Visual Basic тілінде объектілі-бағдарланған программалау негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:33, курсовая работа

Описание

Берілген курстық жұмысымның негізгі мақсаты – Visual Basic 6 ортасында графикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып программа құра білу. Курстық жұмысым кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................5
1-тарау. Visual Basic тілінде объектілі-бағдарланған программалау негіздері...................................................................................................................6
1.1. Visual Basic 6 программалау жүйесінің графикалық интерфейсі.......6
1.2. Графикалық қасиеттер.............................................................................9
2-тарау. Visual Basic тілінің графикалық мүмкіндіктері...............................9
2.1. SCALE және PSET графикалық әдістерінің мүмкіндіктері…..........11
2.2. LINE әдісінің көмегімен кесіндіні және тікбұрышты салу................16
2.3. LINE және PRINT әдістерін бірге пайдалану......................................18
2.4. Түсті қайтарушы RGB және QBCOLOR функциялары.....................19
2.5. CIRCLE әдісінің мүмкіндігі..................................................................22
2.6. Салынған фигураларды толтыру тәсілдері..........................................28
2.7. CIRCLE әдісін дөңгелек диаграммалар салуда пайдалану................29
Қорытынды .........................................................................................................31
Әдебиеттер............................................................................................................

Работа состоит из  1 файл

kurs_2306.doc

— 616.00 Кб (Скачать документ)

 

Егер Ciз кестедегі сандарды мұқият қарайтын болсаңыз, онда олардың кейбіреулерінің басқаларының қосындысы екендігін байқайсыз:

•    65535=255+65280;

•    16 711935=255+16171680;

•    16776960=65280+16711680;

•    16777215=255+65280+16711680.

 Tүci  параметрін   QBColor  және   RGB   функцияларының кемегімен берудің және екі тәсілі бар. Бұл функцияларды төменде қарастырамыз.

Tүci параметрінің қатыспауына да болады. Сонда  үнсіз келісім   бойынша   ол   ForeColor     объектісінің  қасиетінің мәнімен дәл келеді Fore cөзi ағылшын тілінен дәлме-дәл аударғанда алды, шeтi дегенді білдіреді;

►  Жалау параметрі — бұл В символы немесе BF символы. Бiрінші   жағдайда   кeciндi   емес   тікбұрыш,    ал   екінші жағдайда  боялған тікбұрыш салынады.   Tүci параметрінің мәнi бояудың түсін береді.

Егер Жалау параметрі ретінде В  символы пайдаланылатын болса, онда ол салынып жатқан объектіде FillStule қасиетінің мәні 1-ге тең, яғни Transpasent болып, тікбұрыш ештеңемен толтырылмайды.

Fill cөзi сөзбе-сөз аударғанда толтыру дегенді; ал FillStule cөзi толтыру сmилi дегенді және Transpasent cөзi мөлдір дегенді білдіреді. Атап айтқанда, үнсіз келісім бойынша осы мәндер орнатылған. Kepi жағдайда, егер Ciз осы мәндерді өзгертуді қолға алсаңыз, тікбұрыш толтырылады. Мысалы, көрсетілген қасиеттін мәні 0-ге, яғни Solid болғанда тікбұрыш FillColor қасиетінің мәні болып табылатын түспен тұтас толтырылатын болады.

Solid cөзi сөзбе-сөз аударғанда тұтас дегенді білдіреді.

Егер Жалау параметрі бар болып,  Tүci жоқ болса,   "артық" үтірді альш тастауға болмайды, өйткені бұл жағдайда Жалау параметрін жүйе Tүci параметрі ретінде қабылдайды.

Keciндi немесе тікбұрыш контурының қалыңдығын ұлғайтуға болатындығын атап өтеміз. Бұл үшін PSet әдісіндегідей Draw Width қасиетінің мәнін (үнсіз келісім бойынша 1-ге тең) арттыру керек.

3-мысал. Мына төмендегі пішінде (5-сурет) Line әдісінің көмегімен кeciнділepдi және miкбұpышmapды салу корсетілген.

Жоғарыда көрсетілген фигураларды салуды шақырушы оқиғалы процедураның коды мына төмендегідей болады:

 

 

                 5-cypem. Line әдісінің көмегімен пішінде кесіндерді және тікбұрыштарды салу.

 

 Private Sub 1ске Kocy_Click ()

'Жіңішке қызыл горизонталь кесіндінің бейнесі:

Line (200,200) - (2200,200), 255

'Қалың көгілдір вертикаль кесіндінің бейнесі:

DrawWidth=4

Line (200,400)-(200,1400), VbCyan

' Орташа қалыңдықты, қызыл көлбеу кесіндінің бейнесі:

DrawWidth=2

Line (200, 1800)-(2000,1I00) VbRed

' Боялмаған тікбұрыштың бейнесі (Үнсіз келісім бойынша 'контур mүci қара болады):

Line (1400,1000) - (400,500), , В

' Қызыл боялған тікбұрыштың бейнесі:

Line (1600, 500)- (2400,1000), 255, BF

End Sub

Line әдісінің атының алдында және DrawWidth қасиеті атының алдында, объекті атының жазылмағандығына назар аударыңыздар. Бұл үнсіз келісім бойынша объект ретінде Пішін пайдаланылады деген сөз. Бipaқ пішіннің атын аталған сөздің алдына жазса қате болмаған болар еді. Мысалы: Form1. Draw Width =2

Берілген мысалда Scale әдісінің көмегімен пішінді масштабтау жүргізілмегендігіне назар аударыңыздар, сондыктан тікбұрышта да және кесіндіде де абсолют координат мәндері айтарлықтай үлкен сандар.

 

2.3. LINE және PRINT әдістерін бірге пайдалану

 

Print әдicі сандарды және қатарларды объектіге, яғни Пішінге немесе Графикалык,  терезеге беру үшін  пайдаланылады. Мұны сандарды немесе қатарларды баспаға шығару деп атайды.

Мысалы:

Font. Name = "Arial"

Font.Size = 12

ForeColor = RGB(0, 0, 255)

ScaleMode = 3     ' Координаттары пиксельмен ecenmeлeдi.

CurrentX = 10

CurrentY = 20

Print "Астана жаңа қала "

Print әдісінің синтаксисі мына төмендегідей болады:

[ОбъектАты] Print [ҮзінділерТізбегі]

ҮзінділерТізбегі – бұл арасында, үтip ";", немесе нүктелі үтip басқаша айтқанда, баспаға шығару бөлгіші тұратын, бip үзінді (бip сан немесе бip қатар), немесе бipнeше үзінділер. Бipiншi жағдайда үзінділер зоналарға (әpбip зонада 14 символдан баспаға шығарылады; екінші жағдайда үзінділер бip-бipiнe iлece (бip-бipiне тығыз орналасып) баспаға шығарылады. Егер Print сөзінен кейін ештеңе жоқ болса, онда бос орын баспаға шығарылады.

4-мысал. Мына төменде (6-сурет) программалық кодтың екі қатарының көмегімен пішінде үзінділердің екі тізбегін, үmip "," және нүктелі үmip ";" бөлгіштерін пайдаланып, баспаға шығару нәтижесі көрсетілген.

 

 

               6-cypem Print әдiсіндe баспаға шығару бөлгішінің eкі mүpiн пайдалану.

Private Sub lcкe Қocy_Click ()

Print "abedefghijk", "abedefgh", "abc",   "ab"

Print "abedefghijk"; "abedefgh"; "abc";   "ab"

End Sub

Print әдici Line әдісімен және басқа графикалық әдістермен бipге қолданыла алады. Мұнда қатарлар және сандар Пішіннің немесе Графикалық терезенің кесіндіні немесе тікбұрышты салуды аяқтаған жерінде, яғни дәлірек айтсақ салуды аяқтаған нүктеден шамалы төмен және оң жағында баспаға шығарылады.

5-мысал. Line әдici қолданылған жоғарыдағы алдыңғы кодтың әpбip қатарынан кейін 1-ден 5-ке дейінгі бүтін сандарды баспаға шығаратын   қатарды орналастырайық. Сонда пpoгpaммa жұмысының нәтижесі мына төмендегідей (7-сурет) болады.

 

7-сурет. Line және Print әдістерін 6ipгe пайдалану.

 

2.4. Түсті қайтарушы RGB және QBCOLOR функциялары

 

RGB функциясы. Жоғарыда Visual Basic тілінде Tүci параметрі не ұзын бүтін санның көмегімен, не түстер туралы келтірілген кестедегі 8 тұрақтының бipeyiмeн берілетіндігі айтылды. Бұл тұрақтылардың мәнін үш қосылғыштың қосындысы түрінде көрсетуге болады:

R+256G+2562 В.

Мұнда, айнымалылардың (R, G және В) әрқайсысы екі мәннің бipiн (0 немесе 255 мәнін) қабылдайды.

R,G және В айнымалылары және 0-ден 255-ке дейінгі басқа бүтін санды мәндерді қабылдай алады: R=64, G= 128 жэне В=192.

Мұнда көрсетілген қосынды кестедегі мәндерден басқаша болады, ал осы қосындының таңбаланған mүci түстер кестесінде келтірілген түстен басқаша болады.

Visual Basic тілінде көрсетілген қосындының мәні болатын Long типті RGR(R, G, В) функциясы бар.

RGB функциясының қабылдай алатын мәндерінің саны 2563-ке тең екендігі анық. Бұл өте үлкен сан, атап айтқанда, Visual Basic тілінің графикалық әдicтepi дәл сондай санды түстер реңін пайдалана алады.

R,G және В-ның мәндері бойынша, бұлардың реңі қандай екендігін қалай анықтауға болады?

Бұл сұраққа берілетін жауап қарапайым. Әpбip рең барлығы мына төмендегі үш түстің қоспасы болып көрінеді:

►   Қызыл (Red);

►  Жасыл (Green);

►  Көк (Blue);.

R айнымалысының мәнi - осы қоспадағы қызыл түстің үлесін, G айнымалысының мәні - жасыл түстің үлесін, ал В айнымалысының мәні – көк түстің үлесін білдіреді.

Егер барлық үш мән бірдей болса, онда түстер бipi-бipiн бей-тараптандырады. Қара, сұр немесе ақ, түстер алынады. Бұл мән неғұрлым кiшi болған сайын, түci қарата жақын, ал бұл мән неғұрлым үлкен болған сайын, түci аққа жақын (8-сурет) болады.

Егер R,G және В мәндері дәл келмесе, онда ең әр түрлі түстердің реңдері алынады. Мысалы, егер R=0, G=B болса, онда көгілдір түс Cyan алынады, егер В=0, ал R=G болса, онда сары түс Yellow алынады. Егер нөлдік мәні 255-ке жақын болса, онда барлық түстер жарығырақ болады, егер нөлдік мәні 0-ге жақындаса онда қара түске жақындайды.

 

 

8-сурет. RGB функциясының аргументтері мәндерінің өзара дәл келуіне сәйкес келетін әр түрлі реңдер.

QBColor функциясы.   Visual Basic тілінде түстерді  берудің аталған тәсілдерінен басқа тағы бip тәсіл - жалғыз ғана аргументі бүтін С саны болатын, ал мәні — түстің коды (Long типті сан) болатын, QBColor функциясының көмегімен беруге болады.

Бұл түстердің аттары мына төменде (2-кесте) келтірілген. Жақша iшiндe олардың кейбіреулеріне сәйкес келетін Visual Basic тілінің тұрақтылары көрсетілген.

2-кесте.

Tүcі

С

Қара (VbВ1аск)

Қара-көк

Қара-жасыл

Қара-көгілдір

Қара-қызыл

Қара-күлгін

Қоңыр

Ақшыл-сұр

Қара-сұр

Көк (vbBlue)

Жасыл (vbGrееn)

Көгілдір (vbCyan)

Қызыл (vbRed)

Күлгін (vbMadenta)

Сары (vbYellow)

Ақ (vbWhite)

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15


 

 

 

 

Мына төменде GBColor функциясының және apгументінің (9-сурет) С және Tүci параметрінің мәндері бар Visual Basic тiлiндегi программаньң көмегімен құрылған кестенің пiшiнi көрсетілген. Бұдан басқа осы кестеде сол мәндерді қайтаратын RGB функциясының үш аргументінің мәндepi кел-тірілген.

9-сурет. QBCoIor және RGB функцияларының және аргументтерінің mүcmi қайтарушы мәндepi.

 

2.5. CIRCLE әдісінің мүмкіндігі

 

Бұл әдic те осның алдындағы графикалық әдicmep қолданылған объектілерге қолданылады.

Circle әдici шеңбер, эллипс немесе доға салуға мүмкіндік береді. Мысалы:

Pi = 3.1415926    ' "Пи " саны

ScaleMode = 3      ' Координат өлшем 6ipліктері - пиксель.

Circle(100,50),30  ' Шеңбер.

Circle(50,50),30, RGB(255,0,0)

Circle(150,50),30,0,pi      'Доға.

Circle( 150,50),30, 0, pi/2  'Доға.

Circle(150,50),30, RGB^255,0,0), pi/2, 0   'Дога.

Circle(100,120),30, , , , 0.5    ' Эллипс.

Circle(100,120),30, , , ,2      ' Эллипс.

Контурдың түсін Circle әдici сызып отырған Графикалық терезенің ForeColor қасиеті анықтайды.

Контурдың түpiн (қалдығы және сызық стилі) Circle әдici сызып отырған Графикалық терезенің Draw Width және Draw Style қасиеттері анықтайды.

Әдістің синтаксисі мына төмендегідей болады:

[ОбьектАты] Circle (х,у), Радиус [, Tүci [, Бұрыш 1,

Бұрыш2 [, СығуКоэффиценті]]]

ОбьектАты параметрінің қатыспауына да болады. Бұл жағдайда үнсіз келісім бойынша Circle әдісін Пішін пайдаланады. Әдістің параметрлерінің мағынасы мынадай:

(х,у) - Circle әдici объектіде жасайтын дөңгелектің немесе эллипстің центpiнің координаттары;

Tүci - бұл Line әдісі үшін қалай анықталса, дәл солай анықталатын орнек;

Бұрыш 1 және Бұрыш2 - бұл доғанның немесе сектордың бастапқы және соңғы бұрыштары.

Бұрыштар радианмен өлшенеді. Олардың мәндері 0 мен 2* аралығынан алынады. Нөлдік бұрыш оңға қарай бағытталған горизонталь оське сәйкес келеді.

Егер бұрыштың нөлдік мәнінің алдына "- " (минус) таңбасы қойылатын болса, онда бұл доға емес сектордың салынатындығын білдіреді. Доғаны немесе секторды салғанда "қалам" ұшының қозғалысы барлық уақытта Бұрыш I ден Бұрыш2-ге қарай сағат тіліне қарсы бағытта қозғалады.

Егер дөңгелектің немесе эллипстің доғасы және секторы бейнеленбестен, толық, дөңгелек немесе эллипс бейнеленетін болса, онда әрине Бұрыш 1 және Бұрыш2 параметрлерінің болмауы табиғи жағдай.

Сызу Коэффициенті параметрі - бұл бірден үлкен немесе кіші оң сан. Бipiншi жағдайда вертикаль бойымен созылған, ал eкiншi жағдайда горизонталь бойымен созылған эллипс алынады. Созылу дәрежесі Коэффициент мәнімен анықталады. Егер ол жоқ болса, онда үнсіз келiciм бойынша дөңгелек (шеңбер) бейнеленеді.

Line әдiciндегi сияқты осы әдіспен салынатын фигураның түрiне тек Circle әдісінің аталған параметрлерінің мәндері ғана әсерін тигізбейді. Сурет салынып жатқан объектідегі бейнеленетін фигураның сыртқы түрін  анықтайтын   оның   контурының   түсі (ForeColor қасиеті), оны толтыру стилі (FiilStule қacueтi), сондай-ақ оны толтырудың түci  (FillColor қасиеті) бар.

Circle әдісінің және осы әдіс жұмыс істейтін параметрлер мәндерінің әр түрлі қисынын көрсететін программаны мысалға келтірейік.

6-мысал. Айтайық, пішінде аттары Picture1, Picture2 және Picture3   Графикалық терезе класындағы 3 объект, сондай-ақ ІскеҚосу (Пуск) командалық батырмасы орналасқан дейік.

Командалық батырманы шерткеннен кейін графикалық өрісте Circle әдісінің көмегімен мыналар (10-сурет) салынады:

 

 

               10-сурет. Circle графикалық әдісінің жұмысын көрсету.

 

Осы есепті шешетін программаның коды мына төмендегідей болады:

Dim Angle As Double: Const pi = 3.14159265358979

Private Sub Command 1_ Click ()

' Графикалық өpicmepдi масштабтау.

Picture1.Scale (0,35) - (15,0)

Picture2. Scale (-5,20) - (45,0)

Picture3. Scale (-25,15) - (15,-15)

' Шеңберді, дөңгелекті және эллипстерді салу.

Picture1.Circle (5,25), 2.5,0  ' Қapa mүcmi шеңбер

Picture1.Fore Color = vbCyan

Picture1.Fillstule = 0

Информация о работе Visual Basic тілінде объектілі-бағдарланған программалау негіздері