Internet Exploler

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2013 в 12:16, реферат

Описание

Әлеуметтік пенде болғандықтан адам әрқашанда өзі сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреді. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтырылуда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзі тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді ертектегі “ханшлардан” күнделікті “күңіңізге” айналып барады.

Работа состоит из  1 файл

Internet Explorer Чина.doc

— 758.50 Кб (Скачать документ)




 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

 

 

Механика-математика факультеті

 

 

 

 

Курстық жұмыс

 

                   

Тақырыбы: Internet Exploler

 

 

 

 

 

 

                    

                     Орындаған: Акжигит Каламкас

                   

 Тексерген: Бөрібаев Бақыт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2010

 

Мазмұны

 

 

КІРІСПЕ

 

   Әлеуметтік пенде болғандықтан  адам әрқашанда өзі сияқтылармен  араласу тәсілдерін іздестіреді.  Соңғы кездегі INTERNET желісінің  күрт дамып кетуі (қазіргі кезде  18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңалықтармен толықтырылуда) қашықтық  ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез-келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзі тартар ертеңі таң қалдырып, өзінің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық ресурс тәрізді ертектегі “ханшлардан” күнделікті “күңіңізге” айналып барады. Оның құрамында миллиондаған компьютерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар – кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адамдар жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен. ISOC президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір миллиардқа жетеді деуі бекер емес те шығар. Мұнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдаланатынымызды білген артық болмайды.

 

       1. Аздаған тарихи деректер мен статистикалық мәліметтер

1.1 Желіге қосылу

 

INTERNET желісін алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басында АҚШ қорғаныс министрлігінің APRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен территорияда шашырап жатқандығына және олардың бір-бірімен қосылу өрнектерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен сау желілердің өзара байланысты жылдам қайта құрылып қалыптағы жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол - желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік нүктелері  өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі оның  құрамындағы көптеген компьютерлер  нақты BBS тәрізді жұмыс істейді.  Мұның өзі INTERNET-ке қосылу деген  – басөа жерлерде тұрған мыңдаған  компьютерлік жүйелермен байланысу  деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университет мәлімет қоймаларындағы, жергілікті ресурс көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін және т.б. цифралық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.

INTERNET желісі сипаттау үшін оны  телефон жүйесімен салыстыру  қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы  болмайтыны сияқты INTERNET компаниясы да тек біреу емес. Дүние жүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім  ие емес: бұл жүйе өзара байланыс арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүние жүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, "телефон жүйесі" қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнын – кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. INTERNET желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

INTERNET-ті пайдаланудың нақты  себептері өте көп. Мысалы, сіздің  Бурабайға барып дем алғыңыз  келіп отыр, сол жердегі аквалангпен  жүзуге ыңғайлы орын туралы  білгіңіз келеді дейік.

   Олай болса, "scuba" (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу  керек, мүмкін сонда демалған  біреу мәлімет берген болар,  әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп  күтіңіз. Біреу сізге жауап  беріп қалар.

   Әлде әр түрлі заттар  жинайтын коллекционермен танысқыңыз келе ме, жоқ әлде торт жасау рецептерін іздейсіз бе? ІВМ суперкомпьютерімен шахмат ойнауға қандайсыз? Периодты әдебиет жөніндегі анықтамалықты қарап, Ресей журналдарын оқуыңызға болады.

   INTERNET-тің бар мүмкіндігін, онда  жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер түсіп жатады.

   INTERNET-пен байланысқан провайдер  компаниясы деп аталатын мекемелер  әрбір компьютерді INTERNET-ке қосып  бере алады. Желіге қосылудың  бірнеше түрі бар, олар:

тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;

қосылып тұратын тікелей  байланыстар;

почталық  байланыстар.

   Бұл атаулар әзірге түсініксіз  шығар, енді олардың ерекшеліктерін  қарастырайық.

Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс –  мұнда жеке компьютер тікелей  ТСР/ІР желісіне қосылған түрде болады, бұл INTERNET-тің бір шеткі бөлігі, яғни жеке компьютер мекемедегі желімен тұрақты байланыстағы негізгі компьютермен жалғасып тұр. Мұндай байланыс белгіленген немесе тұрақты тікелей байланыс түрі деп аталады.

Белгіленген немесе тұрақты байланыс тек ірі компаниялар мен корпорацияларда болады. Провайдер-компания осындай мекемеде маршрутизатор орнатып, маршрутизаторды INTERNET-ке қызмет ететін компьютермен (хост-компьютер) қосатын телефон каналын жалдап алады. Телефон каналы мен INTERNET арасындағы байланыс тұрақты сақталады, сондықтан провайдер-компанияның компьютерімен байланысуға телефон шолу қажет емес, жалпы желіге әрбір адам өз компьютерімен кіреді де, қалаған жеріне INTERNET арқылы мәлімет жібере береді.

Қосылып тұратын тікелей  байланыс көбінесе SLIP, CSLIP немесе PPP деп аталады. Ал XRemote деп аталатын байланыс түрпееі сирек кездеседі, бұл да ТСР/ІР секілді, бірақ телефон каналын тұрақты  пайдалануға негізделген, ыңғайлылығы жағынан бұл түр тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстан кейінгі орында тұр.     
    Тұрақты қосылып тұрмайтын байланыс қымбаттылығына қарай әр компьютерге қойылмайды да, оның орнына SLIP (арзан болғандықтан)

қолданылып  келеді. Ол желіге телефон арқылы қосылатындықтан, модем мен бір телефон нөмірі қажет болады. Солар арқылы хост-компьютермен байланыс орнатылған соң, SLIP пен қосылып тұрмайтын байланыс аралығында (жылдамдығынан басқа) ешбір өзгеріс жоқ.   

    Почталық байланыс.  INTERNET-пен косыла  алатын бірнеше почталық

байланыс  түрлері бар. Провайдері CompuServe America Online болып

келген  компьютерлер бірден Internet-пен почталық байланысқа кіре алады.

Олар  өз почтасын Internet-ке беріп,одан да бірден хат-хабар ала береді. CompuServe жүйесінде  почта адресі  алдына Internet деп  жазып қойылады. Бұл ортада әр түрлі тақырыптардағы дискуссияларға қатысу үшін  LISTSERV  жүйесін пайдаланған абзал. Осы  секілді почталық байланыстар желілік шлюздер (network gateways)  деп аталады, олар Internet желісімен шектеулі  тәсілдер арқылы байланысады.

                         

 2. Internet ұғымы

2.1 INTERNET-пен байланысу

 

Internet кез келген компьютерді  жер шарында орналасқан басқа  жұмыс станциясымен, яғни телефон  арнасына қосылған басқа компьютермен  жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік  желі. Оны дүниедегі ең үлкен  ауқымды желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компьютер бір-бірімен tcp/ip хаттама ережелермен мәлімет алмайды, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық Телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкіснің жекеменшігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

Интернет ақпарат магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл көруге болады. Ол үшін Интернеттегі жүйоенің нөмерін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажетті материалға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз, NASA құжаттарын да, айта берсек, соңғы оқиғалар көрсететіндей, ЦРУ құпия архивтерінде оқуыңызға болады екен. Интернет жемісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз  телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісім арқылы ортақ пайдалануға арналған. Дүниежүзіндей ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүесі» қалай пайдалынатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабель құнынкімдер, қалай бөлісіп көрсететінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселдерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.

Интернетпен байланысқан провайдер  компаниясы деп аталатын мекемлер әрбір  компьютерді Интернетке қосып бере алады. Желіге қосылудың бірнеше  түрі бар, олар:

қосылып тұратын тікелей байланыстар;

тұрақты қосылып тұрмайтын байланыстар;

почталық байланыстар.

Бізге кенеттен бір файл керек болып  қалды делік және оның қай жерде  екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

   Мұндай мақсат үшін файлды  тасымалдау протоколы деп аталатын  жүйе қолданылады (File Transfer protocol - FTP). Практикада FTP не ftp термині жиі  ұшырасады. Каталогта немесе почталық  хабарда "файлды алу үшін компьютерге ftp жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FTP жүйесі қолданылатынын білдіреді. FTP арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген жан одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бұл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын және/немесе паролін білу қажет болады.

   FTP-серверінің мәліметтерімен қатынас  жасау үшін әркім стандартты  кіру сұхбатын орындауы керек.  Оның бір мысалы мынадай болуы мүмкін:

   Open ftp.relcom.su nameid password – FTP-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:

Open FTP-сервермен  қатынас жасауды сұрау;

   ftp.relcom.su – FTP-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты немесе anonimous;

password – сұраушы адамның паролі немесе  оның почталық адресі;

Парольді  немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:

Help – сервер командалары туралы анықтама беру;

quit –  сеансты аяқтау.

Пароль  мен атау дұрыс болса, қатынасу құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:

cd  каталог аты – каталогты ауыстыру;

cd .. –  жоғарғы деңгейдегі каталогқа  көшу;

get –  файл аты - FTP-серверден файл алу;

binary –  екілік файлдарды жіберу/алу режимінеауыму

dir –  ағымдағы каталог файлдары тізімдерін  беру.

FTP-сервермен  байланысу сеансында пайдалануға  болатын командалар тізімінен  HELP командасы арқылы алуға болады.

FTP-серверден  файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынынан мысал келтірейік.

Cd pub/ - барлық FTP-серверін пайдаланушыларға  ашық PUB каталогын пайдалану;

Dir – сол каталог файлдары тізімін алу;

get 0index.txt - FTP-серверден аты көрсетілген  тексттік файлды алу;

binary – екілік файлдарды өңдеуге көшу;

get far 140b.zip - FTP-серверден екілік файл  алу;

quit - FTP-серверден  ажырау.

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені  көрініп тұр. Ал егер әртүрлі каталогтардан  файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.

Netscape Navigator және Internet Explorer тәрізді ыңғайлы  графикалық интерфейсі бар браузерлердің  шығуына байланысты әрбір адамның жұмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тіркелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Microsoft Internet Explorer 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FTP-сервермен  ftp://ftp.relcom.ru қатынас жасау сеансын талқылап шығайық.

Броузерді іске қосу үшін жұмыс столынан немесе есептер панелінен Internet Explorer пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын 2 рет сырт еткізу керек.

Бұл мысал Internet Explorer жұмысын Windows 95ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекеттері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады.

Internet Explorer-ді іске қосар алдында  желімен алыстан қатынас жасау  программасы іске кіріседі, ол  провайдер серверімен сіздің  компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда 3 терезеге мәліметтер енгізілуі  тиіс.

Сіздің  желідегі аты-жөніңіз және пароль, оған қоса пров   айдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады.

Информация о работе Internet Exploler