Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 09:17, курсовая работа
Ұлттық Банктің сол кездегі облыстық есеп айырысу-кассалық орталықтарының арасындағы өңіраралық электрондық төлем Ұлттық Банктің төлем жүйесі арқылы жүргізілген алғашқы электрондық құжат болғандығы ресми түрде танылды. Бұл оқиға 1992 жылғы 1 желтоқсанда тіркелген болатын. Құжатты жіберген Тұранбанк, ал алушы “Қостанаймұнайөнімі” болатын. Ақша рубльмен өткізілді, төлемнің мақсаты – экспортқа тиелген мұнай өнімдері үшін ақы төлеу.
Ұлттық Банктің
сол кездегі облыстық есеп айырысу-кассалық
орталықтарының арасындағы өңіраралық
электрондық төлем Ұлттық Банктің төлем
жүйесі арқылы жүргізілген
алғашқы электрондық құжат болғандығы
ресми түрде танылды. Бұл оқиға 1992 жылғы
1 желтоқсанда тіркелген болатын. Құжатты
жіберген Тұранбанк, ал алушы “Қостанаймұнайөнімі”
болатын. Ақша рубльмен өткізілді, төлемнің
мақсаты – экспортқа тиелген мұнай өнімдері
үшін ақы төлеу. ҚР Ұлттық Банкінің төлемдер
жүйесін іске қосқан сәтте 1992 жылғы қолма-қол
жасалмайтын есеп айырысулар туралы уақытша
ережемен реттелген бір төлемді өткізу
мерзімі қала бойынша 3 күнді, облыс бойынша
9 күнді, республика бойынша 12 күнді құрады.
Бүгінгі күнгі жылдамдық пен көлемдерді
бұдан 19 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді:
бүгіндері ірі төлемдер жүйесі арқылы
секөнтіне 20-25 төлем өтеді. Олардың үздіксіз
жұмысына үйренген пайдаланушылардың
ішінде олардың тетігі туралы ойланғандары
кемде-кем екені рас. Байланыс арнасы бойынша
қалайша белгі берілетінін, пульттің бір
түймесін басу арқылы қалайша музыкалық
жүйені, үй теледидарын басқаруға немесе
гараждағы мәшинені жылытуға болатынын
ойлағандар да аз. Соған қарамастан, елдегі
ақша айналысының тетігін түсінгісі, сондай-ақ
төлем жүйелері, төлем карталары және
электрондық ақша туралы білгісі келген
білімпаздарға ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының
орынбасары Әбен БЕКТАСОВ әңгімелеп береді.
FIFO қағидаты: Біріншісі кіріске, біріншісі шығысқа
– Әбен Ағыбайұлы, көптеген адамдар төлем жүйесін төлем карталары жүйесі деп қате түсінеді. Шындығында, Қазақстанда қандай төлем жүйелері жұмыс істейді және олардың ерекшеліктері қандай?
– Дәлірек айтқанда, дамыған төлем жүйесі ғана Қазақстанға төлемдердің осы түрін өте тез әрі жеңіл енгізуге мүмкіндік берді. Қазір республикада екі ұлттық төлем жүйесі жұмыс істейді. Біріншісі – Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ). Екіншісі – Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ). ҚР ҰБ еншілес ұйымы – “ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы” РМК олардың операторы болып табылады. Әр жүйенің өз ерекшелігі бар және нарықтың белгілі бір бөліктеріне бағдарланған.
Біріншісі, жүйелік маңызы бар төлем жүйесінде төлемдер есебі нақты уақыт режімінде жүзеге асырылады, яғни әрбір төлем құжаты жүйеге түскеннен кейін бірнеше секөнт ішінде есептеледі. Жүйе мереке және демалыс күндерін қоспағанда, аптаның барлық күндерінде жұмыс істейді. Оның операциялық күні таңертеңгі 9-да басталып, сағат 19-да жабылады. Алайда жүйені пайдаланушының өтінімі бойынша Ұлттық Банк операциялық күнді ұзарта алады.
Төлем құжатының
есебі үшін шоттағы ақша жеткіліксіз
болған жағдайда жүйеге келіп түскеннен
кейін құжат бірден кезекке қойылады.
Кезекте тұрған төлем құжаттары басымдық
кодтарына сәйкес өңделеді. Осы кодтар
шегінде төлем құжаттары олардың келіп
түсу тәртібімен FIFO қағидаты бойынша орындалады:
біріншісі кіріске, біріншісі шығысқа.
Жүйені пайдаланушылар төлем құжаттарының
орындалу кезектілігін белгілеуге және
өзгертуге құқылы. Бұдан басқа кезекте
тұрған құжатты кері қайтара алады. Жүйе
қаржы секторының: бағалы қағаздармен,
банкаралық депозиттермен, банктердің
және олардың клиенттерінің меншікті
қаражатын аудару операциялары, шетел
валютасымен және қымбат металдармен
операциялар бойынша ірі және басымдық
берілген төлемдерді жүргізуге бағдарланған.
Клиринг формуласы: Т+3
Банкаралық клиринг жүйесі (өзара талаптар мен міндеттемелерді есепке алу) қатысушылардан келіп түскен төлемдерді нетто-негізде күніне тек бір рет қана есептейді. Клиринг нәтижелері бойынша ақша сомасы БААЖ арқылы аударылады, себебі клиринг жүйесінде нақты ақша жоқ. Төлемдерді болашақтағы Т+3 валюталау күнімен жіберу мүмкіндігі, сондай-ақ бір төлемнің ең жоғарғы сомасы бойынша шектеулердің болуы банкаралық клиринг жүйесінің ерекшеліктері болып табылады. Бүгінгі күні ол 5 млн. теңгені құрайды. Бұл жүйе тәулік бойы аптасына 7 күн жұмыс істейді. Бұл ретте мұнда негізінен шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлар мен материалдық емес активтер, көрсетілген қызметтер үшін есеп айырысулар бойынша төлемдері, сондай-ақ бюджетке төленетін төлемдер мен бюджеттен төленетін төлемдер жүргізіледі.
Ақша төлемдері
мен аударымдарының уақтылы жүргізілуін
қамтамасыз ететін Қазақстан төлем жүйелерінің
жоғары тиімділігі мен сенімділігін ХВҚ,
Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық
қаржы ұйымдарының сарапшылары бірнеше
рет атап өткенін айта кетейін. ХВҚ консультанттарының
бағалауы бойынша біздің төлем жүйелеріміз
жүйелік маңызы бар төлем жүйелері үшін
Халықаралық есеп айырысулар банкі белгілеген
барлық негізгі 10 қағидатқа толығымен
сәйкес келеді.
Жаңарту басталды…
– 1992 жылдың соңында алғашқы электрондық төлем жүргізілген сәттен бастап төлем жүйелерін құру жөнінде үлкен жұмыс жүргізілді, оларды дамыту жөнінде соңғы жылдары қандай жобалар, қадамдар жасалды?
– Жұмыстың бірінші төлем жүйеден өткенге дейін басталғаны түсінікті. Қазақстанның төлем жүйелерін жаңарту үдерісі 1991 жылы басталды және бірнеше маңызды даму кезеңдерінен өтті. Мәселен, 1991 жылы коммерциялық банктердің филиаларалық айналымдар (ФАА) шоттары ҚР ҰБ филиалдарында ашылған корреспонденттік шоттарға ауыстырылды. Бұл ФАА-ны жауып, банкаралық есеп айырысуларды ұйымдастыруды нақтылауға мүмкіндік берді. 1992 жылы Ұлттық Банкте ТМД елдерінің ұлттық/орталық банктері үшін корреспонденттік шоттар ашылды. Сол жылы барлық аудандарда, қалаларда, облыс орталықтарының қалалық аудандарында және Алматыда есеп айырысу-касса орталықтары құрылды. 1993 жылы төлемдерді жылдамдату, сондай-ақ жалған авизоларды пайдаланудың алдын алу мақсатында Қазақстан облыстары арасындағы есеп айрысуларда электрондық төлемдер енгізіле бастады. 1995 жылы алғашқы Алматы клиринг палатасы құрылды. 1996 жылы Ұлттық Банктің облыстық филиалдары жанынан өңірлік клиринг палаталары құрылды, олар өңірішілік төлемдердің банкаралық клирингін жүзеге асырды. Сол жылы “электрондық төлем тапсырмасы” деген ұғым нормативтік тұрғыдан бекітілді, төлем жүйесі қатысушыларының арасындағы төлемдер бойынша ақпарат алмасу үшін SWIFT-ке бағдарланған электрондық хабарламалар форматтары әзірленіп, енгізілді. Сонымен қатар 1996 жылы Алматы клиринг палатасы Қазақстан банкаралық есеп айырысулар орталығы (ҚБЕО) болып қайта ұйымдастырылды.
