Компьютерлік желілер

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Февраля 2013 в 19:35, реферат

Описание

Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
- Желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
- Олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
- Желі тұтынушыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.

Содержание

Кіріспе бөлім...............................................................................................
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Компьютерлік желі ұғымы
2.1.1. Компьютерлік желілердің жіктелуі
2.2. Компьютерлік желілердің түрлері
2.2.1. Жергілікті және аймақтық-таратылған желілер
2.3. Негізгі желілік топологиялар
2.4. Желілік техникалық құралдар
2.5. Желілік программалық құралдар
2.6. Клиент-сервер технологиясы
2.7.Желілік технологиялар
2.8. Желілік принтерлер
2.9. Мәліметтер базасы
2.10. Компьютерлік желі жабдықтарының типтік құрамы
2.10.1. Желілік адаптер
ІІІ. Қорытынды
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

БОТА РЕФЕРАТ.docx

— 49.88 Кб (Скачать документ)
  • тасымалданған деректердің барынша көп мөлшерлі сегменті;
  • тасымалданғандығы туралы мақұлдауды есептемегендегі деректердің көлемі;
  • деректер сегменті тасымал арасындағы аралық;
  • мақұлдауды таратуды қажет ететіні аралық;
  • кез келген плата толмай-ақ қабыл ала алатын деректердің көлемі;
  • деректерді тасмалдау жылдамдығы.

2.10.2.Қайталағыштар

Қайталағыштар (repeater) – коммуникациялық құрылғылардың қарапайымы, желінің жалпы ұзындығын арттыру мақсатымен жергілікті желідегі кабельдің әр түрлі сегменттерін физикалық қосу үшін қолданылады. Желінің бір сегментінен оның басқа сегменттеріне келетін қайталағыш, қуаттылықтарды және сигналдардыңелінің бір сегментінен оның басқа сегменттеріне келетін қайталағыш, қуаттылықтарды және сигналдардың амплитудаларын қалпына келтіре отырып және т.б. сигналдарды тапсырады. Қайталағыштар OSI эталондық үлгісінің физикалық деңгейінде жұмыс істейді.

Репитер конструктивті түрде  өз қоректену блогымен бөлек конструкция  түрінде немесе компьютердің аналық платасының кеңейту слотына қондырылатын плата түрінде орындалуы мүмкін.

Бөлек конструкция түріндегі  репитер қымбатырақ тұрады, бірақ  ол жіңішке де, жуан да кабельде орыналған  Ethernet сегменттерін қосу үшін қолданылуы мүмкін, өйткені ол коаксиалды ажыратқышты, трансиверлі кабельді қосуға арналған ажыратқышты қамтиды.

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды  бөлім

Екі немесе одан да көп компьютерлерді физикалық түрде бір-біріне қосқанда компьютерлік желі пайда болады. Жалпы  жағдайда, компьютерлік желілерді құру үшін компьтерлік арнайы аппараттық қамсыздандыру (желілік құрылғылар) және арнайы бағдарламалық қамсыздандыру (желілік бағдарламалық құралдар) қажет. Мәліметтермен алмасу үшін екі  компьютердің қарапайым түрде қосылуы  керек. Windows операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютердің тікелей қосылуы арнайы аппараттық немесе арнайы бағдарламалық қамсыздандыруды қажет етпейді. Бұл жағдайда аппараттық құрылғылар ретінде стандартты кіру/шығу порттары (тізбекті және параллель), ал бағдарламалық қамсыздандыру ретінде операциялық жүйенің құрамындағы стандартты құрал пайдаланылады Қосу – Бағдарлама – Стандарт – Байланыс – Тікелей кабельдік қатынас.

Компьютерлік желілерді  құруда ең негізгі мәселелердің бірі – құралдардың электрлік және механикалық сипаттамалары жағынан  сәйкес, ақпараттық қамсыздандыруды (бағдарламалар  мен мәліметтерді) кодтау жүйесі және мәліметтер форматтарф жағынан сәйкестікті  қамсыздандыру болып табылады. Осы  мәселенің шешілуі стандарттау  аймағына жатады және OSI моделі негізінде орнатылған (ашық жүйелердің өзара қарым-қатынасының моделі - Model of Open System Intercon-nections). Ол ISO халықаралық стандарттау институтының техникалық ұсыныстары негізінде құрылған (International Standards Organization).

ISO/OSI моделі бойынша компьютерлік желілердің архитектурасын әр түрлі дейгейлерде қарастыру қажет (деңгейлердің жалпы саны жетіге дейін). Ең жоғары жеңгей – қолданбалы. Осы деңгейде пайдаланушы есептеуіш жүйемен қарым-қатынас жасайды. Ең төменгі деңгей – физикалық деңгей. Ол құрылғылар арасында сигналдармен алмасуды қамтамасыз етеді. Байланыс жүйелерінде мәліметтермен алмасу олардың жоғарғы деңгейден төменгі деңгейіне қозғалып, тасымалданады, содан кейін төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге қозғалу нәтижесінде клиент компьютерінде қайта шақыру арқылы бейнелеу жүреді.

Компьютерлік желінің  мүмкін болатын әр деңгейлеріндегі  керекті сәйкестіктәі қамтамасыз ету  үшін, протокол деп аталатын арнайы стандарттар жұмыс істейді. Олар желі компоненттерінің аппараттық қарым-қатынастарының сипаттамасын (аппараттық протоколдар) және бағдарламалар мен мәліметтер қарым-қатынастарының сипаттамасын (бағдарламалық протоколдар) анықтайды. Физикалық түрде протокол қолдауының іс-әрекеттерін аппараттық құрылғылар (интерфейстер) және бағдарламалық құралдар (протоколды қолдау бағдарламалары) орындайды. Протокол қолдауын орындайтын бағдарламалар протоколдар деп аталады.

Сонымен, мысалы егер екі  компьютер өзара тікелей қосылса, онда төменгі (физикалық) деңгейде олардың  қарым-қатынасының протоколын физикалық  порттардың (тізбекті және параллель) нақты құрылғысы және механикалық  бөлшектер (кабель, қосқыштар, т.б.) анықтайды. Ал жоғары деңгейде компьютерлердің  өзара қатынастарын, порттар арқылы мәліметтер тасымалдауын басқаратын бағдарламалық  құралдар анықтайды. Стандартты порттар  ұшін олар кіру/шығу базалық жүйесіне (BIOS) орналасады. Ең жоғарғы дейңгейде қарым-қатынас протоколын операциялық жүйенің қосымшалары қамтамасыз етеді. Мысалы, Windows 98 үшін бұл «тікелей кабельді қосу» стандартты бағдарлама болып саналады.

Қолданылатын протоколдар  бойынша компьютерлік желілер жергілікті (LAN Local Area Network) және ауқымды (WAN – Wide Area Network) деп бқлінеді. Жергілікті желі компьютерде көбінесе барлық қолданушы, бір протокол комплекті қолданады. Ай мақты (территориялық) белгі бойынша жергілікті желілер кішкентайлығымен ерекшеленеді. Олар үйдің, бір бөлменің, қабаттың, ығысқан түрде орналасқан үйлердің компьютерлерін байланыстыра алады. Ауқымды желілерде кеңейтілген географиялық өлшемдер қолданылады. Олар жеке компьютерлерді және әр түрлі протоколдарды қолданатын жеке жергілікті желілерді байланыстыра алады.

Барлық компьютерлік желілердің міндеті екі іс-әрекетпен анықталады, атап айтсақ:

    • желінің аппараттық және бағдарламалық ресурстарының ортақ қолданылуын қамтамасыз ету;
    • мәліметтер ресурсын ортақ қолдану мүмкіндігін қамтамасыз ету.

 

 

  

 

 

 

 

 

ІҮ. Пайдаланылған  әдебиеттер тізімі:

  1. Ақпараттану пәні бойынша барлық технологиялық мамандықтары үшін ОӘК, Алматы, 2004.
  2. Е. Қ. Балапанов, Б. Б. Бөрібаев, А. Б. Дәулетқұлов. Жаңа информациялық технологиялар: информатикадан 30 сабақ.
  3. В. Яворский, Ә. Смағұлова, А. Әміров. Компьютерлік  желілер
  4. Б. Бөрібаев. Информатика және компьютер. Алматы, Білім, 1995.
  5. Биядилов Н. Б. Информатика негізі және ЭВМ. Алматы, 2001
  6. Винницкая М. А. Информатика, информационные технологии и системы. Алматы, 2002.
  7. Т. Б. Нұрпейісов, С. К. Баймухамедова, А. Ж. Молдақалықова. Компьютерлік технологиялар және бағдарламалау. Алматы, ҚазҰТУ, 2003.
  8. В. З. Аладьев и др. Основы информатики. – Москва, 1999
  9. С. Симонович и др. Специальная информатика. – Москва, АСТпресс, 1999

Информация о работе Компьютерлік желілер