Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 18:44, реферат
Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы
Қызметтің кез келген саласында
жиі деректердің үлкен
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Деректер базасын құрастыру: 1 қадам. Оның құрылымын құрастыру. 2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру. Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады.
Жұмыс жасаудың режимдері және объектілері.
Кестелер – жазулар жиынтығы болып табылады. Деректер базасында не сақталынады соның бәрі оның кестелерінде сақталынады. Олардың құрылымы және мазмұны бар. Кестенің құрылымын құрастырғанда өрістердің атауларын, өрістердің типтерін және олардың өлшемдерін анықтау қажет. Кестенің әрбір өрісіне ерекше ат беріледі. Содан кейін қандай типті деректер әрбір өрісте орналасады екендігін шешу. Өріс типінің мәні Конструктор режимінде ғана көрсетілінеді. Сұраныстар – толтырылған деректер базасымен жұмыс жасауға арналған негізгі объект. Деректерді өзгерту, таңдау және талдау құралы болып табылады. Олар бойынша бірнеше кестенің деректерін өзгертуге, талдауға және қарауға болады. Базаның байланысқан кестелерінен деректердің күрделі таңдауын орындауға және оларды нәтижелі кестелер түрінде көрсетуге мүмкіндік береді. Нәтижелі кестелер тек жедел жадыда сақталынады, ал бірақ оларды сақтауға болады. Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады. Есептер – бұл деректерді ұйымдастыру және баспаға пайдаланушыға қажетті түрде шығарудың ең тиімді құралы. Макростар – бұл белгілі бір операцияларды орындайтын макрокомандалар жиынтығы. Ол базамен жұмыс жасауын автоматтандырудың құралы болып табылады. Модуль – бұл Visual Basic for Application (VBA) программалау тілінде жазылған программа.
MS Access ақпаратты көрсету
және сақтау үшін
Кесте деректер қорының негізі болып табылады.
MS Access-те бүкіл ақпарат кестелерде беріледі.
Формалар- форма терезесінде кестелерді
енгізу мен көру үшін қолданылады. Олар
экранда бейнеленген ақпараттың көлемін
шектеуге мүмкіндік береді және оны тиісті
түрде көрсетеді. Шебердің көмегімен форманы,
оған алдын-ала құрылған шаблонның біріне
сәйкес орналастырып берілген кестенің
өрістерін енгізе отырып, құруыңызға болады.
Форманың конструкторы көмегімен кез-келген
күрделі дәрежедегі формаларды құрасыз.
Есеп берулер деректер қорында бар ақпаратты
бейнелеу үшін қолданылады. Есеп берулер
конструкторының көмегімен деректер тобын,
өрістер тобын және есептелінетін өрістерді,
оларды сәйкес жасайтын өз есеп беруіңізді
дайындайсыз.
Сұраныс деректер қорынан ақпаратты алады,
әрі мұнда деректер бірнеше кесте арасында
бөлінген болуы мүмкін. MS Access-те сұранысты
пішімдеу үшін үлгі бойынша сұрату деген
әдіс қолданылады. Визуалды ақпарат негізінде
бұл әдісті қолдана отырып бір немесе
бірнеше кестелерден қажетті деректерді
аласыз.
Деректерге қатынау беті MS Access немесе
Microsoft SQL Server деректер қорында сақталған
Интернет немесе Интернет арқылы жұмыс
істеуге және оларды көруге арналған Web
парақтың арнайы түрін ұсынады.
Макростар жиі орындалатын операцияларды
автоматтандыруға арналған. Әрбір макрос
бір немесе бірнеше макрокомандалардан
тұрады, олардың әрқайсысының белгілі
бір қызметі бар, мысалы, формаларды немесе
есептерді баспаға жібереді.
Біз MS Access 2000-мен жұмысты бастаймыз. Егер
Windows ортасында жұмыс істеген болсаңыз,
онда меню, саймандар тақтасы, диалог терезесі
ұғымдарымен таныс боларсыз. MS Access-ті іске
қосу үшін келесі тәсілдердің бірін қолдануға
болады:
1. Access-ті іске қосуды бастау үшін Windows жүйесіндегі
Запуск батырмасын қолданыңыз.
Access-ті баптау аяқталған соң, қатты дискідегі
С:\Windows\Start-menu\Programs бумасына Access үшін іске
қосу файлы құрылады. Бұл бумадағылар
басты менюден шақырылатын Бағдарламалар
(Programs) бағыныңқы менюінің элементтері
болып табылады, сонымен қатар онда Access-ті
іске қосу (1-сурет) командасы көрінеді.
1-сурет. MS Access-ті басты меню арқылы іске қосу.
Запуск (Start) батырмасын басыңыз
және MS Access шақыратын командасы бар
Бағдарламалардың бағыныңқы менюінен
ашыңыз. Бағдарламаны іске қосу үшін осы
командалы батырманы басыңыз.
2. Екі рет басу арқылы іске қосу.
Егер MS Access-ті бастау менюінен қолдану
арқылы іске қосу қолайсыз болса, онда
бағдарламаны жүктеу үшін екі рет басу
тәсіліне көшіңіз. Windows Explorer бағдарламасын
іске қосыңыз және MS Access орнатылған бумаға
көшіңіз. MS Access.ехе файлын табыңыз. Егер
MS Access қай папкіде екені белгісіз болса,
онда Windows жүйесіне осы файлды іздеуді
қайта тапсыруға болады. Ол үшін басты
менюде Поиск (Find) бағыныңқы менюін, оның
ішінде Файлы или папки (File or Folders) командасын
таңдаңыз. Ашылған Найти (Find) диалог терезесіндегі
Имя мен орналастыру (Name and Location) жапсырмасындағы
Имя (Named) аралас өрісінде MS Access.ехе жазбасын
енгізіңіз. Искать (Look in) аралас өрісінде
Менің компьютерім мәнін (My Computer) тауып,
Найти (Find Now) батырмасын басыңыз. Файл
табылған соң, іздеуді аяқтап, іске қосылатын
файлды жұмыс столына орын ауыстырады.
Орын ауыстыруды Windows автоматты түрде
Access-ті іске қосу үшін таңбаша құрады.
Бұл таңбаша Windows\Жұмыс столы (2-сурет) бумасында
да пайда болады.
2-сурет. Жұмыс столында MS Access.exe үшін жарлық құрылуы
Сіз қандай тәсілді қолдансаңыз да, экранда Microsoft Access (3-сурет) шақыру терезесі пайда болады. Бұл диалог терезесінде алдын ала құрылған деректер қорын ашуға немесе оларды жаңадан құруға арналған опциялар бар. Деректер қорын жаңадан құру келесі тарауда қарастырылады, ал қазір MS Access-ті орналастыруға кіретін демонстрациялық Борей деректер қорын ашыңыз. Экранда деректер қоры терезесінен, меню жолынан, саймандар тақтасынан және қалып-күй жолынан тұратын MS Access басты терезесі (4-сурет) шығады.
3-сурет. MS Access шақыру терезесі
4-сурет. MS Access басты терезесі
Басты терезе
4-суретте деректер қоры ашылған кездегі
MS Access басты терезесі көрсетілген. MS Access
деректер қорындағы барлық кестелерді,
есеп берулерді, пішіндерді, сұраныстарды,
қатынас құру беттерін, макростарды және
модульдерді сақтайды. Сондықтан MS Access-ті
бірінші рет іске қосқанда экранда деректер
қорының терезесі және «Деректер қорының»
саймандар тақтасы шығады. Экран бес аймақтан
тұрады: тақырып, меню жолы, саймандар
тақтасы, қалып-күй жолы және деректер
қорының терезесі.
MS Access қосымшасы бір уақытта тек бір ғана
деректер қорымен жұмыс істеуге мүмкіндік
береді (бірақ ол кез-келген сыртқы көздерден
деректер ала алады). MS Access терезесінің
ішінде қор, кесте, пішін, сұраныс, т.б.
құратын объектілер терезелерінің шексіз
саны ашық тұруы мүмкін.
Тақырып басты терезесінің жоғарғы жағында
орналасқан және үш объектіден тұрады.
Олар: бағдарламалар пиктограммасының
көшірмесі, басты терезенің тақырыбы және
осы терезені басқару пиктограммалары.
Меню жолы ағымдағы терезе менюін құрайды.
Windows-те жұмыс істейтін басқа да қосымшалар
секілді, MS Access менюі істегелі жатқан жұмысыңызға
байланысты өзгеріп отырады. Сонымен,
Windows басқа қосымшалары сияқты, бұл менюлер
айқын ретпен стандартқа сүйенеді. Егер
Microsoft Office басқа бағдарламаларын қолданған
болсаңыз, MS Access менюі сізге таныс.
MS Access-те саймандар тақтасы көптеген әртүрлі
батырмалар жиынынан тұрады, олардың құрамы
нақты саймандар тақтасындағы қызметіне
байланысты. MS Access-ке бірінші рет кіргенде
экранда «Деректер қоры» деп аталатын
саймандар тақтасы бар болады. Батырмалардың
көпшілігі көбінесе меню командаларын
таңдау немесе пернелер комбинацияларын
басу арқылы жүргізілетін операцияларды
орындауға арналған. MS Access экранда саймандар
тақтасын басқаруға, баптауға мүмкіндік
береді.
Қалып-күй жолы басты менюдің төменгі
жағында орналасқан. Жолдың сол жағында
кесте немесе пішін өрістерінің сипаттамасы,
жұмыс режимінің индикаторы және т.б. қажетті
ақпараттар бейнеленуі мүмкін.
Деректер қорының терезесі (4-сурет) оның
жоғарғы жағында орналасқан жеке саймандар
тақтасынан және сол жағында объектілерді
басқару тақтасынан тұрады.
Объектілерді басқару тақтасы (кестелер,
сұраныстар, пішіндер, т.б.) айқын типтегі
объектілерге қатынауды қамтамасыз етеді.
Деректер қорының жұмыс аймағында сәйкес
категорияны таңдау кезінде көрсетілген
типтегі объектілер тізімі бейнеленеді.
Тізімнің жоғарғы жағында кестелер, сұраныстар,
пішіндер, есеп берулер және қатынау беттері
үшін сәйкес конструктор немесе шебер
көмегімен көрсетілген типтегі жаңа объекті
құруға арналған құралдар бар.
Объектілер бөлімінің жоғарғы жағында
Открыть, Конструктор және Создать батырмалары
орналасқан. Открыть батырмасы таңдалынған
объектіні ашуға арналған. Бұл объекті
кесте, сұраныс немесе пішін болуы мүмкін.
Кестені ашқанда кесте терезесі ашылады
және кесте деректерін көріп, оны түзетуіңізге
болады. Сұраныстың ашылуы таңдалынған
сұранысты орындауға және іріктеу нәтижесін
көруге әкеледі. Таңдалынған пішін үшін
Открыть батырмасын басқанда деректерді
кестелер терезесінде емес, пішіндер терезесінде
көріп, оны түзетесіз.
«Есеп берулер» категориясынан таңдағанда
Открыть батырмасының аты Просмотр болып
өзгереді, бірақ қызметі өзгермейді таңдалынған
есеп беру көру режимінде іске қосылады.
Егер сіз «Макростар» категориясын таңдасаңыз,
онда бұл батырманың аты қайта өзгергенін
байқайсыз, енді ол Запуск деп өзгерді.
Бұл батырманы басқанда таңдалынған макрос
іске қосылуы мүмкін.
Конструктор батырмасы таңдалынған объектіні
толықтыру үшін, ал Создать батырмасы
жаңа объект құруға арналған.
Менюге шолу
MS Access-пен өзара әрекет ағымдағы менюден
командаларды таңдау арқылы жүзеге асырылады.
Командалардың көпшілігі иерархиялық
болып табылады. Осылай командалардың
бірін таңдау нәтижесінде экранда оның
жандандырылған менюі шығады.
Windows-те жұмыс істейтін басқа бағдарламаларға
ұқсас MS Access менюі нақты жағдайға байланысты
өзгеріп отырады. Әрбір типтің терезесіне
берілген типтің объектісіне пайдаланылатын
өзінің командалар және функциялар жиыны
сәйкес келеді. MS Access 2000-ның әдеттегі менюі
автоматты түрде басталады және оның жиі
пайдаланылатын командалары бар. Жұмыс
кезінде айқын іс-әрекетті орындау үшін
меню командаларын пайдаланасыз. Осы кезде
MS Access 2000 меню мазмұны жиі қолданылатын
командалар мен батырмалар бейнеленетіндей
өзгереді.
Егер менюден алдында пайдаланбаған команда
таңдалынса, ол орнатылған менюге қосылады.
Егер команда жұмыстың бірнеше сеансы
кезінде пайдаланылмай қалса, MS Access оны
бапталған менюден жояды.
Меню командаларын таңдау
Меню жолынан командаларды таңдау үшін
келесі тәсілдердің бірін пайдалануға
болады:
• Ең қарапайым тәсілі тышқанды қолдану
арқылы жүргізіледі. Командаларды орындау
үшін тышқанның меңзерін қажетті командаға
апарып, тышқан батырмасын басыңыз.
• Егер перне тақтаны пайдаланғыңыз келсе,
алдымен меңзерді жол менюіне апарыңыз.
Ол үшін F10 немесе Alt пернесін басыңыз.
Сосын сәулелі нұсқағышты қажетті командаға
апарып, Enter пернесін басыңыз.
• Сәулелі нұсқағышты жылжыту үшін ←
және → пернелерін қолданыңыз. ← пернесін
басқанда, ағымдағының сол жағындағы командаға
барасыз. Егер команда ең соңғы сол жағында
болса, жүйелік менюге баруыңызға қажет,
← пернесін қайта басу оң жақтағы командаға
апарады, яғни командаларды айналып шығасыз.
→ пернесінің қимылы да дәл осындай.
• Командаларды таңдаудың альтернативті
тәсілі – пернетақта көмегімен Alt+ оның
атының асты сызылған символын басыңыз.
Бұл тәсілмен таңдау кезінде командалар
Enter пернесін баспай-ақ орындалады.
5-суретте Сервис командасын таңдау нәтижесі
көрсетілген. Бапталған менюдің командалары
қанық түсте екенін ескеріңіз.
Жандандырылған меню командаларының келесі
деңгейдегі жандандырылған менюі бар
болуы мүмкін. Мұндай опциялар } символымен
белгіленген. Сонымен қатар командалардың
бірқатарының атынан соң көп нүкте (...)
қойылған. Бұл команданы таңдау нәтижесінде
MS Access операцияларды жалғастыру үшін диалог
терезесін ашады, онда нақты параметрлердің
маңызы көрсетілген. Оларды таңдау нәтижесінде
қосымша символдары жоқ командалар ғана
бірден орындалады.
Жандандырылған менюден опцияларды таңдау
прецедурасы меню командаларын таңдаумен
бірдей, тек ← және → пернелерінің орнына
↑ және ↓ пернелерін қолданамыз. Егер
команданы атының бірінші әріпі бойынша
таңдасаңыз, онда Alt пернесін баспаймыз.
5-суретте Сервис
Командаларды таңдаудан
бас тарту
Экранға шыққан жандандырылған менюдің
опцияларын таңдаудан бас тарту үшін келесі
тәсілдердің бірін таңдау керек:
• Ecs пернесін басып, алдыңғы деңгейдегі
менюге шығасыз. Бұл кезде жандандырылған
менюде (немесе менюде) сәулелі нұсқауыш
таңдауға себеп болған төменгі деңгейдегі
жандандырылған менюді шақыру опциясында
орналасады.
• F10 пернесін басыңыз, нәтижесінде барлық
екпінді жандандырылған менюлер экраннан
жойылады.
• Алдыңғы деңгейдегі жандандырылған
менюлердің бірінен кез-келген опцияларды
тышқанмен басыңыз. Таңдалынған команда
орындалады, ал барлық жандандырылған
менюлер экраннан жойылады.
• Меню жолынан команданы тышқанмен басыңыз.
