталып, End және одан кейін қойылған нүктемен (терминатормен) аяқталады. Қарастырылып отырған бағдарламаның денесі үш орындалатын операторлардан құралған.

   begin

  Application Initialize,

  Application CreateForm (TFmExample, fmExample),

  Application Run,

  end.

    Әр оператор Application (Қосымша) обьектінің белгілі бір әдісін шақыру жұмысын атқарады.

   Object Pascal-да обьект деп арнайы даярланған берілгендер мен оларды өңдеуде қолданылатын ішкі бағдарламалардың жиынтығынан тұратын және біртұтас болып саналатын бағдарламаның үзіндісін атайды. Обьектінің берілгендерін өрістер деп атайды және олар кез келген түрде анықталуы мүмкін. Обьектінің ішкі бағдарламаларын әдістері деп атайды.

  Обьектілік  типтердің негізгі ерекшелігі  болып, ол обьектінің өрістерімен бірге қолданылатын әртүрлі іс-әрекеттердің жиынын ішкі бағдарламалар (процедура және функциялар) арқылы анықтауға болатындығы табылады. Берілгендердің осындай қасиетін инкапсуляция дейді. Инкапсуляция – берілгендерді өңдеудің алгоритмдерін бір бүтін құрылымға біріктіру деген тұжырым.

  Обьектілік  типтердің негізгі қасиеттері  – функционалды толықтығы және  өрістер мен әдістерінің бір-бірінен  ажыратылмауы оларды бағдарламаның  бөлек бір тәуелсіз бөлігі  ретінде қолдануға мүмкіндік  туғызады. Мұндай обьктілерді бір  бағдарламадан екіншіге оңай  алмастыруға болады. Бұл принципті  обьектіге  бағытталған бағдарламалау  тәсілдерді деп атайды.

  Қарастырылған  мысалдағы Application обьектінің құрамында Windows бағдарламасының жұмысын ұйымдастыратын көптеген берілгендер мен ішкі бағдарламалар кіреді. Жалпы Delphi ортасы кез келген жаңа жобаның Application – обьектілік бағдарламасын автоматты түрде құрастырады.

  Intialize әдісі арқылы бағдарлама Windows-тің басқаруымен әртүрлі көмекші жұмыстарды орындайды. Application Initialize әдісі шақырылғанда компилятордың құрастырған коды процессорды Delphi ортасының даяр тұрған бір үзіндісін орындатуға мұқтаж етеді. Осы үзінді орындалғаннан кейін (немесе ішкі бағдарламадан шыққаннан кейін) келесі жолдағы  CreatForm әдісі орындалады және т.с.с.

  CreatForm әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі негізгі терезені құрастырып, оны экранда көрсетеді. Ал Run әдісі берілгендер мен оларды өңдеу туралы Windows-тан келген хабарларды қабылдайды. Close батырмасы басылғанда, бағдарламаға Windows-тан жұмысты тоқтату және жүйелі ресурстарды (жадыны және процессорды) босату туралы нұсқау беріледі.

  Жобаның  коды, жоғарыда айтылғандай, Delphi ортасымен құрастырылады және көртеген жағдайларда бұл кодқа киілігуге тыйым салынған. Егер бағдарламалаушы осы кодқа әртүрлі өзгерістер енгізіп киліксе, онда Delphi ортасы осы өзгерістерді алып тастауға тырысады. Сондықтан жобаның файлында ерекше кеңейтілу қолданылады және әдетте  бұл код көрінбей тұрады.  
 
 
 
 
 
 
 

                                                 
 
 
 
 
 
 
 

                                                     Модульдер

  Модульдер  – бағдарламаның үзіндісін орналастыру  үшін қолданылатын бағдарламалық  бірлік. Модуль деп бағдарламаның белгілі бір тәуелсіз бөлігін атайды және олар стандартты және бейстандартты болып екі топқа бөлінеді. Модульдің коды бағдарламаның бет алысын анықтайды.

  Модуль басқа модульдерде және бағдарламаларда пайдалану мүмкіндігін туғызатын бөлек компиляцияланатын әр түрлі типтердің анықтамалық бөлігінен және орындалатын операторлар жиынтығынан тұратын бағдарлама. Модульдер қолданбалы бағдарламалардың жиынын құрастыруға мүмкіндік береді және олар жадтың бөлек сегметінде орналасады. Жалпы модульдер бөлек орындала алмайтын бағдарлама. Модульдерді қолдану арқылы күрделі бағдарламаларды құруға болады.

             Кез келген модульдің құрамына  келесі бөліктер кіреді: Тақырыбы; Интерфейстік бөлігі; Орындалатын бөлігі; Терминатор.

  Модуль  тақырыбы Unit арнайы сөзінен басталды, сонан соң модуль атауы және нүктелі үтір тұрады. Интерфейстік бөлігі Interface, ал орындалатын бөлігі Implementation – түйінді сөзімен басталады. Модульдің терминаторы бағдарламаның терминаторы сияқты – End. түйінді сөзімен аяқталады.

         Unit <модульдің аты, мысалы Unit1>;

         // интерфейстік бөлігі

         Interface

         Uses <модульдер тізімі>;

         Const <тұрақтылар тізімі>;

         Type <типтер анықтамасы>;

         Var <айнымалыларды жариялау>;

         <процедуралар тақырыбы>;

         <функциялар тақырыбы>;

         // орындалатын бөлігі Implementation Uses <модульдер тізімі >;Const <тұрақтылар тізімі>: Type <типтер анықтамасы>: Var <айнымалыларды жариялау>;

           <процедуралардың анықтамасы>;

           <функциялардың анықтамасы>; // инициялизациялау  бөлігі

             Initialization <операторлар>;

           // модульдің жұмысын тоқтатқандығы Finalization // орындалатын әрекеттер жиыны

            <операторлар>; End.

  Интерфейс бөлігінде аталмыш модульде қолданылатын, аты Uses тізімінде көрсетілген барлық модульдер мен бағдарламаларға қол жетерлік мүмкіндігін туғызатын идентифика-торлардың анықтамасы орналасады. Сонымен қатар, бұл бөлікте ортақ тұрақтылар, типтер, пйнымалылар және ішкі бағдарламалардың тек қана тақырыптары жарияланады.

  Модульдің  атауы – оны басқа модульдермен  және негізгі бағдарламамен байланыстыру  үшін қолданылады. Модульдің интерфейстік  обьектілеріне қол жеткізу үшін  бағдарламада қажетті TPU (Turbo Pascal Unit – машина тіліне аударылған ) файлдың атын көрсету керек. Бұл байланыс келесі сөйлем арқылы жүзеге асырылады:

           USES <модульдер тізімі>;

Информация о работе Delphi тіліндегі бағдарламалардың құрылымы