Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2011 в 06:17, курсовая работа
Қазақстан Республикасындағы білімді ақпараттандыру жүйесі ары қарай дамыту процесін оқып үйренудің ақпараттық ресурсы болып табылатын оқытуға арналған программалық құралдарды дайындамай жүзеге асыруы мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерінің ауқымы кең, мысалы, бақылайтын және тест жүргізетін программалар, компьютерлік ойындар, ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электрондық оқулықтар және мультимедиалық программалар.
Кіріспе
Қазақстан
Республикасындағы білімді
Қазіргі кезде электрондық басылымдарды әзірлеу және пайдалану мәселелерін зерттеу өзекті іске айналды. Электронды оқулықтарды құрастыру технологиясы оқыту процесінің заңдылықтарына негізделіп жасалып, бір – бірімен тығыз байланыстағы төрт бөліктен тұрады, олар: мотивациялы – мақсаттық, мазмұндық операциялық және нәтижелік бақылау болып табылады.
(Электронды оқулықтың мазмұндық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтін – терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан, кестелерден, графиктерден және диаграммалардан тұратын мәліметтер базасы ретінде берілетін ақпараттық оқыту ортасы. Гипермәтін бейне материалдармен толықтырылған.)
Электронды оқулықтың операциялық компоненті интерактивті формада берілген тапсырмаларды орындау арқылы іске асырылады.
Электронды оқулықтың нәтижелік бақылау компоненті тест алу жолымен жүргізіледі.
Электронды
оқулықтармен жұмыс істеу әрбір
оқушының өз мүмкіндігін есепке ала
отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуі
болып саналады.
І. Жалпы бөлім
Паскаль тілін Стэнфордско универститетінің информатика кафедрасың қызметкері, атақты щвец ғалымы Никлаус Вирт 1968 – 1971 жылдары жасаған болатын. Аталмыш бағдарламаға француз математигі Паскальдың есімі берілген. Қазіргі таңда бұл бағдарлама өте кең көлемде қолдау тапқан. Бұл бағдарлама өзінің көптеген қасиеттерімен ерекшеленеді, атап айтқанда: қарапайымдылығымен, алгоритмдерінің құрылымдылығымен, ыңғайлылы-ғымен, бағдарламаны тексеру мен жөндеудің жылдамдылығымен ерекшеленеді.
Паскаль тілінің қасиеттеріне:
Паскаль тілінің шығу тарихы. Жоғарыда көрсетілгендей Турбо Паскаль тілі 1968 жылы щвецариялық ғалым Никлаус Вирттың көмегімен жарыққа шыққан.
Паскаль тілі айналымға шыққан кезде, оны қоғам бірден қабылдай қойған жоқ. 80 – шы жылдардың ортасында америкалық Borland International фирмасы Inc Pascal тілін іске асырды, соның арқасында фирма мәтін редакторын өте жылдам құрастырушы бірліктер мен қуатты кеңейту стандартын паскальға қосты. Бұл тілдің бірінші жетістігіне жетуге жол ашты. 1985 жылы ПЭВМ айналымында Паскаль тілінің жаңа нұсқасы Турбо Паскаль 3.0 стандартты құрастырушысымен жарыққа шықты. Сол кезеңнен бастап Паскаль тілі кәсіптік білім беру, орта білім беру салалары мен қатар жоғарғы оқу орындарында да бірінші бағдарламалау тілі болып келеді. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының арқасында кез- келген салада кең тарады. Турбо Паскаль тілінің әйгілілігінің арқасында өмірге кішігірім төтенше жағдайларды тез шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалар келді(Toos). Бұл бағдарламалар Турбо Паскаль тарапынан, сонымен кәсіптік бағдарламашылар тарапынан да өте жоғары болып бағаланған. Мәтін қоса салынған редактор жүйесін әлем жеткілікті кең көлемде қолданып отыр, және де WordStar қапшығы баршамызға белгілі болғандықтан, бұл қапшық ПЭВМ аумағында ерекше қарқынмен қолданылып келеді.
Сыншылырдың ойынан шықпаған Турбо Паскальдің бұл қапшығына көптеген шек қойылғандықтан, уақыт өте келе Турбо Паскаль 4.0 қапшығы жойылған болатын, алайда ол қапшықтың жүйе өнімділігі жоғары болатын. Сонымен қатар 4.0 қапшығы өзінің өте маңызды айырмашылытарымен ерекшеленетін. Ең маңызды жаңалықпен INIТ-концепциясы ерекшеленді, ол ірі бағдарламалық өнімдердің өңделуін Турбо Паскаль рамкаларында мүмкіндік туғызды. Турбо Паскаль 5.0 нұсқасы кәсіптік пайдаланушылар тарапынан үлкен ұсыныстарға ие болып, бағдарламалау ортасында интеграцияланған жөндеушіге еңбек өнімділігін жоғарылатуға рұқсат етті. Кіші жадыларды үлкейтуге мүмкіндік берген оverlay аппараты Турбо Паскальдың техникалық мінездерінің жақсаруына мүмкіндік берді. Механизм мәні бағдарламаға алма – кезек белгілі бір қажет мөлшерде дискіден немесе қатты дискі аумағынан сол жад облысында бағдарлама бөлімімен ауыстырылып орындалып отырды. Сонымен қатар, Турбо Паскальда бағдарламалардың жөндеу мүмкіншіліктері 5.0 нұсқасында үлкейтілген болатын және Lotus – Intel – Microsoft стандартында үлкейтілген жад сүйеулерінің мүмкіншіліктері қамсыздандырылған (SLIMS/EMS 4.0).Қысқартылған түрде EMS деп белгілегенмен, жалпы толық атауы Expanded Memory Specification, яғни үлкейтілген жадтың толық ашылуы деген маңызға ие. Бұл жадты Extended Memory қосымша жадымен шатастыруға болмайды.
Турбо Паскаль пакеттерін одан әрмен жақсарту барысында техникалық мінездемелердің одан арғы өзгертулері 5.5 нұсқасында жүзеге асқан болатын. Сонымен қатар, ішкі жақсартулармен Help жаңа мүмкіншіліктері қоса салынған мәлімет жүйелері, оқу үлгілерінің үлкен жүйесі, ең маңызды жаңалығы объектті – хабарланған бағдарламалау концепцияларын осы тілде жүргізуге мүмкіндік берді.
Біраз уақыт өткеннен кейін айналымға Турбо Паскальдың техникалық мінездемелерді өзгерту мақсатымен жаңа нұсқасы 5.5 өмірге келді. Бұл версия қолданбалы мақсаттардың шешімі үшін қлданылды. Сонымен қатар, меню жүйесінің стандартымен сәйкестендірілген, жаңа мүмкіншіліктерді қолданудың практикалық үлгісі, мәтіндік редактор іске асырылып, Integrated Development Environment – интеграцияланған аспаптық қабықты қоса салған. Көп терезелі мәтіндік редактормен жұмыс істеу Турбо Паскальың 6.0 версиясында бағдарламалаудың жаңа мүмкіншіліктері пайдаланушы жұмысын жеңілдетіп отыр. Артықшылықтардың барлығын бойына жинаған Турбо Паскальдың соңғы нұсқасы 7.0 1992 жылы Borland Internation фирмасы пайдаланушыларға ұсынды.
Турбо
Паскальдың 7.0 нұсқасында көптеген
өзгертулер мен жақсы жаңалықтар
көп болды: біріншіден – негізгі
мәтін элементтерін әр түрлі
айқын түспен белгілеу мүмкіншілігі,
екіншіден - тәжірбиесіз пайдаланушыларға
мәтін енгізу кезінде қателерді
жоюға мүмкіншілік берді; үшіншіден
– құрастырушы жақсарған болатын;
төртіншіден – пайдаланушы интерфейсі
жақсарды.
Кез келген тіл (соның ішінде алгоритмдік тіл де) алфавиттен басталады. Алфавитті қолдана отырып, біз сөздер құрамыз: сол тілдің синтаксистік ережелерін сақтай отырып, сөздерді фразаларға біріктіреміз. Алгоритмдік тілдің алфавиті негізгі символдардың тіркелген құрамынан тұрады, сонымен қатар белгілі бір литерлер комбинациясы да қолданылады.
Паскаль
тілінің алфавитінде
Әріптер ретінде латының А-дан Z-ке дейінгі бас әрптері қолданылады. Тілдің кейбір нұсқаларында әріптер құрамын орыс не қазақ алфавитінің әріптері есебінен кеңейтуге болады, бірақ орыс не қазақ сөздері тек қана комментарий ретінде қолданылады. Цифрлар ретінде кәдімгі ондық цифрлар қолданылады: 0,1,2,3,4,5,6,7,8,9.
Арнаулы символдардың тобы едәуір көп және одан үш негізгі топшаны бліп алуға болады: арифметикалық операциялар белгілері, салыстыру операциясы белгілері (және т.с.с.)
Алған білімді тәжірибеде қолданып көрелік және екі санның қосындысын есептейік. Есеп шешудегі біздің әркетімізді компьютердің көмегінсіз-ақ кәдімгі әдіспен модельдеп көрелік.
Ең алдымен бізге бірінші және екінші қосылғыштың мәні неге тең екенін біліп алу қажет. Бұл мәліметтерді біз не мысал текстінен аламыз (ақпарат көз арқылы қабылданады) немесе керекті сандарды біреу айтып тұрады (ақпарат есту мүшесі арқылы қабылданады).
Қосылғыштардың
мәнін біз қайда сақтаймыз? Қағазда
не өзіміздің жадымызда. Сонан соң
<<қосу>> нұсқауын алғаннан кейін
біз керекті әрекетті орындап, жауабын
аламыз. Ал, жауап қайда сақталады? Біздің
жадымызда не қағаз бетінде.
Машина (компьютер) тура осы амалдарды орындайды:
II. Негізгі бөлім
Программаның белгілі бір бөлігінің орындалуын бірнеше рет қайталау үшін қолданылатын командаларды қайталану командалары деп атайды. Көптеген есептеулерде айнымалылардың әртүрлі мәндері үшін кейбір операторлар бірнеше рет қайталанып орындауды қажет етеді. Бұл операторларды, қайталап орындалуы үшін, программаға қайта –қайта жаза берсек, онда программа құру үшін көп уақыт кетеді, әрі программалық текст өте ұзақ және оқуға ыңғайсыз болып жазылады. Сондықтан программалық текстер қысқа әрі оқуға жеңіл болу үшін қайталану процесін циклдық операторлар қолданып ұйымдастырады. Циклдік процесс ұйымдастыру үшін келесі операторлар қолданылады:
1.FOR – параметрлі циклдік оператор;
2.WHILE – алдын – ала циклдің орындал шартын тексеретін оператор;
3.REPEAT – соңында циклдің тоқтау шартын тексеретін оператор.
Егер шартын алдын ала
Циклдік операторлар структуралық операторлар тобына жатады, өйткені құрамына бірнеше операторлар кіреді. Программада алдымен циклдің тақырыбы жазылады, онан кейін қайталанатын операторлар бөлімі – цикл денесі жазылады. Цикл денесі бір немесе бірнеше операторлардан тұруы мүмкін. Барлық циклдық операторлардың келесі ерекшелігі бар: