Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:22, курсовая работа
Алғашқы дербес компьютерлер бөлек бөліктерден әр түрлі ЭЕМ-дерді құрастыратын мүмкіндікпен қамтамасыздандыратын электронды блок түрінде құрылды. Осындай жинақтар үлкен жетістікпен әуесқой-электронщиктерде қолданылды. Бірақ 1981 ж. блоктық-модульдік құрастырылған түрде шығарылатын болды. Бұл машиналар есептеу техникасын және программалауды игермеген қолданушыларға эксплуатацияда қарапайым және арзан болды. ДЭЕМ микроЭЕМ класына жатады және жеке қолданылатын машина болып табылады. Бұл әр-түрлі профилді мамандардың еңбегінде жеке қолданылатын жалпы және әмбебап құрал. ДЭЕМ қолданушымен автономды жұмысқа арналған сұхбат түрдегі құрал болып табылады.
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дербес компьютердің алғашқы сериясының пайда болуы.
2. Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
3. Есептеуіш техниканың даму тарихы.
4. Жаңа ақпараттық технологиялар.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Информатика пәнінің даму тарихы
Орындаған: 5В011100 - Информатика
Алматы, 2013 жыл
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дербес компьютердің алғашқы сериясының пайда болуы.
2. Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
3. Есептеуіш техниканың даму тарихы.
4. Жаңа ақпараттық технологиялар.
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
1. 1975 ж АҚШ-та дербес компьютердің алғаш сериясының пайда болуы адам әрекетінің барлық облысында революциялық көтерілістің пайда болуына себеп тудырды.
Алғашқы дербес компьютерлер
бөлек бөліктерден әр түрлі ЭЕМ-дерді
құрастыратын мүмкіндікпен қамтамасыздандыратын
электронды блок түрінде құрылды. Осындай
жинақтар үлкен жетістікпен әуесқой-
Дербес компьютерде жалпылама және әмбебап қолданылуда келесі қасиеттер болу керек:
- жеке қолданушыға аз бағамен берілуі қажет;
- қоршаған ортаға арнайы
шартқа талапсыз
- әр-түрлі басқару ортасында,
ғылымда, білімде
- операциялық жүйенің
біріңғайлығы және
Бұл компьютердің категориясы 20 жылдың ішінде ерекше даму болып табылды. Осындай компьютер бір жұмысты алмастыра алады. Ережеге сәйкес бір компьютермен бір адам жұмыс істейді.
Өзінің аздаған өлшемімен және жоғары емес бағасымен дербес компьютерлер көп емес өнімді қажет етеді. Қазіргі кездегі дербес компьютердің модельдері үлкен ЭЕМ-дер 70-жылдарда шықты.
Әсіресе 1995 жылы Интернеттің дамуымен компьютерлер кеңінен тарала бастады. Дербес компьютерлер бүкіл әлемдік желіде ғылыми, анықтамалы, білімдік, мәдени және ойын ақпараттарымен жұмыс істеуде қолданылатын болды. Дербес компьютерлер сонымен қатар, қашықтықтан оқудың күндізгі және сырттай бөлімдерін әр-түрлі пәнде, құралда оқу процесін автоматтандыруға ұйымдастыратын құрал болды.
Осы уақытта
көбіне танымал ағылшын
Дербес компьютерлерді шығарудың негізгі этаптары:
1975 ж. — алғашқы компьютер MITS, Altair-8800 фирмасымен шығарылды (Micro Instrumentation Telemetry Systems)
1976 ж. — С. Возняк және С. Джобе, компьютер «Apple»;
1977 ж. — С. Возняк және С. Джобе, компьютер «Apple-II»;
1979 ж. —IBM фирмасы басқа фирмаларда жасалғанды қолданып, дербес компьютерді жасауды бастады;
1981 ж. — Intel 8088 процессорымен IBM фирмасынан РС компьютерінің сериясы шығарылды;
1983 ж. — алғашқы IBM PC XT дербес компьютері қатты дискімен шығарылды ІВМ-нің базалық модельдерінен әр түрлі фирмалармен еркін модельдеу этапы басталды;
1984 ж. — Intel 80286 процессорымен IBM PC AT сериясынан жасап шығарылды;
1986 ж. — Intel 80386 процессорының базасында ДК құрылды;
1990 ж. — Intel 486 DX/25 процессорымен компьютерлердің сериялық шығарылуы басталды;
1993 ж. — Intel Pentium процессорының базасында компьютерлердің шығарылуы басталды;
1995 ж. — ММХ технологиясымен орындалатын, Intel Pentium процессорының базасында компьютер сатуға шығарылды;
1996 ж. — Intel Pentium II процессорының шығарылу жаңа дәуірі басталды;
1998 ж. — Intel Pentium III процессорымен ДК сатуға шығарылды;
2000 ж. — Intel Pentium IV пайда болды.
2. Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
Информатика компьютер, компьютерлік жүйе және желілермен генетикалық байланысты және олардың өте үлкен көлемдегі ақпараттарды туғызуы, сақтауы және автоматтандыруы ақпараттық үрдістерге ғылыми қөзқарасқа мүмкіндік пен қажеттілікті туғызады. Бұл ерекшелік көбінесе информатиканы компьютермен жұмыс істеу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы деген жалған түсінікті тудырады. Шындығында қазіргі замандағы информатика — өте көлемді, динамикалы, эмпирикалық материалдарды жинақтау және ойдан өткізу кезеңін кешіп отырған, бірнеше іргелі және қолданбалы пәндердің қиылысында қаланған ғылым. Қазіргі замандағы информатиканы 1978 жылы Халықаралық информатика конгресінде төмендегідей түрде анықтады:
Информатика ұғымы ақпараттарды өңдеу жүйелерін құру, жасау, қолдану және материалды – техникалық қызмет етумен байланысты облыстарды қамтиды, мұнда машиналар, жабдықтар, математикалық жасақтама, ұйымдастырушалық аспектілері, сонымен қатар, өндірістік, коммерциялық, әкімшіліктік және әлеуметтік әсер ету кешені де енеді.
Екінші бір көзқарас бойынша, информатика – жаңа білім алу мақсатында есептеу техникасының көмегімен жинақталған білімді сипаттау, беру, интерпретациялау, формальдау және қолдану туралы ғылым.
Кең мағынада, информатика – ақпараттық іс-әрекет, ақпараттық үрдістер және олардың адам-машина жүйелерінде ұйымдастырылуын зерттейтін ғылым.
Жоғарыда берілген жалпы анықтамалардан информатиканың тек қана «таза ғылым» ғана емес екендігін, ал оның маңызды ерекшеліктерінің бірі – адамзат қызметінің барлық салаларында: өндірісте, басқаруда, ғылымда, білім беруде, саудада, қаржы аумағында, медицинада және т.б. кең колданылуы, яғни технологиялық, қолданбалық, практикалық аспектісінің маңыздылығын көреміз.
Кейбір батыс Европа елдерінде және АҚШ-да бұл ғылымға басқа термин қолданылады – «Computer science» (компьютерлік ғылым).
Ғылым тұрғысынан информатиканың пәні – ақпараттық үрдістерге (бұл ұғымның кең мағынасында) тән жалпы заңдылықтарды зерттеу.
Информатиканың негізгі зерттеу объектісі қазіргі заман қоғамындағы адам іс-әрекетінің барлық салаларын қамтып келе жатқан ақпараттандыру және компьютерлендіру үрдісі болып табылады. Дәлдеп айтсақ, бұл – ақпаратты жинау, өндеу, беру және қолданудың арнайы технологиясына сүйенген автоматтандырылған ақпараттық жүйелер (АЖ) арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық технологиялар (АТ). Ақпараттық технологиялар – ақпараттық ресурстарды (АР) қолдану үрдістерінің ауырлығын төмендету, АР сенімділігі мен оперативтігін арттыру мақсатымен ақпаратты жинау, өңдеу, тарату және бейнелеуді қамтамасыз ететін, технологиялық тізбекке біріктірілген әдістер, өндірістік үрдістер мен программа-техникалық құралдардың жиынтығы. Ақпараттық технологиялар материалды-техникалық қорлар, математикалық, программалық тұрғыдан қарастырылады.
Информатика ақпараттық жүйелер мен технологиялардың құру мен өмір сүруінің мазмұны мен мағыналық аспектісін олардың мәні, әлеуметтік үлесі, пайдалылығы, қоғамдық жүйелердегі алатын арны, радикальды прогресс пен қоғамның сапасы жоғары жаңа тарихи кезеңге көшіру факторы екендігімен тығыз байланыстыра отырып зерттейді. Ақпараттық технологиялар қазіргі қоғамда білімнің ақпараттық ресурсқа (АР) айналуының, тиімді қолданудың жаңа құралы, дамытушы факторы болып табылады. Ақпараттық ресурс адамзаттың негізгі ресурсына, қазіргі замандағы өркениеттің бас құндылығына айналды. Сонымен қатар, АР рөлі, өмір сүру механизмдері, қолданудың әлеуметтік салдарына байланысты күрделі мәселелер туды.
Информатиканың іргелі ғылым тұрғысынан пәнін төмендегідей ұғымдар құрады:
- ақпараттық ресурстар, олардың мәні, өмір сұру заңдары, қоғамның басқа ресурстарымен әсерлесу механизмдері, әлеуметтік прогресске көрсететін әсері. Ақпараттық ресурс білім мен ақпараттың симбиозы түрінде алынады. Информатика АР-ды қоғамда алу, беру және қолданудың заңдарын зерттейтін ғылым тұрғысынан ақпараттық үрдістерді нығайтуға, АР қолдануға негізделген ЭЕМ-ді және автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді (АЖ) қолданудың теориялық негіздерін құрайды.
Практикалық(қолданбалы) информатика тұрғысынан пәндік аумақты келесі ұғымдар анықтайды:
- есетеу техникасы құралдарының аппараттық жасақтамасы;
- есептеу техникасы құралдарының программалық жасақтамасы;
- аппараттық және программалық жасақтамалардың өзара әсерлесуі;
- адамның аппараттық және программалық жасақтамалармен әсерлесу құралдары;
Информатиканың алдына қойылатын міндеттерді анықтау үшін оның қалыптасқан ғылымдар жүйесіндегі алатын орны маңызды рөл атқарады . Информатиканың ғылымдар жүйесінде алатын орны оның күрделі, кешенді, ғылыми-жаратылыстану пән екендігін көрсетеді.
Информатика профильдік емес пән мамандықтарында зерттеуге қоятын негізгі міндеттер:
- ақпарат, ақпарат құрылымы мен қасиеттері, оны алу сақтау, өңдеу және жеткізу әдістері туралы іргелі ұғымдарды беру;
- АР-тың қоғамды ақпараттандыру үрдісіндегі рөлін анықтау;
- есептеу техникасының аппараттық және программалық құралдарымен жұмыс тәсілдері мен әдістерін жүйелендіру;
Ал информатика негізгі профильдік пән болып есептелетін ғылыми-жаратылыстану және техникалық бағыттағы мамандықтар үшін зерттеуге қойылатын негізгі міндеттер:
- информатика мен есептеу техникасының базалық ұғымдары мен заңдылықтарын;
- информатиканың пәндік аймағы мен негізгі әдістерін;
- информатиканың даму тарихын;
- ақпаратты өндеуді автоматтандыруға негізделген жүйелерді құру тәсілдері мен әдістерін;
- аппараттық және программалық жасақтамаларды басқау тәсілдері мен әдістерін;
- компьютерлік программаларды құру тәсілдері, әдістері мен құралдарын;
- ақпараттарды қорғау тәсілдерін жалпылау, қорғау әдістері мен құралдарын құру;
- ақпараттық үрдістердің жасанды және басқару жүйелеріндегі жүру заңдылықтарын беру және қолдану іскерлігіне үйрету болып табылады.
Кез келген пәнді меңгеру оның негізгі ұғымдары мен категорияларын анықтаудан басталады. Информатиканың негізгі базалық ұғымы болып (математикадағы «нүкте» сияқты) ақпарат ұғымы табылады. Ақпарат, сонымен қатар, жалпы ғылыми категория қатарына жатады, әр ғылым саласында (философия, кибернетика, т.с.с.) өзіндік көзқараспен және тәсілдермен түсіндіріледі.
Ақпараттың ең негізгі ерекшелігі – ол бар адамға интуитивті түсінікті, екінші жағынан оның ғылыми дәл анықтамасын беру мүмкін емес, сондықтан ақпарат туралы ұғым қолданылады. «Ақпарат» термині латынның «informatio» - түсініктеме, баяндама, хабар басу деген сөзінен шыққан.
Ақпарат ұғымын бірнеше тұрғыдан анықтап көрейік. «Кең мағынада» философиялық тұрғыдан, ақпарат – біздің санамызбен қабылданатын, ақиқат өмірдің белгілі бір объектілері, үрдістері мен құбылыстарының қасиеттері мен қатынастарының бейнелері. Есептеу техникасы тұрғысынан, ақпарат ұғымы оның жадында сақталатын, қажеттігіне байланысты өңделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.
Адамзат баласы дамудың барлық тарихи кезеңдерінде есептеу жұмыстарын жүргізіп отыруға әрқашан мұқтаж болды. Алғашқы кезеңдерде оған, аяқ-қол саусақтары секілді қарапайым құралдар жеткілікті болды. Ғылым мен техника дамуына байланысты есептеу жұмыстарының қажеттілігі артып, оны жеңілдету үшін арнайы құралдар –абак, есепшот, арифмометр арнаулы математикалық кестелер шығарыла бастады. Бірақ үстіміздегі ғасырдың 40 жылдарында, ядролық физиканың даму ерекшеліктеріне байланысты, қолмен есептеу істері көптеген материалдық ресурстарды және адамның тікелей араласуын талап ете бастады. Мысалы. «Манхеттен жобасын» (АҚШ-тағы атом бомбасн жасау) іске асыру кезінде есептеу жұмыстарына 600 адам қатысты, олардың бірсыпырасы тікелей есептеумен айналысып, қалғандары сол жұмыстың дұрыстығын тексеріп отырды.