Бұдан барлық екпінді жандандырылған
менюлер экраннан жойылады, ал таңдалынған
команда орындалады.
• Тышқанмен жұмыс аймағының кез-келген
бос жерін басыңыз.
Файл менюі
Бұл менюдің Создать және Открыть командалары
жаңа деректер қорын құруға немесе бар
деректер қорын ашуға арналған. Сізге
таныс баспа, алдын ала көру, терезелерді
жабу командаларынан басқа, меню деректер
экспорты мен импорты, сол сияқты сыртқы
кестелермен (MS Access, dBASE, MS Visual FoxPro және
т.б.) байланыс орнату командаларынан тұрады.
Менюдің төменгі жағынан өзіңіз жұмыс
істеген деректер қорларының аттары табылады.
Егер деректер қорын ашқыңыз келсе, алдымен
берілген тізімді қарап алыңыз. Егер ол
тізімде бар болса, оны «Деректер қорының
файлын ашу» диалог терезесінен іздеудің
қажеті жоқ. Деректер қорының атын меню
пунктінен таңдайсыз немесе оның номерін
тересіз, сосын деректер қоры ашылады.
Файл менюінің төменгі жағында Выход командасы
бар. Ол ағымдағы терезеден емес, MS Access-тен
толық шығуды білдіреді. Егер жұмыс істеп
отырған терезеңізді ғана жапқыңыз келсе,
Закрыть командасын таңдаңыз.
Access бағдарламасының Файл мәзірінің ішіндегі
бұйрықтар тізімі:
Құру командасы ДҚ файлын бос күйінде
немесе Access бағдарламасындағы дайын құрылымдарды
(Адрестік кітап,кітапша, жеке мүлік,негізгі
қорлар т.с.с) пайдаланатын шебер арқылы
құруға мүмкіндік береді .
Ашу командасы ДҚ файлынашуға мүмкіндік
береді.ДҚ-ын ашу терезесінің, Microsoft бағдарламалары
үшін стандартты, файлды іздеу құралы
бар. Жаңа файлды ашу алдында осыған дейін
ашық тұрған ДҚ автоматты түрде жабылады.
Сыртқы берілгендер командасында екі
ішкі команда Импорт; Кестесімен байланыс.
Бұл екі команда ДҚ-ның Кесте құру тақырыбында
қарастырылған.
Жабу командасы ДҚ-мен жұмысты тоқтатады.
Бұл команда қазіргі Windous 95 жүйелерінде
қажет емес файлды автоматты түрде жабуға
да болады, оның функциясы Access-ті бастапқы
қалыпқа келтіру үшін қолданғанда ғана
пайдалы.
Сақтау командасы ДҚ файлын сақтайды.
Ол Access-тегі деректерді автоматты түрде
сақтау процедурасы болғандықтан қолданыла
бермейді.
Сақтау/экспорт командасы Access кестелеріндегі
деректерді Excel-дің жұмыс кітабы файлына
көшіруге немесе олардың текстік құжаттар
ретінде сақтауға мүмкіндік береді.
HTML форматында сақтау командасы гипертекстік
құжаттарды құру үшін Публикация шеберін
іске қосады.
Беттер параметрлері командасы беттің
параметрлерін орнату және принтерді
таңдау үшін қолданады. Алдын ала көру
командасы беттерді баспаға басу алдында
көру үшін қажет. Бұл команданың әрекеті
есеп жапсырмасындағы Көру батырмасы
сияқты.
Баспаға басу командасы деректерді қағазға
басумен қатар принтердің параметрлерін
де анықтауға мүмкіндік береді.
Жіберу командасы Access обьектісін электрондық
почта арқылы жіберу үшін қажет.
ДҚ қасиеттері командасы Қасиеттер терезесін
ашады. Мұнда бірнеше жапсырмалар орналасқан.
Олардың әрқайсысын аша отырып ондағы
сервистік мүмкіндіктерді пайдалануға
болады. Мысалы файлды іздеу кезінде осы
терезедегі файл қасиеттерін қолданған
пайдалы. Жоғарыда аталған командалармен
қатар Файл мәзірінің соңында соңғы ашылған
бірнеше файлдар тізімі де көрініп тұрады.Олардың
сұхбаттық терезені қолданбай-ақ тез арада
ашуға болады.
Түзету менюі
Деректер қорының терезесінде Правка
менюі Windows-те жұмыс істеген басқа қосымшалардан
белгілі Вырезать, Копировать, Вставить,
Удалить, Переименовать командаларынан
тұрады. Создать ярлык командасы таңдалынған
объектіге жарлық құруға арналған. Басқа
режимдерде жұмыс істегенде, бұл менюде
екпінді объектілерді түзету үшін жаңа
командалар пайда болады. Мысалы, менюде
кестелер терезесінде жаңа жазбаны қосу
және ағымдағыны жою командалары қосылады.
Түзету менюіндегі командалар тізімі
мыналар:
Жарлық жасау командасы ДҚ-ның кесте, сұраныс,
форма сияқты обьектілер үшін жарлық жасауға
қолданылады. Ол Windows –тың жұмыс столында
орналасу мүмкін. Яғни, жарлық Access–ті
жүктеу, керекті ДҚ-ын ашу және қажетті
обьектіге кіру сияқты әрекеттер жиынтығын
тышқан батырмасын шерту арқылы орындауға
мүмкіндік жасайды.
Жою командасы белгіленген обьектіні
жояды, ал Атын өзгерту командасы обьектінің
атын редакциялауға мүмкіндік жасайды.
Егерде Access -те кесте, сұраныс немесе форма
обьектілері ашылған болса, онда Түзету
мәзірінің түрі, басқаша көрсетілгендей
болады. Мұндағы арнайы кірістіру командасы
өзімен аттас терезені ашады. Ол терезеде
басқа бағдарламада обьектінің кестесіне
кірістіру әрекеттері анықталады. Деректерді
кестеге кірістіру өрісінің типіне байланысты
болғандықтан, текстік және OLE типтеріндегі
өрістерге кірістіру алгаритімдері әр
түрлі. Обьектіні текстік типтегі өріске
кірістіру алгаритмі:
1. Word құжатындағы текст мазмұнын алмасу
буферіне жіберу.
2. Кестеде обьект кірістіретін текстік
типті өріс ұяшығын белгілеу.
3. Түзету мәзірінде Арнайы кірістіру командасын
беру.
4. Арнайы кірістіру терезесінде TEXT параметрін
таңдап, Ok батырмасын шерту.
Осы қадамдар орындалғаннан кейін буфердегі
обьект кесте өрісінде берілген ұяшыққа
ендіріледі. Обьектіні OLE типіндегі өріске
кірістіру алгаритімі:
1. Обьектіні таңдап алмасу буферіне жіберу.
2. Кестеде обьект кірістірілетін OLE типті
ұяшығын белгілеу.
3. Түзету мәзірінде Арнайы кірістіру командасын
беру
4. Егер обьект құжаты Word құжаты болса,
онда аталған редактормен параметрді
таңдап, OK батырмасын шерту.
5. Егер обьекте сурет болса, онда Picture параметрін
таңдап, батырмасын шерту.
Бұл алгаритмдерде Арнайы кірістіру терезесіндегі
Кірістіру және Байланыстыру қосқыштары
туралы ештеңе айтылмаған, өйткені терезе
ашылған кезде Кірістіру қосқышы автоматты
түрде белгіленіп тұрады. Ал, байланыстыру
қосқышы Word құжатындағы OLE обьектіні кірістіру
кезінде ғана іске қосылуы мүмкін. Оны
белгілі бағдарламалар арасында байланыс
орнатады. Ол байланысты OLE/DDE байланыстары
командасының терезесінде бақылап және
байланысқан бағдарламаға ауыса отырып,
кірістірілген обьектіні түрлендіруге
болады. Сонда өз редакторында түрленген
обьект кесте ұяшығында да автоматты түрде
өзгереді.
Буферден қосу - кестеге жаңа жазбалар
қосу командасы. Ол үшін кестеде жазбаларды
немесе олардың бір бөлігін белгілеп,
оны алмасу буферіне жіберген соң Буферден
қосу командасын беру қажет. Жаңадан қосылған
жазбаларда буферде бар деректер ғана
жазылады, ал оның есептегіш өрісіндегі
мәндерді автоматты түрде қойылады. Кірістіру
мәзіріндегі жазбаларды жою мен белгілеуге
арналған командалардың әрекеттері өз
атауларымен толық анықталған.
Іздеу командасы арқылы Өрісте іздеу терезесі
ашылады. Осы терезедегі үлгі қатарына
ізделінетін белілгендердің бір үзіндісін
енгізген соң қажетті параметрді анықтап,
Іздеу батырмасын басу қажет. Егер іздеу
параметрі дұрыс берілмесе, онда бағдарлама
ізделінеді үзінді бар болғанның өзінде
де, оны таба алмауы мүмкін. Сондықтан
да, қолданушы Іздеу терезесіндегі параметрді
дұрыс анықтай білу керек.
Ауыстыру командасы арқылы Өрісте ауыстыру
терезесі пайда болады. Бұл жоғарыда айтылған
терезеге ұқсас, айырмашылығы үлгіні ауыстыратын
текст жолын енгізуде ғана.
Өту командасы кесте бойымен жылжу үшін
ыңғайлы. Бұл команданың өзінде ішкі командалар
бар. OLE/DDEбайланыстары ағымдық кестеде
ең болмаса бір байланыс анықталған жағдайда
ғана қолданылады. Бұл команданың қызметін
Арнайы кірістіру командасында қолданылады.
Обьект командасының ішкі командалары
бар. Олар қандай да бір обьект енгізілген
ұяшық таңдалған жағдайда ғана жұмыс істейді.
Түр менюі
Таблица және список командалары деректер
қорының терезесінде объектілерді бейнелеу
тәсілін анықтайды. Кестелер таңдағанда,
кесте түріндегі деректер қоры объектілері
туралы нақты ақпарат деректер қорының
терезесінде шығады. Егер бұл ақпараттың
сізге қажеті болмаса, онда менюдің Список
командасын таңдасаңыз, ақпарат жоғалады.
Деректер қорының терезесі үшін Крупные
значки командасын таңдауыңызға болады.
Объекты база данных командасы объектілерді
басқару тақтасы сияқты, айқын категорияның
объектілеріне қатынауды қамтамасыз етеді.
Свойства командасы деректер қорының
таңдалынған объектілері, олардың құрылған
уақыты мен мерзімі жайлы қосымша деректі
экранға шығарады.
Упорядочить значки командасы объектілерді
реттеудің (аты, түрі, т.б. бойынша) стандартты
құралдарын еркіңізге қалдырады. Мұнан
басқа, Выстроить значки командасын пайдаланы
аласыз.
Панели инструментов командасы менюді
және саймандар тақтасын баптау құралдарымен
қамтамасыз етеді.
Кірістіру менюі
Деректер қорының терезесіндегі Кірістіру
менюі жаңа объектілерді – кестелерді,
сұраныстарды, пішіндерді, есеп берулерді,
деректерге қатынау бетін деректер қорының
терезесіне кірістіру үшін арналған. Мұны
диалог терезесінде саймандар тақтасындағы
Создать батырмасы арқылы жылдам әрі оңай
орындауға болады. Деректер қорына объектілерді
қосудың альтернативті мүмкіндігін Вставки
меню командалары орындайды.
Сервис менюі
Microsoft Office қосымшасымен жұмыс істесеңіз,
Сервис менюінде өзіңізге таныс Орфография
және Автозамена командаларымен кездесесіз.
Сонымен қатар, бұл менюде деректер қорын
басқару командалары да бар. Олардың көпшілігімен
келесі тарауларда танысасыз, ал қазір
осындайлардың бірі – Параметры командасын
қарастырайық. Бұл команданы таңдағанда,
экранда 6-суретте көрсетілген диалог
терезесі ашылады. Таңбашаны тышқанмен
баса отырып, әрбір жүйелердің логикалық
топталған параметрлерінен тұратын жапсырмаларды
таңдай аласыз.
Информация о работе MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы