Дербес портал құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:48, курсовая работа

Описание

MICROSOFT OFFICE құрамына процессоры (құжаттар жасау үшін), электронды кесте (сандарды өңдеу үшін), тұсаукесерлерді жүргізу бағдарламасы (слайдтар мен диаграммалар жасау үшін), дербес ақпараттық менеджер (адамдардың аттары, олардың пошта мекен-жайлары мен телефон номерлері туралы хабарларды сақтау үшін), деректер базаларын басқару бағдарламалары (хат-хабар жіберу мен жүргізілген зерттеулер туралы хабарларды сақтау үшін), стол үстіндегі баспаға арналған бағдарлама (беттерді жасау мен хаттау үшін), Web-беттер мен графикалық редактор жасауға арналған бағдарлама (сандық фотосуреттер сияқты бейнелерді өңдеуге арналған) жатады.

Содержание

І. Кіріспе 2 бет
1.1. Front Page мүмкіндіктері 3 бет
1.2. Редакторды іске қосу 3-4 бет
1.3. Беттерді жасау және сақтау 5 бет
1.4. Бет бойынша жылжу 5 бет
1.5. Мәтінді ойып алу, көшірмелеу және кірістіру 6 бет
1.6. Мәтінді жою 6 бет
1.7. MICROSOFT OFFICE файлдарынан материал пайдалану 6-7 бет
1.8. Графикалық обьектілерді сайтқа кірістіру 7-8 бет
1.9. Гиперсілтемелерді жасау және пайдалану 8-11 бет
1.10. Ортақ аймақтар және навигация 11-12 бет

ІІ. Негізгі бөлім
2. Front Page редакторын пайдалану 13-15 бет
2.1. Web – бетті жасау 16-17 бет
2.2. Front Page – дің қосымша мүмкіндіктері 17-18 бет
2.3. Мәліметтерді енгізіу және кестедегі навигация 18-19 бет
2.4. Зертханалық жұмыс №1 20-23 бет
2.5. Зертханалық жұмыс №2 24-28 бет
2.6. Зертханалық жұмыс №3 29-32 бет

ІІІ. Қорытынды 33 бет

ІV. Пайдаланған әдебиеттер 34 бет

Работа состоит из  1 файл

kurs работа.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

 

Жоспары:

 

І. Кіріспе                                                                                            2 бет

1.1. Front Page мүмкіндіктері                                                         3 бет

1.2. Редакторды іске қосу                                                                 3-4 бет

1.3. Беттерді жасау  және сақтау                                                       5 бет

1.4. Бет бойынша жылжу                                                                  5 бет

1.5. Мәтінді ойып алу, көшірмелеу және кірістіру                       6 бет

1.6. Мәтінді жою                                                              6 бет

1.7. MICROSOFT OFFICE файлдарынан материал пайдалану   6-7 бет

1.8. Графикалық обьектілерді  сайтқа кірістіру                       7-8 бет     

1.9. Гиперсілтемелерді жасау және пайдалану                       8-11 бет

1.10. Ортақ аймақтар және навигация                                      11-12 бет

 

ІІ. Негізгі бөлім                                                                                                                     

2. Front Page редакторын пайдалану                                        13-15 бет                                                

2.1. Web – бетті жасау                                                                16-17 бет

2.2. Front Page – дің қосымша мүмкіндіктері                          17-18 бет                

2.3. Мәліметтерді енгізіу және кестедегі навигация               18-19 бет

2.4. Зертханалық жұмыс №1                                                      20-23 бет

2.5. Зертханалық жұмыс №2                                                      24-28 бет

  2.6. Зертханалық жұмыс №3                                                      29-32 бет

 

ІІІ. Қорытынды                                                                           33 бет

 

ІV. Пайдаланған  әдебиеттер                                                      34 бет

 

 

 

 

                

               Кіріспе

 

 

Қазіргі заманғы кеңседе  күн сайынғы жұмыс көптеген міндеттерді шешуді талап етеді. MS Office қолданбалы бағдарламалары дестесі оларды жүзеге асырудың бірқатар құралдарын ұсынады.

MICROSOFT OFFICE құрамына процессоры (құжаттар жасау үшін), электронды кесте (сандарды өңдеу үшін), тұсаукесерлерді жүргізу бағдарламасы (слайдтар мен диаграммалар жасау үшін), дербес ақпараттық менеджер (адамдардың аттары, олардың пошта мекен-жайлары мен телефон номерлері туралы хабарларды сақтау үшін), деректер базаларын басқару бағдарламалары (хат-хабар жіберу мен жүргізілген зерттеулер туралы хабарларды сақтау үшін), стол үстіндегі баспаға арналған бағдарлама (беттерді жасау мен хаттау үшін), Web-беттер мен графикалық редактор жасауға арналған бағдарлама (сандық фотосуреттер сияқты бейнелерді өңдеуге арналған) жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FrontPage мүмкіндіктері

 

Маңызды HTML редакторы деп Microsoft FrontPage-ні атауға болады. Бұл интернетке арналған арнайы редактор және, бір жақсысы, ол Word-қа ұқсайды, сондықтан оны ұғыну сендерге қиынға соқпайды.

Microsoft FrontPage 2000 версиясының (бұдан әрі FrontPage 2000 немесе жай ғана FrontPage редакторы) редакциялау мүмкіндіктері мол.

FrontPage редакторы HTML-ді  бүге-шігесіне дейін білуді талап етпей-ақ, кәсіби сапалы беттер жасауға мүмкіндік береді.Егер бетті редакциялау барысында сөзді курсивпен ерекшелеу немесе тақырып түсін өзгерту қажет болса, Word-тағыдай мәтіннің қажетті фрагментін белгілеп, тиісті батырманы басыңдар-іс бітті. FrontPage HTML-дің тиісті кодын өзі генерациялайды.

Қаласаңдар, тікелей Редакторда HTML кодын жазып, сол мезетте, браузерді іске қоспай-ақ, өз жұмыстарыңның нәтижелерін көрулеріңе болады.

Редактордың тамаша мүмкіндіктерінің бірі-оның беттерді WYSIWYG режимінде көрсете алатын қабілетінде (what you see is what you get-не көрсеңіз, соны аласыз).Бұл дегеніміз – олардың браузердегі көрінісі Редактордағыдай болады деген сөз.Күні кеше ғана HTML кодтарында ұсақ-түйекке дейін қолмен сипаттап отыруға мәжбүр болып, нәтиже ойдағыдай болатынына үміттеніп қана қоятын едік.Енді жерде, беттің Редакторда дұрыс көрінуіне ғана қол жеткізу жетіп жатыр.FrontPage редакторында жұмыс істеу Microsoft Word мәтіндік процессорымен жұмыс істеуге өте ұқсайды.Мұнда да жартылай қара қаріп,курсив және астын сызу, маркерленген және нөмерленген тізімдер, операцияны қайталау және орындатпау сияқты стандартты батырмалар қолданылады.Редактор терезесінде мәтін енгізу дәл Word-тағыдай іске асырылады; орфографияны да дәл Word-тағыдай тексеруге болады. Редакторда кестелер және фреймдер (frames) құру өте ыңғайлы.Фреймдер жөнінде кейінірек әңгімелейміз.

Word-тағыдай FrontPage Редакторы бір мезгілде бірнеше файл ашуға мүмкіндік береді, ал Редактор беттермен іс жүргізетін болғандықтан, ол бір мезгілде бірнеше бет ашуға мүмкіндік береді деп батыл айтуға болады.Бұл мүмкіндік бір беттен басқасына жылдам өту қажет болғанда өте пайдалы.Сонымен қатар Редактор бетті Интернеттен көшірмелеуге (бүкіл HTML кодымен қоса) және редакциялап шығуға мүмкіндік береді. Басқа сайттарыңнан ақпаратты жылдам алу қажет болғанда да бұл ыңғайлы болады.

Бетте кезекті элементті  орналастырып жатқанда қарапайым принципті ұстануға тырысыңдар: кәдімгі мәтіндік процессорда жұмыс істеп жатырмын деп санаңдар, мысалы, Microsoft Word-та.Редактордағы көптеген бет элементтерімен манипуляциялау әдістері өздеріңе Word-пен жұмыс істеу бойынша таныс әдістерге толығымен ұқсас.Көптеген меню және инструменттер панельдері де Word-тағы сондай элементтерді қайталайды.

 

Редакторды  іске қосу

Редакторды іске қосу үшін мынадай әрекеттер тізбегін орындаңдар:

     Пуск         Программы           Microsoft   FrontPage


 

Іске қосқанда Редактор екі менюі бар терезені ашады.Терезенің жоғарғы бөлігінде көрінісі Office қолданбасының барлық терезелеріндегідей стандартты менюлер және инструменттер панельдері орналасқан.Сол жақтағы меню арнайы  FrontPage  үшін жасалған, бұл –жұмыс түрлері немесе режімдері менюі.Барлық инструменттер панельдері көрінетін кезде Редактордың көрінісі 4.1-суреттегідей болады.

