Жүйелік-бағдарламалау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Июня 2013 в 11:09, дипломная работа

Описание

Жұмыстың мәселесi: жоғары оқу орындарында жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарын сай етiп дайындау мақсатында курсты компьютер көмегiмен оқыту әдiстемесiн жасау.
Қазiргi кездегi көптеген зерттеулерге талдау жасай отырып, жүйелік бағдарламалау курсын оқыту әдiстемесiнiң ғылыми-теориялық тұрғыда негiзделгендiгiне сүйене отырып және болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарына сай етiп даярлау мақсатында дипломдық жұмыс тақырыбын «Жүйелік бағдарламалау» пәнінен электронды оқулық құру» таңдап алдық.

Содержание

КIРIСПЕ…………………………………………………………………..
1 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМ-ПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ..........................
1.1 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГIЗДЕРI.......................................................
1.2 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДI ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ..............
1.3 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕЛЕРIН ПАЙДАЛАНУ.................
1.4 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНIҢ ҚҰРЫЛЫМЫ..................
2 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮ-ТЕРЛІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............
2.1 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮ-ТЕРЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСIН ЖАСАУ НЕГIЗДЕРI...............................
2.2 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮТЕР-ЛIК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСIН ОҚУ ПРОЦЕСIНДЕ ПАЙДАЛАНУ...........
2.3 КОМПЬЮТЕРЛIК ЖҮЙЕНI ПАЙДАЛАНУҒА НҰСҚАУ.....................................................................................
3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ...................................................................
3.1 ЖҮЙЕНІ ҚҰРУҒА ЖӘНЕ ЕНГІЗУГЕ КЕТКЕН ШЫҒЫН ЕСЕПТЕУЛЕРІ...................................................................
3.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ СФЕРАСЫНЫҢ ЕСЕПТЕУЛЕРІ................
4 БИЗНЕС-ЖОСПАР БӨЛІМІ...................................................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ТҮЙІН..............................................................................................................
ҚОСЫМША.......……………………………………………......………….
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................

Работа состоит из  1 файл

Дип.-«Жүйелік-бағдарламалау»-пәнінен-электронды-оқулық-құру.doc

— 1.68 Мб (Скачать документ)

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ…………………………………………………………………..

1 Жүйелік бағдарламалау КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМ-ПЬЮТЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ..........................

1.1 жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың теориялық негiздерi.........................................................................

1.2 жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда компьютердi пайдаланудың алғышарттары..............

1.3 жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану.................

1.4 жүйелік бағдарламалау курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы..................

2 жүйелік бағдарламалау КУРСЫНЫҢ КОМПЬЮ-ТЕРЛіК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСіН ДАЯРЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ............

2.1 Жүйелік бағдарламалау курсының компью-терлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi...............................

2.2 жүйелік бағдарламалау курсының компьютер-лiк оқыту жүйесiн оқу процесiнде пайдалану...........

2.3 Компьютерлiк жүйенi пайдалануға  нұсқау.........................................................................................................

3 Экономикалық бөлім...................................................................          

3.1  Жүйені құруға және енгізуге кеткен шығын есептеулері..............................................................................................

3.2 Экономикалық сферасының есептеулері................

4 БИЗНЕС-ЖОСПАР  БӨЛІМІ...................................................................

 ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………............….

Түйін..............................................................................................................

 ҚОСЫМША.......……………………………………………......………….

 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР......................................................

6

 

8

 

8

 

16

 

22

 

25

 

38

 

38

 

54

 

58

63

 

63

65

67 

72

74

75

82




КIРIСПЕ

    Информатиканы оқыту әдiстемесiнде бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан “Жүйелік бағдарламалау” курсы бөлiнiп шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды. 

    Жоғары оқу орындарында информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы біраз программалық жабдықтарды қамтиды. Қазiргi кезде объекттіленген бағдарланған программалау орталарын көптеп дайындалуы және олардың түрлі нұсқаларының пайда болуы курс мазмұнының да, оны оқыту әдiстемесiнiң де өзгерiп отыруына әкелуде. Осының әсерiнен жүйелік бағдарламалау курсын оқытудың түрлi әдiстерi мен құралдары пайда болуда. Осындай әдiстердiң бiрi ретiнде, үйренушiнiң өз бетiмен жұмыс iстеуiне негiзделген компьютер көмегiмен оқыту әдiсiн алуға болады. Ал компьютерлiк оқыту жүйелерi компьютер көмегiмен оқытудың негiзгi құралы. 

    Уақыт өте келе бiлiм беру жүйесiн компьютерлендiрудiң ойдағыдай жүзеге асып келе жатқандығын практика көрсетiп келедi. Бұл мәселенi: компьютер, оның программалық қаматамасыз етiлуiнiң бiртiндеп жүзеге асырылуы, мамандардың дайындалу қарқыны, информатика пәнiнiң оқыту әдiстемесiнiң, оның iшiнде нақты курстарды оқытудың әдiстемесiнiң қалыптасып келе жатқандығынан байқауға болады.

    Қазіргі кезде жүйелік бағдарламалау курсының түрлi компьютерлiк оқыту программалары бар. Мұндай программаларда бiлiм берудiң курс мазмұнын игеруде дағды мен ебдейлiктi қалыптастыруға қажеттi тапсырмалар, бақылау сұрақтары мен олардың жауаптары, студенттiң бiлiмi деңгейiн бағалау, т.с.с. мақсаттар ескерiлмей қалуда. Себебi олардың көпшiлiгi тек курс мазмұнын берумен ғана шектеледi.


    Әрине, Бұл құралдардың барлығы бiрдей нашар деген пiкiрден аулақпыз. Дегенмен қазiргi кезде шығарылып жатқан компьютерлiк оқу құралдарының көпшiлiгi талаптарға сай келе бермейдi. Негiзiнде оқытудың компьютерлiк программалары дәстүрлi оқыту құралдарының тиiмдi жақтарын қамтып, оны жаңа сапалық көрсеткiштермен толықтыруы тиiс. Бұл компьютерлiк оқыту программаларын құруда ескерiлуi қажет негiзгi талаптардың бiрi.  Сол себептi компьютерлiк оқыту жүйелерiн даярлау деңгейiн жетiлдiру қазiргi кездегi көкейкестi мәселелердiң бiрi болып алдыңғы кезекке шығады.

    Жұмыстың мәселесi: жоғары оқу орындарында жүйелік бағдарламалау курсын оқытуда болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарын сай етiп дайындау мақсатында курсты компьютер көмегiмен оқыту әдiстемесiн жасау.

    Қазiргi кездегi көптеген зерттеулерге талдау жасай отырып, жүйелік бағдарламалау курсын оқыту әдiстемесiнiң ғылыми-теориялық тұрғыда негiзделгендiгiне сүйене отырып және болашақ информатик мамандарды стандарт талаптарына сай етiп даярлау мақсатында дипломдық жұмыс тақырыбын «Жүйелік бағдарламалау» пәнінен электронды оқулық құру» таңдап алдық.

    Зерттеудiң мақсаты: Информатика пәнiнiң жүйелік бағдарламалау курсын компьютерлiк технология негiзiнде оқыту әдiстемесiн ұсыну.

    Зерттеудiң обьектiсi: ретiнде жоғары оқу орындарында жүйелік бағдарламалау курсын оқыту процесi.

    

 

 

 

 

 

 

 

1 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ КУРСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДl ПАЙДАЛАНУДЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

1.1 ЖҮЙЕЛІК БАҒДАРЛАМАЛАУ курсын оқытудың теориялық негiздерi

 

    Қазiргi әлемнiң ғылыми бейнесiнiң негiзгi сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы информациялық процестер мен факторлардың фундаментальды ролiн мойындау болып табылады.

    Бұл жағдай бiздiң ғасырдың басында әлемнiң бейнесiн жаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негiзгi мәселе ұйымдастырушылық немесе қазiргi айтылып жүргенiндей информациялық факторларға байланысты. Дәлiрек айтсақ алдыңғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесi қойылды. Бұл мәселемен айналысатын ғылым информатика деп аталды. Сонымен информатика – компьютердiң көмегiмен информацияны iздеу, сақтау, жинақтау, тарату, өлшеу мен өңдеудiң әдiсi, тәсiлдерi мен заңдылықтарын қарастыратын математикалық ғылым.

    Қазiргi кезде информатиканың ықпалына көп сүйенетiн саланың бiрi халық ағарту жүйесi. Ал, жоғары оқу орындарында информатиканың проблемаларын қарастыратын сала кәсiби информатика деп аталады.

    Кәсiби информатика информатика ғылымының бiр саласы ретiнде жоғары оқу орындарындағы оқу процесiнде пайдаланылатын компьютердi программалық, техникалық  оқу-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық жақтарынан қамтамасыз етудi зерттейтiн сала ретiнде анықталады.

    Жоғары оқу орындарының информатикасын программалық қамтамасыз ету оқу орындарының информациялық, басқару және оқыту жүйелерiн қамтиды, оның құрамында осы жүйелердi жобалауға арналған сериялық құралдар бар.

    Жоғары оқу орындары информатикасы психологиялық-педагогикалық қамтамасыз етiлуi тиiс. Ол өзiнiң маңыздылығы жағынан алғашқы орында қарастырылатын мәселеге жатады. Қазiргi компьютерлердiң жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие процесiне енгiзiлуi компьютерлендiрудiң барлық проблемаларын шеше алмайтыны анық. Компьютердi пайдалану жағдайында оқу процесiн тиiмдi және өз мақсатына жете алатындай етiп ұйымдастыру үшiн бiрқатар педагогикалық, психологиялық проблемаларды шешу қажет. Осыған байланысты педагогиканың, психологияның және дидактиканың дәстүрлi қағидалары қосымша зерттеудi талап етедi. Бұл жерде оқытуды компьютерлендiрудiң екi түрлi негiзгi бағыты бар екенiн ескеру қажет, олар компьютер оқу объектiсi және компьютер оқу құралы ретiнде.

     Компьютердi зерттеу объектiсi ретiнде алатын болсақ, жоғары оқу орындарында оның программалық қамсыздандырудың негiздерiн оқытатын “Жүйелік бағдарламалау” деп аталатын жаңа курс енгiзiлген. Енгiзiлген жаңа пән жаңадан дамып келе жатқан информатика ғылымының барлық мазмұнын қамти алмайды. Ол болашақ информатика мамандарының жоғары оқу орындарындағы басқа пәндердi оқуға қажеттi бiлiм, iскерлiк пен дағдылармен қаруландыруы тиiс.

    Қазiргi кезде “Жүйелік бағдарламалау” курсына жоғары оқу орындарында 96 сағат бөлiнген және Қазақстан Республикасының “Бiлiм туралы” Заңының талаптарынa сәйкес курсты оқыту стандартына төмендегi мәселелер енгiзiлген:

  • курс бойынша бiлiм беру мазмұнының минимумы;
  • болашақ информатик мамандардың дайындық деңгейiне  қойылатын талаптар;
  • стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
  • бiлiм бағалау.

«Жүйелік бағдарламалау» курсын оқытудың мақсаттары:

  • графика, математика, статистика бойынша қолданбалы программалар пакеттерiн ұсынудың маңызын, қасиеттерi мен мүмкiндiктерiн оқып бiлу;
  • графиктердi, диаграммаларды, үлгiлердi, суреттердi, этикеткаларды еркiн мәтiнге не құжатқа енгiзу және дайын ортада оны құрып үйрену;
  • графикалық бейнелердi құруға және модификациялауға мүмкiндiк беретiн инструментальдық құрылғыны қолдануды үйрету.

Курсты оқытудың мiндеттерi:

    • берiлген графикалық және баспалық пакеттерге тән функцияларды оқып үйрену;
    • ғылыми салада қолданбалы программалық ұқсас пакеттердiң мiндетi туралы түсiнiк қалыптастыру;
    • web-беттердi бiрiктiретiн құрауыштардың негiзгi түсiнiктерi мен анықтамалары туралы түсiнiктердi қалыптастыру;

Кәсiби қызметте қолданбалы программалаудың дағдысын пайдалана бiлудi қалыптастыру. Информатиканы жоғары оқу орындарында оқыту жөнiнде қалыптасқан түрлi көзқарастар бар. Ендi жоғары оқу орындарындағы қолданбалы программалық қамсыздандыру курсының мазмұны мен әдiстемелiк ерекшелiктерiне тоқталайық.

  • Жоғары оқу орындарындағы “Жүйелік бағдарламалау” курсының мазмұны түрлi программалық жабдықтармен жұмыс ебдейлiгiн, дағыдысын қалыптастыруға негiзделген.
  •   “Жүйелік бағдарламалау” курсы бiр жағынан курстың информатика пәнiмен байланысын қамтамасыз етсе, екiншi жағынан болашақ информатик мамандардың теориялық дайындық деңгейiн меңгеруi үшін берiледi.
  • “Жүйелік бағдарламалау” курсының маңызды ерекшелiгi оның басқа пәндермен тығыз байланысты.
  • “Жүйелік бағдарламалау” курсын оқу барысында алған бiлiм мен iскерлiктерiн басқа пәндердi оқу барысында кеңiнен қолдана алады.

    Сонымен жоғары оқу орындарындаға информатика мамандығының “Жүйелік бағдарламалау” курсы дәстүрлi әдiстегi iскерлiк пен дағдыны жаңаша қалыптастырып, басқа пәндердi оқытуға өзiнiң ерекше үлесiн тигiзедi.

    Жоғары оқу орындарында информатика курсының енгiзiлуiне байланысты педагогика ғылымының жаңа саласы пайда болды, оның зерттеу объектiсi информатиканы оқыту әдiстемесi деп аталды.

    Мұнда қоғамның алға қойған мақсатына байланысты информатиканы оқытудың заңдылықтары қарастырылады. Оқыту заңдылықтары информатика дамуының нақты кезеңiне сай зерттеледi.

    Қазiргi кезде РБАО негiзiнен бiлiм жүйесiнiң барлық сатылары үшiн электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келедi. Электрондық оқулықтарды құрастыру технологиясы (профессор Г.Нұрғалиева жасаған) оқыту процесiнiң заңдылықтарына негiзделiп жасалып, бiр-бiрiмен  тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады, олар: мотивациялы –мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелiк бақылау компоненттерi.

     Электронды оқулықтың мотивациялық-мақсаттық компонентi модульдердi (микромодульдердi) құрастырудан тұрады. Модуль дегенiмiз –жергiлiктi (локальды), жүйелiк және функционалдық бiлiм жиындары. Ол оқушының өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “ түйiнi” болып саналады.

    Электрондық оқулықтың мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтiн-терминдерден, ұғымдардан, әртүрлi концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәлiметтер базасы ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы.  Мәтiндердi қазақ, орыс, ал кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне материалдарымен толықтырылған.

    Электронды оқулықтың операциялық компонентi интерактивтi формада  берiлген тапсырмаларды орындау арқылы iске асырылады. Электронды оқулықтың нәтижелiк бақылау компонентi  тест алу жолымен жүргiзiледi. Электронды оқулықта  тесттердiң екi түрi берiлген: бiр дұрыс жауап немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тестен соң сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.

    Оқушылар үшiн электрондық оқулық- мектепте  оқыған жылдардың барлығында да өздерi толықтырып отыра алатын  және нәтижелiк емтиханға дайындалуға  көмектесетiн мәлiметтер базасы болып келедi. Электронды оқулықтармен жұмыс iстеу әрбiр оқушының өз мүмкiндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзу болып саналады.

    Мұғалiм үшiн электронды оқулық бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық  түрдегi әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады. Сол себептi электронды оқулықтарды  әзiрлеп оны дамытудағы РБАО жұмысы да қайта оралып келiп түсiп жатқан ұсыныстар мен пiкiрлер арқылы тиiмдiлiгiн бiрте-бiрте арттыратынын талас тудырмаса керек.

   “Электронды оқулық” - дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес –дейдi Өскемен қаласындағы  N10 гимназияның тарих пәнiнiң мұғалiмi  И.Плотникова – ол оқушыға өз жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделi, көп сатылы жүйе, оқулықтың қажеттi бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасын да өзiне тән етiп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалдарды қарап шығуға мүмкiндiк бередi.  Оның гипермәтiнi нақты құрлымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы оқушы практикалық негiзде алгаритмдiк ойлау қабiлтiн дамыта алады. Ал өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн қалыптастырады”.

    Алматы қаласының М.Мәметова атындағы техникалық лицейiнiң директоры Т.Линшевская былай тұжырым жасайды:“Модульдерде берiлген  алгаритм оқушыларға өз бетiмен жұмыс iстеу мүмкiндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызығушылық пайда болып, бiлiм алу кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды.Электронды оқулықты пайдалану мұғалiмнiң де ғылыми- әдiстемелiк потенциялын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн жеңiлдетедi.”

Информация о работе Жүйелік-бағдарламалау