Автоматизация работы автопарка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:16, курсовая работа

Описание

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................7
I. Мәліметтер қоры туралы түсінік........................................................7
1.1.Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік.....................................10
1.2.Мән, байланыстар және атрибуттар..................................................12
II. «Автопарк мәліметтер қорын құру» программалық өнімі..............12
2.1. Программалық өнімнің мәліметтер қорына сипаттама.......14
2.2. «Автопарк мәліметтер қорын құру» программалық өніміне
сипаттама……………………………….
Қорытынды...........................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................40

Работа состоит из  1 файл

теория автопарк полностью.docx

— 1.48 Мб (Скачать документ)

Мазмұны ..............................................................................................3

Кіріспе ..................................................................................................7

I. Мәліметтер қоры туралы түсінік........................................................7

1.1.Мәліметтер қоры туралы  негізгі түсінік.....................................10

1.2.Мән, байланыстар және атрибуттар..................................................12

II. «Автопарк мәліметтер қорын құру» программалық өнімі..............12

2.1. Программалық өнімнің  мәліметтер  қорына сипаттама.......14

2.2. «Автопарк  мәліметтер қорын құру» программалық өніміне

сипаттама……………………………….

Қорытынды...........................................................................................39

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................40

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мәліметтер қоры түсінік.

1.Мәліметтер қорының  негізгі түсініктері

Мәліметтер қоры дегеніміз  ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш  мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан  кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің  құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен  және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының  әдістерін де қамтиды. Сондықтан  біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.

Мәліметтер қорын  құру қағидалары

Көп мәліметтер жұмыс жасау  қажеттілігі пайда болғанда әрқашанда  мәліметтер қорын пайдаланды.

Мәліметтер қоры – бұл  ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай – ақ процедуралармен бірқатар басқа  объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің  сипаттамалары бар кәдімгі екі  өлшемді таблица түрінде көруге болады. Таблицаның идентификатор аты  болады.

Кесте бағандары объектілердің  қандайда бір сипаттамаларына –  алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен  сипатталады. Алаң аты – бұл мәліметтермен  пайдалану үшін, әртүрлі программаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез  келген идентификатор сияқты латын  әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б.

Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін.

Кестенің әрбір жолы объектілердің  біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп  аталады және осы объектіні сипаттайтын  барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.

Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама –  қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды  енгізумен жасалады. Негізгі болып  бір немесе бірнеше алаң болуы  мүмкін.

Кестемен жұмыс кезінде  пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі. Мәліметтер қорының кестелерінде жазбалар қандай да бір тәртіпсіз, оларды енгізу (жаңа қызметкерлердің пайда болуы) ретіне қарай орналасуы мүмкін. Бірақ  кесте мәліметтері пайдаланушыға  ұсынылған кезде реттелуі керек. Пайдаланушы оларды алфавиттік тәртіпке, немесе бөлімдер бойынша реттелген, немесе туған жылының өсуіне қарай  және т.б. қарауы мүмкін. Мәліметтерді реттеу үшін индекс түсінігі қолданылады. Индекс кестені қандай реттілікте қараған  жөн екенін көрсетеді. Ол пайдаланушы  мен кесте арасында делдал болып  табылады.

Мәліметтер қоры әдетте бір  емес, көптеген кестелерден тұрады. Мысалы, кейбір ұйым туралы мәліметтер қорында әрбір бөлімшенің сипаттамасы  бар кесте бар. Dep атты осындай  таблицаның мысалы келесі кестеде көрсетілген. Осы кестенің алаң аттары Dep және Proisv.

Dep бөлімшелері туралы  мәліметтер кестесінің мысалы:

Бөлім

Тип

Dep

Proisv

Бухгалтерия

Басқарма

Цех

Өндіруші

Цех

Өндіруші


 

    

Бөлек және кестелер әрине  пайдалы, бірақ одан да көп ақпаратты  кестелер жиынтығынан алуға болады. Мысалы, өндірістік цехтерде жұмыс  жасайтын, қызметкерлердің жалпы  саны пайдаланушыға білу қажет болады. Бірақ жоғарыда көрсетілген кестелердің  біреуіде бұл сұраққа жауап бермейді, себебі Pers кестесінде бөлімшелердің  түрлері жайлы мағлұматтар, Dep кестесінде қызметкерлер жайлы мағлұматтар  жоқ. Осындай сұраныстарға жауап  алу үшін байланысқан кестелердің  жиынтығын қарастыру қажет.

Байланысқан кестелерде әдетте бір кесте басты болады, ал басқасы  немесе бірнеше басқа кестелер –  көмекші кестелер болады. Басты және көмекші кестелер бір – бірімен  кілт арқылы байланысады. Кілт ретінде  екі кестеде де болатын алаң шыға алады. Мысалы, жоғарыда келтірілген  кестелерде басты болып Dep кестесі, көмекші болып Pers кестесі бола алады, ал олар болса екі кестеде де бар   Dep алаңы бойынша байланысады. Курсор басты кестенің индексі үстінен жүреді. Осылайша біздің мысалда егер басты кестенің Dep алаңындағы ағымдағы жазбада «бухгалтерия» деп жазылған болса, онда көмекші Pers кестесінде бухгалтерия қызметкерлерінің барлық жазбалары шығады.

