Лекция по "Мазмұны"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:44, лекция

Описание

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттігі күн санап арта түсуде. Бұл жұмысты іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ой-өрісін дамыту мәселесі болып табылады.
Оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуда пән сабақтарының ішінде математика сабағы ерекше орын алады.
Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмұтов «Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен оны өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек»- дейді.

Содержание

1. Математика курсын оқытудың ерекшеліктері........................................5
1.1 Математика пәнін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін дамыту............5
1.2 Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың алатын орны................... 8
1.3 Математика пәнінде ойын сабақтарының тиімділігі ................................14
1.4 Математика курсын оқытуда ауызша есептің ролі...................................18
2. Математиканы оқытуда логикалық есептердің маңызы.....................24
2.1 Қазақ халқының ауызша есептері................................................................24
2.2 Математикадан ертегі есептер.....................................................................32
2.3 Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары ........................39
2.4 Математика курсындағы логикалық есептерді шешу түрлері..................46
2.5 Факультативтік сабақтардағы логикалық есептер.....................................55
Қорытынды.........................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................63

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны, кіріспе.doc

— 72.50 Кб (Скачать документ)

Мазмұны

 

 

Кіріспе...................................................................................................................3

 

1. Математика курсын оқытудың ерекшеліктері........................................5

1.1 Математика пәнін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін дамыту............5

1.2 Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың  алатын орны................... 8

1.3 Математика пәнінде ойын сабақтарының тиімділігі ................................14

1.4 Математика курсын оқытуда ауызша есептің ролі...................................18

 

2. Математиканы оқытуда  логикалық есептердің маңызы.....................24

2.1 Қазақ халқының ауызша есептері................................................................24

2.2 Математикадан ертегі есептер.....................................................................32

2.3 Ұлттық мазмұнды логикалық   есептерді шешу жолдары ........................39

2.4 Математика курсындағы логикалық есептерді шешу түрлері..................46

2.5 Факультативтік сабақтардағы логикалық есептер.....................................55

 

Қорытынды.........................................................................................................61

Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................63

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жоспар

 

Кіріспе

 

1. Математика курсын оқытудың ерекшеліктері

1.1 Математика пәнін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін дамыту

1.2 Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың  алатын орны

1.3 Математика пәнінде ойын сабақтарының тиімділігі

1.4 Математика курсын оқытуда ауызша есептің ролі

 

2. Математиканы  оқытуда логикалық есептердің  маңызы

2.1 Қазақ халқының ауызша есептері

2.2 Математикадан ертегі есептер

2.3 Ұлттық мазмұнды  логикалық  есептерді шешу жолдары

2.4 Математика курсындағы логикалық есептерді шешу түрлері

2.5 Факультативтік сабақтардағы логикалық есептер

 

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Бүгінгі таңда білім  беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттігі күн санап арта түсуде. Бұл жұмысты іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ой-өрісін дамыту мәселесі болып табылады.

Оқушылардың логикалық  ойлауларын дамытуда пән сабақтарының ішінде математика сабағы ерекше орын алады.

Педагогика ғылымының  көрнекті өкілі М.И.Махмұтов «Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен  оны өз жұмысының мақсат-міндеттерін  анықтауға үйрету керек»- дейді.

Логикалық ойлау адам өмірінің барлық саласы үшін керек. Ғылыми жұмыстарда да, күнделікті тұрмыста да дұрыс пайымдап, дұрыс тұжырым жасауда, қысқасы барлық іс-әрекетте қажет.  

 Қазіргі кезде логика мектепте жеке пән ретінде оқытылмайды. Оқушыларды логикалық білімдерге үйрету мектептегі барлық пәндерді оқыту барысында жүзеге асыру көзделген. Мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі математика сабағында оқушылардың логикалық білімдерді нәтижелі игеруінің мүмкіндігі мол.

Логика негізінен грек тілінен аударғанда λογική – «дұрыс ойлау туралы ғылым», λόγος – «пікір», «ой» сөздерінен шыққан. Логика, тіпті өзінің атынан айтып тұрғандай адамның пікір жеткізу қабілеті мен ойлау қабілетін дамытады. Негізінен логика біздің әр күнімізде, өмірімізде, кішкентай шағымыздан бастап көптеген жағдайларда қолданылып және дамып келеді. Логиканың көп түрлері болады және ол жаратылыстану ғылымдарының көбісінің негізінде жатыр. Мысалы: Бұл ұғым оймен алынғандықтан, логика дұрыс ойлаудың заңы мен формасы деп аталады. Логика әдеби тілде «пікір» деп алынады және ол көбінесе дәлелдеу және жоққа шығару сияқты кездеседі.

Логика Ежелгі Қытайда, Үндістанда және Еуропа мен Таяу – шығыс Азияда дамыған. Логика барлық кездерде қажет болған, өйткені ол адамның дұрыс ойлап, пікір айтуы, оны материалық заттардың көмегімен шешуі, әрине, осы логиканың арқасы.

XX ғасырдың 80-жылдары  оқуға компьютер мен жаңа технологиялардың енуіне байланысты, көбіне мектептерде математикалық логиканың кең таралуына әкелді. Математикалық логика көбінесе адамды формулалармен және формалармен жұмыс істеткізеді. Бірақ, егер, біз тек математикалық логиканы үйренетін болсақ, біздің білгеніміз тек есеп болады. Ал абстрактты ойлауды сөзсіз қолдану мүмкін емес.

Математика пәнінің  өзіндік ерекшелігі математикалық  ұғымдардың дерексіздігі (абстрактылығы) және ұйғарымдардың қатаң дәлелденетіндігі оқушылардың логикалық дайындығына табиғи мүмкіндік жасайды. Сол себепті мектепте оқушыларды логика элементтерімен таныстыру математикалық білімдерді меңгерумен тікелей байланысты жүзеге асырылады. Шындығында да, негіздеп және жүйелі ойлау, ой қорыту, жалпылау, талдау жасау, дедуктивті ойлау, дерексіздеу және нақтылау т.б., сонымен қатар өз ойын қысқа, дәл айтып беру - математика сабағындағы оқушылардың күнделікті орындайтын жұмысы.

Оқушылардың ойлау қабілетін  тереңдету, пәнге қызығушылығын  арттыру бағытында математиканы жаңа технологиялар негізінде оқытумен қатар, пәндер бағдарламасында жоқ мәліметтерді пайдаланудың, логикалық есептер құру және оларды шешудің жолдарын үйретудің де пайдасы бар.

Логикалық есептер сан  жағынан бай бола отырып, ойлау  және ақыл жүгіртуді көп талап  етеді. Түрлі типтегі есептер оқушыларды жалықтырмайды. Викториналық есептер сияқты, таласып шығаруға ұмтылады. Сонымен бірге, оқушылар өздері де есептер құрастыруға қызығады.

Қазіргі өмір талабына қажет  ұлттық бірінғай тест кезінде жиырма бес тест сұрақтың біреуі логикалық есептен құралған, бұл дегеніміз оқушылардың тек қана есеп шығаруы емес сонымен қатар ойлау қабілетімен қатар ұштастырылады.

Жұмыстың өзектілігі Математика курсын оқытуда ғылым мен техниканың дамуына байланысты, мектептегі оқу пәндерінің мазмұнына өзгерістер енуі, оқушылардың білім сапасын арттырудың маңызды жолдарының бірі- оқу процесінде логика ұғымының қалыптасуы мен логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдері маңызды роль атқарады.

Ғылыми жаңашылдығы Математика сабағында логикалық білім беруде орта мектепте және жаратылыстану бағыты бойынша жеке тұлғаның дағдысын қалыптастыру.

Жұмыстың практикалық  маңыздылығы Математика курсын оқытуда оқушылардың ойлау қабілетін дамытуда логикалық есептерді шешу арқылы практикада жүзеге асыру.

Қазіргі уақыттағы жағдайы Бұл материал жоғарғы оқу орнына түсуші талапкерлердің өздігінен дайындалуына, оқушылардың білігі мен дағдысын қалыптастыруына және жаратылыстану бағыты студенттерінің білім сапасын көтеріне мүмкіндік береді. Жоғарғы оқуға түсуде ұлттық біріңғай тестілеу сұрақтарынң ішінде кездеседі.

Диплом жұмыстың мақсаты Математиканы оқыту барысынша оқушыларды логика элементтерімен таныстыру, оқушылардың ойлау қабілетін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру бағытында логикалық есептер құру және оларды шешудің жолдарын үйрету.

Дипломдық жұмыстың міндеттері Математикалық логиканың негізгі ұғымдарын, формулаларын, қолданатын жерін;

ойын сабақтарының математикада алатын орнын;

логика ұғымын;

дидактикалық ойындар мен логикалық ойын есептердің түрлерін;

логикалық есептерді шешудің әдіс-тәсілдерін білуі керек.

 

 

 

 

 

 

 

1. Математика курсын оқытудың ерекшеліктері

 

1.1 Математика пәнін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін дамыту

 

Математика пәнін оқыту  үрдісінің негізі мақсаты- арнайы педагогикалық  әдістермен мақсатты жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен құзіреттілігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.

Бүгінгі күні мектептегі оқу пәндерінің ішіндегі ең күрделісі  әрі қиындығы мол деп саналатын пәндердің бірі – математика.

Математиканы оқу -мол еңбек  ету. Математиканы оқуға жалпы  еңбекке  деген оң көзқарас та саналы да нәтижелі жүзеге асырылатын оқу үрдісіне қалыптаса  бастайды.

Математиканы оқытуда  оқушының жігер-қайраты, ілтипаты дамиды, жүйелі түрде жұмыс істеу, өз ойын (ауызша, жазбаша) дәл, айқын көрсету  дағдалары қалыптасады.

Математиканы оқытудың негізгі ролі- оқушылардың жеке тұрғысын  тәрбиелеу, олардың қабілеттерін, адамгершілік мұраттары мен сенімдерін тәрбиелеу. Бұл өзекті мәселені жүзеге асыру оқыту әдістері мен оқу-тәрьие жұмысын барынша жетілдіруді талап етеді.

Оқыту үрдісінде тәрбиелеу  принципі математиканы оқыту өз бетінше  жеке дара жүргізілмей, шәкірттерге  жан-жақты тәрбие беру функциясын қатар атқаруға міндетті.

Математиканы оқытудағы тәрбиелік мақсат- математиканы үйрету барысында оқушыларды жан-жақты тәрбиелеуге мүмкіндік беретін барлық қолайлы мезеттерді пайдалану болып табылады. Олар:

  • оқушылардың ғылыми  дүниетанымын қалыптастыру;
  • оқушыларға озық моральдық қасиеттер қалыптастыру;
  • математика сабағында жастарды патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеуге;
  • эстетикалық тәрбие;
  • оқушылардың математикаға деген ынтасын арттыру.

 Білім мен тәрбие  мәселесі бүгінгі күнде Қазақстанның XXI ғасырға аяқ басу стратегиясының негізі компоненті болып отыр. Бұл стратегияда жеке адамның қалыптасуы, дамуы, кәсіби деңгейінің жақсаруы, сондай-ақ ұлттық және жалпы адамзаттық рухани және мәдени құндылықтар негізінде ғылым мен практика жетістіктеріне жету мақсаттары қойылған.

  Мектеп математикасы  өзінің мазмұны мен оқыту әдістері  жағынан оқушыларға тәрбие беру  мүмкіндіктері мол. 

Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастырудың білімділік мәні-оқушыларға математика ғылымының негіздерін үйретуді және алған білімдерін практикада қолдануға баулуды көздейді.

Дамытушылық мәні- оқушылардың  танымдық мүмкіндіктерін өркендету  оларды өздігінен білім алып, ғылыми-техникалық және саяси жаңалықтардан хабарда  болуға үйрету, бірте-бірте оларды күрделі логикалық амалдар жасауға баулу, сөйтіп диалектикалық ойлауы мен шығармашылық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

  Оқушылардың өз  бетімен жұмысын қалыптастыру  оқушының пәнге деген қызығушылығына  және қабілетінен туады. Өз  білімін көтеру жекелеген оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытып, шығармашылық белсенділігін арттырады. 

Оқушы қабілетіне дұрыс  көзқараспен қарау, оқушының өз бетінше  жұмыс жасауына жағдай жасау оқу-тәрбие ісінде оң жетістіктер береді.

           Мұғалім шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі- әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік игеру.  Оларды өзінің күнделікті қызметінде пайдалана білу. Осы орайдағы мұғалімнің шығармашылық еңбегі ең алдымен сабақпен байланысты. Демек, сапалы, тиімді нәтижелі жүргізілген сабақ- мұғалімнің тынымсыз еңбегінің айғағы.  

Оқушылардың бойында  шығармашылық қабілетті дамыту оқу  процесінде алған білімдерінің шеберліктері мен дағдыларының негізінде жүзеге асады.

Заман талабына сай білім  беру- бұл оқушыларды адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамудың жоғарғы деңгейі мен білімін қамтамассыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі десек, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілетімен бейіміне негізделген оқытудың таңдамалы, белсенді, қарқынды әдістеріне көшуді талап етеді.

Ондағы негізгі мақсат оқушының барлығын  және  әр біреуін  жақсы оқыту болып табылады.

Білім беру жүйесінің  негізгі бөлшегі- оқушы, оқушылар тобы, сынып, мектеп болса білім сапасы баспалдақтардың әрбір буынына байланысты біз білім беру сапасын жақсартудың жолдарын анықтауға тырысамыз. Оқушыларға математикалық  жүйелі білім беру, олардың өздерінің алған білімдерін  өмірде қолдана білуге және арнайы дамытуға тәрбиелейтін мұғалім. Мұғалімнің бүкіл өмір жолы жақсылық пен адамгершілікке, өнегелі рухани борышқа толы.

 Мұғалімдердің  мақсаты - оқытудың барлық компоненттерін пайдалана отырып, оқушыға жалпы орта білім деңгейінде терең білім беру.

Мектепте жалпы білім  берудің  негізгі мақсаты- оқушыларға теориялық білім беріп қана қоймай, жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс, адамгершілікті- жауапты дербес шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.  

Жеке тұлғаның, психологиялық қасиеттерінің қалыптасуы, яғни танымдық қызметтің өзінен оқушы жағымды эмоциялар алатындай етіп ұйымдастырылған жағдайда ғана «тұлғаның дамуы» іске асады.

Бұл үшін әр мұғалім сабақта әр оқушыға психологиялық қолдау көрсетіп отыруы керек: 

  1. Оқушыларға оқытудың міндеттері мен мақсатын белгілеп, нақтылауға көмектесу.
  2. Оқушыларғае оқуға деген ішкі қызметіне мән беру;
  3. Әр түрлі тәжірибенің қайнар көзі ретінде оқушы қиындыққа кездескенде әрқашан кеңес алуға болатын тұлға ретінде тұруы;
  4. Өзін-өзі жақсы білуі тиіс.

Информация о работе Лекция по "Мазмұны"