Мәліметтер қорын басқару жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 21:09, доклад

Описание

Ақпараттарды реттеу үшін ақпараттардың тақырыптары, өзара қисынды біріктірілген арнайы анықтамалар, каталогтар, картотекалар, энциклопедиялар және т.б. бар.
Сонымен қатар, ақпараттардың ағымы үнемі ұлғаюда және бүгінгі күнде ешқандай анықтамалар ақпаратты үнемі және өз уақытында жаңартып отырмақ түгел, оны сыйғыза да алмайды.

Работа состоит из  1 файл

Мәліметтер қорын басқару жүйесі.docx

— 54.96 Кб (Скачать документ)

- иструменталды  құралдар;

- компоненттер.

     Инструменталды  құралдарға құры-лушы қолданбадан тыс  мәліметтер қорына қызмет етуді қамтамасыз ететін арнайы программалар мен дестелер жатады. Компоненттер мәліметтер қорымен  опера-цияларды жүзеге асыратын қолданбаларды  құруға арналады.

     Мәліметтер  қорымен операциялар жасау үшін Delphi келесі инструменталды құралдар жинағын  ұсынады:

- Borland Database Engine (BDE) – Delphi-қолданбасынан мәліметтер  қорына қатынауды ұйымдастыруға  арналған динамикалық кітапханалар  мен драйверлер жинағынан тұратын  мәліметтер қорының процессоры. BDE мәліметтер қорына қатынаудың  орталық звеносы болып табылады.

- BDE Administrator – BDE-нің түрлі параметрлерін  баптауға арналған утили-талар. 

- Database Desktop – SQL-сұраныстар мен QBE сұраныстарды, кестелерді құруға және редакциялауға  арналған программа. 

- SQL Explorer – мәліметтер қоры мен мәліметтер  сөздігін қарап шығуға және  редакциялауға мүмкіндік беретін  мәлі-меттер қорының жол серігі.

- SQL Builder – SQL –сұраныстарын визуалды  түрде құру программасы.

- SQL Monitor – қашықты мәліметтер қорына SQL –сұраныстарының орындалу ретін  бақылайтын программа.

- Data Pump – мәліметтер қоры арасында  мәліметтерді тасымалдауға ар-налған  программа.

     Енді, мәліметтер қорын құруға арналған компоненттерге тоқталатын бол-сақ, мәліметтер қорымен  байланыс Delphi-дің басқа да басқару  элементтеріндей компоненттер визуалды және визуалды емес болып екіге бөлінеді. Визуалды емес компоненттер кестедегі  мәліметтер қорына қатынауды ұйым-дастыруға  арналады. Визуалды компонеттер қолданбаның  интерфейстік бөлігін құруға арналады. Олардың көмегімен қолданушы  мәліметтер қорындағы мәліметтерді қарап шығу, редакциялау сияқты операцияларды  орын-дай алады.

     Мәліметтер  қорымен жұмыс жасауға арналған компоненттер DataAccess, Data-Controls, QReport т.б. беттерінде орналасады.

     Мәліметтер  көзі ретінде мәліметтер қорын, мәтіндік файлдарды, электрондық кестелерді т.б. қарастыруға болады. Мәліметтер қорына арнайы программалар, яғни мәліметтер қорын басқару жүйесі қызмет жасайды. Мәліметтер қорын басқару жүйесі бір ғана қолданушыға арналған жергілікті қолданбалар және компьютерлерде-серверлерде  қызмет жа-сайтын серверлік болып  екіге бөлінеді. Мұндай классификациялаудың  негізі мә-ліметтер қорын басқару  жүйесіне түсетін жүктеме мен  мәліметтер қорының көлеміне байланысты. Жүзеге асыру түрлерінің әр қилылығына қарамастан мәліметтер қоры қолданбасының  архитектурасы өзгеріссіз қалады.

     Мәліметтерді  алу және жіберу механизмі мәліметтер көзімен қосуды қамта-масыз етеді.

     Мәліметтердің ішкі бейнелеу механизмі мәліметтер қоры қолданбасының ядросы болып  табылады. Ол алынған мәліметтерді қолданбада сақтауды және қолданбаның  басқа бөліктерінің сұраныс-тарына байланысты оларды мәліметтермен қамтамасыз етеді.

     Мәліметтер  қоры қолданбасы қалай-ша жұмыс жасайды  деген сұрақ төңірегінде сөз  өрбітетін болсақ, Delphi репозиториясында мәліметтер қоры қолдан-басының өзіндік  шаблоны жоқ. Сондықтан Delphi ортасында  жүзеге асырылатын кез келген қолданба тәрізді мәліметтер қоры қолданбасы қарапайым формадан басталады.

     Ақпараттық  жүйе құру - жобалаудың күрделі үрдістерінің бірі. Жобалау мақсаты жобалық  құжаттарды дайындау және мекемені басқарушы  «адам-машина» жүйесін ендіру болып  табылады. Жобалау үрдісі барысында  объектінің анағұрлым маңызды сипаттамалары  анықталып, олардың сыртқы және ішкі ақпараттық ағымдары қарастырылып, зерттелінуші жүйе мен оның элементтерінің матем-атикалық және физикалық аналогтары құрылып, техникалық басқару құралдары мен  адамның өзара әрекеттесу шарттары бекітіледі.

     Ақпараттық  жүйені автоматтандыру сатыларын төмендегі  суретте айқындайды: 

 

Сурет 1. Ақпараттық жүйені автоматтандыру сатылары. 
 
 
 
 
 

Қолданылған әдебиеттер:

1. www.volnakz.com 

2. Фаронов В.В. Программирование баз данных в Delphi 7. - Питер, 2004. 

3. Дарахвелидзе П.Г. Программирование в Delphi 7.- С- Петербург, 2003. 

4. Харрингтон Д. Проектирование объектно-ориентированных баз данных. - М., 2001. 

5. Ролланд Ф.Д. Основные концепции баз данных. – М., 2002.

Информация о работе Мәліметтер қорын басқару жүйесі