 

 

Қарапайым мәліметтер қорының құрылымы

Базаға ешқандай мәліметтер енгізілмеген жағдайда да мәліметтерқоры болып қала береді. Өйткені ондай  мәліметтер болмаған күннің өзінде де, қандай да бір ақпарат бар –  бұл мәліметтер қорының құрылымы. Ол мәліметтерді енгізудің және сақтаудың  әдістерін анықтап береді. Мәліметтер қоры көптеген объектілерден тұрады, бірақ солардың ең негізгісі кесте  болып табылады. Ең қарапайым мәліметтер қоры бір ғана кестеден тұрады. Сәйкесінше, ең қарапайым мәліметтер қорының  құрылымы сол кестенің құрылымымен  анықталады.

Мәліметтер қорлары  мен қосымшалар

Мәліметтер қоры мен қосымшалардың  өзара орналасуларына байланысты келесі мәліметтер қорларын бөліп көрсетуге  болады: 

  • Локальды мәліметтер қорлары;
  •  
  • Жойылған мәліметтер қорлары. 

Локальды мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін локальды қосымшалар, ал жойылған мәліметтер қорларымен операциялар жасау үшін клиент –  серверлік қосымшалар дайындалады.

Мәліметтер қорының орналасуы  көптеген жағдайда осы қорда бар  мәліметтерді өңдейтін қосымшалардың  дайындалуына әсер етеді. Осылайша, келесі қосымшалар түрлерін бөліп көрсетуге  болады:

  • Локальды мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды бір деңгейлі (бір буынды) қосымшалар деп атайды. Себебі, қосымша мен мәліметтер қоры біртұтас файлдық жүйені құрайды;
  • Жойылған мәліметтер қорын пайдаланатын қосымшаларды екі деңгейлі (екі буынды) және көп деңгейлі (көп буынды) қосымшалар деп бөледі. Екі деңгейлі қосымшаларда клиенттік және серверлік бөлшектер бар;
  • Көп деңгейлі (әдетте үш деңгейлі) қосымшалар клиенттік және серверлік бөлшектер мен қоса қосымша бөлшектерге ие. Мысалға үш деңгейлі қосымшаларда клиенттік бөлшек, қосымшалар сервері мен мәліметтер қорының сервері бар.

Бір және екі деңгейлі Delphi қосымшалары келесі механизмдерді  қолдана отырып локальды және жойылған мәліметтер қорына қол жеткізе алады:

  • BDE (Borland Database Engine – Borland фирмасының мәліметтер қорының процессоры) мәліметтер қорымен әрекеттесу үшін AP1 дамыған интерфейсін ұсынады.
  • ADO (Active X Date Objects – Active X мәліметтерінің объектілері) OLE DB (Objects Linking and Embedding DateBase – мәліметтер қорының объектілерін байланыстыру мен ендіру) көмегімен ақпаратқа қол жеткізуді жүзеге асырады;
  • dbExpress драйверлер жинағы көмегімен мәліметтер қорындағы ақпараттарға тез қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
  • Interbase тікелей Interbase мәліметтер қорына қол жеткізуді іске асырады.

Мәліметтер қорындағы  ақпараттарға қол жеткізу технологиясының  вариантын таңдау өңделген қосымшаны  жан – жаққа тарату дайындығының ыңғайлығын ескере отырып, сондай –  ақ жады ресурстарының қосымша шығындарын ескере отырып анықталады. Мысалы BDE үшін инсталляция дискдегі сыртқы жадының  шамамен 15 Мб – тын және мәліметтер қорында пайдаланатын псевдонимдерді қалпына келтіруін талап етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Мән, байланыстар және атрибуттар

Өндірістік фирма жұмысын есепке алатын мысал қарастырайық, яғни

жоба, деталь, деталды жеткізушілер, деталды сақтаушы қойма, жобамен жұмыс

жасайтын қызметкерлер туралы ақпараты есепке алу мәліметтер қорын.

Жоба,  деталдар, жеткізушілер, қызметкерлер  ақпаратты сақтауға

арналған негізгі объектілер болып табылады.

Негізгі объектілерден басқа  олардың арасында қатынас болады. 2-суретте 

төртбұрыш арқылы объектілер, қатынастар түзу сызық және ромб арқылы

көрсетілген.

Мән – бөлек объект типі(мысалы, адам, деталь).

Атрибут – объекттің кейбір сипаттамаларын беретін қасиет(мысалы,

фамилия, салмақ).

Байланыс – бірнеше  мәнді біріктіреді.

