Linux операциялық жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 15:33, реферат

Описание

Бүгінгі барлық операциялық жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.
OS Linux-тің болашағы жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Содержание

Кіріспе 2
Linux операциялық жүйесімен танысу 3
Linux операциялық жүйенің негізгі қасиеттері 3
Linux-тің таралуы 5
Жүйе дистрибутивтері 6
Linux жүйесі 7
Көпқолданбалы операциялық жүйе 9
Көптапсырмалы операциялық жүйе 9
Операциялық жүйедегі басқарылатын объектілер 10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 12

Работа состоит из  1 файл

linix.doc

— 87.00 Кб (Скачать документ)

ЖОСПАР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

   Linux операциялық жүйесі көптеген жерлерде, яғни ұжымдық мекемелер мен ғимараттарында оқуда тегін және өте қарапайым OS Unix альтернативінде кең таралды.

Бүгінгі барлық операциялық  жүйелердің жақсы қасиеттерін Linux  өзінде қамтып тұр. Оны OS/2 операциялық  жүйе сияқты жеңіл қондыруға болады. Оның графиктік интерфейсі WindowsXP-мен пара-пар және желінің жасалу мүмкіндігі WindowsNT-дан жоғары, ал көпқолданбалы жұмыс тәртібі Unix принципі арқылы жасалған.

OS Linux-тің болашағы  жоқ деп айтылуда. Бірақ бұл  операциялық жүйенің он бір жылдық тарихы бізге керісінше ойлануға кепілдік береді.

Бұл жұмыстың мақсаты Linux-тің  мүмкіндіктері мен жұмыс ережелерімен танысу болып табылады. Бөлімдерде операциялық жүйенің жалпы мағлұматтары және оны дербес компьютерде қондырудың процесі келтіріледі. Сонымен бірге операциялық жүйеде графиктік және мәтіндік режимдермен жұмыс істеуге болатыны көрсетіледі. Және де кейбір администраторлау мағлұматтары мен OS-тің жан-жақты қамтылуы беріледі.

Linux–те инструменттердің  жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP – серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

 

 

 

 

Linux операциялық жүйесімен танысу

 

Linux – Unix  операциялық  жүйесінің толық функционалды  нұсқасы. Бұл операциялық жүйеге,  Unix операциялық жүйесінің ең қуатты  мүмкіндіктері кіргізілген, және де Linux–ке Unix операциялық жүйесінің қазіргі кездегі қолданбалары қосылған. Бұл қолданбалар GNU тізбегімен таралып өзіне кәсіби деңгейдегі  қолданбаларды кіргізеді. Linux–те инструменттердің жинағы қамтамасыздандырылған, осы инструменттер арқылы, сіз өзіңіздің жеке қолданбаларыңызды, құжаттарыңызды, WEB парақтарыңызды, презентацияларыңызды, сызбаларды, ойындарды және де компьютерлік графиктерге дейінде қатынас құра аласыз. Интернетте Linux жүйесі персоналды компьютерлерде жұмыс жасайтындарға негізгі тірек болып табылады. Интернетте жүріп саяхаттаудан тыс, Linux операциялық жүйесі интернет тораптарын және FTP–серверлерін құруға рұқсат береді. Осының арқасында басқа қолданушылар (мысалы, модемі компьютерге қосылған, сіздің достарыңыз) сіздің Linux жүйеңізге көп пайдаланушылар режимінде қосыла алады.

Linux-тің бірінші түрі  шыққаннан кейін екі айдан  соң Линус Торвальдс жаңа оперциялық  жүйені таратты және басқаларды Linux-ті дамыту жұмысына шақырды. Сондықтан Linux операциялық жүйесі бүгінгі күнде көптеген жер шарының программистерімен дамытылуда және олардың жемісі көптеген Интернет сайттарында жазылған. Осы топтың басқарушысы әлі күнге дейін Линус Торвальдс болып саналады.

Linux Unix-тің жеңілдетілген  түрінің қорында орналасқан, ол Minix деп аталады. Алғашынан бастап Linux тез бейімделген, кіші және арзан операциялық жүйе ретінде жасалады.

Linux операциялық жүйенің негізгі  қасиеттері

 

      • Толық көпқолданбалы операциялық жүйе. Ол бір мезгілде бірнеше жұмыстарды орындауда компьютердің барлық ақпараттық ресурстарын қолданады.
      • Виртуалдық жадының жәрдемі. Linux қатты дискінің бөлімін виртуалдық жады ретінде пайдалана алады. Операциондық жадыда активті процестерді сақтайды және дискіге програманың аз қолданылатын бөлімдерін кіргізеді. Жүйенің барлық жадысы қолданылады (виртуалдық және операциялық), Linux үшін бағдарламалармен дискінің жалпы жадысы сипатталады.
      • Операциялық жүйенің графиктік ортасы. XWindow – бұл стандартты интерфейс, ол Unix-те графиктік мүмкіндіктерді орындайды.
      • Linux барлық қолданбалы тор хаттамаларын, сонымен бірге Интернет-хаттамасы TCP/IP, желілік хаттамалары SMB* және Novell, Nis ақпараттық хаттамалары, NFS, WINS және т.б. желілік файлдық жүйенің хаттамаларына жәрдемдеседі.

 

      • Кітапхана байлығы. Әрбір жұмыстағы қайталанатын процедураларды сақтаудың орнына жүйе стандартты кітапхана жиынын береді. Олар қажет уақытта бағдарламаларға қосылады.

 

      • SysV, BSP және IEEE POSIX 1 стандарттарына ұқсас болуы. Linux көбінесе стандарттарды қолданады.
      • Операциялық жүйенің ашық мәтіні. Linux AT&T* сияқты саудалық дамытылуларын пайдаланбайды. Сондықтан әрбір адам өзінің OS модулін жазуға мүмкіндік алады.

 

      • Басқа операциялық жүйелерге қарағанда өте арзан.

 

      • Вирустарға толық қарсы тұруы. Қазіргі уақытта Linux-ке арналған он вирус қана белгілі. Олардың ешқайсысы операциялық жүйеге зиян келтіре алмайды.

 

Linux-тің таралуы

 

“Linux тегін” – бұл Linux-тің  әрбір түрі мен дистрибутивтерін таратушылардың негізгі постулаты. Linux GNU GPL лицензиялық сәйкестенушілікке  байланысты таралады. Бұл мазмұнды және көлемді құжатты қысқаша былайша беруге болады:

  • Жүйе тегін таралады.
  • Операциялық жүйе жиынын және оған кіретін мағлұматтарды сатуға дайындалғаны үшін сатушының кез келген баға қоюға құқығы бар.
  • Лицензияда көрсетілген сатып алушының құқықтарына сатушының қарсы құқысы жоқ.

 

Соңғы бөлімше ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Дистрибутив құраушысы және сатушы сатып алушыға дистрибутивті пайдалану құқығын береді, сатып алушының оны көбейтуге және тегін таратуға мүмкіндігі бар. Бірақ Linux тегін деп те айтуға болмайды: сатып алушы сатушыға оның компакт-дискіге жазуға, қапталуы мен сатылу орнына әкелінуіне кеткен қаражатты төлейді.

Бұл бойынша Қазақстан  Республикасында әрбір Linux дистрибутивінің  лицензиялық көшірме күнделікті 300-1500 теңге бағасымен сатылады.

Linux ұсынатын жабдықтардың әр түрлілігін ескере отырып, ол арзан тұрмайды деп аңғаруға болады. Дегенмен ол бұлай емес! Linux ядросы мен оған жазылған бағдарламалардың көп бөлігін Іnternet арқылы, негізінен көшірме жасауға және таратуға ешбір шектеу қойылмаған, олар тегін таратылады.

Ең алдымен, Linux ядросы GNU GPL (General Public License         жалпы түрдегі қоғамдық лицензия) лицензиясы негізінде таралады. Бұл  тегін бағдарламалық қамтамалар фондымен (Ғrее Software Foundation) құрылған тегін  бағдарламалық қамтамаларды таратуға негізделген арнайы лицензия. GNU лицензиясы бойынша бағдарламалық қамтаманы тегін немесе ақшалай GNU лицензиясының шарттары орындалған жағдайда таратуға рұқсат етіледі.

GNU лицензиясының тағы  бір маңызды ерекшелігі барлық  бағдарламалық қамтамалар бастапқы мәтіндерінің толық жиынымен таралуы қажет. Бастапқы мәтіндерге қол жеткізбейтіндіктен өзгертулер енгізуге болмайтын саудалық бағдарламалық қамтамалармен салыстырғанда, GNU бағдарламаларын модификациялауға рұқсат етілумен қатар толық еркіндік беріледі.

Linux операциялық жүйесін  және оған арналған бағдарламаларды  құрудың осындай тәсілінің сәтті  болуы соншалық - оны Netscape компаниясы  өзінің Communicator бағдарламалар тобы  үшін қабылдады.

 Жүйе дистрибутивтері

 

Дистрибутив үшін құжаттар бөлек беріледі. Бірақ оған көптеген ережелер, анықтамалық файлдар және HOWTO кіреді, сондықтан сауатты қолданушы құжатты қажет етпейді.

Linux-ті мықты құрастырушылар: Red Hat Inc., және Mandrake S.A. өздерінің нұсқаларын  дистрибутивке енгізеді, бірақ бұл  OS* жиынының бағасының көтерілуіне әкеліп соғады.

Linux дистрибутивтері көптеген  әр түрлі компаниялармен шығарылады. Бүгінгі күні Linux-тің 90 түрі бар,  бірақ олардың барлығы Unix стандарттарымен  ұқсас. Батыстағы Linux-тің негізгі құрастырушылары:

    • Red Hat, Inc. – Red Hat Linux-тің үш түрін: Home, Standard және Professional шығарады;
    • Caldera, Inc. – Caldera Open Linux түрін шығарады;
    • Debian Group – Linux Debian;
    • Corel, Inc. – әмбебап саудаға қондырылуы ыңғайлы Corel Linux шығарады, ол Linux Debian қорында сақталады;
    • SUSE Group – S.U.S.E Linux-ті шығарады, әсіресе еуропалық тілдер үшін локальданған.

 

Келесі дистирбутивтер ТМД территориясында өте танымал:

 

    • “Процедура” қоғамынан Red Hat Linux. Бұл компания ТМД саудасы үшін ыңғайлы бағамен сатылатын Red Hat дистрибутивтерінің көшірмелерін шығарады.
    • Ресей-француз “Mandrake S.A.” компаниясынан Mandrake Linux дистрибутиві. Linux-тің бұл түрі жақсы орыстілдік локализациямен, көлемді құжаттарымен және арзан бағамен танымал.
    • Black Cat Group, BC Linux дистрибутивімен танымал. Бұл Red Hat дистрибутивінің түрі, бірақ ол Украинаға ғана локальданған.

 

Техникалық аспектісінде бұл барлық дистрибутивтерінің айырмашылығы өте бос қарастырылады (айырмашылықтар динамикалық кітапханаларда, аудармаларда және қондырушы бағдарламалардың түрлерінде бар). Таңдаудың негізгі критериі тек дистрибутивтің қателерінің, аударманың және бағаның болмауы болып табылады.

Linux жүйесі

 

“Linux” терминінің мағынасы толығымен анықталмаған. Ең алдымен ол ядроны, Linuх-тің кез келген версиясының жүрегі ретінде білдіріледі. Ал кең ауқымдағы мағынасы — дистрибутив деп аталатын, осы ядрода орындалатын бағдарламалар жиынтығы. Ядроның мақсаты – бағдарламалар, соның ішінде базалық аппараттық бағдарламалар мен есептеулерді немесе бағдарламалардың орындалуын басқаратын жүйелер сияқты бағдарламалар орындалатын базалық ортаны қамтамасыз ету.

Нақтырақ айтсақ, белгілі  бір уақыт мезетінде Linuх-тің тек  бір ғана ағымдағы түрі бар, ол — ағымдағы ядро түрі. Торвальдс Linuх әлемінде ядроны өз иелігі ретінде белгілеп, күллі дүниедегі мыңдаған құрастырушыларға осы ядро үшін қолданбалы бағдарламалар мен қызметтер құруға мүмкіндік берген.

Кез келген анықтамадан  шыққанда Linuх операциялық жүйе болып табылады. Linuх-ті басқа дербес компьютерлерге арналған операциялық жүйелерден айыратын ядроның ерекшелігі сонда — бұл жүйе көптапсырмалы және көпқолданбалы болып табылады.

Linux операциялық жүйесін  түрлі бағдармаларды құру үшін  пайдалануға болады. Қазіргі кезде Linux-ке арналған мынадай бағдарламалық қамтамалар бар:

DOS пен Windows-тің бағдарламалық қамтамалары. Linux-те орнықтылықтың жоғары деңгейінде DOS бағдарламаларын орындауға болады. Windows-ке арналған бағдарламаларды орындаудың да бірнеше әдістері бар.

XWindows қабықшасы. Бұл өте ыңғайлы, әрі көрнекті және оңай конфигурацияланатын орта, ол сонымен қатар Linux көптеген жүйелерінде жұмыс істейді. XWindows ортасында орындалатын көптеген бағдарламалар Linux-ті қарапайым және ыңғайлы операциялық жүйеге түрлендіреді.

Мәтіндік редакторлар. WordPerfect, StartOffice және ApplixWare сияқты коммерциялық мәтіндік редакторлардан басқа Linux-тің өзіне енген қуатты мәтіндік файлдарды түзететін жабдықтары бар.

Бағдарламалау тілдері. Көптеген бағдарламалау мен бағдарлама дайындау тілдері, т.б. Linux операциялық жүйелеріне арналған жабдықтары бар. Бағдарламалау жабдықтарының мол болуы бағдарламаларды құрастыруды жеңілдетеді.

Деректер қоймалары. Барлық Linux платформаларындағыдай Linux клиент-сервер деректер қоймалары үшін берік негізді қамтамасыз етеді. Linux әрқашан да mSQL және Postgre сияқты деректер қоймаларын қолдайды. Жүйенің дамуы, әсіресе корпоративті ақпарат әлемінде, Linux-ке арналған саудалық реляциондық деректер қоймаларының серверлер санын арттыра түсті. Бүгін Linux үшін реляциондық деректер қоймалары Огасlе, Sybase, Informix сияқты компаниялармен ұсынылады.

Іnternet жабдықтары. Linux белгілі Netscape Communication және Моsаіс сияқты бағдарламаларды қолдаумен қатар өзінің де Іnternet-ке арналған бағдарламалық қамтамалары бар. Оларға электронды поштаны оқитын мәтіндік және графиктік бағдарламалар, Іnternet серверлерін (Web-серверлер, электронды пошта мен жаңалықтар серверлері) құруға арналған толық бағдарламалық қамтамалар жатады. Іnternet-ке жергілікті желі немесе модем арқылы қосылуды толық қолдау қамтамасыз етілген.

Көпқолданбалы операциялық  жүйе

 

Windows-тің барлық версиялары  мен МасОS жүйелері бірқолданбалы  (яғни бір қолданушыға арналған) болып табылады. Windows NT кейбір қызметтері  көпқолданбалылық жайында сөз етуге себеп береді, бірақ әр уақыт мезетінде жүйемен тек бір адам жұмыс істей алады. Жақын арада Windows NТ-ді көпқолданбалы платформа негізінде жаңа Windows NT Terminal Server Edition жүйесін құру әрекеті ұйымдасқан болатын.

Linux бір уақытта бірнеше қолданушының жұмысын қамтамасыз етеді, бұл оның көпқолданбалылық артықшылықтарын түгелдей пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан үлкен құндылық шықпақ: Linux-ті қосымшалар сервері ретінде дамытуға болады. Қолданушылар терминалдан немесе өздерінің дербес компьютерлерінен жергілікті желі арқылы Linux серверіне шығып, өз компьютерінен емес, осы серверден бағдармаларды жүктей алады.

Информация о работе Linux операциялық жүйесі