Лекция по "Мазмұны"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Февраля 2013 в 12:44, лекция

Описание

Бүгінгі таңда білім беру жүйесін жаңалауды іске асырудың қажеттігі күн санап арта түсуде. Бұл жұмысты іске асырудағы өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ой-өрісін дамыту мәселесі болып табылады.
Оқушылардың логикалық ойлауларын дамытуда пән сабақтарының ішінде математика сабағы ерекше орын алады.
Педагогика ғылымының көрнекті өкілі М.И.Махмұтов «Баланың ойлау қабілетін дамыту үшін алдымен оны өз жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек»- дейді.

Содержание

1. Математика курсын оқытудың ерекшеліктері........................................5
1.1 Математика пәнін оқытуда оқушылардың құзыреттілігін дамыту............5
1.2 Оқыту процесінде дидактикалық ойындардың алатын орны................... 8
1.3 Математика пәнінде ойын сабақтарының тиімділігі ................................14
1.4 Математика курсын оқытуда ауызша есептің ролі...................................18
2. Математиканы оқытуда логикалық есептердің маңызы.....................24
2.1 Қазақ халқының ауызша есептері................................................................24
2.2 Математикадан ертегі есептер.....................................................................32
2.3 Ұлттық мазмұнды логикалық есептерді шешу жолдары ........................39
2.4 Математика курсындағы логикалық есептерді шешу түрлері..................46
2.5 Факультативтік сабақтардағы логикалық есептер.....................................55
Қорытынды.........................................................................................................61
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................63

Работа состоит из  1 файл

Мазмұны, кіріспе.doc

— 72.50 Кб (Скачать документ)

 Математика сабағында оқушылар өз бетінше жұмыс жасай дағдыларын дамыту, баға жетпес құндылықтардың бірі.

Оқушылардың оқу процесіндегі иницитивасын, шығармашылық іскерліктерін арттыру мақсатында оқушының мұғаліммен өздік жұмысын ұйымдастыру қажеттігі туды.

ӨЖ-арнайы белгіленген  уақытта мұғалімнің ұйымдастыруымен  жүргізілетін, оқушылардың алған  білімін жинақтау және жүйелеуге, біліктіліктерін, дағдыларын және құзіреттілігін қалыптастыру мен дамытуға бағытталған оқушылардың іс-әрекеті.

Өздік жұмыстардың әр түрлі бағытта жүргізілуіне байланысты оның мақсаты мен мазмұны, өткізілу формалары да өзгеруде.

Өздік жұмыстың құрылымы:

-жаттығу тапсырмалары;

-өздік жұмыс тапсырмалары;

-бақылау сұрақтары;

-тестік тапсырмалар;

-мән жазба;

-ғылыми жұмыс және  т.б.

Математикадан жүргізілетін оқушылардың өздік жұмыстарының негізгі мақсаты:

-біріншіден, оқушылардың математикаға деген тұрақты қызығушылығын арттыру;

-екіншіден,  бағдарлама материалының жан-жақтылығын терең білу;

-үшіншіден,  оқушыларды өзіндік және ғылыми-зерттеу  жұмыстарының ең қарапайым дағдыларына  баулу.

 Оқушылардың математикадан  білімдерін толықтыруда негізгі  қолданылатын құрал-кітап, ғылыми-көпшілік  әдебиеттер, сондықтан оқушылардың оқулықтармен, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуін қалыптастыру қажет. Сонымен қатар математикадан сабақтан тыс жүргізілетн жұмыстардың да маңызы зор.

Математикадан сабақтан тыс жүргізілетін жұмыс деп- мұғалімдермен  оқушылардың сабақтан басқа уақытта жүргізілетін жұмыстарының жүйесін айтамыз. Математикалық қабілеттері жоғары математика пәніне асқан қызығушылықпен қарайтын оқушылармен жүргізілетін жұмыстар келесідей бағытты қамтиды:

  • оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру;
  • бағдарламада қамтылған сұрақтарды тереңірек және кеңірек оқыту;
  • оқушылардың математикалық қабілеттерін, іздену дағдыларын арттыру;
  • математикалық ойлауын тереңдету;
  • ғылыми-көпшілік әдебиеттерді өз беттерімен пайдалана білуге үйрету;
  • математиканы ғылым мен техникада, өмірде пайдалана білу т.б. мақсаттарға жетуін көздейді.

        Оқушылардың қабілеттілігін дамыту  мен оларды математикаға қызықтырудағы  қосымша мүмкіндіктер математикадан  жүргізілетін сабақтан тыс жүргізілетін  жұмыстар туады. Сабақтан тыс  жұмысты мұғалім барлық оқушылармен жүргізеді. Онда бір немесе бірнеше нақтылы форма қолданылуы мүмкін: математикалық үйірме, математикалық апталық, математикалық кештер, әр түрлі жарыстар, викториналар, конкурстар, математикалық олимпиадалар, математикалық модельдер т.б.

Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына, оқушының ақыл-ойын дамытуда ойынның алатын ролі ерекше.


Информация о работе Лекция по "Мазмұны"