Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:24, курсовая работа

Описание

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден: кірістерден; алынған ресми трансферттерден (гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борыш-ты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден: шығыстардан кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-----------------------------------------------------------------------------------------------------6-11
1.1 Мемлекет кірістерінің мәні--------------------------------------------------------6
1.2 Мемлекеттің кірістерінің негізгі әдістері-------------------------------------9
1.3 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы-------------------------------------------11
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-------------------------------------------------------------------------------13-19
2.1 Мемлекеттік бюджет түсімдері және олардың көздері--------------------13
2.2 Мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау-------------------19
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------22

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет кириси.doc

— 183.00 Кб (Скачать документ)

    ЖОСПАР 
 
 

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3 

І. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-----------------------------------------------------------------------------------------------------6-11

1.1 Мемлекет  кірістерінің мәні--------------------------------------------------------6

1.2  Мемлекеттің  кірістерінің  негізгі әдістері-------------------------------------9

1.3 Мемлекет  кірістерінің сыныптамасы-------------------------------------------11 

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-------------------------------------------------------------------------------13-19

2.1 Мемлекеттік  бюджет түсімдері және олардың  көздері--------------------13

2.2 Мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау-------------------19 

ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------20 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------22 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    КІРІСПЕ 

    Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысаңдар — бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық айналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.

    Кірістер  мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысаңдары мен әдістерін пайдаланады.

      Бюджет жүйесі туралы заңға  сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан  тұрады:

    1) түсімдерден: кірістерден; алынған  ресми трансферттерден (гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер  бойынша негізгі борыш-ты өтеуден;

    2) шығыстардан және кредит беруден:  шығыстардан кредит беруден;

    3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);

    4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.

    Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытга санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдермен толықтырылады.

    Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген — бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.

    Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың шығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.

    Бюджет  тапшылығы шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығының көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті — бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.

    Мемлекеттік бюджеттің соңғы бөлігі — бюджет тапшылыгын (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:

    1) тапшылық болған жағдайда —  ішкі көздерден (Ұлттық банктен,  коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы карыздардан қаражаттар тарту;

    2) профицит кезінде — жоспардан  тыс түсімдерді, бірінші кезекте  мемлекеттік міндеттемелерді өтеуге немесе бірінші кезектегі бюджеттік бағдарламаларды қосымша қаржыландыруға пайдалану.

    Кірістер  мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік  сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі  бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама — функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт.

    Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданатын басқарудың жоғары жеделдігіне жету үшін түсімдер мен шығындарды жан-жақты, айқын және арнаулы етіп жүйелеуге мүмкіндік береді.

    Бюджеттік жоспарлау — мемлекеттің қаржы саясатының та-лаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпы ұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр.

    Бюджеттік жоспарлау барысында қаржы елдің  дамуының мемлекеттік бағдарламасының  экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне  және табиғи, материал, еңбек және қаржы  ресурстарына белсенді ықпал жасайды.

    Курсттық  жұмысымның мақсатына – мемлекет кірістерінің экономикалық мазмұнын зерттеу болып табылады. Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:

    1) республикалық және жергілікті  бюджеттерден қаржыландырылатын  бюджеттік бағдарламалардың тізбесін  қалыптастыруға;

    2) заңнамалық актілер мен кірістерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлу нормативтерін, облыстық өкілді органдардың шешімдерімен — кірісті облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеуге;

    3) заңнамалық актілермен республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілетін субвенциялардың және облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен республикалық бюджетке берілетін бюджеттік алынымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін, облыстық өкілді органдардың шешімдерімен — облыстық бюджеттен аудандардың (қалалардың) бюджеттеріне берілетін субвенциялардың және аудандардың (қалалардың) бюджеттерінен облыстық бюджетке берілетін бюджеттік алынымдардың ұзақ мерзімді мөлшерін белгілеуге;

    4) Қаржы министрлігімен келісе  отырып, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасын анықтауға;

    5) тиісті қаржы жылына арналған  республикалық бюджет туралы  заңда және жергілікті бюджет  туралы жергілікті өкілді органдардың  шешімдеріне облыстардың, Астана  және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдарының тиісті каржы жылының аяғындағы борышының лимитін белгілеуге;

    6) Үкімет белгілейтін тәртіп пен  жергілікті атқарушы органдар  тартатын қарыздар жөніндегі  сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін  белгілеуге.

      Бюджеттің кірістерібюджетке қайтарылмайтын негізде са-лықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын және өзге де түсімдердің, сондай-ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.

      Жоғарыда  қарастырылған Курсттық жұмысымның мақсатына байланысты мына міндеттер қойылды:

  • мемлекет кірісін қарастыру;
  • мемлекет кірісінің түрлерін, нысанын, сипаттамасын зерттеу;
  • мемлекет кірісінің экономикалық мазмұнын зерттеу т.б.

    Зерттеу құрылымы. Курстық зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     

    І. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

    1.1 Мемлекет кірістерінің мәні 

    Мемлекет  қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.

    Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

    Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нөтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

    Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.

    Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары  да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.

    Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.

    Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.

    Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

    Мемлекет  кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.

    Табыстар  ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.

    Мемлекет  кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады.

    Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.

    Мемлекет  өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.

Информация о работе Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай