Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 18:37, курсовая работа
Ойын сонау ата-бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.
Ойын – тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.
Ойын әрекетінің бала дамуына қызмет атқаратындығы жөнінде Ж.Аймауытов, Ә.Тәжібаев, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, Ш.Құдайбердіұлы т.б. қоғам қайраткерлері де ой айтқан.
Баланың аса маңызды адамгершілік қасиеттері бастауыш сыныптарда қалыптаса бастайды. Егерде мектептен ата-ана бала бойындағы өзгерістерді жете қадағалап, жасына лайықты тәрбие алуына бағыт-бағдар беріп көмектеспесе, ол олқылық орны толмас өкінішке, жаман қасиеттерге ұласуы мүмкін.
Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретінін зерттеуші ғалымдар дәлелдеп көрсетуде. Оны бірнеше мысалдар арқылы көрсетейік: «Занимательная наука делает труд интересным, а потому и приятным, стремится опровергнуть тысячилетнюю поговорку о горько корне учения. Занимательная наука не превращает обучения в роду забавы». (3.23) Қызықты тапсырмалар оқушыны тілдік материалдарды дұрыс меңгеруге, сауатты әрі байланыстыра жазуға үйретуге, тілге деген қызығушылығын арттыруға арналған (4.5)
Оқудағы қиыншылықтарды жеңудің бір жолы – ойын арқылы оқушыны ойлауға, өз бетімен жұмыс істеуге, тапқырлыққа, зейінділікке тәрбиелеуге баулу. Ойын үстінде бала тілегі мен мұғалімнің тапсырмасы өзара ұштасады, балалар бар ынтасын сабаққа аударады. Ойынның ой дамытатынын ескере отырып, сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай ойын түрін іріктеп, оны жүргізе білу мұғалімнен асқан шеберлікті қажет етеді.
Бүгінгі таңда мектеп мұғалімдері оқытудың тиімді жолдары мен құралдарын іздестіруде, оқу ойыдары сабақты тиімді ұйымдастырып, оқу сапасын арттырып қана қоймай, оқушының оқуға қызығушылығы мен белсенділігін қалыптастырып, ақыл-ой дамуын жетілдіруде өзіндік роль атқаратынын дәлелдеп оқытудың бір жаңа технологиясы ретінде танып отыр.
Оқушының сабақ оқуға деген ынтасының нашар болуының бір себебі: олардың рухани бастауы, қайнар көзінің бірі – шығармашылық қабілетін жетілдірмеу, ой еңбегінің нәтижесін өзі көре отырып, қуаныш сезіміне бөлену бақытына жеткізбеу.
Ағылшын тілі сабақтарында мұғалім баланың жас ерекшелігін ескеріп, балаға сабақты қызықты түсіндіріп, әдіс-тәсілдерді түрлендіріп отырса, сабақ мазмұнына сәйкес жаңа материал жақсы игеріледі. Ал мұғалім бірыңғай сарынмен сөйлесе, баланың ынтасы төмендеп, шаршайтын болады. Ойнау арқылы оқушының сөйлеуге деген ішкі жан дүниелік ынтасы, сабаққа деген белсенділігі қалыптасады.
Ағылшын тілі сабақтарында ойын арқылы оқыту технологиясы оқушылардың ойын, дүниетанымын кеңейте отырып, ойлау қабілеті мен шығармашылық белсенділігін дамытуға септігін тигізеді. Сабақты ойын арқылы құру, оқыту процесінде ойын элементтерін тиімді қолдану оқушылар қызығушылығын арттырып, еркіндікке дамуын қамтамасыз етеді. Ойын сабағы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, тілдік материалды сапалы түрде меңгеру мақсатында жүргізіледі. Ол белгі жоспар негізінде өтілетін тілдік материалдың мазмұнымен тығыз байланысты, оқушының ойлау қабілетін дамытатындай дәрежеде жүргізіледі.
Ойын арқылы үйрету жайлы
Ойын үстінде бәрі тең. Ол нашар оқитын оқушылар үшін де оңай. Сабақта нашар оқитын оқушы ойын үстінде бірінші болуы мүмкін. Тапқырлық пен пайымдылық мұнда пәнді білуде маңызды болып келеді. Тепе-теңдік сезімі, көңілді, қызықты атмосфера, тапқырлығын сезіну – бәрі оқушының ұяңдығын жеңуге, бөтен тілді еркін меңгеруіне көмек беріп, оқытуды үйретуге жақсы әсер етеді. Тілдік материалды өзі байқамай меңгере отырып, баланың өзіне деген ризашылық сезімі мен «бәрімен бірдей сөйлесе аламын» деген ой болады.
Ойын түрлері тек бір ғана мақсатта өтілмей, сабақтан сабаққа жалғасып, өзінің бір тұтастығын сақтауды қажет етеді және сабақ сайын бағдарлам бойынша ағылшын тілінде жеткізу мүмкіндігі артады. Әрбір сабақты оқушылар үшін жаңа бір жаңалық әкелгендей өткізу жөн. Тек шетел тілін үйретіп қана қоймай сабақ үстінде оқушыларға тәрбиелік жағынан да ашып отыру керек. Бұл екі жақты алып жүру - мұғалімнің міндеті екені белгілі.
Қорыта келе, ойын оқушылардың білім сапасын арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға, шетел тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруға көп көмегін тигізеді.
1. Мектепте ағылшын тiлiн оқытудың мәселелерi - әдістемелік нұсқау.
М.Мәметова атындағы Қызылорда
гуманитарлық колледжі, 0105033 – «Бастауыш
білім беру» (шет тілі) мамандығының
БШ-Д-07к оқу тобының оқушысы А
ПІКІР
Адамзат қоғамы аса жылдам қарқынмен дамып келеді. Өркениет көшінен қалмай, ғылым мен білім беру жүйесі озық елдерің, қатарында боламыз десек, заман талабын ескеріп, соған сәйкес қадам жасауға тиіспіз. Қазақстанның болашағы – білім мен ғылымда. Біз рухани ізгілікті, мәдени құндылықтарды жаңғырту мен қалыптастыруда, білім мен ғылымды дамытуда сапалы серпіліс жасауға тиіспіз. Сан мың ұрпақтың ұлттық мұратын ту етіп, болашаққа қадам басқан біздің еліміз дәл сондай дамыған, білімді, қуатты ел болуы керек.
Бала ұғымына лайықты тәрбие жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік мағынасы зор ойын түрлерінің атқарар ролі ерекше. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтарда тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмайды. Зерттеу жұмыстарына қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттіліктерді қажет етеді. Сондықтан да сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады. Танымдық қызығушылық психологиялық жағынан алғанда, архивтік процестен құралады.
Өзінің зерттеу жұмысын жүргізуде студент өз тақырыбын теориялық және практикалық тұрғыда жан-жақты зерттеуге тырысқан. Негізгі бөлімде ағылшын тілде қолданылатын ойындар және олардың түрлері, ойынды қолдану әдістемесі және оның маңыздылығына тоқталып өткен, бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын толықтыруға, тілдік материалдарды игеруге арналған ойындар.
Студенттің жан-жақты
ізденіп, шығармашылықпен жүргізген
зерттеулерін ескеріп, курстық жұмысты
«қорғауға жіберуге» әбден
Ғылыми жетекшісі: