Мәтіндік файлға мәліметтер жазу және оқу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 13:25, реферат

Описание

Паскаль тілі бұрын құрылған (Фортран, Алгол және т.б.) программалау тілдерінен маңызды ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі.

Содержание

КІРІСПЕ...................................................................................................................3
І. БІР ӨЛШЕМДІ МАССИВКЕ СИПАТТАМА
1.1. Массив туралы жалпы түсінік...............................................................5
1.2. Бір өлшемді массив................................................................................8
ІІ. ЕКІ ӨЛШЕМДІ МАССИВТІҢ ПРОГРАММАЛАУДА ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1. Екі өлшемді массив.............................................................................14
2.2. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу және оқу......................................15
2.3. Массивтерді сорттау және іздеу........................................................22
2.4. Масссив элементтерін пайдалана отырып есептер шығару............24
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................31

Работа состоит из  1 файл

Массивтер).doc

— 205.00 Кб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ...................................................................................................................3

І. БІР ӨЛШЕМДІ МАССИВКЕ СИПАТТАМА

1.1. Массив туралы жалпы түсінік...............................................................5

1.2. Бір өлшемді массив................................................................................8

ІІ. ЕКІ ӨЛШЕМДІ  МАССИВТІҢ ПРОГРАММАЛАУДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

2.1. Екі өлшемді массив.............................................................................14

2.2. Мәтіндік файлға мәліметтер жазу және оқу......................................15

   2.3. Массивтерді сорттау және  іздеу........................................................22

   2.4. Масссив элементтерін  пайдалана отырып есептер шығару............24

 

ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................31

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

      Жоғарғы деңгейлі программалау тілдерінің бірі − Паскаль тілі болып табылады. Оның алғашқы вариантын 70-жылдары Швейцариялық ғалым        Н. Вирт жарыққа шығарған болатын. Қазіргі кезде Паскаль тілінің кеңейтілген ондаған диалектісі бар, оның ішінде IBM PC-ге үйлесімді дербес компьютерлер жұмыс істей алатын Турбо Паскаль диалектісінің варианттары да жеткілікті.

      Бейсик  тілі сияқты, Паскаль оқып-үйренуге  жеңіл, түрлі салалық информациямен  жұмыс істеуде нәтижелі болғандықтан, дүние жүзінде көп тараған  тілдердің бірі. Оның ыңғайлылығы:

  • тіл алгоритм құрылымын сақтап құрылған. Мұнда программаны бірте-бірте дамыту арқылы жинақты түрде құруға болады. Ол программалау тәсілін үйрену үшін де қажет;
  • тілге дамытылған берілгендер типтері енгізілген. Олар өңделетін берілгендер элементтерін толық сәйкестендіріп сипаттауға және жаңа берілгендер типтерін енгізуге мүмкіндік береді;
  • мұнда кішігірім жеңіл программалармен бірге күрделі құрылымды программаларды құру да мүмкін;
  • тіл синтаксисі қиын емес;
  • нұсқаулардың (операторлардың) саны мүмкіндігінше азайтылған, т.б.

      Паскаль  тілінде құрылған программаны  мәшинелік кіріспе тілге аудару  үшін компилятор пайдаланылады.

      Паскаль тілі бұрын  құрылған (Фортран, Алгол және  т.б.) программалау тілдерінен маңызды  ерекшелігі ол құрылымдық программалау идеясын өмірге біртіндеп енгізу. Паскаль тілінің тағы бір ерекшелігі ол деректер құрылымының концепциясының алгоритм түсінігімен қатар программалаудың негізінде жатқан фундаменталды түсініктер қатарына кіруі.

 

 

І. МАССИВ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

 

1.1. Массив туралы жалпы түсінік

  Бір типтес берілгендерден құралып, барлық элементтеріне бір ортақ атау берілген жиынды массив деп атаймыз. Массив құрылымдық типтер қатарына жатады. Массив элементтері нөмірленеді. Массивтің әрбір элементіне индексін көрсету арқылы жұмыс істеуге болады. Массивке мысал ретінде векторларды қарастыруға болаты. Егер массивке кестелік берілгендер жазылса (матрица), онда элементтері екі индекс бойынша нөмірленеді.

Массив сипаттамалары:

    • Типі – массив элементтерінің жалпы типі;
    • Көлемі – массив индекстерінің саны;
    • Шектелімі - әрбір индекстердің шектеу бойынша сәйкестігі;
    • Пішімі – көлем және шектеулер жиындары.

          Массивтер элементтерімен жұмыс жасау барысында, массив атауынан кейін міндетті түрде тік жақшаға алынған индекс көрсетіледі. Индекс ретінде сандар қолданылады.

       Массивтің кез келген элементтерімен жұмыс істегенде программалау барысында олардың индексінің мәні типтер немесе айнымалылар бөлімінде сипатталған шектеуден аспауы тиіс. Егер массив индексінің мәні сипатталған шектеуден асып кетсе онда, смнтаксистік қате тіркеліп экранда «Index type is not compatibie with declaration» деген сөз тіркесі шығарылады.                   Массивтер қолданылатын программаларда «{R+}» директивасын жазу арқылы массивтің шектеулерін тексеруге болады. Егер программада «{R+}» директивасы беріліп, массив индексі шектеуден асып кетсе, онда экранға "Range check error” сөз тіркесі шығарылады. Массивтерді программада қолдану үшін Turbo Pascal программалау тілінде оларды бірден var бөлімінде сипаттау жолы қарастырылған.

 Программалау  тілінде индексті айнымалылардың жиынтығы - массивтер деп аталынады.     Массивтерді программада қолдану үшін, оларға белгілі бір ат беріледі. Содан соң программаның  VAR  бөлімінде ARRAY қызметші сөзімен сипаттап,  компьютердің жадынан массив элементтеріне орын бөледі. Массивтер бір өлшемді және екі өлшемді   (матрицалар) болып екіге бөлінеді. Массив элементтерін  өндіру және шығару цикл арқылы жүзеге асырылады. Екі өлшемді массивтердің бірінші индексі қатардың, ал екіншісі - бағанның номерін білдіреді.  Екі өлшемді массивтерді     ендіргенде екі цикл ұйымдастырылады, сыртқы цикл – қатарлар бойынша және ішкі цикл - бағандар номері бойынша жүргізіледі.

Массивке кіретін айнымалыларды  массивтің элементтері дейді. Элементтер типі файлдық типтен басқа кез-келген тип бола алады. Массив элементтерінің типін оның негізгі типі деп атайды.  Массив тұтастай бір атпен аталады, ал элементтерінің реті индекс арқылы көрсетіледі. Индекс массив атынан соң тік жақшаға алынып жазылады. Индекс типі массив элементтерінің өзгеру аралығын көрсетеді де, шектелген қарапайым типтердің (байттық, логикалық, аралық) бірімен беріледі. Сонымен массивтің негізгі параметрлері оның өлшемі, базалық типі және көлемі болып табылады.

    • Массив өлшемі оның элементінің индекс санымен анықталады.
    • Массивтің элементтерінің типі массивтің типін анықтайды.
    • Массив элементтерінің саны оның көлемін анықтайды.

Мысалдар: А массиві  берілген болса, оның тұрмыста тізбектелген сандарды, сызықтық кестелік мәліметтерді көп пайдаланамыз. Оны бірөлшемді массив ретінде қарастыруға болады.

Мысалы: 1.5,  6.5,  -8.9,  0.4,  сандарының тізбегі бірөлшемді массивке мысал бола алады. Оған А  деген ат беріп, массивтің әрбір  элементін массив атымен белгілейміз. Әрбір элементін ажырату үшін массив атауының жанына тік жақшаға алып элементтің индексі жазылады. 

Мысалы

А[1]=1.5

A[2]=6.5

A[3]=-8.9

A[4]=0.4

Берілген массивтің  негізгі параметрлері мынадай:

өлшемі: бір өлшемді

массив типі: нақты

көлемі: 4-ке тең

Бір өлшемді массивтер сызықтық кесте түрінде кескінделсе, ал екі өлшемді массивтер тікбұрышты кесте түрінде кескінделеді. Жалпы бір өлшемді массив математикадағы «вектор», ал екі өлшемді массив «матрица» ұғымдарымен парапар. Екі өлшемді массивтерді келесі сабақта қарастырамыз.

 

Массивтермен жұмыс  жасау үшін оны программада алдын  ала сипаттап алу керек. Массивті айнымалылар бөлімінде былайша  сипаттайды:

VAR массив ты:ARRAY[индекс  типі] OF элемент типі;


Мысалы нақты 40 элементтен тұратын А массивін айнымалылар  бөлімінде былайша сипаттайды.

VAR А:ARRAY[1..40] OF REAL;

Массивті сипаттағанда индекстің үлкен мәні үшін кез-келген 255-тен аспайтын санды алуға болады, бірақ программада  пайдаланылатын индекстің мәні  оның берілген ең үлкен  мәніне дейін болуы шарт емес. Мысалы массивті сипаттағанда  ARRAY[1..255] деп жазып, программаны орындағанда і<255 кез-келген мәнді пайдалануға болады. Программада і-дің мәні массивті сипаттағандағы  оның ең үлкен мәнінен ешқашан артпауы керек.

Егер бірнеше массив  бірдей базалық және индекстік типте болса, онда оларды  массив ретінде сипаттағанда үтір арқылы бөліп жазуға болады.

VAR А,В,С:ARRAY[1..10] OF REAL;

Мұнда А,В,С масссивтер, олар нақты типтегі 10 саннан (элементтен) тұрады.

Паскаль тілінде массивтерге = тең, <>тең емес және := меншіктеу амалдарын қолдануға болады. Бұл амалдарға қатысатын массивтердің базалық және индекстік типтері бірдей болуы шарт.

Мысалы А және В  массивтері былайша сипатталса:

VAR А,В:ARRAY[1..10] OF REAL;

Онда пайдаланылған  амалдар төмендегідей нәтиже береді.

 

Өрнек

 

Нәтиже

A=B

А массивінің әр элементінің  мәні В массивінің сәйкес  элементінің мәнінен тең болса, онда нәтиже ақиқат (True) болады.

A<>B

А массивінің ең аз дегенде бір элементінің  мәні В массивінің сәйкес  элементінің мәніне тең болмаса, онда нәтиже  ақиқат (True) болады.

A:=B

A массивінің  барлық элементтері B массивінің сәйкес элементтеріне ауысады. В массивінің элементтері өзгермейді.


Ал массив элементтері  үшін  олардың  типіне сәйкес  кез-келген амал орындала береді.

Массивтерге қолданылатын амалдарды мысалдар арқылы орындап көру.

А (‘a’,’s’,’e’,’t’,’e’,’u’);

E (‘a’,’s’,’e’,’t’,’e’);

F (‘a’,’s’,’e’,’t’,’e’,’n’);

B (1,2,5,-9,6,4,0.3);

G (1,2,5,9,6,4,0.3);

C (‘bar’,’zhok’);

K (’zhok’,’bar’);

D (12,54,-25,45,10);

X (12,54,-25,45,10,47);

Bir (12,54,-25,45,10);

Eki ('zhok','bar');

Ysh ('a','s','e','t','e','n');

Tort (12,54,-25,45,10,47);

Bes (1,2,5,9,6,4,0.3);

Alti ('bar','zhok');

Zheti ('a','s','e','t','e');

Segiz ('a','s','e','t','e','u');

Togiz (1,2,5,-9,6,4,0.3);

 

1.2. Бір  өлшемді массив

 

Ең қарапайым файл типі мәтіндік файл болып табылады. Бұл файлдағы мәліметтер типтік және типтік емес файлдардағыдай машиналық кодта емес, сан, әріп және басқа пернетақта символдары түрінде (ASCII кодында) беріледі. Сондықтан мұндай файлдар мазмұны оңай қаралады, оңай өзгереді және оларды кез келген мәтіндік редактордың, соның ішінде Pascal ортасының да көмегімен өзгертуге болады. Өздеріңіз білетіндей 2.1.2.-ні  қара, мәтінді теру кезінде жаңа жолды енгізу үшін “Enter” пернесін басу керек, осы кезде арнайы код гинерацияланады—ол жол соңы коды, ал файлды сыртқы сақтау құрылғысына жазған кезде де арнайы код гинерацияланады - ол файл соңы коды. Мәтіндік файлды оқығанда бұл кодтар көрінбейді.

 Есте сақтайтын бір мәселе жиын өлшемі 64 Кб аспауы керек. Массивті   жариялаудың кейбір мысалдарын қарастырайық.

var Numbers: array [0..1000] of integer;

    Names: array [1..10] of string;

    Crit: array[shortint] of boolean;

    CountAll: array[char] of integer;

    Count: array['a'..'z'] of integer;

Мысал 1. Массив элементтерінің ішінен көп санда табу.

program FindMaximumInArray;

var a: array[1..10] of real;

    i,max: integer;

begin

  for i:=1 to 10 do begin

    write(' элемент номерін енгізу ',i,' -> ');

    readln(a[i]);

  end;

  max:=a[1];

  for i:=2 to 10 do

    if a[i]>max then max:=a[i];

  writeln('Максимум ',max тең);

  readln;

end.

Мысал 2. Жолдағы әріп санын анықтау.

program CountLetters;

var s: string;

    count: array['a'..'z'] of byte;

    ch: char;

    i: byte;

begin

  write('Жол қатарын енгізіңіз > ');

  readln(s);

  for i:=1 to length(s) do

    if (s[i]>='a')and(s[i]<='z') then inc(count[s[i]]);

  writeln('Жолдағы әртүрлі әріптер санын енгізу: ');

  for ch:='a' to 'z' do

    if count[ch]<>0 then

      writeln(ch,': ',count[ch]);

  readln;

end.

Келесі есепті шешіп көрейік: Пернетақтадан бірнеше сандар енгізіп, оларды “mayFile.in” атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек.

Есепті кезеңдерге бөлейік:

  1. пернетақтадан мәліметтерді енгізу
  2. оларды   “mayFile.in” атты файлға жазу керек.

 

Бірінші кезеңді орындау  үшін:

  • пернетақтадан енгізілетін сандардың мөлшерін (массив өлшемін) көрсету керек
  • Сан мөлшерін білген соң, параметрлі циклді қолдану арқылы массив элементтеріне осы сандардың нақты мәндерін меншіктейміз

Осы әрекеттерді  орындау үшін қолданылатын айнымалыларды  сипаттаймыз. Айталық, санымыз 100-ден көп емес және олар басқа да процедураларда қолданылатындықтан, оларды ауқымды айнымалыларды баяндау блогында сипаттаймыз.

рrogram Misal_F1;

                                                var

                                                San: array [1..100] of integer;

                                                                      i, SanMolcher: integer;

Мәліметтерді енгізу процедурасы  келесі түрде болады:

procedure init; begin readln (SanMolcheri);

                                   for i:=1 to SanMolcheri do

                                   begin

                                     write (“San[“,i,”]=’);

                                     readln(San[i]);

                                   end;

Мәліметтерді өңдеу процедурасы әзірге бізге қажет емес, сондықтан ол қызмет атқармай-ақ қойсын.

                           procedure work ;

                              begin

                              end;

    Енді екіншісі кезеңді қарастырайық, яғни мәліметтерді «mayFile.in» атты мәтіндік типтегі файлға жазу керек. Алдымен өз файлмызды байланыстыратын, айналымның атауын беру керек.Айталық, ол айналымның атауы FileOut болсын, содан кейін біз оны мәтіндік файл ретінде сипаттаумыз керек. Бұл айнымалыны шығару процедурасында пайдаланатын болғандықтан, оны жергілікті айнымалы ретінде сипаттаймыз:

                            var

                            FileOut: text;

Одан кейін біз программаға, “мәтіндік” типтегі FileOut атты айнымалының, біздің “mayFile. in” атты нақты файлмызды белгілейтінін көрсетуіміз керек. Ол үшін assign(Name Var, Name File)процедурасы қолданылады. Name Var—бұл файлды белгілеу үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда Name Var—дың орнына File Out сөзін жазасыз. NameFile—бұл біз жұмыс істейтін файлдың аты, біздің жағдайда”mayFile.in”.

Файл аты мен оның кеңейтілуінен  басқа орналасқан орнына қарай сипатталатыны  да белгілі. Мысалы,”c,\bp\bin\MyFile.in”. Ал егер толық аты берілмеген жағдайда, үнсіз келісім бойынша сіздің программаңыз  орналасқан ағымдағы каталог қолданылады. Енді сіз берілген файлды ашып, оған мәліметтер жазылатындығын көрсетуіңіз керек. Ол үшін rewrite (Name Var) процедурасы қолданылады. Мұндағы, Name Var-бұл файлды белгілеу  үшін берілген айнымалы аты, біздің жағдайда Name Var—дың орнына  FileOut   атауы жазылады.  Rewrite (Name Var) процедурасы—файлды жазу үшін ашады және көрсеткішті файлдың басына орналастырады.

Информация о работе Мәтіндік файлға мәліметтер жазу және оқу