Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Июня 2013 в 23:13, курсовая работа
Барлығымыз пенде болғандықтан әрқашанда өзіміз сияқтылармен ара¬ласу тәсілдерін іздестіреміз. Соңғы кездегі INTERNET желісінің күрт дамып кетуі (қазіргі кезде 18000 әртүрлі желілерді біріктіріп, күнбе-күн жаңаларымен толықтыруда) қашықтық ұғымын жоққа шығарып, пла¬нетамыздың кез келген нүктесін бір-бірімен бейнелі түрде байланыс¬тыруда. Информацияның көзді тартар ертеңі таң қалдырып, өзіңнің соны пайдалана алатының қуантады.
Рамблер мақсатына ресейліктердің Интернетке “кіру нүктесі” болу. Тағы да Іздеу, коммуникация,медиа және ойынның ең жақсы үйлесімділіктерін ойлап тауып , көптеген мөлшерлі тұтынушыларға қол жеткізу болып табылады (2-сурет).
2-сурет. Rambler серверінің бас беті.
1991 жылы Мәскеудегі Пущино қаласында коммуникациялық Интернет орталығына қызыққан біройластар тобы пайда болды. Творчестволық ,батыл,жаңа технологияға құштар және белсенді кісілер Д.Крюков, С.Лысаков, В.Воронков, В.Самойлов, Ю.Ершов дәл осы “Рамблер”-дің негізін қалаушылар болды.
С.Лысаков басқарған “Стек” компаниясы локальдық байланыспен және Интернетке қосылумен айналысты.“Стековшылар” өздері қала ішінде байланыс орнатты, Пущино қаласын Москвамен байланыстырды және сол арқылы әлемдік интернетке қосылды.Бұл Ресейдегі алғашқы IP-арнасы болды. 1992 жылы осы компания өзінің меншікті ftp - және mail - серверін жіберді. Екі жылдан кейін өзінің алғашқы www-серверін жіберді.
Программист Д.Крюков проектке ат қоюдан бастады.Ол үшін ағылшынша-орысша сөздікті ашады,сонда көзі Rambler сөзіне түседі. Дмитрийге “ел кезуші” сөзі ұнайды.1996 жылы күзде 26 қыркүйекте rambler.ru домені тіркелді, 8 қарашада “Стек” жүйені іске қосты.Осы кезден бастап “rambler” дамып, эволюцияланды.
1997 жылы Rambler’s Top 100 деген мінсіз рейтинг-классификатор пайда болды.Осындай мінсіз есептеуіштің пайда болуы ресейлік интернетте белсенді, динамикалық бәсекелестік ортаны құрды.Rambler’s Top 100 тезарада әмбебап байланыс барометріне, жалпы стандарттық медиаизмеренияға айналды.
2003 жылы маусым айында компания іздеу көлігінің жаңа версиясын жіберді.Rambler орыс тілін түсінеді, “б/у” , “у. е” және “а/я” не екенін біледі. Осы жылы “Rambler”-дің поштасы жаңарды.
2004 жылы қазанда Rambler Vision –ның жаңа жобасы жіберілді .Бұл Ресей интернетіндегі алғашқы интерактивті мультимедиялық портал.Осы жылдың жазында “Знакомства” жобасы пайда болды.
2004 жылы 26 қарашада Рамблер “Инновация рунета” және “Бесплатный сервис Рунета” номинациясының жеңімпазы аталды.
2005 жылы “Рамблер Медиа” тобы Ресейде ICQ –дің ресми өкілі болды.
2006 жылы желтоқсанда «Рамблер –медиа» және ICQ Inc. жаңа мамандандырылған Rambler –ICQ 5.1 жаңа версиясын ұсынды.
2007 жылы “Рамблер Медиа” “Бегун ” жарнамасының негізгі акционері болды.
2008 жылы “Рамблер” төрт белсенді бағытта –Іздеу, Коммуникация, Медиа, Ойын бағыттарында дамыды.
2008 жылы аудиторияның орташа айлық көрсеткіші 40 млн.нан асты.
2008 жылы мамырда “Рамблер” ICQ-мен жаңа серіктестік келісімге қол қойды.Мақсаты Rambler-ICQ да ICQ арқылы тегін хаттар жіберуді ұйымдастыру.
“Рамблер-Медиа” Google-мен стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойды.Мақсаты Google-дағы Іздеу және жарнамалық технологияларды Рамблер сервисінде қолдану.Сонда Рамблер Google–дің жарнамалық блоктарын Іздеу нәтижесінде көрсетіп отырады.
Қазіргі таңда “РамблерМедиа” - ның президенті Марк Опзумер.
Rambler-дегі ақпараттық - іздеу жүйесі – бұл www.rambler.ru ресурсын тұтынушыға жеткізетін бағдарламалық - аппараттық комплекс, және Интернет байланысындағы ақпарат іздеу қызметін қолдану мүмкіншілігі. Бұл сервис Интернет байланысында мына адрес бойынша орналастырылған: http:// www.rambler.ru.
Rambler HELP жобасы Рамблер жобасын тұтынушы қолданған кезінде пайда болатын сұрақтарына жауап беру үшін арналған. Қолданушыны қызықтырған кез-келген жобаның сипаттамасымен Rambler HELP-тың бас бетінде керекті мәліметті таңдау арқылы таныса аласыз.
Тұтынушыларға ыңғайлы болу үшін Rambler HELP ішінде терминдік сөздік бар. Ол жерде тұтынушы Интернеттегі өзіне түсініксіз термин сөздердің мағынасын таба алады.
Ассистент-бұл Рамблердің Internet Explorer және Mozilla FireFox браузерлеріне арналған тегін саймандар тақтасы және осыларды қолдану мүмкіншіліктерін мейлінше кеңейту жобасы. Ассистентке жататындар: саймандар тақтасынан іздеу және іздеу нәтижелерімен қосымша жұмыс істеу функциялары; жаңалықтар; курс валютасы; сіздің қалаңыздың ауа райы және жұлдызжорамал; жаңа достар табу; жаңа суреттер алу және т.б.
Вакансиялар. Рамблер: “вакансия іздеу “ арқылы Рамблерге кіргендер Ресейдің бүкіл қалаларынан жұмыс іздеуіне мүмкіншіліктері бар. Рамблер: “вакансия іздеу “ ірі,орта және шағын кадрлық агенттіктердің және Интернет порталдардың жұмыс жайлы ұсыныстарын көрсетеді. Бұндай жоба жұмыс іздеушінің уақытын үнемдейді және өз мамандығы бойынша көптеген жұмыстарды қарастыруына көмектеседі.
Пошта. Рамблердегі пошта қызметіне тіркелгеннен кейін сіз мөлшері 1000 мегабайтқа дейін жететін өзіңіздің дербес пошта жәшігіңізді аласыз. Осының көмегімен сіз кез-келген Интернетке қосылған компьютер арқылы электрондық поштаңызбен жұмыс істей аласыз. Ең бастысы сіз тіркеуді қажет ететін Рамблердің барлық ресурстарына кіре аласыз. Пошта адресі: mailsupport@rambler-co.ru.
Фото. Рамблер-фото – фотографиялармен алмасу үшін арналған интернет –бірлестік. Тұтынушыларға фотоальбом құруға және фотолар енгізу мүмкіншіліктерін беретін сервис. Бұл жерде фотоальбом жасау өте оңай және жылдам.
Rambler's Top100 –бұл Ресей Интернетінің ресурсындағы өте күшті рейтинг-классификатор. Желі қолданушылары Рамблер Топ 100-ді ең жақсы деген сайттардан әрдайым көреді. Бұл рейтинг Ресей байланысының орталығы. Бұл жай қолданушылармен қатар мықты мамандарға бүкіл ресейлік әмбебап киберкеңістіктің панорамасын ұсынады. Топ100 Ресей Интернетін қарапайым қолданушылармен ресурс басшыларына және жарнама берушілерге түсінікті әрі қарапайым болып келеді.
Топ100 интернет-жарнама кеңістігінде Байланыс кеңістігінің көшбасшысы. Осы сервисті құру үшін арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету ойлап табылды және оған қойылған талап нәтиженің тез және нақты болуы. Мақсаты вебмастер емес қолданушыларға өздерінің беттерінде неше болғанын тез әрі нақты көрсетіп береді. Аталмыш сервер көптеген параметрлерді тіркейді.
Рамблер компаниясы жаңартылған Rambler TOP 100 дің рейтинг-классификатор версиясын жіберді. Бағдарламалық қамтамасыз етудің сервисі енді 64-биттық AMD64 процессорымен екі “айналық” серверімен жұмыс істейді. Операциялық жүйе ретінде FreeBSD/amd64 қолданылады.
Rambler TOP100 әрдайым даму үстінде. ТОР 100 де тіркелген 500 мың сайттың 100 мыңы әрдайым жаңарып тұрады ,ал күн сайын ТОР 100 110млн. “хиттарды” тіркейді.(3-сурет)
3-сурет. Рамблер Топ 100–дің бас беті.
ICQ WAY SMS–бұл Rambler –ICQ бағдарламасынан ұялы телефондарға хат жолдау мүмкіншілігі және тікелей ICQ - ден жауап алу.
Егер ICQ - дан досыңызға хат жолдағыңыз келсе ,менюдегі диалогтық терезесіндегі “СМС–хат жолдау” пернесін басыңыз да, текстіңізді теріп, “Жолдау” пернесін басыңыз.