Екінші деңгейдегі банктердің ҚР ҰБ орталық аппаратындағы корреспонденттік шоттарын орталықтандыру маңызды іс-шара болды. Бұл жұмыс 1998 жылғы қазан-қараша аралығында жүргізілді. Корреспонденттік шоттарды орталықтандыру Ұлттық Банкке есеп айырысу банкінің және банктердің банкі функцияларын оралымды жүзеге асыруға, төлем жүйесін және жалпы банк жүйесін бақылау функцияларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді. 1999 жылы Ұлттық Банк америкалық автоматтандырылған клиринг палатасына ұқсас орталықтандырылған клиринг жүйесін құру туралы шешім қабылдады. Нәтижесінде Банкаралық клиринг жүйесі құрылып, қазіргі кезде тиімді жұмыс істеуде.
Есеп айырысуды жалпы негізде жүзеге асыратын және перспективалы RTGS (нақты уақыт режімінде жалпы есеп айырысу жүйесі) сипатындағы ірі төлемдер жүйесін (ІТЖ) құру 1996 жылдан басталған болатын. Швейцария тәжірибесі, атап айтқанда SIC – Swiss Interbank Clearing жүйесін құру тәжірибесі негізге алынды. 2000 жылғы ақпанда ІТЖ Банкаралық ақша аудару жүйесі болып қайта құрылды. Оны ендіру жүйе мониторингінің және жүйеге қатысушы банктердің өтімділік тәуекелдерін басқарудың тетіктерін жетілдіруге мүмкіндік берген еліміздің төлем жүйелерін дамытудың келесі кезеңі болды.
Ұлттық Банк республиканың төлем жүйелерін жаңарту, операциялық сенімділігін және өндірістік тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ халықаралық стандарттарды ендіру жөнінде үнемі жұмыс жүргізіп отырады. Мысалы, 2008 жылғы 1 желтоқсанда республиканың төлем жүйелері 1048-2002 ҚР СТ стандартына негізделген, қазақ тілінің символдары бар жаңа кодты кестені пайдалануға көшті. 2010 жылғы 7 маусымда төлем жүйелері қауіпсіздік деңгейі жоғары және өткізу мүмкіндігі айтарлықтай ұлғайған жаңа нұсқаға өтті. Интеграциялық үдерістерді дамыту және ЕС стандарттарына жақындау мақсатында банк және төлем жүйелеріне банк шоттары мен банктік сәйкестендіру кодтары нөмірлерінің тиісінше ISO 13616: IBAN және ISO 9362: BIC халықаралық стандарттары енгізілді.
2009 жылдан бері ҚР ҰБ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп ұлттық төлем жүйелерін және екінші деңгейдегі банктердің ақпарат жүйелерін “Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы” ҚР Заңының нормаларын іске асыру шеңберінде сәйкестендіру нөмірлерін пайдалануға ауыстыру жөнінде жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ Астана қаласында жаңа резервтік орталық құру Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету саласындағы басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл шара негізгі орталық орналасқан ауданда штаттан тыс және апат жағдайлары туындаған жағдайда Ұлттық Банктің және төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Республика тәуелсіздігі
жылдары жүргізілген жұмыс қорытындылары
бойынша ұлттық төлем жүйелері арқылы
жүргізілген төлемдер көлемі айтарлықтай
өсті. Мысалы, 2010 жылы төлемдер көлемі
187,7 трлн. теңге сомасына 29,7 млн. транзакцияны
құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда саны
бойынша 2,8 есе және сомасы бойынша 18,3
есе көп.
Оверсайт онша байқалмағанмен, маңызды
– Республиканың төлем жүйелері қалай қадағалануда?
– Төлем жүйелерін қадағалаудың (оверсайт) маңызы туралы мәселені Ұлттық Банк 2000 жылдардың басында көтерген болатын. Оны қалыптастырудың және іске асырудың негізгі қағидаттары халықаралық стандарттарға және шетелдік тәжірибеге негізделді.
Төлем жүйелерін қадағалау ұғымы “ҚР Ұлттық Банкі туралы” Заңның 48-бабында айқындалған. Ол ҚР ҰБ қызметінің төлем жүйелерін ұйымдастырудың және жұмыс істеуінің талаптары мен тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу; төлем жүйелерінің мониторингін жүзеге асыру; төлем жүйелерінің ұйымдастырылуын және жұмыс істеуін тексеру сияқты негізгі бағыттарынан тұрады. Ұғым сонымен қатар ақша төлемі мен аударымы, төлем жүйелерінің төлем жүйелері қатысушыларынан және операторларынан жұмыс істеу мәселелері бойынша ақпаратты жинақтауды және талдауды; төлем жүйелеріне қатысушылардың қызметін тексеруді қамтиды. БААЖ және БКЖ ұлттық төлем жүйелері, сондай-ақ банктер арасындағы корреспонденттік қатынастар, төлем құралдары, төлем карточкалары және халықаралық ақша аударымдары жүйесі нарығы төлем жүйелерін қадағалау объектілері ретінде айқындалған.
Бұл ретте Ұлттық
Банк төлем жүйелерін қадағалауды жүзеге
асыру саласында басқа орталық банктермен
тәжірибе алмасу жөнінде белсенді жұмыс
жүргізуде. Мәселен, 2001-2007 жылдары ҚР Ұлттық
Банкі ТМД елдерінің, алыс шетелдердің
орталық банктерінің өкілдері үшін төлем
жүйелері бойынша жеті семинар өткізді,
оларда да төлем жүйелерінің оверсайты
мәселелері талқыланды. 2011 жылғы қыркүйекте
ЕурАзЭҚ қатысушы елдердің орталық (ұлттық)
банктерінің өкілдері үшін “Төлем жүйелерін
қадағалау (оверсайт) және оны жүргізу
әдіснамасы” деген тақырыпта үш күндік
семинар өткізілді.
Қашықтан қызмет көрсету: одан жақын болмайды
– Банк қызметтерін электрондық тәсілмен көрсетуге көшу төлемдер жүргізу жүйесіне өзгеріс енгізді ме?
– Әрине. Электрондық банк қызметтері – бұл Интернет-дүңгіршектерді қоса алғанда, Интернетке шыға алатын компьютер, телефондар, электрондық терминалдар сияқты байланыс арналары бойынша банк операцияларын қашықтан жүргізуден тұратын банк қызметін жүзеге асырудың жаңа тәсілі, сапалық тұрғыдан жаңа деңгейі. Ол үшін пайдаланылатын тәсілдерден электрондық банк қызметтерін дамытудың бірнеше негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады.
Телефон банкингі – дауыстап хабарлаудың банк жүйесі негізінде. “Банк-Клиент” жүйесі – арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату арқылы клиентке (заңды тұлғаға) қашықтан қызмет көрсету. Интернет банкинг – дүниежүзілік желі арқылы қашықтан қызмет көрсету. Мобильді банкинг – мобильдік технологиялар негізінде қашықтан қызмет көрсету. Өзіне өзі қызмет көрсетудің автоматтандырылған терминалдары арқылы банк қызметтері.
Көптеген қазақстандықтар
олардың ыңғайлы екендігін
Карточкамен қызмет көрсету халықты тарта түсті
– Енді төлем карталарына тоқталсақ. Елде бұл нарық қаншалықты табысты дамуда?
– Айтарлықтай серпінді. 2001 жылы орташа алғанда Қазақстанның 12 тұрғынына бір төлем карточкасы тиесілі болды, ал қазіргі уақытта 2 тұрғынға бір карточкадан келеді. Соңғы бес жылда айналыстағы карточкалар саны екі есе ұлғайып, қазір 9,1 млн. дананы құрап отыр. Оны ұстаушылар саны 8,5 млн. адамға жетті. Бұл елдің экономикалық тұрғыдан белсенді халқының жалпы санының 97%-ын құрайды. Айналыстағы карточкалардың негізгі бөлігі дебеттік карточкаларға тиесілі. Олардың үлесі карточкалардың жалпы санының 87,6%-ын құрайды. Кредиттік лимиті бар дебеттік карточкалардың үлесі 1,6%-ды, кредиттік карточкалар 10,8%-ды, алдын ала төленген карточкалар 0,1%-ды құрайды.
Бұл нарықты дамыту дәрежесі олардың тармақталған қызмет көрсету желілерінің болуына байланысты. Қазір елде төлем карточкаларын қабылдайтын 11 491 сауда кәсіпорны жұмыс істейді. Бұл олардың 2010 жылғы 1 қыркүйекте белгіленген санынан 9,6%-ға артық. Бұл ретте сауда кәсіпкерлері тауарлар мен қызметтер ақысын төлем карталары арқылы төлеуге мүмкіндік болу үшін жабдықтарды 17 489 сауда нүктесінде орналастырған. Өсу 11,6%-ды құрап отыр.
Төлем карточкаларына қызмет көрсетуге арналған жабдықтар саны жыл сайын өсуде. Ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша республикада 27 409 сауда терминалы, 7 873 банкомат және 615 импринтер орнатылған. 2010 жылмен салыстырғанда сауда терминалдары санының 12,2%-ға, банкоматтардың 6,2%-ға артқаны және импринтерлер санының 22,7%-ға азайғаны байқалады, бұл банктердің мәшинелер паркінің жаңаруымен және ескірген импринтерлерді өндірістен алумен түсіндіріледі.