МҚ құрылымын «Мән –  байланыс» диаграммасының көмегімен  анықтау

2-сурет. Мән – байланыс сызбасының(диаграммасының) мысалы

Мысалы, SP қатынасы жеткізушілер мен деталдар арасындағы қатынасты

анықтайды: әрбір деталды белгілі бір жеткізуші арқылы әкелінеді, немесе

керісінше әрбір жеткізуші белгілі бір деталды жеткізеді.Сол сияқты, деталдар 31

жобаларда (PJ қатынасы) қолданылады, қоймада(WP қатынасы) сақталады және

т.б. Бұл қатынастар екі жақты екенін есте сақтаған жөн, яғни екі бағытта да

қарастыруға болады. Мысалы, SP қатынасының көмегімен төмендегілерді

орындауға болады:

  • Берілген жеткізуші үшін өзі әкелетін деталдарды табу;
  • Берілген детал үшін оны әкелген жеткізушіні табу.

МҚ-ын қолданудың артықшылықтары

«Қағаз түрінде» сақталатын ақпаратқа қарағанда МҚ-ын қолданудың

негізгі артықшылықтары:

  • Жинақтылығы;
  • Жылдамдығы және өте аз күш жұмсау;
  • Ақпараттың дәлдігі;
  • Мәліметтер қорын орталықтан басқару(негізгісі).

        Мәліметтер қорын құратын және оларға сұранысты өндеу жүйесі  -

мәліметтер қорын басқару жүйесі(МҚБЖ) деп аталады.

Мәліметтер қорын  басқару жүйесі

Мәліметтер қорын басқару  жүйесі  – көптеген қолданушылар мен 

мәліметтер қорын қолдану  және берілгендерді енгізу үшін негізделген  тілдік

жабдықтар мен программалар кешені.

МҚБЖ мәліметтер қорын  қолдануды басқаратын бағдарламалық  жабдық

болып табылады. Бұл келесі түрде жүзеге асырылады:32

1. Қолданушы арнайы деректер  тілін қолдана отырып МҚ-ына  сұраныс 

жібереді(мысалы, SQL).

2. МҚБЖ сұранысты қабылдайды  және талдайды.

3. МҚБЖ осы қолданушы  үшін сыртқы сызбаны қарастырады.

4. МҚБЖ сақталынған деректер  қорында қажетті әрекетті орындайды. 

Комплекстік мәліметтер қорын  бірнеше әдістермен құруға болады:

1. Программалаудың алгоритмдік  тілдері – Бейсик, Паскаль.

2. Программалаудың ортасы  көмегімен – Visual Basic, Delphi.

3. Мәліметтер қорын басқару  жүйесі деп аталатын арнайы  программалық 

жабдық көмегімен – Access, FoxPro.

Дербес МҚБЖ бір компьютерде  орындалатын жеке мәліметтер қорын 

құруды қамтамасыз етеді.  Жеке МҚБЖ Paradox, Dbase, FoxPro, Access. Жалпы 

МҚБЖ «Клиент  - Сервер»  архитектурасымен жұмыс істейтін ақпараттық

жүйелерді жүйелерді құруды қамтамасыз етеді.  Мысалы Oracle, Microsoft SQL

SERVER, INTERBASE.

МҚБЖ – ның тілдік құрылғыларының құрамына мыналар жатады:

1. Мәліметтерді сипаттау  тілі  – мәліметтердің логикалық  құрылымын 

сипаттауға арналған.

2. Мәліметтерді игеру  тілі  – мәліметтерді енгізу, таңдау, модификациялау 

операцияларын орындайды.

3. SQL – құрылымды программалау  сұраулар тілі, мәліметтер құрылымын 

басқаруға, игеруге және қашықтықтағы мәліметтер қорына енуге  арналған

стандартты құрылғы.

4. Үлгі бойынша сұранымдар  тілі  QBE (Query By Example)  мәліметтер 

қорында визуальды сұрауларды құруға арналған.

Қазіргі МҚБЖ негізгі  қызметтері

Қазіргі МҚБЖ-нің атқаратын  негізгі қызметтері:

1. Мәліметтерді сақтау, алу  және жаңарту;

2. Ақырғы қолданушыларға  жүйелік каталогты жеткізу(аты,  өрістердің типі 

және өлшемі, имя, байланыс атаулары, шектеулер және т.б.);

3. Мәліметтердің бүтіндігін  және қарама-қайшы келмеуін басқару;

«Бүтіндік» терминімен, әдетте мәліметтер қоры әр бөлігінде сақталған 

мәліметтердің бір-біріне қарсы  келмеуі түсіндіріледі. Мысалы: мектепке

түсу мерзімі оны бітіру мерзімінен кеш болуы мүмкін емес.

4. Мәліметтердің тәуелсіздігін  қолдау;

5. Транзакцияны қолдау (қолданушының  мәліметтер қорын қолдануға және 

өзгертуге арналған әрекеттер  жиыны);

6. МҚ-ын қалпына келтіру;

7. МҚ-ын қолдануды басқару;

8. Мәлімет  алмасуды  қолдау(коммуникациялық  бағдарламалық 

жабдықтардың интеграциясы);

9. Қосымша қызметтер(экспорттау  – импорттау утилиттері…).33

Кез-келген қорда өзіндік  мәліметтермен қатар оның құрылуы  туралы

ақапарат (яғни оны көбіне құрылымы деп атайды) болады. Қарапайым 

Информация о работе Автоматизация работы автопарка