Информатика пәні бойынша әзірлемелер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 18:03, реферат

Описание

«Paint графикалық редакторы» тарауын оқып біткеннен кейін қаталау сабағын ойын түрде өткіздім. Бұндай сабақтар оқушылардың тарау бойынша алан білімдерін тексерумен қатар, олардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады.

Работа состоит из  1 файл

разработки по инф1.doc

— 77.50 Кб (Скачать документ)

Ойын  сабақ

 

     «Paint графикалық редакторы» тарауын оқып біткеннен кейін қаталау сабағын ойын түрде өткіздім. Бұндай сабақтар оқушылардың тарау бойынша алан білімдерін тексерумен қатар, олардың сабаққа деген белсенділігін, қызығушылығын арттырады. 

      Сабақты «Кім жүйрік» сайысынан бастаймыз. Сынып алдын ала екі топқа бөлінеді.

  1. «Кім жүйрік» сайысы. Бұл сайыста әр топтан бір-бір адамнан шығып «Робот» бейнесін салу және жазылған атауларға сәйкес заттың бейнесін сұрақ белгінің орнына салу тапсырылады.
  2. «Қызықты информатика елінде» сайысы. Берілген (бейне) фигуралардан құрастырып салуға болатын бейнені анықтап, оны Paint терезесінде салу. Кестеде көрсетілгендей жазбалар бойынша сурет салып, оларға сипаттама беру.
  3. «Қыл қалам сыры» - сайысы. Берілген тақырып бойынша сурет салу тапсырылады. Мысалы: Үшінші мыңжылдықтың жаңа жылдағы жасыл шырша бейнесін Paint графикалық редакторы мүмкіндіктерін пайдаланып салу.
  4. «Ғажайып алаң» сайысы. Тарау бойынша әр топқа сұрақтар қойылады. Мысалы:
    1. Өшіргіш не үшін қажет?
    2. Түзу сызықтарды бейнелеу үшін қандай саймандар тақтасы пайдаланады?
    3. Машинаны бейнелеу үшін саймандар тақтасының қандай құралдарын пайдаланады?
    4. Paint графикалық редакторын не үшін пайдаланасың?
    5. Paint графикалық редакторын қалай іске қосылады?
    6. Paint графикалық редакторының жұмысын аяқтау реті.
 
  1. Сабақты қорытындылап оқушылардың білімін  бағалағаннан кейін үйге тапсырма ретінде  төменгі тақырыптар бойынша суреттер салып, оларды Paint графикалық редакторының қандай құралдарын пайдаланып салу тиімді екенін анықтау тапсырылады.
 
    1. «Жаңа жылға дайындық» көрінісі.
    2. Жұмыс үстелінде қоюға жарайтын түске боялған компьютер құрылымының көрінісі.
 
 
 
 
 

      «Көңілді, тапқыр балалар» сайысы 

Сайысқа әр сыныптан бір командадан барлығы 4 команда қатыстырылады, әр команда  құрамы 6 оқушыдан тұрады. Ол командалар төмендегідей:

      1-команда  –  «Интернет»

      2- команда –  «Вирус»

     3-команда-    «Принтер»

     4-команда  –  «Сканер» 

Сайыстың  мақсаты:

      Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау, ой-өрісін мен танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.

      сайыста дәстүрлі тапсырмалардан өзге, «Әнді тап», «Түсін мені», «Сәттілік кезең» сияқты теледидар ойындары да қамтылады.

Сайыс мынандай 5 бөлімнен тұрады: 

І – бөлім - әр топ өздерін таныстырып, газеттерін қорғайды.

ІІ- бөлім – «Әнді табу» ойыны (категорияны таңдау арқылы теориялық сұрақтарға жауап беру). 

