Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 23:13, курсовая работа

Описание

Барлығымыз пенде болғандықтан әрқашанда өзіміз сияқтылармен ара¬ласу тәсілдерін іздестіреміз. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, пла¬нетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыс¬тыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады.

Работа состоит из  1 файл

Курстық жұмыс информатика.doc

— 3.10 Мб (Скачать документ)


Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау

Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультеті

Информатика пәнінен «Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау» тақырыбы бойынша курстық жұмыс

Орындаған:Оспан Әсел

ИС 2-топ

Тексерген: Бөрібаев Б.Б

Алматы 2009

КІРІСПЕ

 

Барлығымыз пенде болғандықтан әрқашанда өзіміз сияқтылармен араласу тәсілдерін іздестіреміз. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, планетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыстыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады. Бірақ адам жаңалыққа тез үйренеді ғой, қазір де INTERNET жалпыға бірдей информациялық қор тәрізді ертектегі "хашдалардан" күнделікті "күніңізге" айналып барады. Оның қүрамында миллиондаған компыотерлер, компьютер терминалдары және қарапайым пайдаланушы адамдар бар. Кейбір есептер бойынша екі миллиондай компьютермен 30 миллионға жуық адам жұмыс істеп жатыр. INTERNET желісіне күніне 1000 компьютер қосылады екен.ІSОС (Іnternet Society-Іnternet қоғамдастығы) президентінің жақында INTERNET желісін пайдаланушылар саны бір милиардқа жетеді деуі де бекер емес шығар. Мүнда таңданарлық ешнәрсе жоқ. Сол себепті INTERNET бізге "даналық көзі" болып көрінсе де, оның өзін қалай пайдалатынымызды білген артық болмайды.

Internet (бас әріппен жазылса)кез келген компъютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компыотерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, қашықтан телеконференцияларға қатынасу жүмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.

“Рамблер” орыс тіліндегі әлемдік аудиториялық Интернеттің көшбасшыларының бірі Rambler.ru сервері - бұл 1996 жылы Пущино қаласында құрылған алғашқы орыс тіліндегі Интернет желісінің Іздеу жүйесі.

  

  1. ІNTERNET ЖЕЛІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ДҮНИЕГЕ КЕЛУІ

 

ІNTERNET желісінің алғашқы дүниеге келтіруге себеп болған 70 жылдар басыңда АҚШ қорғаныс министірлігінің АРRANET компьютерлік жүйесі болып саналады, онда соғыс жағдайында байланыс желілерінің жұмысы зерттелген еді. Желі нүктелерінің үлкен аумақта шашырап жатқандығына және олардың бір - бірімен қосылу желілерінің күрделілігіне байланысты оның аздаған бөліктері бұзылғанмен, сау желілердің өзара байланысы жылдам қайта құрылып, қалыпты жағдайына келе алатыны айқындалды.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес, ол желілердң желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір - бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.

Оның қарапайым желілік  нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, коммерциялық фирмаларда, жергілікті кітапхана жүйелерінде, тіпті мектептерде де орналасқан.

INTERNET-тің бір ерекшелігі  оның құрамындағы көптеген компьютерлер нақты BBS тәрізді жұмыс істейді (шындығында, INTERNET компьютерлерінің көпшілігі ВВS сияқты істемейді, бірақ әркім одан файлдар алып, мәліметтер базасын пайдаланып, яғни оның ішкі мәліметтерін пайдалануға мұрсат алады). INTERNET-ке қосылу дегеніміз басқа жерлерде тұрған 1000 - даған компьютерлік жүйелермен байланысу деген сөз. Желідегі компьютерлерден өкімет архивіндегі, университеттің мәлімет базаларындағы, жергілікті қорлардағы көлеміндегі, кітапхана каталогтарындағы құжаттық мәліметтерді, суреттерді, дыбыс клиптерін, бейнелерді және т.б. цифрлық түрге айнала алатын барлық информацияны ала аласыз.

 

  1. Компьютерді желімен жұмыс істеуге даярлау.

 

Интернет желісімен  жүмыс істеу үшін компьютер, модем, телефон арнасы, осыларды байланыстыру ісін аткаратын программалық жасақ  қажет және белгілі бір провайдермен байланысу керек. Интернетпен жүмыс істеуге мүмкіндік беретін компьютердің ең кіші (шгаималды) параметрлері мынадай болады:

Windows 95 операциялық жүйесі (желі жұмысына Windows 98 ыңғайлырақ);

486/66 МГц DХ процессоры немесе одан жоғарғы модельдердің бірі;

компьютердің жедел жады (RАМ) көлемі - 8 Мб немесе одан жоғары;

қатты магниттас диск (HDD) көлемі - 500 Мб немесе одан жоғары;

модемді қосуға арналган СОМ РORТ болуы тиіс;

SVGА мониторы;

модем (модулятор-демодулятор);

тышқан тетігі,

Қазіргі кездегі желімен  жұмыс істейтін ең кең тараған компьютер құрамы:

Pentium 2 /350 МГц немесе АМD К6-2 /350 МГц;

RАМ көлемі — 64 Мб;

HDD көлемі - 5000 Мб;

LG не Samsung фирмаларының SVGA мониторы;

дыбыстық карта мен акустикалық жуйе;

UR Robotics модемі, мәлімет алмасу жылдамдығы 33,6 Кбит/сек.

Модем дегеніміз — провайдер торабымен дербес компьютердің байланысын қамтамасыз ететін арнайы құрылғы. Модемнің негізгі сипаттамасы болып ол аркылы бір секундтагы тасымалданатын биттер санымен өлшенетін оның мәліметтерді қабылдау/жөнелту жылдамды-ғы (бит/с немесе кбит/с - b/s, kb/s) саналады. Модемнің жылдамдығы жоғары болған сайын оның бағасы да өсіп отырады. Модемдер орналасуларына қарай ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. Ішкі модемдер арзанырақ болады, оларды сатып алу кезінде провайдерлермен ақылдасқан абзал. Бірақ Алматыда көптеген провайдерлер 50 кбит/с-тан жоғары жылдамдықты қамтамасыз ете алмайды, оның үстіне біздегі телефон желілері де әлсіз келеді, сондықтан жылдамдығы 56 кбит/с модем алудың қажеті шамалы.

 

 

  1. Internet-пен қатынас Құру

 

Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белгілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жүмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерімізге қалай әкелу жолын қарастырайық.

Мүндай мақсат үшін файлды жеткізу хаттамасы деп аталатын жүйе қолданылады (File Тransfer Ргоtосоl — FТР). Практикада FТР не ftp термині жиі ұшырасады. Каталогта немесе почталық хабарда "файлды алу үшін компьютерге оны жеткізу" деген сөздер кездесуі мүмкін. Ол осы файлды алу үшін FТР жүйесі қолданылатынын білдіреді. FТР арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FТР-сервер деп аталады. Көптеген FТР-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез келген адам одан администратор рұхсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. Бүл тәсіл анонимдік ftp деп аталады, өйткені мәлімет алу үшін ешкім өз атын айтпайды, белгісіз (аноним) болып қала береді. Көбінесе пароль ретінде әркім өз почталық адресін енгізеді. Ал кей кезде мәліметті пайдалану үшін (кіру үшін) кіру атауын және паролін (разкшогй) білу қажет болады.

FТР-серверінің мәліметтерімен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұқбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болуы ықтимал:

ореn ftp.relcom.su nameid passworol — FТР-серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мүндағы:

ореn FТР-сервермен қатынас  құру сұранысы;

ftp.relcom.rsu — FТР-серверінің қажетті информациямен толықтырылған аты;

nomeid — пайдаланушының кіру аты немесе аnоnіmоus;

раsword — сүраушы адамның паролі немесе оның почталық (Е-mаіl) адресі;

Парольді немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FТР-сервер тек  шектеулі командалар жиынын орындай  алады, атап айтқанда:

ореn

hеlр — сервер командалары бойынша анықтама беру;

quit — сеансты аяқтау.

Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру қүқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың қүрамына мыналар кіреді:

сd каталог_аты — каталогты  ауыстыру;

сd.. — жоғарғы деңгейдегі каталогқа қайту;

gеt файл_аты — FТР-серверден файл алу;

 

binary — екілік файлдарды жіберу/алу режиміне ауысу (типтері ехе, соm, аrj, rаr, tаr, zір және т. б.)

dir — ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.

FТР-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын НЕLР командасы арқылы алуға болады.

FТР-серверден файлдар алу кезіндегі әдеттегі командалар жиынтығынан мысал келтірейік.

сd рub/ — барлық FТР- серверін пайдаланушыларға ашық РUB каталоган (директориын) пайдалану;

dir — сол каталог файлдары тізімін беру;

get Оіndех.txt: — FТР-серверден аты көрсетілген мәтіндік файлды алу;

bіnаrу — екілік файлдарды өндеуге өту;

get FТР 140b.ziр — FТР-серверден екілік файл алу;

quit — FТР-серверден ажырау (байланысты үзу).

Осы мысалдан командалық интерфейстің қолайсыз екені көрініп  түр. Ал егер әртүрлі каталогтардан  файлдар алу керек болса және олар ішкі деңгейлерде орналасса, олардың аттары да ұзақ 256 символға дейін созылса, бір сеанстағы жұмыс өнімділігінің онша болмайтынына көз жеткіземіз.

Netscape Navigator және Іnternet Ехрlоrеr тәрізді ыңғайлы графикалық интерфейсі бар браузерлердің шығуына байланысты әрбір адамның жүмысы керек кезінде "тышқан" тетігінің батырмасын басуға ғана тірелгенін айтуға болады.

Мысал ретінде Місrosoft Іnternet Ехрlоrеr 3.01 программасын пайдалану кезіндегі FТР-сервермен ftр:/ftp.rе1kom.ru қатынас қүру сеансын талқьшап шығайық.

Браузерді іске қосу үшін жүмыс столынан немесе есептер тақтасынан Іnternet Ехрlоrеr пиктограммасын табу қажет, соған курсорды алып барып, тышқанның негізгі батырмасын екі рет шерту керек.

Бұл мысалы Internet Ехрlоrеr жұмысын Windows 95 ортасында көрсетеді, сондықтан оның іс әрекетгері осы операциялық жүйеге сәйкес баяндалады Windows З. х ортасында жүйенің хабарлары мен терезе бейнелері басқаша болады, бірақ негізгі жүмыс кезендері мен орындалатын әрекеттер бірдей.

Іnternet Ехрlоrеr - ді іске қосар алдында желімен алыстан қатынас құру программасы іске кіріседі, ол провайдер серверімен сіздің компьютеріңізді байланыстырады.

Мұндайда үш терезеге мәліметтер енгізілуі тиіс .

Сіздің желідегі аты-жөніңіз және пароль (бұлар сізге провайдер-компания арқылы Іnternet-ке қосылып тізімге тіркелген кезде бекітіледі), оған қоса провайдер серверімен байланыстыратын олардың телефон нөмірі. Сіздің сеанс алдындағы ең соңғы әрекетіңіз "Байланыс орнату" (Установить связь) батырмасын басу болып табылады.

Осы сәттерде сіздің экраныңызға алыстағы компьютермен қатынас қүрған программаның бірнеше терезелері шығады (1-сурет). Сеанс кезінде кез келген сәтте "Болдырмау" (Отмена) батырмасын басу арқылы байланысты үзуге болады.

 

1-сурет. Алыстан қатынас жасау программасының терезесі 

 

Жүйелік хабарлар терезелері барлық әрекеттерді дұрыс орындаса, экранға Іntеrnet Ехрlоrеr терезесі шығады. Одан әрі жүмыс істеу барысында сізге аспаптар тақтасында бірнеше батырмалар мен меню жолдарын пайдалану керек болады. Соларды қарастырып өтейік. Батырмалар астындағы жазулар олардың қызметін көрсетеді, бірақ қай кезде оларды басу керектігі онша түсінікті бола бермейді. Ал, сеанс кезінде оқып үйрену оңай емес, өйткені желідегі байланыс орнатылған сәттен бастап, ол біткенше уақытқа ақы төленеді.

Алдымен "Адрес" өрісін қарастырайық, бұл өрісте ҒТР адресі былай теріледі: Qр://Qр.rе1cot.ru.

Адрес терілген соң, "Еntег" пернесі басылады. Осы сәттен бастап сеанс соңына дейін пернелер қажет болмайды, өйткені барлық әрекеттер тышканмен орындалады.

Адрес енгізілген сәттен бастап, Іnternet терезесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы жер шарының бейнесі көрсетілген сурет қозғалып айнала бастайды. Қозғалып тұрған сурет бейнесінің Іnternet Ехрlогег эмблемасына айналуы FТР- сервермен байланыстың толық орнатьлып, тікелей қатынас басталғанын мәлімдейді. 

  1.  RAMBLER.RU СЕРВЕРІ ЖАЙЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ


“Рамблер”бұл 1996 жылы Пущино қаласында құрылған алғашқы орыс тіліндегі Интернет желісінің Іздеу жүйесі. Уақыт өте келе,іздеу жүйесін, пошталық және локальдық қалалық байланыстардың басқа сервистерін қосқаннан кейін “Рамблер” орыс тіліндегі әлемдік аудиториялық Интернеттің көшбасшыларының бірі болды.

“Рамблер” бүгін–бұл ашық портал,іздеу жүйесінің мінсіз үйлесімділігі және Интернеттегі дәстүрлі көкжиектік іздеуді өзіне біріктірген (Баға, Жаңалықтар, Вакансиялар, Афиша, Википедия, Авто және т.б) сервер. Әрқашан жаңалық жолақтары жаңарып тұрады және сервистердің өте ауқымды түрлері, яғни аудио және видео, фото және  ашық хат , танысу және хабарлама, сату және финанс, саяхат және спорт, сондай-ақ ашық араласу мүмкіншілігі –пошта және ICQ.

Информация о работе Интернет желісі. Rambler.ru серверінде ақпарат іздеуді ұйымдастыру тәсілдерін талдау