4.1-сурет. FrontPage Редакторы терезесінің жалпы көрінісі

 

Standard (Стандартная), Format (Форматирование), Image (Рисование), Forms (Формы), Advanced (Дополнительно), Table (Таблица) инструменттер панельдері View (Вид) менюі арқылы басқаруға және Word-тағыдай бұл панельдерді View (Вид) командасымен алып тастауға немесе қосуға болады.

Views сол жақ инструменттер панельдерін қарастырайық:

1. Page – бетті редакциялау экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан үш қосымша беті бар құрамдас беттер редакторын шақыртады.

• Normal (Обычный вид) – Бетті визуальды (Word-тағыдай жасау).

• HTML (Код HTML)- HTML режімінде редакциялау

• Preview (Предварительный просмотр)-Нәтижені браузердегідей қарау.

Бұл қосымша беттер редакцияланып  жатқан бетті әртүрлі көзқарастар  тұрғысынан көруге мүмкіндік береді.Іске қосқанда кәдімгі режім орнатылған (Normal қосымша беті).

2. Folders – қапшықтар және файлдармен торап ішінде жұмыс істеу режімі, бұл файлдарды тасымалдауға мүмкіндік береді.

3. Reports – есеп берулер, торап жөніндегі ақпарат.

4. Navigation – навигация, ол тораптың құрылымын қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді.

5. Hyperlinks – активті беттің гиперсілтемелерін қарау және түзету.

6. Tasks – тапсырмаларды бейнелейді, торапқа қатысты жұмысты жоспарлауға және жасалғанды белгілеп отыруға көмектеседі.

 

 

 

Беттерді  жасау және сақтау

FrontPage Редакторы жеке беттерді ғана емес, Web- торапты тұтас жасауға мүмкіндік береді.Редакторды іске қосқанда беттің мәтінін бірден тере беруге болатын терезе ашылады. Page және Normal режімдері үнсіздік бойынша орнатылған.Оң жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап тұрған меңзер орналасқан.

Мысал үшін, Біздің мектеп сөздерін теріңдер (4.2- сурет).

 

4.2 – сурет.Редактордағы  жаңа бет

 

Мәтін ағымдағы жолдың сол  жақ шетінен басталатынына назар  аударыңдар, бірақ сендер оны басқаша да орналастыра аласыздар (шегініс жасап, оң жақ шеті немесе орталық бойынша туралау арқылы): мәтіннің қарпін және кеглін өзгертуге, оны тақырып етуге немесе оның қасиеттерін сан қилы әдістермен өзгертуге болады.

Енгізгендеріңнің бәрі браузерде  де дәл солай көрінеді.Жаңа абзац бастау үшін Word-тағыдай <Enter> пернесін басыңдар.

Редакторда жаңа бет жасау үшін File New командасын орындаңдар.New диологтық терезесінде Normal Page-ні (Обычная страница) таңдап, ОК батырмасын басыңдар.Экрандарыңда оң жақ жоғарғы бұрышында жыпықтап тұрған меңзері бар бос бет (4.2 сурет) пайда болады.

Беттер File менюінің Save немесе Save As... командасымен немесе инструменттер панеліндегі Save батырмасын маустың шертуімен сақталады.

Бетті File менюінің Open командасымен немесе инструменттер панеліндегі Open батырмасын маустың шертуімен ашуға болады.

 

Бет бойынша жылжу

Бет бойынша жылжу  үшін дәл Word-та қолданылатын әдістер қолданылады: жебе пернелер, <PageUP> және <PageDown> пернелері (бір экранға жоғары немесе төмен), <Ctrl>+<Home> пернелер комбинациясы (беттің ең жоғарысына), сондай-ақ айналдыру жолақтары әдеттегідей терезені көлденең және тік бағыттарда жылжытады.

 

 

Мәтінді ойып алу, көшірмелеу және кірістіру

Мәтінді бір бет ішіне  кірістіру немесе көшірмелеу үшін маусты («тасымалдау және босату» әдісі) немесе алмасу буферінің Вырезать, Копировать, Вставить командаларын пайдалануға болады.Сонда-ақ Редакторда ойып алу, көшірмелеу және кірістіру үшін пернелердің стандартты комбинацияларын: <Ctrl>+<X> (Вырезать), <Ctrl>+<C> (Копировать), <Ctrl>+<B> (Вставить) пайдалануға болады немесе оң жақ батырманы контекстік (динамикалық) менюдің қажетті элементі бойынша шерту арқылы тиісті команданы таңдау керек: Cut (Вырезать), немесе Copy (Копировать), немесе Paste (Вставить).

Ақпаратты Редакторда ашылған басқа беттерге немесе басқа қолданбалардың құжаттарына көшірмелегенде немесе ойып алғанда, алмасу буфері Office-нің қолданбаларына сәйкес пайдаланылады.Мұндайда мәтіннің пішімделуі жарым-жартылай жойылған болуы мүмкін-бұл материалдарыңды алып барған қолданбаға байланысты.Мысалы, егер әртүрлі кегльмен терілген мәтіндеріңді Блокнотқа (Notepad) жайғастырсаңдар, онда Блокнотқа бүкіл мәтін бірдей үнсіздік бойынша орнатылған кегльде болады.

 

Мәтінді жою

Мәтінді немесе басқа  элементтерді жою бірнеше әдіспен  жасалады: жойылуға тиісті фрагментті ерекшелеп, <Del> пернесін басыңдар немесе Edit Delete командасын орындаңдар.

Жойылған материалды қайтару үшін, Edit Undo Clear командасын орындаңдар немесе инструменттер панеліндегі Undo батырмасын басыңдар.

Меңзер алдындағы символдарды немесе бүтін сөздерді жою үшін <Ctrl+Backspace>, одан кейін <Ctrl+Del> пернелері комбинациясын басыңдар.

 

Microsoft Office файлдарынан материал пайдалану

FrontPage-нің ең үлкен құндылығы – оның Microsoft Office файлдарынан материал кірістіре және өңдей алатын қабілетінде. FrontPage мен Microsoft Office-нің мұндай достастығы қыруар уақытты үнемдейді.Мысалы, егер FrontPage сайтының бетіне орналастырғыларың келген ақпарат Wort немесе Exsel файлдарында болса, онда оны  Frontpage Редакторында жаңадан енгізу қажет болмайды.

4.3 –суретте Word-тан Frontpage Редакторына матераилды алып бару жолы көрсетілген. Егер өз үй беттеріңе арналған мәтінді Word-та теріп, енді Редакторға ауыстырғыларың келсе, ол үшін келесі әрекеттерді орындау жеткілікті:

1. Word-тағы қажетті мәтінді  ерекшелеу;

2. оны буферге көшірмелеу;

3. одан соң Редакторға қосылып, мәтінді буферден қажетті орынға кірістіру, FrontPage оны автоматты түрде HTML пішіміне түрлендіреді.

 

 

     4.3.- сурет. Ақпаратты Word-тан FrontPage Редакторына тасымалдау

 

                 

                   Графикалық обьектілерді сайтқа кірістіру

 

    GIF және JPEG пішіндері

    Интернетте суреттер үшін негізінде 2 пішім қолданылады.Бұл * GIF және* .JPG файлдары.Олардың бәрі де кескінді сығымдайды (архивтейді десе де болады). Бірақ әр пішім белгілі мақсатқа ыңғайландырылған, қажеттісін қалай таңдаймыз?Пішім таңдау-ең маңызды шаруа, өйткені файлдың өлшемі және оның сапасы (Файл өлшемі және кескін сапасы арасында таңдау жасау қажет болатын жағдайлар жиі кездеседі) пішімге байланысты.Нашар ойластырылған сайттардағы кейбір суреттер өте ұзақ, кейде бірнеше минут жүктеледі.Әрине, суреттің өлшемі кіші болған сайын, файлдың өлшемі де кіші болады, жүктелуі де жылдамдау.Бірақ кейде өте ірі суретті өте ұсақ файлға кірістіруге болады.Файлдар пішімдерін қарастырайық:

 GIF пішімі (кеңейтуі gif):

•  256 түске дейін кескінді сақтай алады.Бірақ файл өлшемін кішірейту үшін түстер санын азайтуға болады.

•  Қанық және түс алуандығын аз әрі онша толтырылмаған кескіндерді (мысалы, сызбалар, суреттер) жақсы сығымдайды.

• Мультипликацияны, яғни көрсетілген уақыт аралықтарында берілетін бірнеше суретті сақтай алады.Мұндай көп кадрлы GIF-терді редакциялау үшін Adobe Image Ready бағдарламасын пайдалануға болады.

Информация о работе Дербес портал құру