Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 10:28, реферат
схемасы түсінігі триггер базис құру
Программалық жабдықтар.
Программа – магниттік сақтауышта (дискіде) файл түрінде жазылып сақталып, жұмыс істеуші адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындалатын машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.
Интерфес- программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сұхбат жүргізу щарттары мен келісімдер жиыны.
Программалық жасақтар –информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды.
ЭЕМ
программалары екі топқа
Жүйелік программаларды да мынадай етіп жіктеуге болады:
Дербес
компьютерлердің кең тарауына басты
себеп болған олардың алдын ала
дайындалған әмбебаб
Әртүрлі информацияларды өндай алатын әмбебаб программалық жабдықтар мынадай түрлерге жіктеледі:
Текстік мәліметтерді теріп, оларды өңдеуге арналған программалар текст редакторлары деп аталады. Кең тараған текст редакторларына: WordPerfect, Microsoft Word, MultiEdit, WordStar, PageMaker жатады.
Графиктік редакторлар график түрінідегі информацияны дайындау және өндеу үшін қолданылады. Графиктік редакторларға PaintBrush, CorelDraw, Graf-in-the-Box, PC Illustrator.
Электрондық кестелер жүйесінде миллионнан аса торлар болады, олар пернелер арқылы енгізу немесе формулалар арқылы есептеу нәтижесінде толтырылады.
Оларға Lotus, SuperCalc, QuatroPro, Excel жатады.
Ойын программалары дербес ЭЕМ дердегі қызғылықты, кез келген жан әуестенетін топқа жатады.
Оқыту программалары оқу-үйрену істерін ұйымдастырады, олардың мектепте не үйде тарихтан, информатикадан т.б. пәндерден сабаққа дайындалау кезінде өте ыңғайлы оқулық.
Орталық
процессор құрылғысы (CPU) компьютердің
ең маңызды бөлігі болып табылады.
Компьютердің атқаратын арифметикалық
және логикалық амалдарды орындау
қызметі осы бөлікте жүзеге асырылады.
Орталық процессор екі
а.
Арифметикалық-логикалық
ә. Басқару құрылғысы.
Арифметикалық-логикалық құрылғы қосу, азайту, көбейту, бөлу тасымалдау және жадыда сақтау сияқты амалдарды орындайды. Басқару құрылғысы болса арифметикалық құрылғы мен жады және басқа да құрылғылар арасында байланыс орнатады.
Математикалық соопроцессор (Floating Point Unit) - математикалық амалдар функцияларын орындайтын бөлік. Математикалық соопроцессор үлкен есеп кестелерінде, бухгалтерлік сызбаларда, статистика т.с.с. қолданыстарда таптырмайтын құрылғы болып табылады. Бұл жұмыстарда математикалық соопроцессор белгілі бір өлшемде жылдамдықтан пайда береді. Компьютердегі CPU жалпы жағдайда бүтін сандармен жұмыс істейді. Аралас және күрделі есептеулерді (тригонометриялық амалдар, т.с.с.) математикалық соопроцессор орындайды.
Негізгі жады (RAM) жүктелген бағдарламалардың уақытша сақталатын орны. Сонымен қатар ол орталық процессорге көмекші болып табылады. Орталық процессор деректерді RAM–нан алып орындағаннан кейін қайтадан RAM–ға жібереді. Компьютердің негізгі жадысы мәліметтерді уақытша сақтайды және жұмыс аяқталысымен жадыдағы барлық мәліметтер өшіп отырады.
Тұрақты Есте
Сақтау Құрылғысы (ROM) және BIOS Cache жады.
Электр тогы немесе компьютер өшкенде
ROM-дағы мәліметтер жоғалып кетпейді.
Бұл бағдарламаларды
Экран – пайдаланушының компьютерде жасаған барлық жұмыстарын көруге арналған бөлік. Экрандарда негізінен екі режим бар.
Экрандағы көріністің сапасы шешілу қасиетіне байланысты болады. Шешілу қасиеті pixel пішімінде түсіндірілетін ені мен биіктігі түрінде сипатталады. Жоғары шешілу қасиетінде көріністің сапасы жақсы болады. Экрандар екі топқа бөлінеді. Бұлар CRT және LCD экран түрлері.
Экран карты. Экрандардың көріністі шығаруы үшін экран карты керек болады. Экран картында орналасқан жады көріністі экранда ұстап тұрады. Графика карты болса жадыдағы көріністі экранға сигналдар түрінде жібереді. Экран бұл сигналдарды өзгертіп көрсетеді. Сигнал толқындары белгілі бір цикл ішінде жалғасып отырады.
Тышқан. Компьютерді тышқанның көмегімен оңай түрде басқаруға болады. Тышқан құралы стол үстінде қимылдағанда, бұл қимылдарға байланысты экранда жебенің қимылдаған әрекеттері пайда болады. Осы жебені тышқанның көрінісі деп атаймыз. Тышқанның сол және оң жақ түймелері бар. Сол жақтағы түйме терезелер немесе мәзірлердегі керек болған жерлерді таңдау мақсатында қолданылады. Оң жақтағы түйме таңдалған командаға байланысты бір мәзірді ашу рөлін атқарады. Таңдалған объект тышқан арқылы жылжытылып орын ауыстыра алады.
Пернелер тақтасы. Компьютермен хабарласу үшін пернелер тақтасы деген құрылғы қолданылады. Пернелер тақтасы арқылы алфавит белгілерін, арнайы сілтеме түймелерін басу арқылы мәлімет енгізуге болады. Мәлімет енгізу үшін өте шапшаң түрде пайдаланылады. Пернелер тақтасында орналасқан түймелер әртүрлі функцияларға ие.
Дискжетек. Дискет – бір компьютерден екінші бір компьютерге мәліметті тасуға арналған құрылғы. Дискеттің жұмыс істеу жылдамдығы қатты дискіге қарағанда анағұрлым төмен болады. Дискжетек екі оқу және жазу таспадан тұрады. Дискжетектегі таспалар жұмсақ темір бөліктерінен тұрады.
Қуат көзі. Компьютер электр тогына қосылғанда 220 вольт электр тогы болады. Бұл электр тогын компьютерге керекті электр тогына (+12 вольт) айналдыру үшін компьютердің ішінде қуат көзі (Power Supply)орналасқан. Компьютер ұзақ уақыт жұмыс істеген кезде электр тізбектері ысиды. Оларды суыту үшін қуат көзінің артында желдеткіш орналасқан.
Қатты диск.
Қатты дисктерде мәліметтер сақталады.
Дискеттерге қарағанда қатты дисктер
жылдам жұмыс істейді және әлдеқайда көп
мәлімет сақтайды. Дисктер дискжетек арқылы
оқылады. Қатты дисктің көлемі Мегабайт-Гигабайт
сияқты өлшемдермен өлшенеді.
Байланыс нүктелері
(Ports) – компьютер мен басқа да бөліктер
арасында мәлімет алмасу үшін қолданылады.
Байланыс нүктелерін пайдалану арқылы
екі жүйенің арасында деректермен алмасуға
болады. Байланыс нүктелеріне параллель
немесе тізбекті порттарды жатқызуға
болады. Тізбекті порттар екі бағытты
да параллель порттар бір бағытты болып
келеді. Параллель порт тізбекті портқа
қарағанда шапшаң түрде жұмыс істейді.
Осыған байланысты параллель портқа баспа
құрылғысы қосылады. Тізбекті портқа тышқан
мен модем қосылады.
Қосалқы құрылғылар
Компьютердің негізгі жұыстарын орындау үшін керек емес, интернетке кіру, музыка тыңдау сияқты екінші дәрежелі іс-әрекеттер үшін керекті элементтер қосалқы құрылғылар деп аталады.
Компьютердің жұмыс істеуі үшін, модем, желі картасы сияқты құрылғылар міндетті түрде керек емес. Бірақ жады, экран, пернелер тақтасы, дискжетек сияқты құрылғылар компьютердің жұмыс істеуі үшін өте маңызды болып табылады.
Сурет
Баспа құрылғысы – компьютермен бірге қолданылатын керекті шығару құрылғыларының бірі болып табылады. Баспа құрылғысы компьютердегі мәліметтерді қағазға жазу мақсатында қолданылады. Баспа құрылғыларында микропроцессор, жады және катридж болады.
Плоттер - кең де сапалы сызбалар алу үшін керек құрылғы. Көбінесе кеніштік және инженерлік сызбалар үшін қолданылады. Олар іштері сиямен толтырылған қаламдарды пайдаланатын баспа құрылғылары болып келеді. Әдеттегі баспа құрылғыларына қарағанда үлкен пішімді қағаздарды пайдаланады.
Дыбыс картасы. Музыка тыңдау үшін немесе бағдарламалар жұмыс істеген кезде дыбыстарды шығару үшін компьютерге дыбыс картасы орнатылады. Сонымен қатар дыбысты есту үшін компьютерге колонкалар қосылады.
Колонкалар. Компьютерге дыбыс картасы орнатылғаннан кейін дыбыстарды жақсы есту үшін колонкалардың орнатылуы тиіс. Дыбыстарды колонкалар арқылы өте сапалы стерео түрінде тыңдауға болады.
Микрофон. Микрофондар
дыбыс карталарымен бірлікте қолданылады.
Компьютерге микрофон қосу арқылы дыбысты
жазуға болады. Дыбыстар монтаж жасау
арқылы біріктіріледі.
CD-ROM (Compact Disk Read Only Memory) - CD-лерді қолданатын оқығыш болып табылады. CD-ROM-дар да дискжетек сияқты компьютер корпусында орналасады. CD-ROM-дар 650 мб, болмаса одан да көп мәліметті сақтай алады.
CD-ROM-дарды екі топқа бөлуге болады.
DVD (Digital Versatile Disc). Сандық көп мақсатты DVD-лер CD-ROM-дарға қарағанда өте үлкен деректермен алмасу жылдамдығына ие. DVD-лер өте үлкен шешілу қасиетімен және сапасымен ерекшеленеді. DVD-лер тек қана компьютерлерде емес сонымен қатар көңіл көтеру секторларында да қолданылады. Қазіргі кезде видеомагнитофон орнына пайдаланылады.
Модем. Компьютеріңізбен ұзақтағы басқа бір компьютер арасында телефон арқылы байланыс орнату үшін модемдер қолданылады. Бұл жағдайда байланысты өз дәрежесінде ұстап тұру үшін екі компьютерде бір-бір модем болуы тиіс. Компьютердің ішінде орналасқан модемді ішкі модем, ал сыртта орналасқанын сыртқы модем деп атайды.
Үзіліссіз қуат көзі. Компьютер жұмыс істеп тұрған кезде электр тогы өшіп қалған жағдайда біраз уақыт жұмыстың тоқтамай жалғастырылуы үшін үзіліссіз қуат көзі қолданылады. Бұл уақыт ішінде жасалған амалдар компьютерге сақталу арқылы мәліметтердің жоғалуынан сақтайды. Үзіліссіз қуат көзінің сыйымдылығы электр тогы өшкенде минимум 15 минуттық көлемде болуы тиіс.
Проектор. Компьютер арқылы презентация жасалғанда, білім беру немесе конференция кезінде проектор керек болады. Проекторды пайдалану арқылы түсіндірілетін тақырыптар компьютер экранынан пердеге немесе тақтаға түсіріледі.
Экран фильтрі. Компьютердің радиациясын азайту үшін және көздерді электр сигналдарынан қорғау үшін экран фильтрі қолданылады. Бұл фильтрдің ұшындағы кабель топырақпен байланысқан. Осылайша зиянды нәрселер топыраққа өтіп кетеді.
Камера. Камерамен түсірілген барлық көріністер кейінірек компьютерге көшірлуі мүмкін. Камерамен түсіріп тұрып та алынған көріністерді бір уақытта компьютерге көшіруге болады.
ТВ карт.
Компьютерде ТВ тюнердің көмегімен телехабарларды
көріп тамашалауға болады. Ұзақтан басқару
пульті арқылы телевизор командаларын
орындауға болады. Компьютерде телехабарларды
көріп отырып оларды дискіге сақтауға
болады.
Сканерді қолдану арқылы қағаздағы жазуды, суретті және сызбаларды компьютерге сақтауға болады. Сканер көбінесе баспада қолданылады. Жоғары сапалы сканерлердің көмегімен компьютерге өткізілген суреттердің сапасы керемет болып шығады.
Желі картасы. Компьютерлерді бір-біріне қосу арқылы бір желі жүйесін құру үшін байланысатын компьютерлерде желі картасының (network card) болуы тиіс. Компьютерлер бұл карта арқылы байланысқаннан кейін олардың арасында деректер мен файлдар алмасуы жүзеге асады. Желі карталары арқасында компьютерлер айналадағы басқа да құрылғыларды қолданыла алады.