Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2012 в 13:26, реферат
Ықтималдық теориясы дегеніміз- жаппай кездейсоқ құбылыстардың математикалық моделі.Күнделікті өмірде қандай да бір оқиғаны бағалау нәтижесінде, дәл, нақты мағынасына мән берместен, «ықтималдық» ұғымын қолданып жүрміз. Мысалы, «50 пайыз ықтималдыпен», « ықтималдыпен» немесе «100-дің 50 жағдайы», «50-де 50», «екіден бір мүмкіндік» деген сөз тіркестерін толық түсініп, жайбарақат қабылдаймыз. Тиынды лақтырмай-ақ, елтаңба жағы мен цифрдың түссу мүмкіндігі бірдей, ал оқиға нәтижесі санына тең екеніне келісеміз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК
ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК
« Жоғарғы математика » кафедрасы
СӨЖ
Қабылдаған: Тажибекова Г.Н
Алгебра оқиғасы. Ықтималдылығы.Ықтималдықтың қасиеттері
Ықтималдық теориясы дегеніміз-
жаппай кездейсоқ құбылыстардың
математикалық моделі.
Сонымен, ықтималдық дегеніміз ─ белгілі бір анықталған жағдайда қандай да бір кездейсоқ оқиғаның пайда болу дәрежесінің сандық сипаттамасы.
Күнделікті өмірде бұл ұғымды жиі қолданамыз. Мысалы, бүгін мүмкін, кешігермін; ол мүмкін, бос емес шығар; жиналыстың болмауы мүмкін секілді.
Ықтималдық теориясы дегеніміз ─ кездейсоқ жағдайлардың пайда болу заңдылығын зерттейтін математикалық бөлігі.
Оқиғаның ықтималдығы дегеніміз ─ оқиғаның пайда болу мүмкіндігін білдіретін сан.
Кездейсоқ оқиғаның бір жолғы тәжірибеде пайда болатынын, не пайда болмайтынын алдын ала білуге мүкін болмағанымен, қайта-қайта жасалған тәжірибелер барысында, оның пайда болуының белгілі бір заңдылығы байқалады.
Белгілі жағдайда қайта-қайта n рет тәжірибе жасағанда А оқиғасы m рет пайда болса, онда қатынасы А оқиғасы пайда болуының салыстырмалы жиілігі деп аталады. Жоғарыдағы 5 бидай дәнін 5 тәжірибе, яғни m=4 деп ұғамыз. Сонда оқиғаның пайда болу жиілігі немесе 80% болады.
Сол тұрақты саны А оқиғасының ықтималдығы деп аталады да Р(А) деп белгіленеді.
А және В оқиғаларының қосындысы
деп А немесе В оқиғаларының кем
дегенде біреуінің
Осыдан А+В-ның құрамына А-ға не В-ға тиісті элементтар оқиғалар енеді. Мысалы, ойын сүйегін тастағанда «жұп ұпай түсуі» мен «үштен кем ұпай түсуін» білдіретін оқиғаларды қосу қажет болсын. Онда және В={А1,А2} оқиғаларын қосамыз: А+В={ А2, А4, А6}.
А және В оқиғаларының көбейтіндісі деп А және В оқиғаларының қатар орындалуын білдіретін оқиғаны айтады және оны А*В арқылы белгілейді. Сонымен, А*В-ның құрамына А-ға және В-ға да тиісті элементар оқиғалар енеді. Мысалы, және В={А1,А2} оқиғалары үшін А*В={ А2} болады.
А және В оқиғаларының айырмасы деп тек А ғана орындалып, В-ның орындалмайтынын білдіретін оқиғаны айтады және оны А-В арқылы белгілейді. Осыдан А-В құрамына тек А-ға ғана енетін және В-ға тиісті емес элементар оқиғалар енеді. Мысалы, және В={А1,А2} оқиғалары үшін А-В={ А2, А4, А6} теңдіктері орындалады.
Егер А1, А2,...Ап элементар оқиғалары үшін А1+А2+...+Ап=U және Ai*Aj =Ø (i≠j) шарттары орындалса, онда бұл оқиғаларды элементар оқиғалардың толық тобы (группасы) деп аталады. Мысалы, ойын сүйегін тастағанда А1,А2, А3, А4, А5, А6 элементар оқиғалары толық топ құрайды. Шынында да, ойын сүйегін тастағанда алты ұпайдың бірі түсері ақиқат, яғни А1+А2+ А3+ А4+ А5+ А6=U қосындысы- ақиқат оқиға. Сонымен қатар, бір тастағанда екі түрлі ұпай түсуі мүмкін емес, яғни Ai*Aj =Ø (i≠j)- жалған оқиға.
Егер В оқиғасы орындалған сайын А оқиғасы да орындалып отырса, онда А-ны В оқиғасының салдары деп атайды және оны былай белгілейді: В А. Мысалы, және С={ А2, А4} болса, онда А оқиғасы- С-ның салдары. Өзара кері А және оқиғалары үшін Ø және U теңдіктері орындалады.
Кездейсоқ оқиғаларды жиындарға қолданылады:
1 ─ Сурет Эйлер-Венн диаграммаларымен бейнелеген қолайлы.
Сонымен бірге, әрбір А және В оқиғалары үшін:
1) ;
2) теңдіктері орындалады.
Дәлелдеу. 1) Айталық, болсын.
Онда . Осыдан және оқиғалары бірдей элементар оқиғалардан құралғанын көреміз, яғни .
2) Осы сияқты дәлелденеді:
1-мысалы: Үш атқыштың біріншісінің нысанаға тигізуін А оқиғасы, екіншісінің тигізуін В оқиғасы және үшіншісінің тигізуін С оқиғасы деп алып: 1)А+В; 2)АВС; 3)АВ+АС+ВС өрнектерімен анықталатын оқиғалардың мағынасын ашып көрсетейік.
Шешуі:1) Нысанаға бірінші немесе екінші атқыш тигізді; 2) Нысанға бірінші және екінші атқыштар тигізіп, үшінші мүлт кетті; 3) Кем дегенде екі атқыш нысанаға тигізді.
2-мысал: Алдыңғы мысал шартында нысанаға: 1) тек бірінші атқыш тигізді; 2) тек екі атқыш қана тигізді; 3) атқыштардың ешқайсысы тигізе алмады деген оқиғаларды А,В және С арқылы өрнектеу керек.
Шешуі: 1) Нысанаға тек бірінші атқыш тигізіп, қалған екеуі мүлт кеткен. Онда А, В және С оқиғалары орындалды. Сондықтан оқиғаларды көбейту ережесі бойынша бұл оқиға арқылы өрнектеледі.
2) Бұл жағдайда нысанға
2 атқыш тигізіп, үшінші
3) Атқыштардың біреуі де нысанаға тигізе алмаса, онда оқиғалары қатар орындалады, яғни оқиғасы орындалады.
Іс жүзінде адамға заттардың өзара орналасуының барлық мүмкін жағдайларын есептеуге немесе қандай да бір іс-әрекеттің барлық мүмкін нәтижелерін және оны орындауға қажетті барлық мүмкін тәсілдер санын есептеуге тура келеді. Мысалы, әр түрлі 5 кітапты екі оқушыға неше түрлі тәсілмен үлестіріп беруге болады? Сондықтан мұндай есептерді комбинаторикалық есептер деп атайды. Ал комбинаторикалық есептерді шешуді үйрететін математика саласын комбинаторика деп атайды. Комбинаторика есептерін шешуде қолданатын өзіндік заңдылықтар мен формулалар бар.
Комбинаторикалық формулаларды
қолдану кездейсоқ оқиғалардың
ықтималдықтарын есептеуді
1-мысал: 9 қабатты мекеменің 5-қабатынан лифтке 3 қызметкер мініп, жоғары көтерілді. Бұлардың әрқайсысы лифттен әртүрлі қабаттарда шығуы ықтималдылығы қандай?
Шешуі: Мұнда -ке тең, себебі жолаушылардың түсуі мүмкін 4 қабатты (4 элементтен тұратын жиынды) үш адамға тағайындап беру қажет (яғни 4-тен 3 бойынша қайталанбалы орналастырулар). Ал -ке тең, себебі 4 элементті (қабатты) 3 орынға (қызметкерлерге) қайталанбайтындай етіп орналастыру қажет. Сонымен,
2-мысал: Бес карточкаға бір-бірден а,й,қ,с,ы әріптері жазылып, келесі бетімен аударылып, мұқият араластырылды. Кездейсоқ бір-бір карточкадан алып, бір қатарға тізіп шыққанда «қайыс» сөзінің шығуы ықтималдығы қандай?
Шешуі: Барлық мүмкін нәтижелер саны 5 элементтен тұратын жиынның алмастырулары санына тең:
Ал бізге қолайлы нәтижелер саны біреу ғана m=1. Сонда
3-мысалы: Сынаптарға ағылшын тілін оқитын бір топта 12 оқушы бар. Олардың туған күндері әр түрлі айларға түсуі ықтималдығын табу керек.
Шешуі: Барлық мүмкін жағдайлар саны 12-ден 12 бойынша алынған қайталанбалы орналастырулар санына тең; . Ал қолайлы жағдайлар саны 12 элементтен алынған барлық орналастырулар санына тең:
4-мысал: Қорапта қолғаптардың 10 түрлі парлары бар. Қораптан кездейсоқ 4 қолғап алынды. Алынған қолғаптар арасында өзара пар құрайтын қолғаптардың болмауы ықтималдығы қандай?
Шешуі: 20 қолғаптың ішінен төртеуін түрлі тәсілмен алуға болады, яғни . Ал бізге қолайлы жағдайлар саны -ке тең. Себебі қолғаптардың 10 парынан 4 сыңарын түрлі тәсілмен аламыз, ал әр пардан бір сыңарын 2 түрлі тәсілмен ала аламыз, яғни 4 сыңарды 2*2*2*2=24 түрлі тәсілмен аламыз. Сонымен
5-мысал: Конверттегі 100 фотосуреттің ішінен бізге қажеттісі біреу ғана. Конверттен кездейсоқ 10 фотосурет алынды. Алынған суретер ішінде бізге қажетті суреттің бар болу ықтималдығын анықтайық.
Шешуі: 100 суреттің ішінен 10 суретті түрлі тәсілмен алуға болады, яғни . Ал егер алынған 10100 суреттің ішінде бізге қажеттісі бар болса, онда бұлардың қалған 9-ы бізге қажетсіз. Онда осы қажетсіз 9 суретті 99 қажетсіз суреттер арасынан . Онда
Чебышев теңсіздігі және теоремасы
Теорема. Оң кездейсоқ x шамасын және x>0 болғандағыны қарастырамыз. Сонда мына теңсіздік орындалады:
. (22)
Дәлелдеу. Осы кездейсоқ шаманы оқиғалар индикаторы арқылы екі шаманың қосындысы түрінде өрнектейміз:
40 қасиет бойынша оның математикалық күтімін табамыз:
Кездейсоқ шамалар оң болғандықтан оның математикалық күтімі де оң болады. Егер де екінші қосындыны алып тастасақ, онда қосындының шамасы азаяды:
, (*)
болғандықтан, онда .
Бұл теңсіздік үшін математикалық күтімнің бірсарындылық қасиетін пайдаланамыз:
(**) теңсіздігін (*) теңсіздігіне қоямыз, 20, 60 қасиеттері бойынша мынаны аламыз:
Сонымен,
теңсіздігін аламыз немесе
(22) формула Чебышев теңсіздігінің бірінші түрі деп аталады.
Кездейсоқ шамасының дисперсиясы
, кездейсоқ шамасын қарастырамыз.
Анықтама. Кездейсоқ шама мен оның математикалық күтімінен ауытқуының квадратының математикалық күтімін кездейсоқ шаманың дисперсиясы деп атайды және былай белгілейді:
,
бар болуы керек. Егер бұл өрнек жоқ болса, онда дисперсияда жоқ.
(23) өрнектегі жақшаны
ашамыз және математикалық
.
Сонда (23) формула бойынша дисперсияны табамыз.
Егер x үзілссіз кездейсоқ шама және оның тығыздығы болса, онда дисперсия былай анықталады:
Математикалық күтім мен дисперсияның механикалық түсініктемесі. Жазықтықтағы массасы материалдық нүктелерін қарастырамыз. Сонда координаталар бойынша статикалық моменттері , инерция моменті және ауырлық центрінің координаталары мына формулалармен анықталады:
; ; (*)
; (**) ; . (***)
x кездейсоқ шамасының математикалық күтімін қарастырамыз:
. (25)
(25) формула (*) формуласына ұқсайды, сондықтан (25) формуланы х осі бойындағы бірлік массаның үлестірімі деп қарастыруға болады, мұнда әрбір хi нүктесіне рi сәйкес келеді. (***) формуласына қарап былай жазуға болады:
яғни кездейсоқ шаманың
математикалық күтімінің
яғни дисперсия инерция моментін еске түсіреді.
- кездейсоқ шаманың орта квадрат ауытқуы деп аталады.
Информация о работе Алгебра оқиғасы. Ықтималдылығы.Ықтималдықтың қасиеттері