Автоматизация работы автопарка

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 18:16, курсовая работа

Описание

Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық – программалық кешендермен қарым – қатынасының әдістерін де қамтиды.

Содержание

Кіріспе ..................................................................................................7
I. Мәліметтер қоры туралы түсінік........................................................7
1.1.Мәліметтер қоры туралы негізгі түсінік.....................................10
1.2.Мән, байланыстар және атрибуттар..................................................12
II. «Автопарк мәліметтер қорын құру» программалық өнімі..............12
2.1. Программалық өнімнің мәліметтер қорына сипаттама.......14
2.2. «Автопарк мәліметтер қорын құру» программалық өніміне
сипаттама……………………………….
Қорытынды...........................................................................................39
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................40

Работа состоит из  1 файл

теория автопарк полностью.docx

— 1.48 Мб (Скачать документ)

жағдайда құрылым  ақпарат  типін және ол үшін жадының талап  етілетін

көлемін көрсетеді. Құрылым  жайлы мағлұматтар мәліметтер қорын  басқару 

жүйесіне ішкі тасымалдаушылардағы  мәліметтердің талап етілетін орнын  оңай

есептеуге мүмкіндік береді.

Мәліметтердің типтері  және моделдері

Қорда сақталған мәліметтер анықталған логикалық құрылымда  болады,

басқаша айтқанда мәліметтер қорын басқару жүйелерін (МҚБЖ) қолдайтын 

кейбір мәліметтердің  берілуінің моделі (мәліметтердің моделі) сипатталады.

Классикалық түрге келесі мәліметтер моделі жатады:

• иерархиялық,

• желілік,

• реляциялық.

Мұнымен қатар, соңғы жылдары  келесі мәліметтер модельдері пайда 

болды және практикаға белсенді түрде ене бастады:

• постреляциялық,

• көпөлшемді,

• объектіге-бағытталған.34

Басқа мәліметтер моделіне негізделген, белгілі моделдерді кеңейтетін 

барлық мүмкін болатын  жүйелер жасалынуда. Бұлардың қатарына объектілі-

реляциялық, дедуктивт–объектілі-бағытталған, семантикалық, концептуальдық

және бағытталған моделдерді жатқызуға болады. Бұл модельдердің кейбірі 

мәліметтер қорын, білім  қорын және программалау тілдерін интеграциялау 

үшін қызмет етеді.

Кейбір МҚБЖ бір уақытта  бірнеше моделдерді қолдай алады. Мысалы,

ИНТЕРБАЗА жүйесінде қосымшалар үшін мәліметтерді манипуляциялауға

желілік тіл қолданылады, ал пайдаланушы интерфейсінде SQL және QBE

тілдері қолданылады.

Иерархиялық модельде мәліметтер арасындағы байланысты реттелген 

граф (немесе тармақ) көмегімен  сипаттауға болады. Иерархиялық моделде 

мәліметтердің арасындағы байланыс төмендегі суретте көрсетілген.

3-сурет. Иерархиялық моделдегі  байланыс

Қандай да бір программалау тілінде иерархиялық МҚ-ның құрылымын 

сипаттауға мәліметттердің «тармақ» типі қолданылады.

Мәліметтердің «тармақ» типі ПЛ/1 және Си программалау тілдеріндегі

«құрылым»-ға, және Паскаль  тіліндегі «жазу»-ға ұқсас. «Тармақ» типі құрама

болып табылады.

«Тармақ» типі өзіне ішкі типтерді (ішкі тармақты) қамтиды, оладың

өздері де өз кезегінде  «тармақ» типті болып табылады. Әрбір  «тармақ» типтері 

«түбірлік» типтен және реттелген  бағыныңқы (бос болуы да мүмкін) типтерден 

тұрады. «Тармақ» типіне кіретін  элементарлық типтердің әрқайсысы 

қарапайым немесе құрама «жазу» типі болып табылады. Қарапайым жазу типі

бір ғана типтен, ал құрама «жазу» типі қандай да бір типтердің жиынтығынан 

тұруы мүмкін. «Тармақ» типінің  мысалы 4-суретте көрсетілген.

4-сурет. «Тармақ» типінің  мысалы

Түбірлік тип дегеіміз ішкі типтері бар және өзі ішкі тип болып 

табылмайтын тип.  Бағыныңқы  тип (ішкі тип) аталық рольді атқаратын  типке 

қатысты ұрпақ болып табылады. Бір типтің ұрпақтары бір-біріне қатысты 

егіздер болып есептеледі. Жалпы алғанда, «тармақ» типі иерархиялық 

ұйымдастырылған «жазу» типін  береді.

Иерархиялық мәліметтер қоры «жазу» типті экземплярдан тұратын 

«тармақ» типті мәліметтердің  экземплярының реттелген жиыны  болып

табылады. Типтердің арасындағы туыстық қатынас жазулардың арасындағы

қатынасқа ауысады. Жазулар  өрісі мәліметтер қорының негізгі  мазмұнын

құрайтын сандық немесе символдық  мәндерді сақтайды. Иерархиялық 

мәліметтер қорындағы  барлық элементтерді тексеру әдетте жоғарыдан төмен 

немесе солдан оңға қарай  жүргізіледі.

Иерархиялық мәліметтер қорында  келтірілген терминологиядан басқа  да

терминология қолданылуы мүмкін. Мысалы, IMS жүйесінде «жазу» ұғымын

«сегмент», «МҚ-ның жазуы» ұғымын «тармақ» типінің бір экземплярына

қатысты барлық жазулар жиынтығын  түсінеміз.

Компьютер жадында иерархиялық  мәліметтердің физикалық орналасуын

ұйымдастыру үшін төмендегідей әдістер тобы қолданылады:

• жадының тізбектеле үлестірілуі  бойынша сызықтық тізіммен берілуі 

(адрестік арифметика, сол  тізімдік құрылым),

• байланысқан сызықтық тізіммен берілуі (көрсеткіштер мен 

анықтамалықтарды пайдаланатын әдіс).

Иерархиялық ұйымдастырылған  мәліметтерді манипуляциялаудың негізгі 

операциялары:

• МҚ-ның көрсетілген  экземплярын іздеу;

• бір тармақтан басқа  тармаққа көшу;

• тармақ ішінде бір жазудан  басқа жазуға ауысу;

• көрсетілген орынға жаңа жазуды қою;

• ағымдағы жазуды өшіру  және т.б.

Алдыңғы суретте келтірілген  қордағы мәліметтерге мысал ретінде  келесі

суретте көрсетіледі.

5-сурет. Иерархиялық қордағы  мәліметтер

 «Тармақ» типін анықтау сәйкестілігінен ұрпақ пен аталық арасында

автоматты  түрде  тұтастылық  байланысын  бақылау  орындалатынын 

тұжырымдауға  болады.  Тұтастылықты  бақылаудың  негізгі  ережесі 

төмендегідей тұжырымдалады: ұрпақ аталықсыз болуы мүмкін емес, ал кейбір

аталықтың ұрпағы болмауы  мүмкін. Тұтастылық байланысын сүйемелдеу

механизмі әртүрлі тармақтағы жазулардың арасында болмайды.

Мәліметтердің иерархиялық  моделінің жетістігіне компьютер  жадының 

тиімді пайдаланылуы мен  мәліметтермен жасалатын негізгі  операциялардың

орындалу уақытының көрсеткіштері  жатады.

Мәліметтердің  иерархиялық  моделі  иерархиялық  реттелген 

ақпараттармен жұмыс істеуге  ыңғайлы болады.

Күрделі логикалық байланыстармен ақпаратты өңдеудің қиындығы

иерархиялық модельдің кемшілігі  болып табылады.

Мәліметтердің иерархиялық  моделіне МҚБЖ-ң салыстырмалы түрде 

шектеулі ғана саны негізделген, олардың ішінен шетелдік IMS, PC/Focus, TeamUp және Data Edge және Ресейлік Ока, МИРИС  және ИНЭС жатқызуға болады.

Мәліметтер қорының  реляциялық моделі

Мәліметтер моделі дегеніміз  – бұл мәліметтердің құрылымын,

мәліметтердің рұқсат етілген  жүзеге асыруларын мәліметтерге қолданылатын

рұқсат етілген амалдарын  анықтайтын ережелер.

Инфологиялық модель пәндік саланы мазмұндық деңгейде сипаттайды.

Оны жасау кезіндегі бірінші  кезеңде пәндік пәндік салаға, шығарылатын 

есептерге, пәндік салада жүретін  оқиғалар мен процестерді бейнелейтін 

құжаттар мен пайдаланушылар сұраныстарына талдау жүргізіледі. Бұл 

талдаудың нәтижесі пәндік сала объектілерінің тізбегі, олардың  қасиеттері мен 

атрибуттарының тізімі, объектілер арасындағы байланыстарды анықтау  және

пәндік саланың құрылымын  диаграмма түрінде сипаттау болып  табылады. 47

Атрибуттардың әрқайсысы  үшін пәндік саланың қасиеттерімен  анықталатын 

олардың мүмкін мәндеріне  қойылатын шектеулер көрсетіледі. Мұндай

шектеулер мәліметтердің  тұтастығына қойылатын шектеулер  деп аталады.

Инфологиялыұ модель жеке пайдаланушылардың талаптарын біртұтас

«жалпыланған кейіптеуге»  біріктіреді. Сондықтан ЭЕМ жадында  мәліметтерді

кейіптеу ерекшеліктерін ескермей жасалынады.

Концептуальды модель пәндік саланың объектілері мен байланыстарын 

формальды деңгейде сипаттайды. Оны жасау екінші кезеңде жүргізіледі  және

бірінші кезеңде алынған  инфологиялық модельге сүйенеді. Жсау процесі 

кезінде мәліметтер моделінің  түрі таңдалады және оның элементтері 

анықталады. Әрбір МҚБЖ модельдердің тек біреуін ғана қолдап жүргізеді.

Мәліметтер моделін таңдау мен МҚБЖ таңдау өзара тығыз байланысты.

Мәліметтердің  ішкі немесе  физикалық моделі тікелей машиналық 

мәліметтерді орналастыру  әдісін анықтайды, мәліметтерді бөліп  таратуды, кіру

мүмкіндігі әдістері мен  индекстеу тәсілдерін ескереді. Қазіргі  заманғы 

қолданбалы  бағдарламалық  құралдарда  бұл  ұйымдастыру  деңгейі 

пайдаланушының араласуынсыз автоматты түрде қамтамасыз етіледі.

Пайдаланушы ереже бойынша  қолданбалы бағдарламалар мен әмбебап 

бағдарламалық құралдарда МҚБЖ мәліметтерді ұйымдастыруға бағытталған 

кейіптеулерін қолданады.Сонымен  қатар, жобалаудың негізгі міндеті  пәндік

саланың инфологиялық моделін  және мәліметтер қорының концептуалдық 

моделін құрудан тұрады.

Реляциялық мәліметтер қоры МҚ-да сақталатын барлық ақпараттардан 

тұратын қатынастар жиынтығы болады.

2. «Автопарк  мәліметтер қорын құру» программалық  өнімі

2.1. Программалық  өнімнің  мәліметтер қорына  сипаттама

 

«Автопарк мәліметтер қорын құру» программалық өнімінде файл-серверлі мәліметтер қоры пайдаланылады. Программалық өнімнің  мәліметтер қоры келесі кестелерден  тұрады: marshrut, voditel. Marshrut кестесінде маршруттар туралы толық мәліметтер сақталады. Бұл кестенің құрылымы 1-Кестеде көрсетілген.

 

1-Кесте. Marshrut кестесінің құрылымы.

Атауы

Типі

Сипаттамасы

1

M_reti

N

Маршруттың  реттік номері

2

Marshrut

A(4)

Маршрут номері

3

Shigu_uakiti

T

Автопарктан шығу уақыты

4

Toktau_uakiti

T

ТОқтау  уақыты

5

1_ain_uakiti

T

1 айналым  жасауға кететін уақыт

6

M_ar_interval

N

Маршруттар  арасындағы интервал

7

1_bag_ost

M

1-ші  бағыттағы аялдамалар тізімі

8

2_bag_ost

M

2-ші  бағыттағы аялдамалар тізімі


 

Келесі  кесте voditel кестесінде marshrut кестесінде тіркелген маршруттар жүргізушілері туралы ақпараттардан тұрады. Оның құрылымы келесідей:

 

2-Кесте. Voditel кестесінің құрылымы.

Атауы

Типі

Сипаттамасы

1

Marshrut

A(4)

Маршруттың  номері

2

Vod_nom

N

Жүргізушінің  реттік номері

3

FIO

A(25)

Жүргізушінің  аты-жөні

4

Avto_tip

A(15)

Автотранспорт типі

5

Avto_nom

A(8)

Автотранспорт номері


 

 

2.2. «Автопарк  мәліметтер қорын құру» программалық  өніміне сипаттама

 

Программа жүктелгенде алдымен 1-суретте көрсетілген  басты терезе ашылады. Бұл терезеде Маршруттар туралы мәліметті қарау, Жаңа мәлімет енгізу немесе өзгерту, Сұрыптау, Аялдамаларға қатысты маршрутты іздеу, Жүргізуші туралы мәліметті жою, Автор туралы және Шығу батырмалары бар.

 

1-сурет. Басты терезе.

Бірінші батырма Маршруттар туралы мәліметті қарау батырмасы маршруттар туралы мәліметті қарау мүмкіндігін жүзеге асыратын терезені ашады. Бұл терезе 2-суретте көрсетілген.

 

2-сурет. Маршруттар туралы мәліметті қарау терезесі.

Мұнда marshrut және voditel кестелеріндегі сақталған мәліметтерді көруге болады. Шығу батырмасы арқылы басты терезеге оралуға болады.

Басты терезедегі екінші батырма Жаңа мәлімет енгізу немесе өзгерту батырмасы маршрут немесе жүргізуші туралы жаңа мәлімет енгізу немесе өзгерту мүмкіндігін жүзеге асыратын 3-суретте көрсетілген терезені ашады.

 

3-сурет. Жаңа мәлімет енгізу.

 

3-суретте  жалпы маршрут туралы жаңа  мәлімет енгізу мүмкіндігі көрсетілген.  Ал 4-суретте жүргізуші және автотранспорт  туралы жаңа мәлімет енгізу немесе өзгерту мүмкіндігін көрсетілген. Енгізу әрекеті мына төмендегідей код арқылы орындалады:

 

procedure TForm3.speedButton2Click(Sender: TObject);

begin

      query2.open;

      query2.SQL.Clear;

      query2.SQL.Add('insert into voditel.db ');

      query2.SQL.Add('(Marshrut,Vod_nom,FIO,Avto_tip,Avto_nom) values');

      query2.SQL.Add('('''+edit1.Text+''','''+edit2.Text+''','''+edit3.Text+''','''+edit4.Text+''','''+edit5.Text+''')');

      query2.ExecSql; query1.close;

      query1.open; query1.Active:=false; query1.Active:=true;

      edit2.Clear; edit3.Clear; edit4.Clear; edit5.Clear;

end;

Шығу батырмасы арқылы басты терезеге оралуға болады.

4-сурет. Жүргізуші және автотранспорт туралы жаңа мәлімет енгізу немесе өзгерту.

 

4-суретте  көрсетілген өзгерту батырмасының  коды төмендегідей:

 

procedure TForm3.SpeedButton3Click(Sender: TObject);

var s,p:string; r:byte;

begin

     query2.Close; r:=0; s:='';

     query2.SQL.Clear;

     if edit8.text<>'' then begin s:='FIO='+''''+edit8.Text+''''; inc(r); end;

     if (edit9.text<>'') and (r>0) then begin s:=s+',Avto_tip='+''''+edit9.Text+''''; inc(r); end

Информация о работе Автоматизация работы автопарка