Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша рефлексивтік есеп

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2013 в 05:29, отчет по практике

Описание

Бұл бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. (Мұғалімге арналған нұқаулық, 6 бет)

Работа состоит из  1 файл

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау туралы рефлективті есе.doc

— 786.00 Кб (Скачать документ)

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша рефлексивтік есеп.

Қожағұлова  Шынаргүл №195  орта  мектебінің  информатика пәні  мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жайылма ауылы

 

Орта білім беру жүйесінде әлемдік  жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hatte, 2009).

Бұл бағдарламаның басым  бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделеді. (Мұғалімге арналған нұқаулық, 6 бет)

 Міне осы сындарлы оқытуды негізге алған бағдарламаны оқу барысында 7 модульді оқып үйрендім. Осы   жеті  модульдің  ішінде  «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін өз сабақтарымда  пайдаланаып жүрмін. Дәстүрлі оқыту жүйесінде баланы бағалауда тек мұғалімнің  ғана ықпалы болатын  және  көбіне баланың жауап беру стиліне қарап салыстырмалы немесе ынталандыру  бағасы қойылатын, сонымен қатар нақты білім бағаланатын.

Мен іс - тәжірибені 7-сыныпқа информатика  пәнінен жүргіздім.   Сабақты   оқытып,  меңгерту  барысында оқушыларға өзіндік бағалаулар  ұнады.  Бағалауды жақсы меңгеріп,  әр  сабақтарында  қолдануы  үшін  топтық, жұптық, жеке  жұмыстар  жасатып, алдағы  сабақтарда  тиімді  пайдалануды меңгерттім. 

Жалпы  білім  беруде  әр  мұғалім көздеген  мақсатына қол жеткізу үшін  оқыту үдерісін  жоспарлап қолданысқа  енгізгенде  оқушыларды  бағалауды басты   назарда ұстануы керек.  Себебі,  бағалау сыныптағы оқушылар  деңгейі әр  түрлі болып келетіндіктен,  мұғалімнің  сыныпта бірқалыпты  атмосфераны  құруына  және  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру  жолдарына  елеулі  әсер  етеді.                                                                                    

Бағалау – одан  арғы  білім алу туралы  шешімді  қабылдау  мақсатымен  оқытудың нәтижелерін  жүйелі  түрде  жинақтауға  бағытталған  қызметті  белгілеу  үшін  қолданылатын   термин  болып  табылады. (мұғалімдерге арналған  нұсқаулық. 56- бет)

Сондықтан балалардың өз білімін өзі бағалауы маңызды деп ойлаймын. Әрі қарай өзін қалай дамыту керек екенін, нені үйренгенін және нені үйрену керек екенін оқушылар өздері шешу керек және одан арғы қызметті өздері белгілеулері қажет. Мысалы  оқушыларға смайликтер  арқылы бағалау кестесін  берген  кезде  оқушылар  өзінің  білімінің  қандай  деңгейде  тұрғанын  бағалай  алады  және  алдағы  уақытта  білімін  дамыту  үшін  қалай  жұмыс  жасау  керектігін  білетін  болады.

 

Мен компьютердің  құрылғылары жайлы  не  білемін?

 

Не  білемін?...

J

K

L

Компьютер дегеніміз не?

Компьютердің  не екендігін білемін және оны  басқаларға түсіндіре аламын.

Мен компьютер  жайлы аз білемін, кейбір мәліметтер жайлы бөлісе аламын.

Маған компьютер  жайлы айту үшін, міндетті түрде  көмек қажет.

Компьютердің  құрамына  қандай  құрылғылар  кіреді?

Мен  компьютер  құрылғыларының бәрін білемін және  басқаларға үйрете аламын.

Мен компьютер  құрылғыларын білемін бірақ олардың  аттарын ажырата  алмаймын

Маған компьютердің құрылғыларын білу үшін міндетті түрде  біреудің көмегі керек.

Жүйелік блоктың ішінде қандай құрылғылар орналасқан, олардың қызметі қандай?

Мен жүйелік  блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды білемін және олардың қызметін білемін.

Мен жүйелік  блоктың ішінде орналасқан құрылғылардың  атын білемін,  қызметін білмеймін.

Маған  жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды  және олардың қызметін білу үшін көмек қажет.


 

 

Сынып: _____________   Аты:______________________________ Күні:______

 

Мұғалімнің  түсініктемесі: _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мен  осы  бағалау  кестесін   сабақтарда  жиі  қоланып  отырамын.  

7- сыныптағы информатика пәні бойынша «Компьютердің негізгі құрылғыларының  міндеттері  мен мүмкіндіктері»  тақырыбын өткен кезде, топқа дербес компьютер мен  ноутбуктың  жақсы  жақтарын, ұқсас жақтарын, ұнамайтын жақтарына презентация  жасап, қорғау тапсырмасы берілді. Оқушылар   бағалау    критерийін өздері қойып, топ бір- бірінің презентацияларын бағалады. Оқушылардың  жаңа  тақырыпты  қаншалықты  игеріп,  меңгергенін  анықтау  үшін, бүгінгі  сабақтан  не  білдің?, не үйрендің?, толық түсіндіңбе?  деген  сұрақтар  қоя  отырып,  қол  белгілері  арқылы «Мен түсінемін және түсіндіре аламын» (бас бармақ жоғары бағытталған) «Мен әлі де түсінбей тұрмын» (бас бармақ жанына қарай бағытталған) «Мен мүлде түсінбеймін» (бас бармақ төмен қарай бағытталған) бағалаудың  алғашқы  сатысына  қадам  жасадық. Топта бағалаулар  толық орындалмады.  Өйткені, сыныпта кейбір  оқушылар  қол белгілерімен  бағалауда өз –өздеріне  сенімсіз  болды.  Бұдан  менің  байқағаным,  оқушылармен әлі де  жұмыстар  жасата  отырып,  оқытуда бағалаудың  түрлерін    түсіндіріп,  жұмыс  жасау  керек секілді. Бағалауды өткізу  үшін  оқушылардың нені  білетіндігін  және  не  істей алатындығын,  сонымен қатар олар  қандай  қиындықтармен кездесуі  мүмкін  екендігін анықтау қажет.  Сыныптағы іс-әрекетті  балалардың  өзара    әңгімесін тыңдап,  тапсырманы  орындап отырған оқушыларды  бақылау немесе  олардың орындаған сынып және  үй  жұмыстарын  тексеру бірталай        ақпарат  беруі  мүмкін,  бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алудың ерекше  ойластырылған тәсілін қолдану керек болуы мүмкін. (Нұсқаулық, 2012ж)  Баға оқушының кемшіліктерін табу үшін емес, әрі қарай дамуына ықпал ету үшін қойылады. Баға қою бағалаудан туады және де бала келесі балаға баға қоймайды, тек бағалайды. Бағалаудың бір түрі- эссе. «Компьютердің қосымша құрылғыларының  міндеттері  мен мүмкіндіктері» сабағымда оқушылардан  «Алған білімдеріңді  қай жерде қалай  қолданасың?» деген  тақырыпта  эссе  жаздырдым. Эссе жазған кезде оқушылардың неге мүдделі екенін және оқушылардың көпшілігі  эссеге  компьютер  құрылғыларының қызметтерін жазып қойғанын  байқадым. Сабақ  соңында  «мен  бүгінгі  сабақ  жайлы  не  білемін?» смайлик  арқылы  өздерінің  сабақты  қаншалықты  меңгергендерін  көрсетті.

 

Тағы  бір  айта  кететін  жайт    осы  сабағымда  топтық  бағалауда  болды.   Мен  топқа   компьютерге  қатысы  бар, қатысы  жоқ  құрылғыларды  тастап, осыдан  өздеріңе   бір минутта компьютер құраңдар  дедім. Компьютер құрағаннан  кейін  топ  бірінің  жұмысын  бірі  бағалады. Сонда бір ғана  топ жұмысты жақсы орындағанын көрдік  және  басқа топ салыстыра отырып  өздеріне  берілген  бағамен келісіп отырды. Жоспарланған  үшінші  сабағымда  бағалау  үй  тапсырмасынан басталып  кетті.  Үйге  «компьютердің жаңа  моделін  жасап  келу» тапсырмасы  берілген  еді. Галереяға  саяхат  жасағанда  оқушылар  стиккерге  өздеріне  ұнаған  суретке «Жарайсың! Керемет! Жақсы  жасапсың!»  деген  сөздерді  жабыстырып  отырды.  Бұлда  болса  бағалаудың  бір  түрі.

 

 

 

Мен осы жерде оқушымен «Не керемет болған?», «Нені жақсы жасаған?», деген сұрақтарды қоя отырып, диалог жүргізгенімде, бағалау одан әрі жанданар еді. Бұл менің бағалауда жіберген кемшілігім болды.

Бағалаудың ең басты  мақсаты, ол баланың өсіп жетілуін анықтап, оқушының қай деңгейге жеткенін бағалап, оқу бағдарламасындағы сабақтарды солардың талаптарына сай етіп, әр баланың тәжірибесінің табысты  болуына себін тигізу. Осы тақырып  бойынша  тақтада  «білемін» және «дамытамын»  деген  екі  плакат  ілініп  тұрды.  Оқушылар  өздерінің  не  білетінін және  нені  дамытатындарын  стиккерге  жазып  іліп  жатты. Сонда Ә есімді  оқушы «дамытатыным»  деген  плакатқа «ақпарат  тасымалдаушылар  жайлы  толығырақ  білу»  деп  жазғанын  оқып, сол   оқушының  қасына  жақындап: «ақпарат  тасымалдаушылар жайлы  толығырақ білу  үшін  не  істер  едің?» деп қойған сұрағыма: «Ғасырбек ақпарат  тасымалдаушылардың  түрлерін  жақсы біледі, мен содан сұрап біліп аламын немесе  оқулықтан  сол  туралы  қайта оқимын» - деп жауап  қатты. Бұл жерде оқушы өзін-өзі  бағалай отырып, өз білімін  қалай  дамыту  керектігіне  бағыт-бағдар бере алып отыр.

 

Бағалау барысында баланы мақтап, мадақтап, көтермелеп отырудың да маңызы зор екенін түсіндім. Өйткені бала қашанда мақтағанды қалап, сол мақтауға лайық болуға тырысады деп ойлаймын. Сондықтан баланы мақтап, содан соң жасаған жұмысының дұрыс жерлеріне бірінші тоқталып және атап көрсетіп, соңынан қателік кеткен тұстарына ұсыныс арқылы балаға жеткізіп отырсақ, онда  балалардың сабаққа деген құлшыныстары арта  түсетіндігін түсіндім. Мен іс-тәжірибе жүргізіп отырған 7-сыныпта дәстүрлі сабақтарда үнемі аузын ашпай отыратын Ж есімді оқушы үшінші  сабақта  оқушыларға жеке   деңгейлік тапсырмалар   бергенде, тапсырма парағын дұрыс толтырып, тапсырманы  жақсы орындағаны үшін жарайсың, өз арқаңды өзің үш рет қағып қой деген едім, содан  кейін  қандай  тапсырма  болмасын  араласып, талпынып орындауға тырысып жүрді. Бұл баланың мадақтаудан алған қызығушылығы мен ынтасы, талпынысы деп түсінемін.  Егерде мен сабақта оқушылардың жұмысын екі жұлдыз бір ұсыныс арқылы бағалап отырғанда, немесе оқушылардың өздеріне екі жұлдыз бір ұсыныс айтқызып отырғанда, онда оқушылардың ойлау қабілетін дамытар едім және өзін - өзі бағалау жақсы жүрер еді. Бұл менің кемшілігім болды.  

Мен оқушылардың жаңа  сабақты  түсінген немесе түсінбегенін  бағдаршам арқылы   бағалауды қолданған ыңғайлы деп таптым. Әр оқушыда  үш  түс  болады. Мұғалім  оқушының  түсінгенін,  не  түсінбегенін  осы түстермен көрсетуді сұрайды. Түсіндім-жасыл, сенімді емеспін – сары, түсінбедім – қызыл белгілерімен көрсетіледі. Осыдан  оқушының  сабақты қаншалықты  меңгергенін, түсінбеген оқушылардан «сендерге не түсініксіз болды? Енді оны қалай түсініп аласың?»- деп жетелеу сұрақтарын қою  арқылы оқушылардың алға  қарай жылжуына  ықпал жасадым. Мен сабақты бағдаршам  арқылы  бағалауда   оқушы бойына    сенімділік  ұялатады  және  әр  сабақта белсенді,  ықыласпен   қатысады   деп ойлаймын.

Жоспарланған төртінші  сабақта яғни,  «Программалық  жабдықтамалардың жіктелуі және жалпы сипаттамасы» тақырыбында жаңа сабақты презентациялау үшін топты рөлдерге бөлген кезде оқушылар өздерінің шамасы жететін рөлдерді  бөлісіп жатты. Осы кезде ештеңемен жұмысы болмайтын Б есімді оқушы мен хатшы болайыншы деп, өзінің шамасы жететін рөлін алып жатқанына таң қалып қарап қалдым. Осы кезде ойыма француз философы Мишель Монтеньнің жасаған тұжырымдамасы түсті.    «Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет» деген.

Күнделікті  сабақ  барысында  мұғалімнің  жаңаша  бағалау  түрлерін  қолдана  білуі  – сыныпта  оқушылардың танымдық, шығармашылық, қарым - қатынас құзыреттілігін  және  пәнге деген  қызығушылығын, ынтасын  арттыруға жол ашады деген шешімге келіп отырмын.

Формативті  бағалау  арқылы  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын артқанын       « мақсат ағашы » арқылы  анықтадым. Мен іс- тәжірибені  бастаған кезде 7- сыныпқа «мақсат  ағашы»  арқылы  «сізге білім алуға біреудің көмегі керекпе, жоқ әлде өз күшіңіз  жетеме» деп сұрақ қоя отырып мақсат ағашын белгілеп беруді ұсындым. Сол кезде оқушылар 80% біреудің көмегіне  мәжбүр екенін көрсеткен еді. Іс –тәжірибе соңында біреудің көмегі керек деген оқушылардың мақсат ағаштарын қайта таратып енді қайсыны белгілер едің  дегенімде 50% жоғарыны белгілеген. Бұл мен үшін жетістік деп ойладым.  Болашақта осылай жұмыс жасасам    мақсат ағашын 100% -ға жоғарыны белгілеріне көзім жеткендей.  

 

 

Ал, Блум таксономиясының жоғарғы деңгейіндегі сұрақтарды сабақтарымда пайдаланып отырдым. Мысалы,  Ақпараттық   технологияны    қалай   пайдаланып жүрсіз?

Оқушылардың нені біліп, не түсінгендерін, алған білімдерін қалай қолдана алатындарын  осы әдіс арқылы анықтап, бағалауға болатынын аңғардым.

Мектептегі іс – тәжірибе  кезінде менің тарапымнан әр сабақтарымда формативті және жиынтық бағалаулар осылай көрініс алды.

Мектептерге арналған бағдарламаның моделін алға жылжыту үшін бағалаудың осы түрлерін қолдану қажет. Сонда біз оқыту және бағалау бірін-бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс бағыттағы даму тәжірибелерін қолданылып жатыр деп айта алатын боламыз.

Бағалаулар жүргізу  барысында кездескен әлсіз тұстарымды  айта  кететін  болсам:

Бізге ағылшын Линда апайымыз «сыни тапсырма беріп» сыни ойлауды бағалау болатынына көз жеткізді. Осыдан  кейін  мен    25- қазан күні өтілген Компьютер жадының түрлері   сабағында оқушыларға адамның сыртқы және ішкі жадына не жатады деп ойлайсыңдар? деген  сыни тапсырманың бағаланбай қалғанын  түсіндім. Мен осы тапсырманы оқушыларға жеке- жеке оқу арқылы ішінде құнды пікір айтқандарға формативті бағалау түрлерін қолданып  бағалағанда, мысалға, «сіздің ойыңыз мен үшін құнды» деп бағалау айтқанда онда  мен оқушылардың сыни ойлауын дамыта түсуіне ықпал жасар  едім. Алдағы уақытта бұл қателіктерді қайталамауға тырысамын.

  • Бірінші айдағы бетпе-бет кезеңіндегі формативті бағалау туралы ақпараттарды толық басшылыққа алмау;
  • Формативті бағалаудың басқа да түрлері  практика кезіндегі сабақтар топтамасынан көрініс таппауы;
  • Жұптардың өзара бағалауын толық іске асыра алмау;
  • Оқушылардың барлығын сабақ барысындағы бағалауға тарта алмау;
  • Оқушылардың өздері критерийлер ұсынып, сол бойынша бағалауды жүргізу;
  • Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағалау көрніс таппағаны.

Алдағы уақытта сабақ  үдерісін жақсарту мақсатында бағалаудың формативті және суммативті түрлерін өзім беретін сыныптарымда пайдалануым  керек екенін түсініп отырмын. Сабақ  үдерісінде бағаны мен ғана емес, оқушылардың  да өз жұмыстарын бағалап отырса, білім алуға деген ынтасы, талпынысы, қызығушылығы артатынына көзім жетті.

Оқыту үшін бағалау  - бұл білім алушылар өздерінің  оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті  деңгейге қалай жету керек екендігін  анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі.  Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға  тартылуы мүмкін және мұғалімдер  бағалауды  белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін  кері байланыс арқылы  алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді (МАН, 58 - бет).

Информация о работе Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша рефлексивтік есеп