Разница между работой устного и письменного переводчика

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Декабря 2011 в 12:38, доклад

Описание

Вроде бы оба переводчики, главное знать язык, а устно или на бумаге – дело десятое. На самом же деле устный и письменный перевод – это два очень разных по сути занятия, требующие разных навыков и даже разных знаний. Чтобы объяснить разницу между письменным и устным переводом, мы приведем главные различия между этими двумя типами переводческой работы.

Работа состоит из  1 файл

перевод.docx

— 32.66 Кб (Скачать документ)

    Бір жылдан кейін Азияда тағы бір соғыс  ошағы сөндірілді. Сегіз жылға жуық уақыт бойы француз отаршылары Үндіқытайдағы үстемдігін күштпен сақтап қалуға ұмтылды. Әскери жеңіліс тапқан Франция 1954 жылы шілдеде Уақытша бітім туралы жэне саяси реттеу принциптері туралы Женева келісімдеріне қол қоюға мәжбүр болды. Женева келісімдеріне қатысушылар Вьетнамның, Лаостың және Кампучиянаның тәуелсіздігін, бірлігін мен аумағының тұтастығын құрметтеуге және олардың ішкі істеріне қол сұқпауға міндеттелді.АҚШ бүл декларацияға қойылған жоқ, бірақ оны бұзбайтынын мәлімдеді. Алайда кейін АҚШ уәдесінен тайып, Женева келісімдерінІң орындалуын болдырмады.

    Агрессиялық саясаттың сәтсіздікке ұшырауы соғысты құлшына жақтаушылардың желігін баса алмады. Америка империализмі «коммунизм қатерінен»қорғану деген жалған желеуді бетке ұстап, Ұлыбритания мен Францияның билеуші топтарының қатысуымен бірқатар елдерді агрессиялық блокқа тартты. 1951 жылы АНЗЮС -Австралия, Жаңа Зеландиямен АҚШ қосылған әскери блок пайда болды (блок оған қатысушы елдер атының бас әріптері бойынша атанды). 1954 жылы Оңтүстік -Шығыс Азияда агрессиялық блок - СЕАТО - Оңтүстік - Шығыс Азия шарты ұйымы) құрылды. Оған АҚШ, Ұлыбртания, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд және Филиппин қатысты. 1955 жылы құрамына Ұлыбритания, Түркия, Ирак, Пәкістан және Иран енген тағы бір әскери топ құрылды. Алғашқыда бұл блок Бағдат пактісі деп атады. Бағдат пактісінен Иран шыққаннан кейін, 1959 жылы ол СЕНТО  Орталық шарты ұйымы құрылды. Блоктың ыдырап кетуінен қауіптерге АҚШ Түркияме, Пәкістанмен және Иранмен екі жақты әскери келісімдер жасасты. АҚШ бұл блокқа мүше болмаса да, оның негізгі органдардың жұмысына қатысып ерекше құқықтарға ие болды.

    Социалистік елдердің шекараларын бойлай орналасқан әскери блоктармен базалар тізбегін жасай отырып, империалистер КСРО-ның және басқа социалистік елдердің тіршілік орталықтарын үнемі нысанаға алып отырмақ болды. Сонымен қатар әскери блоктар дамушы мемлекеттерге және ұлт - азаттық қозғалысына қарсы күрес қүралына айналды.

    Азат  елдердің бейбітшілік әрекеттері. Отарларға иелік еткен мемлекеттер олардың жүйенің ыдырауына, Азия және Африкада тәуелсіз ұлттық мемлекеттердің пайда болуына кедергі жасауға дәрменсіз болып шықты.

    1955 жылы сәуірде Бандунгте (Индонезия) Азия мен Африканың 29 елінің конференциясы шақырылды. Ол қоғамдық құрылысы әр түрлі мемлекеттердің бейбіт қатар өмір және ынтымақтасу принциптерін мақұлдады. Конференция Азия мен Африка халықтарының отаршылдықты толығымен және біржолата жоюға бел байлағанын білдірді. Агрессиялық блоктарды айыптап ядролық қаруға тиым салуды талап етті. Кейінірек азаттық алған елдерде осы принциптерді қолдайтындықтарын мәлімдеді.

    Бейбітшілікпен әлеуметтік прогресс жолындағы, империализмге және отаршылдыққа қарсы қарсы күрес көптеген жас тәуелсіз мемлекеттерді өздерінің егемендігін отаршылдардың қол сүғуынан қорғап қалуға көмектескен социалистік елдермен жақындастыра түсті. КСРО және басқа социалистік мемлекеттер, алдымен Экономикалық Өзара Көмек Кеңесіне мүше елдер азаттық алған елдердің саяси және экономикалық тәуелсіздігін нығайтуына достық көмек көрсетті.

    Антиимпериалистік, отаршылдыққа және кәсіпшілдікке қарсы бағыт жүргізсе отыры, жүздеген елдер қазіргі кездегі бар әскери - саяси одақтарға қосылмау саясатын ұстанып отыр. Дүниежүзілік соғыстың маңызды факторларына айналған блоктарға қосылмаған мемлекеттердің қозғалысындағы антиимпериалистік бағыттың күшеюі, олардың өздерінің табиғи одақтастары - социалистік елдермен өзара әрекеті халықаралық соғыспен агрессияға қарсы бейбітшілік пен шын мәніндегі ұлттық тәуелсіздік үшін күресте күшін еселей түседі. Блоктарға қосылмау қозғалысы қызметінің принциптері мен платформасы бүл елдер басшыларының бірқатар конференцияларының шешімдерінде көрінді.

    Социалистік елдердің Еуропадағы бейбітшілік пен  ұжымдық қауіпсіздік жолындағы  күресі. КСРО мен басқа социалистік елдер Еуропадағы шиеленісті бәсеңдету жолында үнемі жігерлі шаралар қабылдап отырды. І954 жылы КСРО Еуропа елдерінде және АҚШ-қа ұжымдық қауіпсіздік жүйесін жасауды үсынды. Еуропа халықтарынан кеңінен қолдау тапқан кеңес ұсыныстарын Батыс державалары қабылдамай тастады. Олар Германия Федерациялық Республикасын демилитарландыру және оны НАТО-ға кіргізу туралы келісімге қол қойды. Солтүстік Атлантика блогына мүше болғаннан кейін Батыс Германия бұл әскери топта жетекші рөлге ие болуға барған сайын ұмтыла түсті. НАТО-ның Еуропадағы базасына айналды.

    ГФР-да милитаризмнің қайтадан өрлеуі жалпыға бірдей бейбітшілікке қатер төндірді. КСРО-ның және Еуропадағы социалистік елдердің үкіметтері социализмнің жеңістерін қорғау үшін Еуропада бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдануға мәжбүр болды. 1955 жылы 4 мамырда Варшавада бүл мемлекеттердің арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қойылды. Шартқа қатысушылар қол қойған елдердің біріне қарулы шабуыл жасалынған жағдайда оған дереу және жан-жақты көмек көрсетуге міндеттенді. НАТО-дан өзгешелігі сол, Варшава шарты қорғаныс шарты болып табылады, әрі Еуропадағы және бүкіл дүние жүзіндегі бейбітшіліктің сенімді кепілі қызметін атқарады. 1985 жылы сәуірде бұл шартқа қатысушы мемлекеттер Варшава Шартының әрекет ету мерзімін 20 жылға, одан кейін тағы да 10 жылға соза отырып, ұзарту туралы хаттамаға қол қойды.

    Кеңес ғылымының, техникасы мен өнеркәсібінің ірі табыстарға жетуінің арқасында дүниежүзіндегі күштер арасалмағында социализм пайдасына сапалық өзгерістер болды. 1953 жылы КСРО-да термоядролық қаруды сынау ойдағыдай өтті. Көп ұзамай Кеңес Одағына құрлықаралық ракеталар жасалды.

Информация о работе Разница между работой устного и письменного переводчика