Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 09:17, курсовая работа
Ұлттық Банктің сол кездегі облыстық есеп айырысу-кассалық орталықтарының арасындағы өңіраралық электрондық төлем Ұлттық Банктің төлем жүйесі арқылы жүргізілген алғашқы электрондық құжат болғандығы ресми түрде танылды. Бұл оқиға 1992 жылғы 1 желтоқсанда тіркелген болатын. Құжатты жіберген Тұранбанк, ал алушы “Қостанаймұнайөнімі” болатын. Ақша рубльмен өткізілді, төлемнің мақсаты – экспортқа тиелген мұнай өнімдері үшін ақы төлеу.
Төлем карточкаларына қызмет көрсететін жабдық санының өсуіне байланысты жалпы алғанда осы қондырғыларға түсетін жүктеме деңгейінің сақталу үрдісі байқалады. Егер 2000 жылдардың басында қолма-қол ақшаны алу жөнінде бір банкоматтан орташа алғанда күніне шамамен 70 транзакция жасалса, 2011 жылы бұл көрсеткіш шамамен 46 транзакция болып отыр. Бұл ретте 2011 жылы бір POS – терминалға күніне шамамен 3 транзакциядан келеді. Жабдық пен төлем карточкаларын ұстаушылар арақатынасында да оң динамика байқалады. 2001 жылы бір POS – терминал мен банкоматқа тиісінше 456 және 2182 карточка ұстаушыдан келген. 2011 жылы бір POS – терминал мен банкоматқа тиісінше 309 және 1 074 карточка ұстаушыдан келеді.
Төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар көлемі нарықтың маңызды көрсеткіші болып табылады. Жылдың 8 айында (қаңтар-тамыз) қазақстандық эмитенттердің төлем карточкалары пайдаланыла отырып Қазақстан аумағында және одан тыс 2,7 трлн. теңге сомаға 97,8 млн. транзакция жүргізілген. 2010 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда транзакциялар саны мен сомасы тиісінше 12,3% және 27,4%-ға өскен. Олардың ішінде қолма-қол жасалмайтын жолмен 359,7 млрд. теңге сомаға 19,5 млн. транзакция жасалған, бұл 2010 жылдың осындай көрсеткіштерінен тиісінше 20,8% және 42,8%-ға артық. Қолма-қол ақшаны беру жөніндегі операциялар өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда саны бойынша 10,4 %-ға және сомасы бойынша 25,3%-ға ұлғая отырып, 2 296,3 млрд. теңге сомаға 78,3 млн. транзакцияны құрады.
Төлем карточкаларын
пайдалана отырып қолма-қол ақшаны
алу жөніндегі операциялардың басым үлесі
банкоматтар арқылы жүргізіледі, жалпы
санының 97,2%-ын, соманың 87,9%-ын құрайды.
Тиісінше 2,8% және 12,1% POS-терминалдарға
тиесілі. Қолма-қол жасалмайтын төлемдер
көбіне POS-терминалдар арқылы жүргізіледі,
жалпы санының және сомасының тиісінше
40,4% және 73,7% құрайды және банкоматтар
арқылы тиісінше 49,6% және 19,4% құрайды. Соңғы
уақытта қолма-қол жасалмайтын төлемдердің
Интернет, мобильді телефондар, банк дүңгіршектері
арқылы жасалуының оң динамикасы байқалады.
Бұл қондырғыларға төлем карточкаларын
пайдалана отырып жүргізілетін қолма-қол
жасалмайтын төлемдер санының және сомасының
7,9% және 5,4% тиесілі.
Әмиян виртуалды, ақша нақты
– Жақында электрондық ақша туралы заң күшіне енді. Ол қаншалықты өзекті?
– Өте өзекті, себебі бүгінде Интернет көптеген қазақстандықтардың өміріне біте қайнасып кетті. Өз кезегінде Интернетті пайдаланушылар желіде онлайн арқылы сатып алуға деген сұранысты өсіріп отыр, ал кәсіпкерлерде өз қызметтерін жаңа баламалы тәсілмен көрсетудің қосымша мүмкіндігі туып отыр. Электрондық ақшаны пайдалану артықшылықтарының екі жақ үшін де өзара пайдалы әрі қауіпсіз екендігін ескерсек, онлайн қызметтерінің жаңа түрлері әрбір желі пайдаланушысының күнделікті тұрмысына шапшаң енуде.
– Әбен Ағыбайұлы, электрондық ақшаны кім және қашан пайдалана алатынын оқырмандарға айта кетсек.
– Электрондық ақша – бұл оны шығарушының (банктің) электрондық тасымалдауышта электрондық нысанда сақталатын ақшалай міндеттемелері. ҚР-ның қабылданған заңы электрондық ақша ұғымын алғаш рет енгізіп, оның құқықтық мәртебесін бекітіп отыр. Қабылданған заңға сәйкес ЭА-ны пайдалану басқа да төлем карточкалары, чектер, вексельдер, төлем тапсырмалары және т.б. секілді төлем құралдарымен қатар төлемдерді жүзеге асырудың тәсіліне жатқызылған.
ЭА-ны электрондық
коммерция саласындағы сауда-
Электрондық ақша үшін қатаң регламент
– Электрондық ақшаның шығарылуын және айналымын заң қалай реттейді?
– Кез келген банк ЭА-ны шығаруға құқылы. Бұл ретте банк өз бетінше, өзінің ішкі бизнес-стратегиясына сәйкес жұмыс моделін таңдау және электрондық ақша жүйесінің инфрақұрылымын ұйымдастыру жөнінде шешімдер қабылдайды. Менің ойымша, барлық мүдделі эмитенттерді тарта отырып электрондық ақшаның бірыңғай инфрақұрылымын құру электрондық коммерция нарығын одан әрі дамытудың айтарлықтай оңтайлы және ұтымды шешімі болар еді. Мұндай жүйені ендіру банктер үшін инвестициялық жағынан да, тұтынушылардың қызметтерге қол жетімділігін кеңейту мүмкіндігі тұрғысынан да тартымдырақ болар еді.
Бұл ұсынысты іске
асыру жүйенің негізгі
Сонымен қатар,
әрбір банк тек ішкі нарықтағы сауда операцияларына
ғана қызмет көрсетуге бағытталған өзінің
жеке электрондық ақша жүйесін құруға
құқылы. Мұндай жағдайда ЭА-ға қызмет көрсететін
әрбір банкте төлемдерді өткізудің түрлі
технологиялары мен стандарттары қолданылатын
болады. Алайда мұндай тәсіл түрлі банк
жүйелері мен олардың клиенттері арасындағы
ақпараттық-технологиялық өзара іс-қимылмен
байланысты белгілі бір проблемалардың
туындауына әкеп соғады. Нарықта бір-бірімен
өзара іс-қимыл жасамайтын бірнеше электрондық
ақша жүйелерінің пайда болуы электрондық
коммерцияның кеңінен және жылдам енгізілуіне
кедергі жасап, сол арқылы инвестициялардың
ақталуына және осы жүйелердің одан әрі
технологиялық тұрғыдан дамуына қиындық
келтіреді.
Эмитент– резидент емес пе? заңды емес!
– Еліміздің заңнамасына сәйкес отандық банктер ғана ЭА-ның эмитенттері бола алады. Қазақстандықтардың шетелдік эмитенттер берген қолданыстағы электрондық әмияндары туралы не айтасыз?
– Республика заңнамасының талаптары Қазақстан азаматтарының қызметімен және олардың ел аумағында түрлі операциялар жүргізуімен байланысты қатынастарға ғана қолданылады. ҚР резиденті емес шетелдік компаниялардың электрондық ақшасын қазақстандық заңнама реттемейді және олардың қызметі реттелмейтін болып табылады. Шетелдік эмитенттер шығарған электрондық ақшаның ел аумағында есеп айырысудың заңды тәсілі болып танылмайтынын атап өткен жөн.
Тиісінше, ел ішінде
республика резиденттері арасында сауда
және өзге операцияларды жүргізу кезінде
оларды пайдалану ҚР заңнамасының талаптарына
қайшы келеді. Бұл ретте заңнама Қазақстан
азаматтарының шетелдік компаниялардың
электрондық ақша жүйелерінің қатысушылары
болу құқығын шектемейді. Резидент еместердің
электрондық ақшасы жеке шетелдік төлем
жүйелері құнының электрондық бірліктері
болып табылады. Олар түрлі елдердің юрисдикциясында.
Соған байланысты шетелдік жүйелердің
ЭА-ның Қазақстандағы иелері заңнамамен
қорғалмаған, шетелдік компаниялар –
шетелдік эмитенттердің тарапынан олардың
талаптарының өтелуіне нақты кепілдік
жоқ, тиісінше барлық тәуекелдерді азаматтар
өздері жеке көтереді.
Электрондық коммерцияның болатындығы сөзсіз!
– Сіздің ойыңызша Қазақстанда электрондық коммерцияның дамуына не кедергі?
– Электрондық коммерцияны дамыту – мемлекет саясатының халықты қол жетімді (елдің кез келген өңірінен), ең бастысы қауіпсіз төлем қызметтерімен қамтамасыз етудегі басым міндеттерінің бірі. Бұл бағытта бірқатар мәселелерді шешу жөнінде жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, қазір электрондық коммерция саласындағы заңнама құқықтық сипаттағы проблемалық мәселелерді шешу бағытында жетілдірілуде. Мұндай жұмыстың мысалы – өткен маусым айында қабылданған “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы” Заң. Құжатқа электрондық ақшаны шығару және оның айналысы мәселелерін реттейтін түзетулер енгізілді.
Менің ойымша, республикада Интернет төлемдер сегментінің қарқынды дамуына кедергі келтіретін мынадай мәселелерге көңіл бөлуге болады. Біріншісі – төлем сервисінің дамымауы. Иесіне ашық құрал пайдалануына мүмкіндік беретін, сатушылар үшін де, тұтынушылар үшін де ақы төлеу тетігі талаптары бойынша ыңғайлы электрондық ақша нарықтың дамуына жаңа серпін беретін құрал болып табылады. Логистика – тауарлар мен қызметтерді жеткізудің дамымауы кедергі келтіретін екінші фактор болып табылады. Үшінші фактор – елдің сауда ұйымдарының, кәсіпкерлерінің баламалы on-line өткізуін айқын ынталандырудың болмауы. Бірақ бұл проблема уақыт өте келе шешілетін болады және көптеген қазақстандықтар жақын уақытта сервистің осы түріне өздері көшеді. Осы және басқа да құрамдас бөліктерді шешкен кезде бізде электрондық коммерцияны қарқынды дамытуға жақсы мүмкіндік туындайды.
– Мазмұнды әңгімеңізге көп рахмет.
Әңгімелескен Алла ДЕМЕНТЬЕВА.
* * *
Материал басуға дайындалып жатқан кезде “ҚР ҰБ Банктік сервис бюросы” РМК-нің ашық конкурсты жеңіп, Түркіменстанның Орталық банкімен ұлттық төлем жүйесін жеткізуге және ендіруге келісім-шартқа қол қойғаны белгілі болды. Келісім-шартқа сәйкес БСБ нақты уақыт режімінде жалпы есеп айырысу жүйесінен (RTGS) және клирингтік есеп айырысу жүйесінен тұратын бағдарламалық қамтамасыз етуді, сондай-ақ басқа инфрақұрылымдық құрамдас бөліктерді жеткізуді және ен