Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 21:42, реферат

Описание

Осы Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12-тармақшасына сәйкес әзірленген.

Работа состоит из  1 файл

Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы.docx

— 41.15 Кб (Скачать документ)

    Баллондар мен ыдыстардың жарамдылығын жүк  жөнелтуші жүкқұжатта растайды.

    22. Баллондар мен ыдыстар олардың  герметикалық жабығын қамтамасыз  ететін шағырлармен техникалық  ақаусыз.

    Баллондарда бояу мен оларда анық, әрбір газ  үшін белгіленген түрлі-түсті жолақ  және жазулар; жөнелтуші немесе баллондарды  толтыратын зауыт пломбалаған сенімді  сақтандырғыш қалпақтары; резеңкеден жасалған ;амортизациялайтын сақиналар  немесе қалыңдығы кемінде 25 мм, әрбір баллонға екеуден жіп болуы тиіс.

    Газ жылыстау себебі иісінен немесе шуылдауынан  табылатын баллондар мен ыдыстар, басқа шарттардың орындалғанына  қарамастан тасымалдауға қабылданбайды.

    23. Баллондар мен ыдыстардың толтырылуы  белгіленген нормадан аспауы  тиіс. Осыны растау ретінде жөнелтуші  жүкқұжатта мынадай белгі жасайды:  «Баллондар (ыдыстар) белгіленген  нормадан аспайтындай толтырылған».

    24. Сығымдалған және сұйытылған  газдарды қоймалау мен сақтау  осы мақсаттарға арнайы арналған  қоймаларда немесе отқа төзімді  аралықтарымен оқшауланған жалпы  қоймалардың жекелеген үй-жайларында  жүргізіледі. Газдарды ашық алаңдарда  жинау, олар жауын-шашын мен  күн сәулелерінің әсер етуінен  бүркемеленген жағдайда мүмкін.

    Улы газдармен балондар тек мамандандырылған үй-жайларда сақталуы мүмкін. Бұл үй-жайларға кіруге газтұтқышты немесе көзді  сақтайтын өзге де құралдарды пайдаланып қана рұқсат етіледі.

    Газды баллондарды тігінен биіктігі 5 қатар  қылып қатқабат қоюға рұқсат етіледі.

    Баллондарды тігінен, олардың қозғалуын немесе құлап кетуін арнайы қабырғаларға немесе торларға бекіту. Қатты суыған газдары (сұйық оттегі, сұйық ауа немесе өзгесі) бар ыдыстар тек қана тік  жағдайда болуы тиіс.

    25. Сығымдалған және сұйытылған  газдар жүк кемелерімен, жабық  желдетілетін үй-жайларда да, ашық  трюмдерде немесе олардың міндетті  түрде жауын-шашын мен күн сәулелерінің  әсер етуінен бүркемеленген палубада  тасымалданады.

    Тез тұтанғыш газдарымен баллондарды бір  кемеде 50 данадан аспайтын топпен тасымалдауға жол беріледі. Арнайы рейспен тасымалданған  кезде Кеме қатынасы тізілімімен  келісе отырып, осы газдар бар баллондарды  ірі топтармен тасымалдау мүмкін болады.

    Улы газдар, сондай-ақ пропан мен бутан  бар баллондарды палубада ғана тасымалдауға рұқсат етіледі.

    Тез тұтанатын газымен баллондар  мен ыдыстар құрғақ салқын орындарға  қойылады және кез келген жылу, ұшқын, жалын көздерінен және газ ығыстаған  кезде өрт тудыруы мүмкін заттардан  алыстатылуы тиіс.

    26. Кемеде қоймалардағы сияқты баллондар  үйкелісті және қозғалып кетуді, сондай-ақ кеме корпусының металл  бөлігімен жанасуын болдырмайтындай  етіп қойылады.

    27. Майланған талшықты материалдарымен  бірге оттегі, жанғыш газы, сығымдалған  және сұйытылған газдары бар  баллондарды тасымалдау мен қоймалауға  тыйым салынады.

    28. Баллондар зақымдалған және олардан  газдар бөлінген жағдайда мынадай  сақтық шараларын қабылдау қажет:

    1) тез тұтанатын және улы емес  газдары бар баллондарды негізгі  топтардан бөлу және олардан  газдар бөліну тоқтағанға дейін  басқа жүктер мен адамдардан  айтарлықтай алыс орында жерге  қою керек;

    2) улы газдарымен, сондай-ақ тез  тұтанғыш газдарымен баллондарды  тұрғын үйлерден және өндірістің  ғимараттардан кемінде 100 метр қашықтыққа дереу әкету қажет, бұл ретте оларды су бар бөшкеге, хлоры, күкіртті газдарды әк ерітіндісі бар бөшкеге орналастыру ұсынылады. Газбен қаныққан сұйықтықты бөшкеден тұрғын үй-жайлар, су көзерінен алыс жерлердегі шұңқырға төгеді және шұңқырды жабады; тез тұтанғыш газдары бар баллондарды залалсыздандырған кезде газтұтқыштарды кию және қауіпсіздік ережесін сақтау қажет;

    3) тез тұтанғыш газдарымен баллондарды  тұрғын үйлерден және өндірістің  ғимараттардан кемінде 100 метр қашықтыққа дереу әкету және ұшқыннан және басқа от көздерінен тұтану мүмкіндігін болдырмайтын шараларды қабылдап, оларға газ толық шыққанша бақылау қою керек.

    Борт  сыртына өзенге қандайда болмасын газы бар баллондар мен ыдыстарды  тыстауға тыйым салынады.

    29. Бос баллондарды тасымалдауға  ұсынған кезде жүк жөнелтуші  жүкқұжатта «Жүк атауы» деген  бағанда «Газ (атауы) болған бос  баллондар» деп көрсетіледі.

    Бос баллондарда тығыз жабылған шағырлар болу және бұралған қалпақтары, сондай-ақ «Бос» деген жазуы бар жапсырмасы болуы тиіс. Бос баллондардағы  қалдық қысым белгіленген нормаларға сәйкес келуі тиіс.

    Бос баллондар қауіпті жүк ретінде  тиісті сығымдалған және сұйытылған газдар үшін белгіленген шарттарды  сақтай отырып тасымалданады. 

     3. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды,  сұйықтықтар қоспасын, сондай-ақ жабық  ыдыста +61оС және одан төмен жарқ ету температурасымен тез тұтанғыш буларды бөлетін ерітпелер мен жүзгіндерді (сырлар, лактар және соған ұқсайтындар) тасымалдау тәртібі (3-класс қауіпті жүктері) 

    30. 3-класс жүктерінің негізгі қауіпті  қасиеті сыртқы көздерден (ашық  оттан, ұшқыннан және басқаларынан) олардың буларының тез тұтанғыштығы, сондай-ақ ауамен жарылыс қаупі  бар қоспалар құру қабілеті  болып табылады.

    Осы сұйықтықтар бөлетін булар есірткілік әрекетке ие, оларды ұзақ ішке тарту  естен айрылуға және тіпті өлімге әкелуі мүмкін.

    Кейбір  тез тұтанғыш сұйықтықтар: күкірткөміртегі, метанал және басқалары: уыттандырғыш әсерге ие. Олар сақтықтың ерекше шараларын  сақтаумен тасымалдануы тиіс.

    31. Тез тұтанғыш сұйықтықты тасымалдауға  пайдаланылатын кез келген ыдыс  герметикалы жабылуы және сұйықтықты  тұтанудың сыртқы көздерінен  сенімді қорғауды қамтамасыз  етуі тиіс.

    Шыны  ыдыстар берік ағаш жәшіктерге инертті  төсегіш және сіңіргіш материалдармен (шлак мақта, кизельгур және басқалары) оралады.

    32. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды жүк  жөнелтуші кеме бортына тікелей  әкеледі және кемеден түсірілуіне  қарай дереу әкетіледі.

    33. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды тиеу, түсіру және қысқа мерзімге  сақтауды жүргізу үшін өзен  портында өртке қарсы жағдайда  қатысты тиісті қоршалған және  жабдықталған, тұрғын үй, қызметтік  және өнеркәсіптік құрылыстардан,  жүк қоймалардан, кеме тұрақтарынан  және басқа да жүзбе құралдарынан  кемінде 100 метр қашықтыққа алыс арнайы қоймалар, алаңдар және айлақтар бөлінуі тиіс.

    34. Тез тұтанғыш сұйықтықтарды қайта  тиеу тәуліктік жарық уақытында  ғана жүргізіледі. Ерекше жағдайларда  қараңғы уақытта жағадан электрмен  жарықтандыру кезінде немесе  жүкпен жұмыс істеу орнына  жақын жерде жарылыс қаупі  жоқ жарықтандыру кезінде ерекше  жағдайларда мүмкін болады.

    Бұл ретте қолданылатын торлар мен сауыттар өсімдік талшықтарынан жасалған болуы тиіс, ал қармауыш құрал-саймандарында  ұшқын шығу мүмкіндігін болдырмайтын жамылғы болуы тиіс.

    Металл  бөшкелерді ағаш төсегіштер бойынша  жүргізу тиіс.

    35. Палубада тасымалданатын тез  тұтанғыш сұйықтықтар шамадан  тыс қызуды болдырмау үшін  дымқыл жай-күйде ұсталатын кенеппен  немесе киізбен жабылады.

    36. Кемеде жүк жинастыру тұтас  қатармен тербеліс кезінде жүк  орындарының ауысуының алдын  алатын сенімді бекітпесімен  жүргізіледі.

    Бөшкелер  трюмдер мен палубада дұрыс тығыз  қатармен тығындарымен жоғары қойылады. Қатарлар арасында еркін өтетін жерлер қалдырылады. Бөшкелер трюмдерде ағаш төсемдерде 5 ярустан аспайтындай, ал палубада тек бір 1 ярус орналастырылады. Әрбір ярус ағаш төсемдермен, білеулермен  және тұрақтылық беру және жүктемені  шоғырландыру үшін тірегіштермен бекітілуі  тиіс. Егер бөшке тығындары түбінде  жасалған болса, бөшкелер бүйірінен  тығындарымен жоғары 3 ярустан көп  емес (трюмдерде), олардың араларына  көлденең және тігінен ағаш төсемдер қоюмен орнатылады.

    Шыны  ыдыстардағы тез тұтанғыш сұйықтықтар  палубада ғана, өту және өндіріс  жұмыстарынан неғұрлым еркін орындарда  тасымалданады.

    37. Метанолды (метил спиртін) тасымалдауға  кеменің жеке жүк үй-жайларында, жүк жөнелтушінің метанолды барлық  алып жүру жолында күзетті  қамтамасыз ететін жолсеріктерімен  ғана жол беріледі.

    38. 3-класс жүктерін мақта және  басқа да талшықты жүктермен,  тас көмірмен және органикалық  асқын оксидтермен бірлестіріп  тасымалдауға жол берілмейді.

    Азық-түлік, химия-фармацевтік, парфюмер-косметикалық, астыққоспа жемшөп, үй заттары, электроника, нақты механика заттары, тері, түбіт-жүннен жасалған және басқа да бағалы заттарды қоспағанда, кез келген қауіпті жүктермен  бірлестіріп тасымалдауға рұқсат етіледі.

    39. Ыдыс зақымдалып, зат жылыстаған  жағдайда сұйықтық төгілген учаскеге  құм шашып және мұқият тазарту  қажет. Егер улы қасиеті бар  сұйықтық төгілсе, тиісі учаскелерді  хлорлы әкпен бейтараптау (немесе  басқа бейтараптандыратын заттармен), ал зақымдалған жүк орындарын  дереу оқшаулау және залалсыздандыру  қажет. 

    Осы жұмыстарда орындаған кезде арнайы қорғаныш киімі талап етіледі (резеңке  алжапқыштар, қолқап пен етік, газтұтқыштар, респиратор мен қорғаныш көзілдіріктер).  

     4. Үйкеліс, дымқыл  тарту, өздігінен  химиялық айналулар  нәтижесінде, сондай-ақ  қызған кезде сыртқы  тұтану көздерінен  тез жануға қабілетті  тез тұтанғыш заттарды  мен материалдарды  (жарылғыш ретінде  сыныпталғандардан  басқа) тасымалдау  тәртібі (4-класс  қауіпті жүктері) 

    40. 4-класты қауіпті жүктердің негізгі  қауіпті қасиеттері сыртқы көздерден  тез тұтанғыштығы, өздігінен жану, сондай-ақ өрт шығаруы мүмкін  химиялық реакциялар нәтижесінде  немесе сумен өзара әрекеттескенде  тез тұтанғыш газдар бөлу қасиеті  болып табылады. Кейбір заттардың  ішке түсуі немесе буымен дем  алу улануға әкелуі мүмкін. Айрықша  улы ақ және жасыл фосфор  болып табылады.

    41. Ауада немесе су әсер еткенде  тез тұтанғыш заттар шыны, металл  немесе пластмасса ыдысқа герметикалық  тығындағышымен оралады. Кейбір  заттарға оған инертті сұйықтық  құйылады (сусыздандырылған минералды  маймен, сумен, трансформатор майымен  және өзгесімен) немесе инертті  газ толтырылады. 

    Құрғақ  және майланған талшықты материалдар (майлық, тоқыма жіп, қыл-қыбырлар, мақта, мақта талшығы және соған ұқсастар) қаппен оралған және жіппен байланған  теңдерге, тюктерге немесе байламаларға салынады.

    42. Тез тұтанғыш заттар мен материалдар  жүктік өздігінен жүретін және  өздігінен жүрмейтін кемеде жабық  үй-жайларда тасымалданады.

    43. Заттарының температурасы артқан  жағдайларда жүктің жануын болдырмау  шаралары қабылданады. 

    Қызған  жеке орындарды негізгі жүк тобынан  бөлу, ыдысты ашу, желдету, кептіру және суыту қажет.

    Жүк өздігінен жану қатерімен елеулі қызған жағдайда оны жақын жердегі  портқа (айлаққа) түсіру керек. Жағалауда  өздігінен жануды болдырмайтын шараларды  қолдана отырып, қауіпсіз жерге апару, ал ерекше қауіпті жағдайларда өрт  және санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау  саласындағы өкілетті органның немесе жүк иесі өкілдерінің нұсқауы  бойынша осы жүкті жою керек.

    Заттар  тұтанған кезде өрт сөндіру құрғақ құммен, ұнтақ сияқты талькпен, ұнтақталған  магнезимен жүргізіледі; сумен сөндіруге  үзілді-кесілді тыйым салынады.

Информация о работе Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы