Информатика пәнінің даму тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Февраля 2013 в 21:22, курсовая работа

Описание

Алғашқы дербес компьютерлер бөлек бөліктерден әр түрлі ЭЕМ-дерді құрастыратын мүмкіндікпен қамтамасыздандыратын электронды блок түрінде құрылды. Осындай жинақтар үлкен жетістікпен әуесқой-электронщиктерде қолданылды. Бірақ 1981 ж. блоктық-модульдік құрастырылған түрде шығарылатын болды. Бұл машиналар есептеу техникасын және программалауды игермеген қолданушыларға эксплуатацияда қарапайым және арзан болды. ДЭЕМ микроЭЕМ класына жатады және жеке қолданылатын машина болып табылады. Бұл әр-түрлі профилді мамандардың еңбегінде жеке қолданылатын жалпы және әмбебап құрал. ДЭЕМ қолданушымен автономды жұмысқа арналған сұхбат түрдегі құрал болып табылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Дербес компьютердің алғашқы сериясының пайда болуы.
2. Информатика – адам өмірінің әртүрлі салаларында ақпараттың құрылымы мен жалпы қасиеттерін, оны іздеу, жинау, сақтау, түрлендіру және қолдану мәселелерін зерттейтін жас ғылыми пән.
3. Есептеуіш техниканың даму тарихы.
4. Жаңа ақпараттық технологиялар.

Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.

Работа состоит из  1 файл

Шынар курстық жұмыс.docx

— 54.96 Кб (Скачать документ)

– әлемдік ғылыми бейнені қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін ашу  және қазіргі қоғамның дамуындағы ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың ролі;

– оқушыларды компьютерді оқу үрдісіне, бағдарлы  бағытқа тиімді және ұқыпты пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру;

– мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ақпараттық-коммуникациялық  технологияны енгізу үшін жағдай туғызу.

Бұл мақсаттарға жету келесі  мiндеттердi шешу арқылы жүзеге асады:

ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын  қалыптастыру (ғылыми әлемдік бейнені  құруда және оны тірі табиғатта, техникада, қоғамда ақпараттық үрдістердің  мәні туралы біліммен қаруландыру; қоғамның дамуында, адам еңбегінің сипаты мен  мазмұнын өзгертуде информатика  мен есептеуіш техниканың мәні туралы білімдермен қамтамасыз ету);

оқушылардың ойлау қабілетін дамыту  (жеке  жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік  және модульдік-рефлексивтік ойлау  қабілетін дамыту);

оқушыларды практикалық және бағдарлы бағыттарға даярлау  (компьютермен жұмыс жасау пригциптері, ақпаратты беру тәсілдері және  түрлі мәселелерді шешуде ақпараттық-коммуникациялық технологияның негізгі кезеңдері туралы білімдермен қамтамасыз ету; түрлі пәндік салаларда ақпараттық технологияны қолдану мен модельдеу және компьютерді түрлі практикалық міндеттерді шешуде сапалы, әрі тиімді құрал түрінде қолдану дағдыларын қалыптастыру).

Информатиканы оқытудың басты  мiндеттерi негiзiнде оқу бағдарламасында  нақты дидактикалық мiндеттер айқындалады, оның iшiнде  оқушыларды бiлiммен қаруландыру  тәсiлдерiн үйрету  аса маңызды  болып табылады.

2010-2011 оқу жылында негізгі орта  білім беретін мектептiң 5–9  сыныптарында информатикадан бiлiм  берудiң мiндеттерi Қазақстан Республикасы  мемлекеттік жалпыға міндетті  бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартының негізгі ережелеріне (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы)

3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы (толықтыру енгізу туралы 2010 жылғы 9 сәуірдегі №160 бұйрығы, 2010 жылғы 1 маусымдағы №268 бұйрығы) арқылы жүзеге асырылады.

Бұл бағдарламалар мен  оқулықтар информатика пәнін  оқытуда негізгі болып табылады

Еліміздегі білім беруді жаңарту үрдістерінің басты бағыттарының бірі бәсекелестікке қабілетті білім  беру өрісін құруды меңзейтін мектептің  жоғары сатысындағы бағдарлы оқыту болып табылады. Оның нормативті бағыттары  білім берудің Мемлекеттік стандартында  белгіленіп көрсетілген (2010 ж.) және де онда 11 жылдық мектептің жоғары сыныптарында бағдарлы бағытта оқытуға кезеңмен көшу ескерілген болатын. 2010-2011 оқу жылдарында бағдарлы оқыту оқушылар қалаулары  бойынша қоғамдық-гуманитарлық немесе жаратылыстану-математикалық бағыттарының бірін  таңдай алады.

Типтiк оқу жоспарында 10-11 сыныпта жаратылыстану-математикалық  бағытта информатиканы оқытуға  аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат), қоғамдық-гуманитарлық бағытта аптасына 1 сағат (10-11 сыныптарда информатиканы 2 жылда оқытуға барлығы 68 сағат) бөлінген. Кез келген бағдарлап оқытуда  информатикаға және оның қолданыстарына қызығушылық танытқан оқушыларға мектеп таңдау курстарын ұйымдастыру арқылы информатикаға бөлінген сағат санын  арттыра алады.

Жалпы орта білім беретін мектептiң 10-11 сыныптарында информатикадан бiлiм  беру Қазақстан Республикасы мемлекеттік  жалпыға міндетті бастауыш, негізгі, жалпы орта білім беру стандартының негізгі ережелеріне (09.07. 2010ж. №367 бұйрық) сәйкес:

1. Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарлары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07. 2010ж. №367 бұйрығы).

2. Негізгі орта білім берудің типтік оқу бағдарламалары (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 09.07.2010ж. №367 бұйрығы).

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2010-2011 оқу жылында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарында қолдануға ұсынған оқулық басылымдарының тізбесін бекіту туралы» 2010 жылдың 5 сәуіріндегі №152 бұйрығы (толықтыру енгізу туралы 2010 жылғы 9 сәуірдегі №160 бұйрығы, 2010 жылғы 1 маусымдағы №268 бұйрығы) арқылы жүзеге асырылады.

Информатиканы тереңдетіп оқығысы  келетін оқушылардың саны жеткілікті көп болған жағдайда мектеп базистік оқу жоспарында бағдарлы курстарға  бөлінген сағат саны есебінен информатиканы  оқытуға бағдарлы деңгейде бөлінген 1 сағатқа аптасына қосымша 2 сағат  қоса алады.  Оқушылардың білім  деңгейіне қойылатын талаптар сәйкес деңгейлер үшін білім беру стандартымен анықталады.

Жоғары сыныптарда информатиканы  оқыту кезінде мектептің оқу  жоспарына таңдау курстарын енгізу қажет. Бұл келесі мазмұндағы таңдау курстары болуы мүмкін: Объектілі-бағдарланған программалау тілі», «ЭЕМ операторы», «Компьютерде іс-қағаздарын жүргізуші», «Компьютерлік графика», «Web-дизайн», «Ақпараттық жүйелер», «Flash-программалау»  және т.б.

Оқушылардың таңдауы бойынша  оқу пәні ретіндегі информатиканы  оқыту, сондай-ақ оны факультативті  сабақтарда тереңдетіп оқыту жалпы  білім беретін мектептің 8-сыныбынан  басталуы мүмкін.

Жоғарыда аталған оқу  бағдарламалары мен оқулықтар информатиканы  оқыту үшін негізгі материалдар  болып табылады. Сонымен бірге  оқу үрдісінде информатика пәнін  тереңдетіп, не факультативтік сабақ  ретінде оқыту үшін  қосымша  оқу құралдары қолданылады. Бағдарлы мектептерде, физика-математикалық  және техникалық лицейлерде, физика мен  математиканы тереңдетіп оқытатын мектептерде  «Арман-ПВ - 2008», «НЦИ - 2008», «Атамұра-2005», «Аруна Ltd - 2008»   және т.б. баспалардан  шыққан қосымша оқулықтар мен  электрондық оқу құралдарын қолдануға  болады.

Информатиканы оқыту бағдарламаларын  арнайы жабдықталған мультимедиялық кабинетте  және жалпы қолданылатын оқу-көрнекілік құралдар мен жабдықтар, қолданбалы программалық құралдар, мультимедиялық электрондық оқулықтар, виртуальды лабораториялар және т.б. бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.

Мектептің кітапхана қорында  «Информатика» оқу пәні бойынша  тағайындалған нормативтер мен  оқу-әдістемелік кешендер құрамына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік  әдебиеттер болуы тиіс. Кiтапхана  қоры мен ақпараттар базасын оқушылар пайдалана алатындай болуы керек.

Адамзат өзінің индустриялық даму сатысынан постиндустриялық даму сатысына, дәлірек айтсақ, информациялық  сатыға біртіндеп көшіп келеді, өйткені  мемлекеттің экономикасын, техникасын, ғылымын осы заманның одан арғы даму кезеңінде информатиканың соңғы  жетістіктерін кеңінен пайдаланусыз елестету қиын. ХХІ ғасырдың бас  кезіндегі адамзаттың даму процесі  информациялық қоғамның қалыптасуымен  ерекшеленеді, оның негізгі бағыты информация және оны өңдеу ұғымымен анықталады. Осыған байланысты бірінші  кезекке қарапайым еңбек құндылығы  мен табиғи байлықтар емес, білім  құндылығы шығады.Әрбір жеке адамның  да өмірі уақыт өткен сайын  информатикамен тығыз байланысып келеді. Информация, информацияландыру – стратегиялық ұлттық ресурстардың ең маңызды түрлерінің біріне жатады, оның ішінде осы көрсеткіштер бойынша мемлекеттің экономикалық және әскери қуаты анықталады. Информация мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа айналып, ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, яғни мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады. Бұдан былайғы қоғамның жалпы инфрақұрылымын информация жинау, сақтау және тарату құралдары мен тәсілдері анықтайтын болады. Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының (8.05.2003 ж.) шыққанын айту жеткілікті шығар. Қазіргі ғылыми-техникалық даму кезеңінде инженерлік, экономикалық, басқару, ғылыми және басқа түрлі есептерді тиімді түрде шешу, медициналық болжам қою және т.б. зерттеу нәтижелерін жоғары дәлдікпен анықтауды электронды-есептеуіш машиналарсыз ұйымдастыру мүмкін емес. Осы себепті орта және жоғары білімді мамандар өз білімін электронды-есептеуіш машиналарды тиімді пайдалану әдістерімен кеңінен үйлестіре алатын болуы тиіс. Бұл олардың келешек жұмысында электронды-есептеуіш машиналармен жұмыс істеуді күнделікті дағдыға айналдыруы үшін де қажет. Ақпаратты тарату және ақпараттық технологиялардың дамуы қоғам тіршілігінің барлық саласына революциялық ықпалын тигізіп, адамдардың өмірін, мәдениеті мінез-құлық стереотипін, ойлау бейнесін түбегейлі өзгертетін ақпараттандыру үдерістердің бар екендігі жайында айтуға мүмкіндік береді. Ақпараттық технологиялар саласында көзге түсер прогресс ғылыми басылымдарда «ақпараттық қоғам» терминінің пайда болуы. Кейбір ғалымдар «ақпараттық қоғам» терминін өндірістің басты өнімі білім деп түсінеді. Ақпаратандыру түсінігінің анықтамасы туралы А.П.Ершов өз басылымдарында былай дейді: «Ақпараттандыру - қоғамда адамның маңызды әрекет түрлеріне сенімді, уақтылы білімді толықтай қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені.

Электронды есептеу машиналары 1950 жылдардан бастап білім саласында  қолданыла бастады. Ғылыми – зерттеу  жұмыстары мен жоғары оқу орындарында  ЭЕМ – мен орындалатын жұмыстарға байланысты программалаумен айналысатын  оқушы топтары пайда болды. 1960 жылдары Москваның математика пәніне бейімделген мектептерінде программалауға мамандандыру бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Бірақ мамандардың жеткіліксіздігі мен есептеуіш техника мүмкіндігінің аздығы бұл жұмыстардың кең таралуына кедергі болды.

1960-1970 жылдары көпшілік  пайдаланатын үшінші буын ЭЕМ  – дері пайда болғаннан бастап  информатиканың салалы даму кезеңі  басталды. Атап айтқанда, Новосибирск  қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершовтың басқаруымен «мектеп информатикасы» мәселелерімен айналысатын ғалымдар Г.А. Звенигородский, Ю.А.Первин, т.б. жұмыс істеді. Оның ішінде Г.А. Звенигородский Рапира программалау тілін және Ю.А.Первинмен бірге мектеп информатика курсының тұжырымдамасын жасады. Нәтижеде, мектепті компьютерлендіру мәселелеріне арналған мемлекеттік шешімдер қабылдауға толық негіз жасалды. 1970 жылдардың соңы мен 1980 жылдардың басында информатика пәнін оқу процесіне енгізуге байланысты жекелеген тәжірибелер Москвада, Санк – Петербургте, Новосибирскіде, Прибалтикада жүргізілді.

1982 жылы КСРО Министрлігі  шешіммен жалпы білім беретін  орта мектептердің оқу процесіне калькуляторлар енгізілді.

1984 жылы сәуір айында  өткен Кеңестер Одағы Коммунистік  Партиясының (КОКП) «Жалпы білім  беретін және кәсіби мектеп  реформасының негізгіі бағыттары»  Пленумында «Информатика және  есептеуіш техника негіздері»  пәнін мектептерге енгізу мерзімін 1985 жылдың 1- қыркүйектегі деп аталады.

Бұдан кейін «Программалау  – екінші сауаттылық» бағытында  әдістемелік, дидактикалық, техникалық, әлеументтік, психологиялық тұрғыдан ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. 1985 жылы «Информатика және есептеуіш  техника негіздері» пәнінің бағдарламасы жасалып 1985-1986 жылдары А. Ершов, В.Манахов, А. Кузнецов, Я. Гольц, М. Лапчик секілді ғылым әдіскерлердің алғашқы информатика оқулығы шықты.

1985 жылдың 1-қыркүйегінен  бастап, мектептерде жаппай информатика  негіздерін оқыту басталып мектеп  мұғалімдері қысқа мерзімдегі дайындық курстарынан өте бастады.

1986-1987 оқу жылының басында  «Информатика и образование»  журналының бірінші саны шықты. Мектептер үшін информатика оқулығына байқау жарияланды. Байқау негізінде А. Ершов, А. Кушниренко, В. Житомирский, В. Каймин т.б. авторлар ұжымы информатикадан алғашқы оқу құралдарын дайындады. Қазақстан Республикасында 1992 жылдың қаңтарынан бастап, «Информатика. Физика. Математика» журналы, кейіннен бұл журналдың «Алгоритм», «Информатика негіздері» деген атпен қосымшалары баспадан шыға бастады.

1994 жылы информатика курсы  8-9 сыныптарға көшірілді. Қазақстан Республикасында 7-11 сыныптар үшін мемлекеттік білім беру стандарты жасалды. Информатикадан 7,8,9 сыныптарға арналған байқау оқулықтары шықты.

 

4.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 стратегиялық даму бағдарламасына сай мектептер жаңа типті компьютерлермен жабдықталды. Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту қолға алына бастады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері компьютерлік желіге қосылып, оны мектептер пайдалана бастады.

Негізгі орта білім беруде  «Информатика» пәні бойынша 7-9-сыныптарда және  «Компьютер - ақпаратты өңдеу  құралы» тарауы негізінде оқытылады. «Компьютер - ақпаратты өңдеу құралы»  тақырыбының  мазмұнын ашуда оқушылар информатиканың іргелі ұғымдары аумағы бойынша өз білімдерін тереңдетеді  және жүйелейді. Оқыту АКТ-мен толық  жабдықталған жағдайда, яғни компьютерлерден  өзге әр түрлі перифериялық құрылғылары  бар, соның ішінде процестерді визуализациялау, компьютерді басқаратын әр түрлі  құрылғылары оқыту бар ортада жүзеге асатын болса, онда оқытудың тиімділігі артады.

     Мысалы 2010 жылғы  информатиканың  оқу бағдарламасында  компьютердің құрылысын төмендегі  тақырыптар бойынша оқытуға болады.

«Компьютерлер» мазмұндық  желісі бойынша

Оқушылар білуі тиіс:

- компьютерлік техниканың даму тарихын;

- компьютерлік техниканың даму келешегін;

- компьютерлердің негізгі  техникалық параметрлерін;

- компьютердің негізгі  буындарын, олардың өзара байланысын;

- қазіргі заманғы дербес  компьютерлердің құрылымын;

- компьютердің автоматты жұмыс істеу принцпін;

- ақпаратты енгізу және  шығару құрылғыларын;

- компьютерде ақпаратты  кодтауды;

- компьютерде қолданылатын  есептеу жүйелерінің типтерін;

- сандарды бір санақ  жүйесінен екінші санақ жүйесіне  көшіру ережелерін;

- екілік санау жүйесіндегі  арифметикалық амалдарды;

- мәтіндік ақпараттарды  кодтау принцпін;

- графикалық ақпараттарды  кодтау принцптерін;

- компьютер қызметінің  логикалық негіздерін;

- пікір айту, тұжырымдау, талқылау, ой қорыту, логикалық сөйлемшелер  ұғымдарының  мәнін;

- негізгі логикалық амалдардың  ақиқаттық кестесін;

- компьютердің логикалық  сұлбасында қолданылатын негізгі  логикалық (Және, Немесе, Емес) элементтерді.

Информация о работе Информатика пәнінің даму тарихы