Коммуникация

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 00:24, реферат

Описание

1/ «Коммуникация» терминін саясаттану ғылымында саяси контексте алғаш рет ХХ ғ. басында қолданысқа енгізген зерттеушілердің бірі – Ф. Ратцелдің айтуынша, «саяси қатынаста ақпаратты тарату барлық коммуникациялық қызметтің ең маңыздысы саналады. Дегенмен коммуникация термині кең мағынасында сөз, ишара, бейне және басқа да материалдық тасымалдаушыларға түсірілген нышандар арқылы адамнан адамға ақпарат берілуі деп саналады. Коммуникация саяси ықпал етудің символикалық та, визуалдық та құралы ретінде ежелден қоғаммен бірге пайда болып, дамып келе жатыр.

Содержание

Кіріспе
«Коммуникация» туралы жалпы түсінік
Негізгі бөлім
Коммуникация және оның мақсаттары мен міндеттері, қолданылу аясы.
Әлеуметтік коммуникация
Мәдени коммуникация
Саяси коммуникация
Бұқаралық-ақпараттық коммуникация
Интеграцияланған маркетингтік коммуникация
Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Коммуникация.docx

— 47.71 Кб (Скачать документ)

Курстық жұмыс тақырыбы:

Коммуникация және оның түрлері                

Мақсаты:

Коммуникация ұғымын тереңінен түсіндіріп, оның қолданылу аясын, қоғамда алатын орны мен қызметін ашып көрсету. Сонымен қатар коммуникацияны әлеуметтік, мәдени, саяси және бұқаралық-ақпараттық сала тұрғысынан зерттеу. Әрбірінің міндеттері мен қызметінің маңыздылығын толықтай ашу.

Өзектілігі:

Коммуникация – адам өмірінде маңызды орынға ие. Яғни біз коммуникацияны кез-келген жерден кезіктіреміз және қолданамыз. Бізді қоршаған орта, тіліміз, діліміз, мәдениетіміз, ақпарат алуымыз коммуникацияның  ажырамас бөлігі.

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1/  Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан»  Алматы 2010ж (20 бет)

2/  Жетпісбай Бекболатұлы «PR және жарнама» «Қазақ университеті» 2010ж (8 бет)

3/ Сәуле Барлыбаева «Коммуникационное развитие: национальный и международный аспакты» Алматы – 2008ж «Қазақ университеті» (10-11 бет)

4/  Дәріс

5/  Жетпісбай Бекболатұлы «PR және жарнама» Алматы – 2010ж «Қазақ университеті» (193 бет)

6/ Ғаламтор. Kazakheli.kz сайты Қазақ елі – Жерұйық гуманитарлық зерттеулер жобасы

7/  В.М. Березин «Сущность и реальность массовой коммуникации» Мәскеу – 2002ж (31-32 беттер)

8/ Сәуле Барлыбаева «Коммуникационное развитие: национальный и международный аспакты» Алматы – 2008ж «Қазақ университеті» (10-11 бет)

9/  В. Тимошинов «Мәдениеттану» Алматы – 2008ж «Атамұра»   (15 бет)

10/  Орынбеков М.С «Қазақтың дүниетанымы» Алматы – 1993ж «Ғылым»  (36 бет)

 

11/  Ғаламтор Kazakheli.kz сайты Қазақ елі – Жерұйық гуманитарлық зерттеулер жобасы

12/  Сұлтанбаева  Гүлмира Серікбайқызы «Бұқаралық ақпарат құралдарындағы саяси коммуникация: шетелдік тәжірибе және Қазақстан» Алматы – 2010ж (44-45, 203-204беттер)

13/ Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы «Саяси коммуникацияның негіздері мен тәжірибесі» Алматы – 2006ж «Қазақ университеті» (12-13, 24-26, 36-37 беттер)

14/ Жетпісбай Бекболатұлы «PR және жарнама» Алматы – 2010ж «Қазақ университеті» (53-57 беттер)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспары:

Кіріспе

«Коммуникация» туралы жалпы  түсінік

Негізгі бөлім

  1. Коммуникация және оның мақсаттары мен міндеттері, қолданылу аясы.
  2. Әлеуметтік коммуникация
  3. Мәдени коммуникация
  4. Саяси коммуникация
  5. Бұқаралық-ақпараттық коммуникация
  6. Интеграцияланған маркетингтік коммуникация

Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

   1/ «Коммуникация» терминін саясаттану ғылымында саяси контексте алғаш рет ХХ ғ. басында қолданысқа енгізген зерттеушілердің бірі –             Ф. Ратцелдің айтуынша, «саяси қатынаста ақпаратты тарату барлық коммуникациялық қызметтің ең маңыздысы саналады. Дегенмен коммуникация термині кең мағынасында сөз, ишара, бейне және басқа да материалдық тасымалдаушыларға түсірілген нышандар арқылы адамнан адамға ақпарат берілуі деп саналады. Коммуникация саяси ықпал етудің символикалық та, визуалдық та құралы ретінде ежелден қоғаммен бірге пайда болып, дамып келе жатыр.

        Коммуникацияның негізгі функциясының өзі танымдық қызмет атқару болып саналады. Ол қоғамдық-саяси өмірді байланыстыратын, бағыттайтын және инновациялайтын адам қызметінен, саяси тасымалдаушының түрлі тәсілдерінен, коммуникациялық процестерден тыс саясат өмір сүре алмайды. Кез-келген пәнаралық зерттеу сияқты саяси коммуникативистикада бүгінде коммуникация теориясы, психологиясы мен социологиясы сияқты аралас пәндерге тән ұғымдар мен түсініктердің ауқымды жүйесі қолданылады. Саяси коммуникативистиканың бірқатар теориялары жекелеген индивидтер деңгейінде қарастырылады, әсіресе, хабарлама тарату нәтижесінде сендіру ықпалына қатысты әрекеттерді атауға болады.

      2/ «Коммуникация» ұғымы (латынның «communicare» - байланыстыру, біріктіру деген сөзінен) ақпаратты алу, өңдеу, жеткізу және сақтау процестерінің жиынтығы болып табылады. Бұл процестерді жекебастық-тұрмыстық деңгейден ғаламдық-әлеуметтік деңгейге дейінгі ауқымда қарастыруға болады.

        Ресейдің жұртшылықпен байланыс саласындағы ғылыми мектебінің негізін қалаушыларды бірі – М.А. Шишкина жұртшылықпен байланыс «әлеуметтік субъектінің өз жұртшылығымен тиімді коммуникация жүйесін қалыптастыруға бағытталған»  деп есептейді. Белгілі батыс ғалымдары С.М. Катлип, А.Х. Сентер, Г.М. Брум: «Паблик рилейшнз дегеніміз ұйым мен жұртшылық арасындағы өзара тиімді байланыстарды орнатуға немесе қолдап

отыруға жәрдемдесетін басқару  функциясы, ұйымның табысқа жетуі  немесе сәтсіздікке ұшырауы көбіне осы функцияның дұрыс яки бұрыс  атқарылуына байланысты болады» - деген  анықтама ұсынады.

      Украйындық PR теоретигі В.Г. Королько: «Басқару ретінде ақпараттық сылтау-себеп пен ақпарат туындату процесін, сондай-ақ қолайлы қоғамдық пікірді мақсатты түрде қалыптастыру үшін коммникация құралдары арқылы дайын ақпараттық өнімді таратуды түсінетін болсақ, паблик  рилейшнз дегеніміз – ақпаратты (соның ішінде әлуметтік ақпаратты) басқарудың арнайы жүйесі болып табылады» - деп жазады.

     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 3/ Америкалық әлеуметтану саласының негізін салушылардың бірі Чарльз Кули коммуникация – механизм арқылы адамдардың өзара қарым-қатынастарының дамуы деп тұжырымдайды. Оған – сөз, жазу өнері, телеграф, телефон, темір жол, адамдардың қарым-қатынасы т.б жатады. Коммуникацияда адамдардың өзара қарым-қатынасы мен бір-бірімен ақпарат алмасуы жүзеге асырылады. Ол хабар, хабарлау, өзара әрекет, қоғамдағы ақпарат алмасу және байланыс құралы. ХХ ғасырдың 1940-1950 жылдары коммуникацияның 2 түрі болды:

    • Рационалистік (технологиялық концепция детерменизміне құралады)
    • Иррационалистік (адамдардың  бір-бірімен өзара түсінігіне құралады)

Ал қазіргі таңда «коммуникация»  терминінің 3 басты интерпретациясы бар.

    • Коммуникация – байланыс құралы (белгілі бір структура)
    • Коммуникация – тілдесу, қатынасу құралы (адамдардың бір-бірімен өзара әрекеті мен ақпарат алмасуы)
    • Коммуникация - ақпарат алмасу құралы (қоғамдық санаға әсер ету мақсатымен)

Коммуникацияның даму тарихы 4 коммуникациялық революциядан өтті:

  1. Сөздің пайда болуы;
  2. Жазу-сызуды үйрену;
  3. Баспа станогының жасалуы;
  4. Электронды БАҚ құралдарының пайда болуы;

          4/Коммуникация дегеніміз -  жүйе арқылы ақпарат алмасу үдерісі. Бұқаралық коммуникация тарихы қалыптасқан ақпаратты жасау, сақтау, тарату үдерісі және әлуметтік субъект пен объектілер арқылы ақпарат алмасу болып жүктеледі. Субъект – коммуникатор, объект – коммуникант болады.  Коммуникация болу үшін 3 талап керек:

  1. Коммуникант  (жіберуші субъект)
  2. Объект (жеткізуші)
  3. Реципиент (қабылдап алушы)

      Коммуникация  кеңістік пен уақытқа тығыз  байланысты. Осыған байланысты коммуникацияның  4 түрі бар.

  1. Материалдық (қаржы) коммуникация: а) көліктік, ә) энергетикалық,                   б) халықаралық көші-қондық, в) эпидемиялық.
  2. Генетикалық коммуникация: тектік не түрі.
  3. Психикалық коммуникация: өзара қарым-қатынас автокоммуникация.
  4. Әлуметтік коммуникация (қоғамдық қарым-қатынастар): 1) әлуметтік; 3) тілдік; 4) дербес коммуникациялық негіз;                                                             

      5/Коммуникация мақсаттары: Мақсатты аудиторияларды таңдау  коммуникациясының тиісті міндеттері негізінде жүргізіледі, бұл сондай-ақ фирма хабарландырулары жолданған алармандардың күтіліп отырған жауап реакциясына қалыптастыруға да бағытталады. Коммуникацияның мақсаттарына әдетте:

    • Хабарлылықтың негізін қалау;
    • Қажетті ақпаратттарды беру;
    • Тиісті имижді қалыптастыру;
    • Жақын тарту сезімін ояту;
    • Имиджді бекіту;
    • Талдау-талғамды орнықтыру;
    • Сенімділікті нығайтып, қалыптастыдіру;
    • Өнімді байқап көруге итермелеу;
    • Өнімді сатып алуға итермелеу;
    • Сату көлемін ұлғайту;

Мақсатты аудиторияның экономикалық мінез-құлқын өзгерту жатқызылады.

       6/ Коммуникацияның атқаратын басты қызметтері төмендегідей болып келеді: 
1. Ақпараттық қызмет 
2. Әлеуметтік қызмет 
3. Экспрессивті қызмет 
4. Прагматикалық қызмет 
5. Интерпретациялық қызмет 
Ақпараттық қызмет – адамдар арасында ақпарат алмасуды жүзеге асырады, ал әлеуметтік қызмет – адамдар арасында өзара қарым-қатынасқа түсу қабілетін арттырады. Осы соңғы қызмет біздің пікірлерімізді, дүниетанымымызды, қандай да бір орын алған оқиғаға деген қатынасымызды құрастырады. 
Экспрессивті қызмет - адамдардың ақпарат алмасу барысында бір бірінің эмоционалды көңіл-күйін түсінуін білдіреді. Қарым-қатынас барысында эмоциялардың қаншалықты маңызды екендігі кімге де болса мәлім. Эмоцияны сөз қылып айтпай-ақ бет әлпетімен де жеткізуге болады. 
Прагматикалық қызмет арқылы коммуникацияға қатысушылардың іс-әрекеті мен өзін-өзі ұстау мінез-құлығы шектеледі. Ол сол коммуникацияның көздеген түпмақсатына сай жүргізіледі. 
Интерпретациялық қызмет коммуникацияға бірге түскен адамды түсіну үшін қажет. Коммуникация құралдарының түр түрі қоршаған шындықтың оқиғасы туралы ақпарды жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, оны белгілі бір мағынада түсіндіреді, интерпретациялайды.

     7/Көп ғалымдардың пікірінше, заманауи адам сөз пайда болғаннан бастап қалыптасты және соған орай қарым-қатынас орнықты. Қарым-қатынас – адамдардың алғашқы кезден адамгершілігінің қалыптасуына себепші. Қоғам, адамдық қызмет, мәдениет – мұның бәрі философиялық талдаудың құралдары. Басты категориясы мен түсініктері – әлеуметтік үдерістердің мәдениет және бұқаралық коммуникация тұрғысынан зерттелуі. Өмір өзі адамның әрдайым бір нәрсені ойлап табуына икемдейді. Үнемі еңбектенуін, азығын тауып жеуін және білім алып, әлемді тануымен қатар ақпарат алмасуын талап етеді. Адамды бізді қоршаған орта, яғни табиғаттан бөлек екінші табиғат ортасы бар.

     Ол – ғылыми-техникалық, құрастырылып, қолдан жасалған дүние. Жалпы, табиғат – адам – қоғам – қызмет – ғылыми білім – адами құндылық – мәдениет бәрі де бір-бірімен тығыз байланысты және бір-біріне өзара тәуелді. Бұдан келіп ақпарат пен ақпарат алмасу ортасы, тілдесу мен хабарлау және байланыс ұғымдары пайда болады. Л. Землянова коммуникация ғылымын осылардың бәрінің іс жүзінде бірлесе әрекет етуімен байланыстырады.

 

Әлеуметтік коммуникацияның 3 басты нормалары:

  • Әлуметтік мәдениет нормаларының деңгейі;
  • Тұлға аралық қатынастың деңгейі;

      Тілдесу кезінде тек ауызша сөйлесу ғана емес, сонымен қатар басқа да таңбалы-бейнелі түрдегі құралдар қолданылады. Оған әдептіліктің, рәсім мен салт-дәстүрдің белгілері жатады. Осы белгілерді жетік меңгерген коммуникатор әр түрлі қызметтегі, мамандықтағы адамдармен жақсы сөйлесіп, кез-келген ситуациядан ойдағыдай шыға алады. Белгілер әлеуметтік және психологиялық кодты иеленеді.

      Коммуникацияның ауызша емес аспектісі 1960 жылдың соңынан бастап зерттеле бастады. 1970 жылы Джулиуст Фаст ауызша емес коммуникацияға байланысты алғашқы жұмыс үлгісін жасап шығарды. Ауызша емес белгілердің табиғаты анық емес, олардың туа пайда болғаны немесе қолдан жасалғаны, яки қан арқылы тарайтыны немесе өмірлік тәжірибе арқылы келетіні белгісіз.

     9/ Мәдениеттану дегеніміз – мәдениеттің жалпы даму заңдылықтарын зертттейтін ғылым. Мәдениеттің дамуы бүкіл әлем халықтарының рухани және материалдық қызметінің бір-біріне сәйкес келетін шығармашылық процесі. Қазіргі заманғы ғылым мәдениетті шығармашылықтың нәтижесінде үнемі материалдық және рухани құндылықтармен толықтырып отыратын табиғат пен қоғам дамуның қызметі деп қарастырады. Әлемдік мәдениеттің жалпы тарихы – адамзаттың жабайылық пен тұрпайылықтан айырылуы, қайтадан дамуы.

     10/ Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін құрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан.

     

 

    11/Енді мәдениетті коммуникация тұрғысынан қарастырсақ. Коммуникация мен адамдар арасындағы аралас-құраластық қарым-қатынасы – мәдениеттің маңызды бөлігі. Олардың маңыздылығы сонша, көп жағдайда мәдениетті коммуникациямен теңдестіру сарыны да жиі кездеседі. Мәдени қарым-қатынастарды зерттеудегі танымал маман Э. Холл мәдениет дегеніміз коммуникация, ал коммуникация дегеніміз мәдениет деп теңдестіре қарастырады. 
     М. Бахтин мәдениет концепциясын өзінің диалогизм принципіне сүйене отырып тұжырымдайды. Ол үшін мәдениет – сұхбаттық мүмкіншілігі ұлан-асыр ашық құндылықтар жүйесі. Мәдениеттің болмыстық сұхбаттылығының негізінде мүмкін болған мәдениеттер сұхбатын адамдар арасындағы диалог іспеттес қарастыруға болады ма? Иә, өйткені мәдениет адамның белсенді іс-әрекетінің, еркін шығармашылығының, оның өзіндік ішкі мәндік қасиетінің көрінісі. Мәдениет – адамның шығармашылығының нәтижесі болғандықтан да тікелей адам іс-әрекетімен байланысып жатыр. Адам қолынан шыққан, адам санасының жемісі болып табылатын барлық нәрселер сияқты, мәдениет те өз бойына тұлғалық бастаманы толығымен сыйғызады. 
Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен неше миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәрін ортақтастыратын нәрсе – мәдени сұхбат, мәдениетаралық коммуникация.

Информация о работе Коммуникация