Микропроцессор

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Октября 2011 в 10:28, реферат

Описание

схемасы түсінігі триггер базис құру

Работа состоит из  1 файл

Программалық жабдықтар.docx

— 30.00 Кб (Скачать документ)

Дербес компьютер – бұл электронндық аспаппен орындалатын, программа мен басқару арқылы информацияны автоматты түрде түрлендіруге арналған құрылғы.  

Компьютердің  синонимі – есептеуіш машина, электрондық есептеу машинасының (ЭЕМ) бұйымы.  

Дербес компьютердің типтік толық жинағы.  

Дербес копьютер – әмбебап(универсальный) техникалық жүйе. Оның конфигурациясын (жабдықтың құрамын) қажеттілікке қарай икемдлікпен өзгертуге болады. Сөйтсе де, типтік деп саналатын базалық конфигурация ұғымы бар. Компьютер әдетте осы толық жинақпен қойылады. ДЭЕМ-нің типтік толық жинағы төрт конструктивтік блоктан тұрады: жүйелік блок, дисплей, пернетақта және «тышқан-тетік» қитұрқысы (манипулятор «мышь»). Жүйелік блок ішінде компьютердің ең маңызды компоннеттері орналасқан негізгі торапты (узел) білдіреді. Бұл тораптың ішінде орналасқан маңызды компоннеттері: • Компьютердің жұмысын басқаратын электрондық схема (микропроцессор, оперативті есте сақтау, құрылғылардың бақылаушысы және т.б.); • Компьютердің электрондық схемасына берілетін кернеуі аз тұрақты токтағы электрмен қоректендіретін желілерді қалыптастыратын қоректердіру блогы; • Икемді магниттік дискіге (дискетте) жазылуда және оқуда пайдаланылатын икемді магниттік дискісінің жинақтаушасы (немесе дискжетек-дисковот); • Алынбайтын (қозғалмайтын) қатқыл магниттік дискіге (винчестер) жазылуға және оқуға арналған қатқыл магниттік дискідегі жинақтаушы. Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғы ішкі құрылғы, ал оған сыртан қосылтын құрылғы сыртқы құрылғы деп аталады. Деректерді енгізетін, шығаратын және ұзақ уақытқа сақтайтын сыртқы қосымша құрылғы, сонымен қатар, шалғай (периферийное) құрылғы деп аталады. Жүйелік блогы сыртқы түрі бойынша корпусының деңгейлес (горизонталь) және сатылас (вертикаль) етіп шығарады. Сатылыс етіп жасалған корпус габарит бойынша ажыратылып көрсетіледі: көп мөлшерлі, орта мөлшерлі және аз мөлшерлі. Деңгейлес етіп жасалған корпустардың ішнен тегістері және ерекше тегістері бөліп көрсетіледі. Корпус үшін формалардан басқа факторлар пішіні (формфактор) деп аталатын параметірлердің де маңызы зор. Орналастырушы құрылғыларға қойылатын талаптар параметлерге байланысты болады. Бүгінгі күні негізіне екі факторлар пішініндегі (форм-фактор) корпустар пайдаланылады: АТ, АТХ. Корпустың факторлық пішіні аналық тақша (материнская плата) деп аталатын компьютердің негізгі (жүйелік) тақшасындағы факторлар пішінімен міндетті түрде келісімде (үйлесімде) болуы керек.  

Микропроцессорлар. Есептеу техникасының дамуы орталық процессорлардың жетілдірілуімен бірге жүзеге асады.Процессорлардың жаңа модульдері тек өнімділіктің өте жоғарылығымен ғана емес,сонымен Cқатар жаңа мүмкіндіктерімен де ерекшелінеді(жаңа регисторлар,архитектурадағыжаңа компьютерлік жинақтар және жаңа өзгертулер). Процессорлардың жаңа модульдерін жасаушылар қайтарымды сыйымдылық принципіне негізделеді,яғни процессорлардың жаңа моделі қолданыста бар архитектура негізінде жасалады.Дербес компьютерлердіңорталық процессорлар нарығында қазіргі уақытта басты орынды Intel фирмасының х86 түрлегі моделі иеленуде.1993жылы Pentium процессоры пайда болды.Ол х86 архитектурасының процессорларының көптеген қасиеттерін игерумен тығыз байланысты. Процессор логикалық және арифметикалық операцияларды орындайды, операциялардың орындалу тәртібін анықтайды, дерек көздері мен нәтижелері қабылдаушыларды көрсетіп береді. Процессор жұмысы программалардың басқаруымен жүзеге асады. Дербес компьютермен алғаш танысқанда процессордың төрт құрылғыдан тұратынын байқаймыз: арифметикалы-логикалы құрылғы (АЛҚ, басқару құрылғысы (БҚ), жалпы тағайындалуының регистрлері (ЖТР) және бүркеме жад ( кэш – память) Алқ деректеріндегі арифметикалы логикалы операцияны орындайды. Аралық нәтижелер ЖТР-да сақталады. Бүркеме – жад (кэш память) жұмыссыз бос тұрып қалудың уақытын қысқарту жолымен процессордың жылдам әрекет етуін арттыруға қызмет етеді. БҚ кезекті команда адресінің қалыптасуына, яғни программадан тұратын команданың орындалу тәртібіне жауап береді. 

Информация о работе Микропроцессор