RAMBLER ICQ Рамблер сервисі мен ICQ арасында көптеген хаттамалармен алмасып отыруға болатын артықшылықтар жүйесінің орыс тіліндегі сервисі. Тұтынушылар бір-біріне хаттамалар жолдай алады және қарапайым хаттамаларды қабылдай отырып, ашық флеш - роликтер арқылы бір-бірімен араласып, дыбыстық және видео байланыстарды қолдана алады. Іздеу арқылы сіз ірқашан да жаңа достар таба аласыз.
Тағы бір мүмкіншілігі Rambler ICQ арқылы Интернетте отырғандар достарымен түрлі ойын ойнай алады. Ойын түрлері: Аркадный, Карточный, Логический (5-сурет), Камень судьбы (4-сурет), Шахматная планета (6-сурет), Чудо шарики (7-сурет), Бегалки және т.б.
4-сурет 5-сурет 6-сурет 7-
Компьютер немесе техниканың басқа түрін таңдау оңай жұмыс емес. Әдетте техника дүкеніндегі сатушылар әр модель бір-бірінен қалай ажыратылатынын білмейді , және керекті кеңес бере алмайды. Сондықтан ақшасын сапалы техникаға жұмсағысы келген адам ақпарат іздейді. Ол әрине біріншіден Интернетке кіреді. Арнайы осындай ақылды тұтынушылар үшін Рамблер әр түрлі гаджеттер, ноутбуктерден бастап фотоаппаратқа немесе ұялы телефонға дейін таңдауға болатын бірнеше бағдарламалар ұйымдастырды. Осы бағдарлама тұтынушыларға дұрыс таңдау жасауына көмектеседі. Бұл бағдарлама әр техниканы сипаттап, атқаратын функцияларына шейін көрсетеді.
Мынаған назар аударайық, FERRA.RU сервері(8-сурет) компьютерлерді немесе басқа да техника түрлерін сатумен немесе осы техникаларды шығаратын фирмаларды жарнамалаумен айналыспайды.
Жалпы сұрақтар үшін–info@ferra.ru
Пресс-релиздер үшін–news@ferra.ru
Жаңа авторлар үшін–author@ferra.ru
Статья ішінде жіберілген қателерді хабарлау үшін–errors@ferra.ru
Техникалық проблемаларды хабарлау үшін–bugs@ferra.ru
сайттарына кіру керек. Бас редакторы Михайл Панюшкиннің адресі mp@ferra.ru .
8-сурет. Ferra.ru сайтының бас беті.
Internet (бас әріппен жазылса) - кез келген компъютерді жер шарында орналасқан басқа жұмыс станциясымен, яғни телефон арнасына қосылған басқа компьютермен жылдам байланыстыратын Дүниежүзілік Желі. Оны дүниедегі ең үлкен ауқымды (глобальный) желі деп атайды. Осылай телефон арнасы арқылы байланыса алатын компыотерлер бір-бірімен ТСР/ІР хаттама (протокол) ережелерімен мәлімет алмасады, оларды бір нұсқада, яғни бір тілде «сөйлейді» деп айтса да болады. Дүниежүзілік Халықаралық телефон желісі сияқты оны ешкім басқармайды, ол ешкімнің жеке меншігі емес. Міне, осы Интернет желісі көмегімен электрондық почта арқылы хабар алып (беріп), басқа компьютерлердегі ақпаратты көріп, кашықтан телеконференцияларға катынасу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар.
ТСР/ІР—Интернет желісіне қосылған компьютерлер арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін мәліметтерді бір жүйеге келтіру ережелері немесе оларды құрастыру хаттамасы.
ІР (Internet Ргоtосоl)—мәліметтерді оны алушының адресі көрсетілген шағын тақырыптары бар бірнеше бөліктерге немесе дестелерге бөлетін желіаралық хаттама.
ТСР (Transmisson Control Protocol)—мәліметті жөнелту ісін басқаратын хаттама, ол желідегі ақпарат дестелерін дұрыс жеткізу үшін жауапты болып саналады.
Rambler.ru 1996 жылы Пущино қаласында құрылған алғашқы орыс тіліндегі Интернет желісінің Іздеу жүйесі. Рамблер әлемдік аудиториялық Интернеттің көшбасшыларының бірі болды.
Рамблердің бірнеше сервистары бар. Олар : Rambler HELP, Rambler TOP100, Rambler Ferra және Rambler mail.
Rambler HELP жобасы тұтынушы Рамблер сервисін қолданған кезінде түсінбеген жайттарына жауап беру үшін арналған.
Rambler Ferra жобасы тұтынушыларға дұрыс техникалық құрал таңдауына көмектеседі.
Rambler mail жобасы тұтынушылар бір-біріне хат жолдау үшін немесе хат қабылдау үшін арналған және бұл жерде олар өздеріне жаңа достар таба алады.
Мазмұны
Оспан Әсел ИС 2-топ