Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 21:42, реферат

Описание

Осы Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы (бұдан әрі – Қағида) 2004 жылғы 6 шілдедегі «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 12-тармақшасына сәйкес әзірленген.

Работа состоит из  1 файл

Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы.docx

— 41.15 Кб (Скачать документ)

    44. Заттарды мақтамен және талшықты  жүктермен, сондай-ақ тас көмірмен  бір бөлікте тиеуге тыйым салынады.

    Заттарды  минералдық, өсімдік, мал-жануарлар  майынан басқа, барлық қауіпсіз жүктермен  бірлестіріп тасымалдауға рұқсат етіледі. Жұпар иісті қасиеттерге ие 4-класты қауіпті жүктерді сондай-ақ астыққоспа жемшөп, азық-түлік химия-фармацевтикалық  жүктермен және үй заттарымен тасымалдау мүмкін болады.

    45. Тез тұтанғыш заттар мен материалдар  бар ыдыстар зақымдалған жағдайда  осы орындарды оларды жүк иесі  қауіпті жүкті әкеткенге дейін  оқшаулау қажет. Төгілген жүкке  құрғақ құм салынады, сыпырып, ағаш күрекпен жәшікке жиналады және жермен жабылады.

    Егер  төгілген жүктің ұлы қасиеті болса, оны жою кезінде адамдардың тиісті қауіпсіздік шараларын (газтұтқыштарды, респираторларды қоғаныш көзілдіріктерін  резеңке алжапқыштарды, қолқап пен  етікті қолдану) қабылдау қажет.  

     5. Оттегін жеңіл  бөлуге, жануды үстеуге  қабілетті, сондай-ақ (тиісті  жағдайларда немесе  басқа заттар мен  қоспа түрінде)  өздігінен жануды  және жарылуды  туындататын тотықтырғыш  заттар мен органикалық  асқын оксидтерді  тасымалдау тәртібі  (5-класс қауіпті  жүктері) 

    46. 5-кластағы жүктердің қауіпті  қасиеттері тез тұтану, жануды  белсенді ету және жарылу қаупі  бар қоспа туындату, сондай-ақ  зиянды заттар бөлу болып табылады. Осы заттардың жанғыш заттармен  қоспасы тез тұтанады, кейбір  жағдайда үйкеліс немесе соғылу  кезінде. Бірқатар тотықтырғыш  заттар улы немесе тотықтырғыш  қасиеттерге ие. Көптеген органикалық  тотықтар тері мен көз үшін  қауіпті болып табылады.

    Органикалық тотықтардың көбі қыздыруға сезімтал, сондықтан олар баяулатқыш немесе дымқылданған еріткіште тасымалданады.

    47. Ыдыстарға қойылатын талаптар:

    1) ыдыс материалдары ондағы заттармен  әрекеттеспеуге, бөлінбеуге немесе  олармен зиянды және қауіпті  қосылыстар құрмауға тиіс;

    2) ыдыс пен орам берік болуы,  майыспауы және тасымалдау кезінде  әдетте кездесетін жүктемені  көтеруге тиіс;

    3) ыдыстар ондағы заттар үшін  берік болуы тиіс;

    4) шыныдан, пластмассадан, фарфор, керамикадан жасалған ыдыстар  ақаусыз және аралық төсемі  жанбайтын материалдан (асбест, шлакмақта,  шынымақта және басқалары) болатын  жабық ыдыста оралған болуы  тиіс;

    5) ыдысты толтыру ондағы заттың  температура көтерілгенде кеңею  үшін кеңістік қалатындай етіп  жүргізілуі тиіс.

    48. Тасымалдау, тиеу, түсіру және сақтау  кезінде жүк органикалық заттармен  ластанбауы қажет (сүрек үгіндісі, жаңқалар, сабан, жоңқа, көмір,  ұн тозаңы, минералдық және өсімдік  майлары және майлар мен басқалары), бұл өртке әкеп соқтыруы мүмкін.

    49. Тоттандырғыш заттарды және органикалық  тотықтарды тазаланған құрғақ  және жабық үй-жайларда сақтау  қажет.

    5-кластағы  қауіпті жүктерді тез тұтанғыш  заттармен, жанғыш және органикалық  материалдармен бірлестіріп сақтауға  тыйым салынады.

    50. Тасымалдау жүктік өздігінен  жүретін және өздігінен жүрмейтін  кемелерде жабық тазаланған және  құрғақ трюмдерде жүзеге асырылады.

    Хлор  қышқылы, 40 % астам қоюлығымен сутегі тотықтары, сондай-ақ бірқатар органикалық  тотықтарды тек палубада атмосфералық жауын-шашыннан сенімді қорғалып тасымалдауға рұқсат етіледі.

    Жүкті жылу көзінен, ұшқыннан, жалыннан және сол сияқтылардан алыс, салқын орынға орналастырған жөн. Ауамен бірге  қоспа құруы мүмкін бу немесе шаң  бөлетін заттар жақсы желдетілетін үй-жайларда орналастырылуы тиіс.

    51. Тотықтырғыш материалдарды тиеу  алдында трюмді және жүк үй-жайларын  мұқият тазарту қажет. Жүкті  қою мен бекітуге арналғандардан  басқа, жанғыш материалдар әкетіледі.

    Тотықтырғыш заттар мен органикалық тотықтарды түсіргеннен кейін жүк қалдықтарын  мұқият жою және жүк үй-жайлары  мен палубаны сумен жуу қажет.

    52. Егер тиеу-түсіру жұмыстары немесе  тасымалдау үдерісі кезінде ыдыс  зақымданған және заттар төгілген  болса, дереу жұмысты тоқтату,  төгілген затқа суды қанық  төгу және оны ағаш күрекпен  қапқа немесе жәшікке жинау  қажет, ал зат шашылған жерді  сумен мұқият жуу қажет. Егер  төгілген жүк улы немесе күйдіргіш  қасиеттерге ие болса, онда  осындай жүктермен жұмыс істеген  кезде қажетті тиісті шараларды  қабылдау керек. 

     6. Ағза ішіне түскен  кезде, сондай-ақ  терімен және сілемейлі  қабатпен жанасқан  кезде өлім немесе  ауру тудыруға  қабілетті улы  және жұқпалы заттарды  тасымалдау тәртібі  (6-кластағы қауіпті  жүктер) 

    53. 6-кластағы заттардан улану жүктен  біршама қашықтықта осы заттардың  буымен тыныс алғанда немесе  онымен тікелей жанасқанда болуы  мүмкін. Осы класс заттары жанған  және қызған кезде улы газдар  бөледі.

    54. Инфекциялық жүктерді санитариялық-эпидемиологиялық  және ветеринарлық қадағалау  саласындағы өкілетті органдармен  алдын ала келісусіз тасымалдауға  тыйым салынады.

    55. Улы заттарды тасымалдауға арналған  ыдыс мынадай болуы тиіс:

    1) ондағы заттар үшін берік, герметикалық  жабық;

    2) температура артқан кезде сұйықтық  буының қысымына төзетіндей жеткілікті  берік;

    3) сұйықтықпен толтырған кезде  ондағы зат қызған жағдайда  кеңею үшін кеңістік қалуы  тиіс.

    56. Улы заттарды жинау және сақтау  арнайы үй-жайларда жүзеге асырылады.  Улы заттарды уақытша сақтауға  арналған үй-жай ауадағы қоспаларды  гигиеналық нормалардан аспайтындай  қамтамасыз ететін желдеткішпен  жабдықталуы тиіс.

    57. Улы заттарды тасымалдау жүктік  өздігінен жүретін және өздігінен  жүрмейтінде желдеткіші бар жабық  үй-жайларда жүргізіледі. Өте  улы заттар палубада жабылып  тасымалданады. Улы заттар тасымалдау  кезінде жылу көздерінен алыс, салқын орындарда орналастырылуы  тиіс. Улы булардың тұрғын және  қызметтік үй-жайларға, сондай-ақ  көрші бөліктерге өту мүмкіндігін  болдырмау бойынша шаралар қабылдау  қажет. Кемеде газ талдағыштар,  сондай-ақ қорғаныш киімдерінің  жиынтықтары мен автономды тыныс  алу аппараттары болуы тиіс.

    58. Улы заттарды бірлестіріп тасымалдау  мен сақтау тотықтырғыш заттар  мен органикалық тотықтарды (5 класс), қышқылдар (8-класс) мен радиактивтік  заттарды (7-класс) қоспағанда, басқа  қауіпті жүктермен бірлестіріп  тасымалдау мүмкін болады.

    Улы заттарды азық-түлік, астыққоспа жемшөп, парфюмер-косметикалық, фармацевтикалық  жүктермен, емдік өсімдіктер, киім мен  ыдыс және тұрмыстық жағдайдағы басқа  да заттармен бірлестіріп тасымалдауға және сақтауға жол берілмейді.

    59. Егер улы заттардың жылыстауына  күдік болса, үй-жайға кіру  ауада уландырғыш, есірткі немесе  жарылғыш қоспалардың болмауы  анықталғаннан кейін мүмкін болады. Улы заттар бар жүктік үй-жайларға  кіруге газтұтқыштарда немесе  автономды тыныс алу аппараттарында  жүзеге асырылады.

    60. Улы заттарды түсіру аяқталған  соң кеме тасымалданған жүктердің  қалдықтарынан мұқият тазартылады,  ал қажет болған жағдайда жуылады  және газсыздандырылады.

    61. Ыдыстың және орамның зақымдануынан  заттардың жылыстауы немесе төгілуі  жағдайында жұмыс дереу тоқтатылады,  зақымдалған орындар оқшауландырылады, аққан немесе төгілген заттар  жеке ыдысқа мұқият жиналады  және хлорлы әк ертіндісімен (немесе  басқа бейтараптандыратын заттар) бейтараптандырылады және одан  кейін санитарлық қадағалау органдарының  келісімі бойынша тұрғын үй  ғимараттарынан, қойма үй-жайларынан  және су көздерінен алыс көміледі.

    Заттар  төгілген және олар көмілген орындарда  бейтараптандырылады. Жинау мен  бейтараптандыру қорғаныш киімдерінде (газтұтқыштар, респираторлар, қорғаныш көзілдіріктер, резеңке алжапқыш, етік және қолғап) жүргізіледі. Бұл ретте  адамдардың улануын болдырмау шаралары қабылданады. 

     7. 0,002 мкКи/г астам  меншікті белсенділігімен  радиоактивтік заттарды  тасымалдау тәртібі  (7-кластағы қауіпті  жүктер) 

    62. 7-кластағы қауіпті жүктерге радиоактивтік  заттар (қатты, сұйық және газ  түріндегі) жатады, олар қызмет  көрсететін персоналды, мал-жануарлар  мен өсімдіктерді сәулелелеуді  тудыратын, бірқатар жағдайларда  адамдардың, мал-жануарлардың өліміне  және жүктердің, үй-жайлардың  және көлік құралдарының радиоактивті  заттармен ластануына әкелетін  иондандыратын сәулелендіру көздері  болып табылады.

    63. Көліктік орам жиынтығы әртүрлі  құрылғылардан тұратын жүйелер  болып табылады: бастапқы сыйымдылық, радиациялық қорғаныштың ішкі  қабаты, сыртқы орамы және жеткізудің  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін  басқалары, радиактивтік заттардың  сақталуы және олардың қоршаған  ортаға түсуін болдырмау.

    64. Қосымша орамның сыртқы бетінде  радиактивтік ластану болмауы  тиіс.

    Салмағы 5 килограммнан асатын орамдар мен  контейнерлерде тұтқасы, қапсырмасы немесе тасымалдауды, тиеу мен түсіруді жеңілдететін басқа да құрал-саймандары болуы  тиіс. 25 килограмнан асатын орамдар  көтеру-көлік құралдарының көмегімен  көтеру және орнын ауыстыру үшін құрал-саймандармен жабдықталады. Радиактивтік заттары  бар бір жүк орнының салмағы 80 килограммнан аспауы тиіс.

    65. Жазық бетке немесе радиактивтік  беттен 1 метр қашықтыққа сәулелендірудің эквиваленттік мөлшерінің қуатына байланысты радиоактивтік орамдар үш көліктік санатқа бөлінеді: 

Радиациялық орамдардың көліктік санаты Көлік жүкқұжатының этикеткасы Сәулелендірудің эквиваленттік мөлшерінің шекті  рұқсат етілген қуаты, мзв/ч
  радиациялық орамның сыртқы бетінің  кез келген нүктесінде  орам бетінің  кез келген нүктесінен 1 метр қашықтықта (көліктік индекс)
I Ақ 0,5 Ескерілмейді
II Сары 50,0 1
III Сары 200,0 10
 

    66. Жөнелтуші әрбір орамның сәулелену мөлшерінің қуатын олардың көліктік санатын анықтау және тасымалдаудың келесі шарттары үшін өлшейді, орамдардың сыртқы бетін радиактивтік ластанудың болмауына және сәулелену мөлшерінің қуаты рұқсат етілген мөлшерлерден аспайтынын растау үшін тексереді.

    Өлшеулер  нәтижесін (радиациялық бақылау) жөнелтуші  тиісті көлік санатының белгілеріне  жазады, олар орамның сыртқы бетіне түсіріледі.

    Егер  радиоактивтік заттар қауіптіліктің  басқа түрлеріне ие болса, онда қосымша  қауіптілік белгілері салынады.

    Орамға  мынадай жазу түсіріледі: «Жоғары», «Жиектеп қозғамау!».

    Жүкқұжатта, «Жүк атауы» деген бағанда жөнелтуші  радиактивтік заттың атауы, оның белсенділігі, көліктік санаты мен салмағы көрсетіледі, ал жоғарғы бөлігіне жүктің қауіпті  қасиетін көрсететін «Радиоактивті» деген  қызыл мөртаңба қойылады.

Информация о работе Ішкі су көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы