Отчет по практике в «Интеллект» ОКО

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2013 в 19:29, отчет по практике

Описание

Мен университет табалдырығында алған теориялық білімімді тәжірибемен алмасу мақсатында, өндірістік тәжірибеден өту үшін «Интеллект» оқу-компьютерлік орталығына қабылдандым. «Интеллект» оқу-компьютерлік орталығы Семей қаласының ең әсем де көркем және таза, жақында ғана бүкіл Қазақстан көлемінде 150 жылдық мерей тойы тойланып өткен, қазақ халқының ақыны, философы Шәкәрім даңғылынан орыналасқан. Аталған бөлімде қазіргі заманға сай 3 компьютер, 2-ноутбук, 2-сканер, 2 ақ-қара және 1-түрлі-түсті баспа құрылғысы мен бір көшірме алу аппараты бар. Менің іс-тәжірибелік жетекшім Бектимиров Р.Р. маған практика өту кезінде менің қарамағыма жұмыс және қызмет көрсету, менің күтімім үшін жеке компьютер берілді. Алғашқы күні мен бөлімнің қызмет барысымен, қауіпсіздік ережелерімен таныстым.

Содержание

КІРІСПЕ 3
1. КӘСІПОРЫНДЫ СИПАТТАУ 5
1.1. Кәсіпорынның мінездемесі 5
1.2. Кәсіпорынның құрылымы және оның бөлімдерінің функциялары 14
1.3. Кәсіпорындағы бағдарламалық қамтамасыздандыру құрылымы 15
1.4. Техникалық құралдар: ДК және перифериялық құралдар мінездемелері 18
1.5. Кәсіпорынның локалдық жүйелерінің құрылымы 20
1.6. Кәсіпорынның еңбекті қорғауы және техника қауіпсіздігі 21
2. 33
2.1. Бағдарламаны әзірлеу негізі 33
2.2. Есептің қойылуы 33
2.3. Алгоритмді және есептің функционалдығын сипаттау 34
2.4. Енгізу және шығару мәліметтерді ұйымдастыру 34
2.5. Техникалық құралдардың және бағдарламалық құралдардың құрылымын сипаттау 34
2.6. Жүйенің жұмыс істеу схемасы 35
2.7. Бағдарламалардың (процедуралардың) схемасы 35
2.8. Мәліметтер қоры файлдарының құрылымы 36
3. ҚОЛДАНУШЫ БАСШЫЛЫҒЫ 37
3.1. Бағдарламаның арналуы 37
3.2. Бағдарлама орындалу шарттары 37
3.3. Бағдарлама орындалуы 37
ҚОРЫТЫНДЫ 40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША (БАҒДАРЛАМА ЛИСТИНГІ)

Работа состоит из  1 файл

0403 отчет новый.doc

— 1,023.00 Кб (Скачать документ)

6) белгіленген  тәртіппен уақытша шығармашылық ұжымдар құру;

7) білім берудегі  жаңа технологиялар мәселелері  бойынша республикалық және аймақтық  білім беру органдарына, Қазақстанның  өзге де мемлекеттік және қоғамдық  ұйымдарына ақпарат беру;

8) белгіленген  тәртіппен шетелдік серіктестермен  және фирмалармен сыртқы экономикалық қызметті іске асыру;

9) осыған уәкілетті  органдармен және ұйымдармен  бірлесе отырып, білім беру қызметкерлерін  білім берудегі жаңа технологиялар  проблемалары бойынша даярлау  және қайта даярлау жөніндегі  курстарды ұйымдастырып, өткізу.

16. «Интеллект»  ОКО мыналарға жауап береді:

1) орындалған  жұмыстың сапасы үшін;

2) оның қарамағына  берілген ресурстарды пайдаланудың  тиімділігі үшін;

3)осы Жарғыны  бұзғаны үшін.

5. «Интеллект»  ОКО басқару

17.Уәкілетті  орган:

1)мемлекеттік  мекеменің Жарғысын бекітеді, Жарғыға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

2) заңнамамен  белгіленген тәртіппен мемлекеттік  мекемеге мүлік бекітіп береді;

18. Мемлекеттік  басқару органы заңнамамен белгіленген  тәртіппен мынадай функцияларды  жүзеге асырады:

  1. «Интеллект» ОКО мекемесін жалпы басқару;

2)мемлекеттік  мекемені ұстау сметасын (шығыстар  жоспарын) бекітеді;

3)мемлекеттік  мекемеге берілген мүліктің тиімді  пайдаланылуына және сақталуына  бақылауды жүзеге асырады;

4)мемлекеттік  мекеме басшысының құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін, оны қызметтен босату негіздерін белгілейді;

5)мемлекеттік   мекеменің құрылымы мен шекті  штат санын бекітеді;

6)мемлекеттік  мекеме басшысының ұсынуы бойынша  оның орынбасарын (орынбасарларын) қызметке тағайындайды және босатады;

7)жылдық қаржы есептерін бекітеді;

8)заңнамамен  белгіленген өзге де функцияларды  жүзеге асырады.

19. «Интеллект»  ОКО директоры:

1)оны қызметке  мемлекеттік басқару органы тағайындайды  және қызметтен босатады;

  1. «Интеллект» ОКО-ны тікелей басқаруды жүзеге асырады;

3) «Интеллект»  ОКО мемлекеттік мекемесінің  жұмысын ұйымдастырады және басшылық  жасайды, мемлекеттік мекемеге  жүктелген міндеттердің орындалуы  және оның өз функцияларын  жүзеге асыруы үшін мемлекеттік  басқару органы алдында дербес  жауап береді;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді, барлық мемлекеттік органдар мен ұйымдарда оның өкілдігін білдіреді, белгіленген тәртіппен мекеменің мүлкіне иелік жасайды, келісім-шарттар жасасады, сенімхаттар береді, банкте шоттар ашады, бұйрықтар мен өкімдер шығарады, құжаттардағы бірінші қол құқығын иеленеді;

5) қызметкерлерді  қабылдауды және шығаруды жүзеге  асырады, құрылымдық бөлімшелердің  басшыларын бекітеді, қолданыстағы  заңнама шектерінде өзге де  функцияларды орындайды;

6) өз өкілеттіктерінің бір бөлігін мекеменің басқа да басшы қызметкерлеріне беру құқығы бар;

7) мемлекеттік  мекеменің іссапарлар, ісдағдылар, қызметкерлерді қазақстандық және  шетелдік оқу орталықтарында  оқыту және қызметкерлердің біліктілігін  арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

8) оған заңнама,  осы Жарғы және Уәкілетті орган  жүктеген өзге де функцияларды  жүзеге асырады.

20. «Интеллект»  ОКО директорының орынбасарлары:

1) оларды «Интеллект»  ОКО директорының ұсынысы бойынша  мемлекеттік басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) «Интеллект»  ОКО директорының орынбасарлары  мен өзге де басшы қызметкерлердің  құзыретін, олардың арасында міндеттер  бөлісуді директор қолданыстағы  заңнамаға сәйкес атқарады.

6. «Интеллект»  ОКО мүлкінің құрылу және оның қызметін қаржыландыру тәртібі

21. «Интеллект»  ОКО мүлкі оған мемлекет берген  мүлік есеінен құралады және  негізгі және айналымдағы құралдардан,  сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде  алынған өзге де мүліктен және  заңнамамен тиым салынбаған өзге де көздерден тұрады, оның құны мемлекеттік мекеменің дербес баласында көрсетіледі.

22. «Интеллект»  ОКО мүлкінің құрамына оның  қызметіне арналған ғимараттарды, құрылыстарды, құрал-жабдықты, мүкамммалды,  көлікті, қоса алғандағы мүліктің  барлық түрлері, жер учаскесіне құқық кіреді.

23. «Интеллект»  ОКО оған бекітілген мүлікке  дербес және өзге түрде билік  жүргізуге құқықты емес.

24. «Интеллект»  ОКО-ны қаржыландыру жүзеге асырылады:

1)бекітілген  сметаға сәйкес жергілікті бюджеттің  қаражаты есебінен;

2)Қазақстан  Республикасы Үкіметінің қаулыларымен  белгіленген тәртіппен ақылы  қызмет көрсетуден алынған қаражат  есебінен.

25. «Интеллект»  ОКО қаржылық, материалдық, валюталық  түсімдері заңнамамен бекітілген  тәртіппен мыналарға пайдаланылуы  мүмкін:

1) мекеменің оқу-материалдық базасын нығайтуға;

2) оқу мүкаммалын  және құрал-жабдық алуға;

3) оқу-өндірістік  шеберханаларды кеңейтуге;

4) оқушыларды  ынталандыруға және оқушылардың  әлеуметтік жағынан қорғалмаған  жекелеген топтарына материалдық  көмек көрсетуге;

5) мектеп оқушылары  орындаған жұмыстарға төлемге;

6) үй-жайлар  мен оқу корпустарын ағымдағы  жөндеуге;

7) сауықтыру   іс-шараларына;

8) жарысқа қатысушыларды  тамақтандыру жөніндегі, қазылар  алқасының мүшелері  мен медицина  қызметкерлеріне еңбек ақы төлеу жөніндегі шығындарды жабуға;

9) қосымша оқу  бағдарламалары бойынша оқу процесін  ұйымдастыруға;

10) ақылы білім  беру қызметін көрсететін қызметкерлерге  еңбек ақы төлеуге;

11) қосымша төлемдерге, үстемелерге, сыйлықтар мен көтермелеу  сипатындағы өзге де төлемдер тағайындауға;

12) құрал-жабдықтар,  мүкаммал алуға;

13) бюджет қаражаты  есебінен жабылмайтын шаруашылық  шығыстарына (жылу, электр энергиясы,  сумен жабдықтау  үшін төлемге  және басқа да коммуналдық  шығыстарға, ағымдағы және шаруашылық  мақсаттағы заттар мен материалдар алуға, ғимарат күтіміне төлемге, көлік қызметіне төлемге,  көлік құралдарының арендасына);

14) көлік құралдарын  пайдалану және  жөндеуге байланысты  шығыстарға;

15)іссапар шығыстарына.

26. «Интеллект»  ОКО-ның ақылы қызмет көрсетуден  алынған қаражаты кірістер мен шығыстар сметасы бойынша жоспарланады және пайдаланылады.

27. Шығыстар  мен кірістер сметасын «Интеллект»  ОКО жасайды және ол мемлекеттік  басқару органының қарауына беріледі.

28. Ақылы білім беру қызметінен және өзге де қызметтерден түскен қаражат «Интеллект» ОКО директоры белгілеген бірінші дәрежелі іс-шаралар ескеріле отырып, қатаң түрде белгіленген мақсатта  жұмсалады.

29. «Интеллект»  ОКО «Ақылы қызмет қаражаты»  ағымдағы шоттарын ашуды, жүргізуді  және жабуды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен іске асырады.

30.Ақылы қызметті  іске асырудан түсетін қаражатты   есептеу, есеп берулер мен бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік актілеріне сәйкес жүзеге асырылады.

31.Қаржы, материалдық және валюта түсімдеріне салық салу және салықтар мен алымдар бойынша жеңілдіктер беру Қазақстан Республикасының қолданыстағы  заңнамасымен реттеледі.

 

 

1.2 Кәсіпорынның құрылымы 

және  оның бөлімдерінің функциялары


 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Кәсіпорындағы бағдарламалық қамтамасыздандыру  құрылымы

Кәсіпорында көптеген әртүрлі бағдарламалар  бар. Солардың мен көбімен жұмыс  жасауыма мүмкіндік туды. Атап айтсақ MailАгент, Аська(орысша нұсқасы), тілмаш, Finereader, Microsoft оффистің барлық пакеті орналасқан. Мен жұмыс жасаған дербес компьтерде Window XP операциялық жүйесі орнатылған.

Операциялық жүйе – бұл ЭВМ дегі барлық ақпараттарды өңдеу процесін басқаратын және жұмыс жасушы мен компьютер арасындағы байланысты орындайтын кешенді бағдарлама жиынтығы.

Операциялық жүйелердің міндеттері:

  • компьютердің барлық құрал-жабдықтарын басқару;
  • файлдық жүйемен жұмыс істеуді қамтамасыз ету;
  • қосымша бағдарламаларды жүктеу;
  • бір уақытта бірнеше бағдарламалармен жұмыс жасау;  
  • әр-түрлі бағдарламалар арасында ақпараттар алмасу; 
  • қәріп масштабын өзгерту;
  • мультимедиа мүмкіндігі;
  • жүйеленген анықтамалық жүйе.

 

Есептеуіш техникамен жұмыс жасау кезінде  мен оның техникалық мүмкіншіліктерін игердім. Негізінде бұл компьютермен тек осы бөлімде жұмыс істеген ыңғайлы, себебі бұл бөлімдегі жұмыстардың негізі Microsoft Office стандартты пакетінде жүргізіледі (соның ішінде MS Word және MS Excel). Сондайақ компьютерден көп орын алатын және үлкен ресурстарды талап ететін қосымша немесе арнайы бағдарламалар  жоқ.

Практика барысында  мен Microsoft Excel, Word, Power Point, Photo Shop, Adоbe Acrobat, Delphi тәрізді бағдарламалармен жұмыс жасадым.

MS WORD - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған WINDOWS жүйесінің қосымша бағдарламасы. Ол - мәтіндік және графикалық информацияларды өңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.

Мысалы, басқа  ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты неше түрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады. Жалпы, WORD редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал-макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де толық қамтылған. Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер, жазылып бірден орындалатын ішкі макробағдарламалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және т. с. с. жетіп артылады.

WORD редакторын тағайындау, іске қосу және онымен жұмыс істеуді аяқтау.

WORD - пен жұмыс істеуді бастау үшін WINDOWS жүйесінің басқа бағдарламалары сияқты оны бастапқы нұсқалық (инсталляциялық) дискеттерден немесе компакт-дискіден компьютерге жазып орналастыру қажет.

Орналастырылған WORD редакторын іске қосу бірнеше тәсілмен жүзеге асырылады:

1.  Басқару  тақтасындағы Іске қосу (Пуск) менюінің Орындау (Выполнить) командасының көмегімен, бұл тәсіл редактордың қосымша параметрлерін іске қосуға арналған.

2.  Бағдарламалардың Microsoft Office тобындағы WORD шартбелгісінде тышқанды екі рет шерту арқылы.

3.   WINDOWS жүйесінің Сілтеуіш (Проводник) терезесін  пайдалану арқылы.

4.  WORD редакторына дайындалған құжаттың шартбелгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны екі рет шерту арқылы т.б.

         MS Excel – Microsoft Office дестісінің электрондық кестелерді әзірлеуге және  өңдеуге арналған  қолданбалы бағдарламасы. Электронды кестенің басты артықшылығы кез келген мән өзгерген  кезде өрнектік  тәуелділік  арқылы  байланысқан  барлық  деректерді қайта есертеу мүмкіндігі.

Microsfot Excel –  ді қолдану аясы өте кең. Excel терезесі дайын  кесте болып  табылытындығының  арқасында ол  көбінесе қандайда бір  есептеулері  жоқ,  жай кесте түрінде ғана  көрінетін  құжаттар (кестелер, прайс-беттерін) жасау үшін қолданылады.

Excel – де  сызбалар мен диаграммалардың  алуан түрлерін  оңай жасауға  болады.

Excel – ді  қарапайым пайдаланушылар элементар  есептеулер жүргізу үшін қолдана  алады.

Excel- де бүкіл   кітапты, кез-келген парақты немесе кейбір ұяшықтарды өзгертуден қорғап  қоюға болады.

Excel-дің негізгі  элементтері.

  1. тақырып  жолы
  2. көлденең меню
  3. аспаптар тақтасы
  4. формула жолы
  5. жұмыс аумағы

PowerPoint, яғни көрме – сіздің қандай да бір қызметіңізге байланысты материалды ұсынуға арналып, компьютерде жасалған слайдтардың (бейне беттегі кескіндер)көрсетілімдікжиынтығы.

        PowerPoint-тың негізгі міндеті –  ақпаратты қабылдаудың және есте  сақтаудың тиімділігін арттыру  мақсатымен көрмелерді жоспарлау,  жасау және өңдеу.

       Көрме – бұл диафильмдердегі сияқты, бірақ қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды (компьютер, проектор, өзіне сәйкес бағдарламалық жасақтама және т.б.) пайдалана отырып әзірленген слайттардан тұратын қысқы ғана әңгіме.

Информация о работе Отчет по практике в «Интеллект» ОКО