Дербес портал құру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 17:48, курсовая работа

Описание

MICROSOFT OFFICE құрамына процессоры (құжаттар жасау үшін), электронды кесте (сандарды өңдеу үшін), тұсаукесерлерді жүргізу бағдарламасы (слайдтар мен диаграммалар жасау үшін), дербес ақпараттық менеджер (адамдардың аттары, олардың пошта мекен-жайлары мен телефон номерлері туралы хабарларды сақтау үшін), деректер базаларын басқару бағдарламалары (хат-хабар жіберу мен жүргізілген зерттеулер туралы хабарларды сақтау үшін), стол үстіндегі баспаға арналған бағдарлама (беттерді жасау мен хаттау үшін), Web-беттер мен графикалық редактор жасауға арналған бағдарлама (сандық фотосуреттер сияқты бейнелерді өңдеуге арналған) жатады.

Содержание

І. Кіріспе 2 бет
1.1. Front Page мүмкіндіктері 3 бет
1.2. Редакторды іске қосу 3-4 бет
1.3. Беттерді жасау және сақтау 5 бет
1.4. Бет бойынша жылжу 5 бет
1.5. Мәтінді ойып алу, көшірмелеу және кірістіру 6 бет
1.6. Мәтінді жою 6 бет
1.7. MICROSOFT OFFICE файлдарынан материал пайдалану 6-7 бет
1.8. Графикалық обьектілерді сайтқа кірістіру 7-8 бет
1.9. Гиперсілтемелерді жасау және пайдалану 8-11 бет
1.10. Ортақ аймақтар және навигация 11-12 бет

ІІ. Негізгі бөлім
2. Front Page редакторын пайдалану 13-15 бет
2.1. Web – бетті жасау 16-17 бет
2.2. Front Page – дің қосымша мүмкіндіктері 17-18 бет
2.3. Мәліметтерді енгізіу және кестедегі навигация 18-19 бет
2.4. Зертханалық жұмыс №1 20-23 бет
2.5. Зертханалық жұмыс №2 24-28 бет
2.6. Зертханалық жұмыс №3 29-32 бет

ІІІ. Қорытынды 33 бет

ІV. Пайдаланған әдебиеттер 34 бет

Работа состоит из  1 файл

kurs работа.doc

— 1.51 Мб (Скачать документ)

2. Мой класс беті үшін оқушылар аттары бойынша үшінші дәрежелі беттер жасаңдар.

2. Әр бетті ашыңдар,  оларды ақпаратпен толтырыңдар.

3. Егер қайсыбір беттің  орнын өзгерткілерің келсе, қажетті  таңбашаны мауспен «ұстап алып»,  жаңа орынға жылжыту жеткілікті.

Сендер редакцияланған беттердің Folder List бағыныңғы терезесіндегі файл таңбашасында қаламшамен белгіленетініне назар аударыңдар.Қай бетпен жұмыс істегендерің, ал қай беттердің әлі бос екені осыдан анық көрініп тұрады.

 

FRONT PAGE-дің қосымша мүмкіндіктері.

Кестелермен жұмыс істеу. Кестелер.

 

Кесте – сайт құрағанда қолданылатын ең қуатты инструменттердің бірі.Кестелер басында құрылымдандырылған деректерді көрсету үшін қолданылды.Бірақ біртіндеп олар Web-беттерді құрастырудың қуатты әмбебап құралына айналды.

Кестелер бетті онда элементтер орналасатын жеке аймақтарға бөлуге мүмкіндік береді.Html кестелері ұяшықтарының төңірегіндегі жақтаулар көрінуі де, көрінбеуі де мүмкін.Егер кесте бетті құрастыру үшін қолданылатын болса, әрине, көрінбейтін шекараны қолданған жөн, бірақ кейбір кездерде, егер әр түрлі құюлар қолданылса, қызық нәтижелер алынады.

 

 

Әдетте дизайнның тұрақты элементтері (логотип, меню...) жеке ұяшықтарда (кейбір кезде кестелерге де) орналасады.Web-бетті алғашқы рет қарағанда, олар бүркемеленеді, осындай дизайны бар басқа бетке өткенде негізгі мазмұнға бөлінген аймақ қана өзгеретіндей әсер туғызып, мазмұн пайдаланушының экранына секундтың санаулы үлесінде шығарылады.

Кесте жолдар мен ұяшықтар бағандарынан тұрады, оларда мәтін  суреттер кірістірілген кестелер болуы  мүмкін.

Ұяшық (Cell) – кілтті элемент, олардың жиынынан кесте тұрады.Ұяшық әрқашан тікбұрыш пішінінде болады, онда мәтін немесе суреттер болуы мүмкін.Кестенің әр ұяшығы шекаралар орнатады, онда қойылған деректер оларға қатысты тураланады.Егер материалды орналастыру үшін кесте ұяшығының көлемі жеткіліксіз болса, оның көлемін Front Page автоматты түрде үлкейтеді.Ұяшықтарды бөліктерге бөлуге болады, олар да ұяшық деп аталады.Бірнеше көршілес ұяшықтарды біріктіруге де болады.

Кестенің жолы (Row) бір көлденең деңгейде орналасқан ұяшықтар жиынынан тұрады.Өз кезегінде, кестенің бағаны (Column) – бір тік деңгейдегі ұяшықтар жиыны. 

 

               баған                                         ұяшықтар                                                                                        


Жол


Аты-жөні

Туған жылы

Мекен – жайы

1

Садыков Марат

07.04.1992

Абай даңғ.2-үй, 103-пәтер

2

Айманова Жанат

11.09.1992

Төле би 12-үй, 86-пәтер

3

Барлыбаев Есет

26.01.1992

Әуезов 30-үй, 33-пәтер




 
Front Page жеке ұяшықтар үшін де, жолдар, бағандар, ерекшеленген ұяшықтар тобы үшін де, немесе тұтас кесте үшін де, әр түрлі атрибуттар белгілеуге мүмкіндік береді.Мұндай атрибуттарға төмендегілер жатады:

• ұяшық шекарасы жиегінің түсі;

• жиек стилі

• ұяшықтың құюының түсі.

Бағандардың тақырыптары  дербес обьект емес, бұл тек кесте  дизайнының элементі, оны безендіру стилі кәдімгі ұяшықтардың стилінен өзгеше болады.Кестенің жоғарғы жолының ұяшығына біріктірілген мәтін оның тақырыбы бола алады.

Жұмысты жеңілдету үшін Front Page әр кестеге маркерлердің әмбебап жиынын қосады.Олардың әрқайсысын іс жүзінде қолдануды біз кейінірек қарастырамыз.

Бағанды ерекшелеу маркері

Жолды ерекшелеу маркері

Жолдың биіктігін өзгерту  маркері

Бағанның енін өзгерту  маркері


 


Аты-жөні

Туған жылы

Мекен – жайы

1

Садыков Марат

07.04.1992

Абай даңғ.2-үй, 103-пәтер

2

Айманова Жанат

11.09.1992

Төле би 12-үй, 86-пәтер

3

Барлыбаев Есет

26.01.1992

Әуезов 30-үй, 33-пәтер




 

 

Мәліметтерді  енгізу және кестедегі навигация

Сонымен, біз қажетті құрылымдағы кестені жасадық.Енді оларды мәліметтермен (деректермен) толтырып көрейік.Кестелердің ең тамаша ерекшеліктерінің бірі –енгізілген мәтін ұяшықтың ішінде тура біз бүкіл құжаттың шегінде пішімдеп дағдыланғандай пішімделеді.Ұяшыққа енгізілген мәтін, егер оның ұзындығы бағанның енінен артық болса, автоматты түрде жаңа жолға ауысады. {Enter} пернесін басқанда, әдеттегідей жаңа абзац қойылады.Мәтін немесе сан кестеге пернетақтадан енгізіледі.Кестеге мәліметтерді енгізу алдында мәтіндік меңзерді кестенің қажет ұяшығының ішіне орналастыру керек.Мұны онда тышқанмен шертіп орындауға болады.

Дегенмен, ұяшықтардың арасында жылжу үшін пернелер комбинациясын пайдалану қолайлы болады.

 

Пернелер  үйлесімі

Әрекет

{Tab} кестенің соңғы жолдың аяғынан басқа кез келген жерінде

Көршілес ұяшыққа өтіп, онда барды ерекшелеу

{Tab} соңғы жолдың соңында

Кестенің төменгі жағына жаңа жол қосу

{Shift +Tab}

Алдыңғы ұяшыққа өтіп, онда барды ерекшелеу

{Enter}

Жаңа абзац бастау

{Enter} құжаттың бірінші ұяшығының басында

Кестенің алдындағы  басына мәтін қосу


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зертханалық жұмыс №1 «FrontPage-де бастапқы жұмыс»

 

 FrontPage-Интернетке орналасатын Web-парақтарын құруға арналған бағдарлама

1.1. FrontPage бағдарламасының терезелері

Microsoft FrontPage бағдарламасын жіберіңіз («Іске қосу», «Программалар», «Интернет құралдары» командалары арқылы) немесе  FPXPRESS файлын табыңыз.Экранда бейнеленген терезе шығады. (1-сурет).Ол 4 стандарттық жолдардан тұрады-тақырып жолы, мәзір (меню) жолы, құралдар жолы, панель құралдарының үлгілері және жұмыс аймағы.Жұмыс аймағы – бұл Web – парақтары мәтіндерін кіргізетін парақ.

Тақырып жолы тақырыптан және терезені реттейтін үш батырмасынан тұрады.

1-сурет. Microsoft FrontPage бағдарламасының терезесі

 

1.2. Web-парақтарын құру

Жылтылдаған вертикальдық сызық – мәтінді құю нүктесі  –сіз терген мәтіннің орнын белгілейді.Мәтінді теру ережесі:

1) Мәтінді теру үшін, жазу машинкасын қалай қолдансаңыз,  компьютер пернетақтасын солай  қолданыңыз.Бас әріптерін Shift пернесімен бір уақытта басыңыз.

2) Сөздердің арасындағы  бос орын Пробел (ең ұзын перне)  пернесін басу арқылы жүргізіледі.Бірнеше бос орын жеткіліксіз.

3) Мәтіннің жаңа жолға өтуі мәтінді теру процесінде автоматты түрде ауысады.

4) Егер қате жіберсеңіз, онда қою нүктесін қате символдың  алдына қойып, Delete пернесін басыңыз, сонда қою нүктесінің оң жағындағы символдарды жояды.Қою нүктесінің сол жағындағы символдарды Backspace (<=) жояды.

5) Жаңа абзац Enter пернесін басқанда құрылады.

6) Бос жол Enter пернесін екі рет басқанда құрылады.

7) Екі абзацты біріктіру  үшін, қою нүктесін бірінші абзацтың  соңына қойыңыз және Delete пернесін басыңыз.

8) Соңғы жасалған істерді  болдырмау үшін, Ctrl+Z пернесін басыңыз.

           9) Қою нүктесін керекті жерге тышқанды басу арқылы немесе курсорды жылжыту пернелерімен – бұл бағыт белгілері салынған пернелер де орналастырыңыздар.

Мәтінді теріңіз:

«Интернет»-әлемдік компьютерлік желі.Дүниеге келуі қорғаныс ұйымының жобасымен байланысты (1969 ж. APRA). Интернеттің дамуының келесі этаптары ғылыми фонд желінің құрылуы (NSF). Одан кейін APRANET желі, NSFNET желі (Бекон)-байланыс сызығы көмегімен өзара байланысқан 30 орталықтан тұратын базалық бөлік.

 Web түйіндері – гипермәтіндерге, пошталық, ftp-файлдарды сақтағыш, nttp- жаналықтар конференциясы, провайдер компьютерінде орналасқан әріптерді сандармен алмастырады.

Парақ қасиетін белгілейміз.Әрбір парақта «Файл» менюіндегі «Парақ қасиеттері» командамен орындалатын өз жинақ параметрлері бар.Диалогтық терезеде 4 қосымшадан тұрады.

а) «Жалпы» қосымшасы:

Бума – Web-парақтарының толық url (адрес)көрсетіледі.Оны өзгеріссіз қалдырамыз.

Тақырыбы – ол Web жүйесін іздеу үшін қажет.Тақырып-парақ мазмұнын нақты және қысқаша cипаттау керек.Мысалы, «1 зертханалық жұмысына мысалдар» енгіземіз.

Базалық орын (толтыру  міндетті емес)- абсолюттік url, яғни файлдың нақты орны.

Фондық дыбыс (толтыру  міндетті емес) – қатысушылардың көңілін аулау үшін, сіздер (*.wav, *.midi) дыбыстық файлдарын қолдана аласыз. «Үздіксіз» таңдау, бұл Web –парақтары ашық кезде файл ойнап тұруын білдіреді.

«Жалпы» қосымшасында тілді көрсету: кодировка типі-криллица.

ә) «Фон» қосымшасы  парақтың қызмет фоны ретінде қолданылатын графикалық файл немесе түсті сұрауға мүмкіндік береді. «Фондық бейне»-ні (Фоновое изображение) шертіңдер (2-сурет).

Содан кейін ағымдағы бумадағы файлды таңдау үшін «Обзор»-ды шертіңіз.сіздің парағыңыздың түс ролін орындайтын JPG кеңейтілген файлды таңдаңыз.

б) «Өріс» жапсырмасына өрістерді  орнату, пиксель экранының жоғарғы  және сол жақ бөлігінің бос кеңістік енін білдіреді (толтыру міндетті емес).

                          2-сурет. Фондық бейненің көрінісі                                    

в) «Арнайы» жапсырмасына символдарды теруде пайдаланылған және құжаттың түрі туралы хабарлама арналған орнатылымдар.Ауыспалы қолданушылар Web-парақтарын қандай бағдарламада құрылғанын хабарлайды (толтыру міндетті емес).

Мәтінді теріп және парақ қасиеттерін орнатқаннан кейін, Primer бумасына PAGE. HTML файлын сақтаймыз:

а) «Файл» менюінен «....деп  сақтау» командасын ашамыз.

ә) Ашылған терезеден «Как файл» батырмасын басамыз.

б) «Менің құжаттарым»-дағы бумалардың ашылатын тізімінен «Жаңа бума ашу» белгісін шертіңіз.

Бұл буманың атын «Primer»  деп енгізіңіз.

 

4-сурет. «Создание  новой папки» белгісінің көрінісі

 

5-сурет. «Primer» бумасының көрінісі

 

в) «Файлдың аты» жолында оның аты болады (ағылшын тілінде болғаны дұрыс, мысалы PAGE).Файлдың типі HTM немесе HTML болуы керек. «Ашу»- ты шертіп сіз құжатыңызды сақтайсыз.

1.3. Тез  пішімдеу

а) «NSFNET BACKBON» мәтінін ерекшелеңіз.

ә) А белгісін шертіп, әріптің мөлшерін өзгертіңіз.Әріпті өзгерту үшін «Қаріп» белгісіндегі қара бағытты шертіңіз.

б) Сызылғандарды өзгерту  үшін «Қаралау» Ж, «Курсив» К, «Сызылған»Ч  белгілері бойынша шертіңіз.

в) «Узлы» мәтінін кішірейту  үшін, оны ерекшелейміз.Құралдар жолындағы  А белгісін басыңыз.

г) Іздеу және ауыстыру. «Түзету» менюінен «Ауыстыру» командасын ашамыз. «Образец» енгізу жолында ізделініп отырған мәтінді теріңіз. (Интернет).

ғ) «Заменить на:» жолына ауыстыру мәтінін енгізіңіз.(Internet). Ауыстыру мен іздеуді жүргізу үшін «Барлығын ауыстыру» батырмасын шертіңіз.

 

6-сурет. «Правка»  менюдегі «Заменить» командасы

 

1.4. Құжатты  ашу

а) «Файл» менюі ішінен «Ашу» командасын ашамыз.

ә) html үлгісіндегі құжатқа  жол көрсететін пайда болған жолдағы «Обзор»-ды басыңыз.

1.5. Құжатты  көру

«Іске қосу» батырмасын басыңыз және «Программалар» бас меню ішіндегі «Сілтеуіш» пунктін таңдаңыз.Жаңа сіз құрған «Primer» бумасындағы PAGE. HTML файлын табыңыз да, оны тышқанмен екі рет түртіңіз.

7-сурет. PAGE. HTML файлы бар терезедегі Explorer браузері жүктелеу

Информация о работе Дербес портал құру