      Тақырыптар:

1 – тақырып –  МS DOS оперативтік жүйесі

2- тақырып – NORTON COMMANDER  оперативтік жүйесі

3-тақырып – WINDOWS оперативтік жүйесі

4- тақырып – WORD текстік редакторы

5-тақырып  – EXCEL электрондық кестесі 

ІІІ- бөлім«Сәттілік кезең» (1 минутта сұрақтарға жауап беру)

ІҮ  – бөлім«Түсін мені» (терминологиялық сөздің мағынасын түсіндіру)

Ү – бөлімСөзжұмбақтар шешу 

      Әр  команда өздерін таныстырып, газеттерін қорғаған соң, тақырыппен категорияны таңдау арқылы әр команда төмендегідей сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынасады. Әр тақырыпта 3 сұрақтан, сұрақтардың қиындық мөлшеріне қарай ұпай беріледі. 1- 10 ұпай, 2- 20 ұпай, 3-30 ұпай. 

ІІ-бөлім- «Әнді табу» ойыны.

1-команда

    1. RD  командасының атқаратын қызметі.
    2. 1-2 ASSIGN командасының атқырытын қызметі қандай?
    3. MD командасының атқаратын қызметін айтыңыз.

2-1. Файлдарды  өшіру командасы қалай орындалады?

2-2. Файлдарды  көлемі бойынша орналастыру командасы қалай орындалады?

2-3 Терезелерді  экранға толық және жартылай  көрсету командасын қалай орындалады?

3-1. Жұмыс  үстелінде жарлық қалай құрамыз?

3-2. Драйвер  деген не, толық сипаттама бер.

3-3. Файл  дегеніміз не?

4-1. Шрифті  өзгерту жолдарын айтыңыз

4-2. Құжатты  баспаға шығару жолдары қандай?

4-3. Дайын  суреттерді құжатқа қалай қоямыз?

5-1. Ұя  дегеніміз не?

5-2. Графиктерді  тұрғызу жолдары қандай?

5-3. EXCEL терезе қатарларын атаңыз. 

2-команда

    1. DIR командасының атқаратын қызметі қандай?
    2. Файлдармен жұмыс істейтін командаларды айтыңыз.
    3. Файлдарды қорғау қасиетін қандай команда арқылы енгіземіз?

2-1. Сол  жақ терезеге басқа дискенгізгішті  қалай шығарамыз?

2-2. Файлды  қалай басқа орынға жылжытамыз  немесе атын өзгертеміз?

2-3. Файлдар  туралы қысқаша мәлімет қай меню, қандай команда арқылы алуға болады?

3-1. Күн-ай  мерзімін және уақытты қалай  орнатамыз?

3-2. Бума  дегеніміз не?

3-3. Компьютерде  принтерді қалай орнатамыз?

4-1. WORD терезесі неше бөліктен тұрады?

4-2. Сақталған  құжаттарды ашу жолдары қандай?

4-3. Формулаларды  қалай жазуға болады?

5-1. EXСEL программасынан шығу жолдары қандай?

    1. EXСEL терезесі неше бөліктен тұрады?
    2. EXСEL программасында шрифтерді қалай өзгертеміз?
 

3-команда

    1. Архивтік файл дегеніміз не?
    2. FORMAT командасының атқаратын қызметі қандай?
    3. Күн-ай мерзімдерін қалай өзгертеміз?

2-1. Терезелердің  түсін қалай өзгертеміз?

2-2. Дискі  немесе каталог туралы информацияны  қалай алуға болады?

2-3. Файл  аттарын алфавит боййынша орналастыру  қалай орындалады?

3-1. Негізгі  түсініктері қандай?

3-2. Жұмыс  үстелінде бума қалай құрамыз?

3-3. Дыбыстық  құрылғыны қалай орнатамыз?

4-1. Тексті  туралау жолдары қандай?

4-2. Сурет  салу мүмкіндіктері қандай?

4-3. Текстердің  қатесін түзету қалай орындалады?

5-1. EXСEL программасында ұяны қарауды қалай енгіземіз?

5-2. Диаграмма тұрғызу жодарын айтыңыз?

    1. EXСEL программасының атқырытын қызметі қандай?
 

4-команда

    1. Операциялық жүйе дегеніміз не?
    2. Каталогтармен жұмыс істейтін командаларды атаңыз?
    3. Дискінің көшірмесін қандай команда арқылы алуға болады?

2-1. Қажет  емес файлдарды қалай өшіреміз?

2-2. Файлды  қалай жылдам іздеп табуға  болады?

2-3. 43 қатарлы режимнен 25 қатарлы режимге  қалай ауысамыз?

3-1. Экран  фонын қалай өзгертеміз?

3-2. Шартбелгі  дегеніміз не?

3-3. Тілдерді  қалай орнатуға болады?

4-1. WORD текстік редакторының атқаратын қызметі қандай?

4-2. Құжаттарды  сақтау жолдарын айтыңыз?

4-3. Кесте  салу жолдарын айтыңыз?

5-1. EXСEL программасын қалай іске қосамыз?

5-2. Терезесі  қандай бөліктерден (қатарлардан)  тұрады?

5-3. EXСEL программасында қандай диаграмма түрлері бар?

ІІІ бөлім – «Сәттілік кезең»

Бұл бөлімде  оқушылар 1 минутта сұрақтарға қаншалықты дұрыс жауап беретіні анықталады.

1-команда

1. Вирустың  кері әсерін жоятын программа     (Антивирус)

2. Информацияның  өлшем бірлігі.     (Бит, байт)

3. Белгілі  бір атпен жазылған мәліметтер  жиыны.  (Файл)

4. 101 ондық  жүйеде қандай сан.     (5)

5. Мәліметтерді  енгізу пернесі.     (Enter)

6. Бос  орын қалдыру пернесі.      (Пробел) 

2-команда

1. Ақпаратты  өңдеу құрылғысы.     (Процессор)

2. Қарапайым  есептеулер жүргізетін программа.  (Калькулятор).

3. Дыбыс  жазу құрылғысы.      (Микрофон).

4. 7 екілік  жүйеде қандай сан.     (111).

5. Дискілерді  оқу құрылғысы.      (Дискенгізгіш)

6. Жыпылықтап  тұратын тік сызықша.     (Курсор) 

3-команда

1. Ақпаратты  шығару құрылғысы.      (Принтер)

2. Ақпаратты  енгізу құрылғысы.     (Пернетақта)

3. Дыбыс  шығару құрылғысы.     (Колонка)

4. Бас  әріптер режимін іске қосу  пернесі.    (CapsLock)

5. Ақпараттың  ең кіші өлшем бірлігі.    (Бит)

6. Электрондық  кестелердің құрылымдық элементі.   (Ұяшық) 

4-команда

1. Қосымша  сандық режимді іске қосу пернесі.    (NumLock)

2. Курсордың  сол жағындағы символдарды өшіру  пернесі. (Backspace)

  1. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс ортасы. (Интернет)
  2. Екілік жүйенің сандары.       (0,1)
  3. Компьютер жанына қойылатын өсімдік.   (Кактус)
  4. Windows ортасында әр түрлі ретте орналасқан файлдарды белгілеу үшін қай пернені басамыз?
  5. Вирустардың кері әсерін жоюға арналған программа. (Антивирус)
 

ІҮ-бөлім- «Түсін мені» ойыны.

Бұл ойында оқушылар төмендегідей Монитор, Тышқан, Пернетақта, Принтер т.б. сөздерінің терминологиялық мағынасын түсіндіру қажет. 

     Командаларға әр бөлім бойынша көрсеткен білімдеріне қарай ұпай беріліп, жеңімпаз команда анықталады. Жеңімпаз команда анықталады. Жеңімпаз командаға компьютер бөлмесіне ойынға жолдама беріледі.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Информатика пәні бойынша әзірлемелер