Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Ноября 2012 в 10:56, лекция
Мақсаты: Операциялық жүйе, Windows операциялық жүйесі және оның негізгі объектілері (бума, файл) ұғымдарымен танысу, бумамен, файлдармен , «Сілтеуіш» программасымен жұмыс жасап үйрену.
Негізгі ұғымдар:
Операциялық жүйе қолданушымен сұхбат ұйымдастыруды, компьютердің аппараттық және программалық ресурстарын басқаруды және олардың өзара үйлесімді жұмыс жасауын қамтамасыз ететін програмалар жиынтығы.
Windows – IBM PC платформалы ко
Өздік жұмыс тапсырмалары:
(Тапсырманы орындауға қажетті мәліметтер нұсқалар бойынша төменде берілген
16 -кестеден алынады)
16-кесте
№ |
1 - Нұсқа |
2 - Нұсқа |
3 - Нұсқа |
4 - Нұсқа |
5 - Нұсқа |
1 |
Сату орталық-тарындағы |
Әрбір айдағы сатылған компьютерлер санын |
Сату орталық-тарындағы |
Әрбір айдағы компьютер лердің бағаларын |
Компьютер лердің түріне сәйкес бағаларын |
2 |
Орташа жалақыға |
Жалақының ең үлкен мөлшеріне |
Жалақының ең аз мөлшеріне |
Орташа жалақыға |
Жалақының ең үлкен мөлшеріне |
Бақылау сұрақтары:
зертханалық жұмыс № 17
Мақсаты: Microsoft Access деректер базасын басқару жүйесімен, оның негізгі компоненттерінің қызметімен, деректер, жазба, өріс, кілттік өріс объектілерді жасау әдістерімен, өрістердің типтерімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар:
Кез келген деректер базасын басқару жүйесінің (ДББЖ) жұмысы – деректер базасын жасау, енгізу және өңдеу.
Microsoft Access ақпаратты сақтау
және көрсету үшін
Деректер дегеніміз – мерзімді түрде жұмыс істеуге мүмкіндік болу үшін сақталуы қажетті кез келген ақпарат. Көптеген деректер базасының құрылымы кестелік болады. Кестелік құрылымда деректер адресі жолдар мен бағандардың қиылысуы арқылы анықталады. Деректер базасындағы бағандар өрістер деп, ал жолдар жазбалар деп аталады. Өрістер деректер базасының құрылымын жасайды, ал жазбалар онда сақталатын ақпараттан тұрады.
Өріс – бұл деректер базасы құрылымының негізгі элементтері. Олардың өзіндік қасиеттері бар. Өріске қандай типті деректерді енгізуге болатыны, қандай деректерді енгізуге болмайтыны, сонымен қатар өрістегі деректермен не істеуге болатыны өрістің қасиетіне байланысты.
Мысалы, «Құны (Стоимость)» өрісіндегі деректерге жалпы нәтижені алу үшін қосу операциясын қолдануға болады. Ал «Телефон номері» өрісіндегі деректерді телефон номерлері санмен жазылса да қосуға болмайды. Бұл өрістердің қасиеттері әртүрлі және әртүрлі типке жатады.
Өрістердің әртүрлі типтері әртүрлі қасиеттерге ие.
1. Мәтіндік өрістің негізгі
2. Сандық өріс сандық деректерді енгізу үшін қажет. Мұның да өлшемі бар, бірақ сандық өрістер әртүрлі болады, мысалы, бүтін сандарды енгізу үшін және нақты сандарды енгізу үшін. Соңғы жағдайда өрістің өлшемімен қатар санның ондық бөлігінің өлшемі беріледі.
3. Күн мен уақытты енгізу өрісі Күн/уақыт (Дата/время) типті болады. «Иә немесе Жоқ», «1 немесе 0», «Ақиқат немесе Жалған» және тағы осы сияқты тек екі мәні бар логикалық деректерді енгізу үшін арнайы логикалық өріс қолданылады. Мұндай өрістің ұзындығы әрқашанда 1-ге тең.
4. Өрістің ерекше өрісі – Ақшалы (Денежный) өріс. Мұнда қандай деректер сақталатыны атауынан-ақ белгілі. Ақшаның сомаларының көрсеткіштерін сандық өрісте де сақтауға болады, бірақ ақшалық типтегі түрде олармен жұмыс жасау жеңіл. Бұл жағдайда компьютер санды ақша бірліктерімен бірге көрсетеді, рубль мен тиынды, фунт пен пенсты, доллар мен центті ажыратады.
5. Қазіргі кездегі деректер
6. Мәтіндік өрістегі бір
7. Санауыш (Счетчик) өрісі. Бір қарағанда бұл қарапайым сандық өріс сияқты, бірақ оның автоматты түрде мәні артатын қасиеті бар. Егер деректер қорында мұндай өріс болса, онда жаңа жазбаны енгізу кезінде, оған алдыңғы жазбадағы сол өрістің мәнінен бірге артық сан автоматты түрде енгізіледі. Бұл өріс жазбаларды нөмірлеуде ыңғайлы.
Егер ақпарат қарапайым
Деректер қорын бір-бірімен
Кестелер арасындағы
Кестелердің құрылымын жасауда бір өрісті (немесе өрістердің бір комбинациясын) кілттік өріс ретінде алуға болады. Кілттік өрістермен компьютер ерекше жұмыс жасайды. Компьютер олардың даралығын (уникальность) тексереді және мұндай өрістермен сұрыптауды (сорттауды) тез орындайды. Мұндай кілттік өрісті байланыстар жасау үшін қолдану тиімді. Кейде кілттік өрісті бастапқы кілт деп те атайды.
Өрістер арасындағы байланыс түрлері:
1:1: «Бірдің –бірге» қатынасы. Мысалы: студент– сынақ кітапшасының №.
1:N: «Бірдің-көпке» қатынасы. Мысалы: Бір тауар әкелуші...а) ... бірнеше тауар әкелуі мүмкін, ...б) ... бірақ, әрбір тауардың тек бір әкелушісі болады. Осы сияқты қатынас Топ- -студенттер арасында да болады.
N:M: «Көптің-көпке» қатынасы. А кестесіндегі бір жазбаға В кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес болуы мүмкін, ал В кестесінің бір жазбасына А кестесіндегі бірнеше жазба сәйкес келуі мүмкін. Мысалы: Студенттер-олардың тыңдайтын Курстары, Авторлар-Кітаптар, Тауар әкелушілер-Тапсырыс берушілер.
Байланыстырылған кестелерді жасауға қойылатын талаптар:
Деректердің тұтастығы (целостность) Access деректер басқару жүйесінде байланыстырылған кестелердегі жазбалар арасындағы байланыстарды қолдау үшін қолданылатын ережелер жүйесін білдіреді. Деректердің тұтастығын бақылау үшін мына шарттар орындалу керек:
Жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. «Деканат» деректер қорын жасау.
Ескерту. Индекс — бұл Access-тің кестеде деректерді іздеуді және сұрыптауды тездететін құрал. Кестенің кілттік өрісіне (алғашқы кілттің өрісі) автоматты түрде индекс қойылады. MEMO және Гиперсілтеме немесе OLE объектісінің өрістеріне индекстер жасауға болмайды.
1- кесте.
Өрістің аты |
Деректер типі |
Өрістің өлшемі |
Фамилиясы |
Мәтіндік |
20 |
Аты |
Мәтіндік |
15 |
Әкесінің_аты |
Мәтіндік |
25 |
Туған_күні |
Күн/уақыт |
Өрістің форматы: Қысқа |
Қызметі |
Мәтіндік |
9 |
Пән_коды |
Сандық |
Бүтін |
Пән |
Мәтіндік |
11 |
Телефон |
Мәтіндік |
9 |
Жалақы |
Ақшалық |
Өрістің форматы: Негізгі Ондық таңба саны: 0 |
2 – жаттығу. Деректер қорын өңдеу (редакторлеу).
Ол үшін жобасын жасаған кестенің Конструктор режиміне өтіңіз. Егер сіз деректер қоры терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап, батырмасына басыңыз.
«Қызметі» өрісіне енгізілетін деректерге шектеу қойыңыз; тек қана Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері енгізілуі керек.
Енгізілетін деректердің мәніне шарт қою үшін:
Информация о работе Windows операциялық жүйесі. Негізгі объектілер. Сілтеуіш (Проводник) программасы