Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Мая 2012 в 15:24, курсовая работа

Описание

Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден: кірістерден; алынған ресми трансферттерден (гранттардан); бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борыш-ты өтеуден;
2) шығыстардан және кредит беруден: шығыстардан кредит беруден;
3) бюджет тапшылығынан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан

Содержание

КІРІСПЕ------------------------------------------------------------------------------------3
І. МЕМЛЕКЕТТІҢ КІРІСТЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-----------------------------------------------------------------------------------------------------6-11
1.1 Мемлекет кірістерінің мәні--------------------------------------------------------6
1.2 Мемлекеттің кірістерінің негізгі әдістері-------------------------------------9
1.3 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы-------------------------------------------11
ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ТҮСІМДЕРІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ-------------------------------------------------------------------------------13-19
2.1 Мемлекеттік бюджет түсімдері және олардың көздері--------------------13
2.2 Мемлекеттік бюджет түсімдерінің атқарылуын талдау-------------------19
ҚОРЫТЫНДЫ--------------------------------------------------------------------------20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР-------------------------------------------------22

Работа состоит из  1 файл

Мемлекет кириси.doc

— 183.00 Кб (Скачать документ)

    Бюджеттің салықтық және салықтық емес түсімдерінің сипаттамасы, рөлі мен мәні.Анықтама бойынша салықтық түсімдер деп «ҚР бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер жөніндегі» ҚР Заңымен (Салық кодексімен) тағайындалған бюджетке төлейтін са-лықтар мен басқа да төлемдер айтылады. Сондықтан, салықтық түсімдердің экономикалық мазмұнын солардың негізіндегі салықтар құрайды. Олар кірістердің материалдық көзі - Ұлттық табысты қайта бөлісуге қатынасатын болғандықтан өндірістік қатынастардың арнайы формасью құрайды. Осыған байланысты салықтық түсімдер тұрақты ішкі белгілерімен, заңнамалықты даму мен ерекше формаларымен сипатталады. Олар нақты әрекеттегі ақшалай қатынастармен дәлелденеді және қаржы қатынастарының бөлігі ретінде үнемі қозғалыста болады.

    ҚР-ның  Бюджеттік кодексіне сәйкес барлық бюджет түрлерінің құрамына келесі салықтар кіреді:

    1.  Корпоративтік табыстық салық.

    2.  Жекеленген табыстық салық.

    3.   Қосымша құнға салық.

    4.  Акциздер.

    5.  Үстеме пайдаға салық.

    6.   Экспорттайтын шикі мұнайға салық.

    7.    Бонустар.

      8.  Роялти.

     9.   Әлеуметтік салық.

    10.   Жер салығы.

    11.  Бірыңғай жер салығы.

    12.  Транспорттық құралдарға салық.

    13.  Мүлікке салық.

    14.   ҚР-ның енім бөлігі бойынша үлесі.

    Салықтық  түсімдерге Бюджеттік кодексімен бюджеттердің түрлері мен деңгейлері бойынша  тағайындалған басқа да әр түрлі  алымдар, ақылар мен баждар жатады.

    Бюджеттік кодексте салықтық түсімдердің нақты түрлері бюджет жүйесінің тиісті деңгейлері бойынша бекітілген. Республикалық бюджет бойынша өте маңызды фискалды және экономикалық мәні бар салықтық түсімдер бекітіледі. Бұл мемлекеттік мүддеде салықтардың қаржылық категория ретіндегі функцияларын пайдалану қажеттілікпен дәлелденеді, себебі салықтардың фискалдық функциясы мемлекетке экономикалық қатынастарды реттеуге объективтік шарттар туғызады. Мысалы, мемлекет салықтардың экономикалық (реттеуші) функциясы арқылы ел экономикасында болып жатқан процестерге, қайта өндіріске, капитал қорландыруға, тұрғындардың төлем қабілеттілік сұранысына маңызды әсер етеді.

    Салықтарды  және олардың функцияларын экономикалық процестерге әсер ету үшін пайдалану мемлекеттің салықтық саясаттының негізін құрайды. Бұл саясатты іске асыру салық салудың ұйымдастырушы-құқықтық нормалары мен басқару әдістерінің жиынтығынан қалыптасатын салықтық механизм арқылы жүргізіледі. Салықтық механизм заңнамалы түрде Салық кодексінде бекітіледі. Қоғам өмірі мен мемлекеттің іс-әрекеттінде салықтардың рөлі осы салықтық саясат пен салықтық механизм арқылы көрінеді. Мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты салықтық түсімдердің рөлі мен мәні, механизмі өзгереді, оларды жаңарту мен жетілдіруі болады.

    Салықтық  емес түсімдер маңында бюджетке Салық кодексінде қарастырылғандардан басқа Бюджет кодексінде тағайындалған міндетті және қайтарылмайтын төлемдер жатады. Салықтық түсімдерге қарағанда салықтық емес түсімдердің мығым тағайындалған мөлшерлемелері жоқ, басқаша айтқанда, олар фискалды-тұрақты сипатта емес, сондықтан мұндай түсімдер мөлшерін өткен жыл деңгейінде жоспарланады. Салықтық емес түсімдер тізімі бюджеттер түрлері мен деңгейлері бойынша заңды және жеке тұлғаларға бөлек міндетті төлемдер форма ретінде Бюджет кодексімен тағайындалады.

    Салықтық  емес түсімдер жіктеледі:

      а) аумақтық белгілері бойынша; 

    ә) қалыптастыру мен төлету белгілері  бойынша;

    б) төлемдер төлету үшін нақты негіздері бойынша.

    Бірінші белгілері бойынша белгілі деңгейдегі бюджетке түсетін яғни республикалық, облыс немесе аудан бюджеттері кірістеріне, салықтық емес түсімдер айырылады. Екінші белгілері бойынша міндетті және өз еркілік төлемдерге бөлінеді. Үшінші белгілері бойынша салықтық емес түсімдер төлемді қалыптастыратын негізге байланысты нақты түрлерге бөлінеді, мысалы, бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауар сатудан түсетіндері.

    Мемлекетгік бюджет кірістерінің құрамында салықтық және салықтық емес түсімдердің релі мен мәні өте зор, себебі барлық кірістер ішінде 80-90 пайызы осы түсімдер үлесіне жатады және жалпы ішкі өнім көлемінің 25 пайызын құрайды, ал салықтық түсімдердің жыл сайынғы өсуі орта есеппен 12-13 пайызға жетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.2 Мемлекеттік бюджет  түсімдерінің атқарылуын  талдау 

     Мемлекеттің бюджет кірісі өткен жылы 3 триллион 126 миллиард теңгені құрады. Оның 2 триллионы – салықтан түскен қаражат. Сыртқы мемлекеттік борыш 600 млрд теңгеге жуықтайды. Игерілмей қалған қаражат 37 млрд 600 млн теңге. Бұл туралы кеше өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің есебінде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі Қайырбек Сейітқұл мәлім етті. Сейітқұл Қайырбек, ҚР Бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі: - Сонымен бірге, облыстық бюджеттерде бұл қалдық ретінде тіркелген, 7,8 млрд теңге ағымдағы нысаналы трансферт-бюджетке қайтарылуы тиіс. Ал бюджет бөлген қаржының тиімді жұмсалуын бақылауды күшейті үшін Қаржы министрлігі 2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізбек. Мәселен, - деді ведомство басшысы, қаржыны жұмсау жүйесіне енді классификатор, яғни, жіктеуші бағыты қолданылмақ. Болат Жәмішев, ҚР Қаржы министрі: - Бюджет бөлген қаржының осындай үлкен соммасын игермегендігі туралы сөз еткенде тексеруші жіті қарауы тиіс ақшаның үлкен, кішісі маңызды емес. Сондықтан, бюджет бөлген қаржы игерілмеген күнде классификатор, яғни, жіктеуші жүйені енгізуді қарастырмақпыз, жүйе жалпы қаржының қалай жұмсалмай қалғанын анықтайды.

     Үкімет 2011-ші жылғы мемлекеттік бюджет түсімдерінің болжамын қазіргіден Т207,9 млрд-қа арттырды, деп қаржы министрі Болат Жәмішев хабарлады. Бірінші жарты жылдықта мемлекеттік бюджет түсімдері өткен жылғы көрсеткіштен 37,2 процентке артып, 517,3 млрд. теңгені құрады . Ал мемлекеттік бюджет шығындары 43,9%-ке орындалып, 473 млрд. 300 млн. теңге болды,- деп хабарлады бүгін, 7-тамызда Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР қаржы министрі Ерболат Досаев. Бірінші жарты жылдықта корпоративтік кіріс салығы бойынша ағымдағы аванстық төлемдер көлемінің азаю ағымы байқалды. Алайда, министрдің айтуынша, салық мекемелерінің белсенді жұмысы арқасында шілде айында осындай түсімдер көлемі 3,5 млрд. теңгеге артқан. Экспорт көлемінің 50%-ке артуы нольдік ставка бойынша өтелетін Қосымша Құн салығы мөлшерінің артуына апарып соқты. Осындай өтемдер мөлшері 32 млрд. 938 млн. теңгені құрады. "Қосымша Құн салығы бойынша өтемдердің заңдылығына қойылатын бақылауды күшейту үшін Қаржы министрлігі, ҚР Бас прокуратурасы мен кедендік бақылау және қаржы полициясы агенттіктері бірлесе отырып қадағалау, тексеру шараларын жүзеге асыра бастады. Осы бағытта жыл соңына дейін жалған есеп-фактураларды автоматты түрде әшкерелейтін модульды іске қосу жоспарланып отыр",- деді Е.Досаев. Спиртті өнімдерге салынатын акциздік алым жоспары бұрынғыдай орындалған жоқ. Мәселен, қаржы министрінің мәліметі бойынша, жыл басынан бері бюджетке 2 млрд. 875 млн. теңге пайда қосылды. Ал жылдық жоспар 3 млрд. 728 млн. теңгені құрайды. Осыған байланысты министрлік алдағы үш жыл ішінде спиртті өнімдер рыногіне қойылған кейбір шектеулерді қайтадан қарап, технологиялық бақылау жүйесін іске қосуды межелеп отыр. "Спиртті өнімдерге акциздік ставканы азайту дұрыс деп санаймын",- деді қаржы министрі.

    Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі үдеріс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық ресурстарды жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне пайдалану. Бұл үдерістердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады. 
Мемлекеттің кірістері деп
экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың үдерісінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады. 
 Табыстар (кірістер) - қаржылармен тығыз өзара іс-әрекет ететін күрделі экономикалық қатегория. Табыс - бұл қаражаттар шығындарымен (оларды жузеге асыру уақтысымен тәуелсіз түрде) байланысты белгілі бір цызметтің нәтижесі. Табыстар өндірістің, коммерциялық, делдалдық, өзге нысаналы қызметтің нәтижесі болып табылады және кайта жасалған өнім мен қызметтерді бөлу стадиясында пайда болады. Табыстардың аральщ сипаты болуы мүмкін, яғни өзінің қалыптасуынан кейін бөліністің жаңа кезеңіне көшеді немесе ұдайы өндірістің жаңа
стадиясына - айырбасқа көше отырып, (түпкілікті табыстар ретінде түпкілікті табыстар деп корланымға және тұтынуға тікелей пайдаланылатын табыстарды айтады) қызмет атқаруға мүмкін. Табыстардың аралық сипаты бір шаруашылық жүргізуші субъектінің табыстары баска субъектінің шығыстары есебінен қалыптасатындығында, мысалы, табыс салығын төлегенде кэсіпкерлік сектордың шығыстары мемлекеттің табыстары (кірістері) болып табылатындығында немесе элеуметтік мақсаттарға жұмсалған мемлекеттің шығыстары халықтың жекелеген топтарының табыстары болып табылатындығына көрініп білінеді. 
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде
мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылыц ұйымдардың және халықтың бастащы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен кайта бөлудің үдерістеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл үдерістердің нәтижесінде ақшалай қорлар, ең алдымен бюджеттік қор жасалынады. 
 Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін
қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады, кәсіпорындардың жалпы табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды - оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылықтык мұқтаждарга пайдаланылады. Сонымен бірге қызметтің ендірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы халықтың бастапқы табыстары да кайта бөлінеді. Бұл түсімдер қызметтер көрсету сферасы кэсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық қатегория ретінде болады.        Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кэсіпорындардың қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен байланысты болатын қаржылық қатынастардың бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржылық ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында калғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады. Орталыңтандырылган қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаган кірістер кәсіпорындардың өздерінін, ақшалай табыстары мен корланымдарынан құрылады. Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі. 
Мемлекет кірістерінің басым белігін түрлі деңгейдегі
бюджеттерге орталықтандыру біртұтас қаржылық саясатты жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера кажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік бе-реді.          Бюджеттік қаражаттардан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс корлар жатады. Кірістер үғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын «ацшалай қаражаттардың» анықтамасы болып табылады. 
Мемлекет кірістерінін экономикалық
табиғаты және оларды ұйымдастыру шаруашылық жүргізудің жүйесіне, мемлекеттің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. 
Әрбір қоғамдық экономикалық
формация үшін тауар-ақшалай қатынастардың даму дәрежесімен, өндіріс эдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тэн мемлекет табыстарының жүйесі сипатты болады. 
Мемлекет табыстарының калыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ
халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның баска қаражаттарын шоғырландырады. 
Мемлекет өндіріс кұралдырының және тиісінше, косымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлъщтаіі көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кэсіпкерлік сектордың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен кұралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржылық активтерді (акцияларды және т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін. 
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады: 
1) жалпы табыс (пайда), косылған кұн салығы, акциздер, кеден табыстары түріндегі мемлекеттік кэсіпорындар мен үйымдардың табысы; 
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан, жерден, ормандардан,
жер-су, басқа табиғат ресурстарынан, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар); 
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден алынат^йй^абыстар (тіркеу алымдары, өлшемдер мен өлшеуіш приборларды тексеру, таңбалау және сараптау, қымбат металдан жасалынған бұймдарды талдау және таңбалау үшін төлем) мен шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының алымы, тауар белгілері үшін өтінімдік алым); 
4) үй-жай үшін жалгерлік төлемді, косалқы шаруашылық табыстарын және басқаларды кіріктіретін бюджеттік мекемелердің арнаулы қаражаттары. 
«Мемлекеттің кірістері» мен «Мемлекеттің қаржылық ресурстары» ұғымдарын ажырата білген жөн. Қоғамның қаржылық ресурстары - уақыттың бір мезетіндегі мемлекеттің, кэсіпорындар немесе шаруашылықұйымдарының меншігіндегі ақша қорларының жиынтығы. 
«Қаржылық ресурстар» ұғымы мазмұны жағынан «мемлекеттің кірістері» ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа
қаржылық ресурстардың кұрамына кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдык кажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі кұрал- жабдыктарды (капиталдарды) калпына келтірудін амортизациялық аударымдары, айналымдагы қаражаттардың артыгы, куыным мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомапары, ісген шыккан, иесіз мүлікті (өлген адамнан калган мүлікті), тәркіленген, мұрагерлік құқыкбойынша мемлекеткеөткен,талап етілмеген (көліктегіталап етілмеген жүк, талап етілмеген депозитсомалары, таратылмаған пошталықжөнелтім) мүлікті өткізудентүскентүсімдер. Бұл ақшалай қаражаттар(сондай-ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура магынада табыс, ягни қаражаттарды жүмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып табылмайды. Осындай себептерге байланысты эр түрлі айыппұлдар, бересілер, өсімпұлдар кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін түсімдер де мемлекеттің қаржылық ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін) болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар - қарыздык қаражаттар. Қаржылық ресурстарға сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдарының қарамагындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік кэсіпорындардың тұракты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі ішкішаруашылықтык ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп, мемлекеттің қаржылық ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа көздер есебінен құралады 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Сонымен, курстық жұмысты аяқтай келе, І - бөлімінде: Мемлекеттің кірістері  деп экономикалық қатынастардың  жүйесін айтады, бұл қатынастардың  процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің  материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

    Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде  мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары  жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен  қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нөтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

    Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары  да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді  төлеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.

    ІІ  – бөлімінде: Бюджет кірістерінің басты  материалды көзі—ол ұлттық табыс. Ұлттық табыстың өсуі мемлекет кірістері мен  мемлекеттік бюджет кірістері көлемінің тұрақты ұлғаюын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік кірістердің айтарлықтай бөлігі - ол өндіріс пен айналым салалары мен әр түрлі меншік формаларының қәсіпорындарында жасалынған қоғамның таза табысы. Сонымен бірге, мемлекет жалпымемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін әр түрлі кәсіптік іс-әрекетпен және өндірістік пен өндірістік емес салаларда шұғылданатын азаматтардың табысының бөлігін өз кірістеріне алады.

    Бюджетке  түсетін кірістер, оларды жұмылдыратын формалар мен әдістер жиынтығы мемлекеттік бюджеттің түсімдер жүйесін құрады. Мұндай түсімдер маңында Бюджет кодексімен тағайындаған белгілі мөлшерде және тағайындаған мерзімде бюджет есебіне алынатын міндетті төлемдер түсініледі.

    Мемлекеттік бюджет кірістері салықтық түсімдерге, салықтық емес түсімдерге, негізгі капитал сатудың кірістеріне, ресми трансферттерге, мемлекетке ақысыз негізде берілген ақшаларға бөлінеді. Республикада бюджет кірістерінің құрылымында ең үлкен үлес салмақты салықтық түсімдер құрайды.

    ІІІ – бөлімінде: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Халқына Жолдауында «... 2007 жылдан бастап зейнетақылық және әлеуметтік төлемдерді ағымдағы айдан кешіктірмей төлеуді жүзеге асыруға көшу керек, бұл мақсатқа шамамен 30 миллиард теңге бөлінсін. ... 2002 жылдан бастап 2006 жылға жоспарланған шығынды қоса есептегенде, республикалық бюджеттегі әлеуметтік көмек көрсету мен әлеуметтік қамсыздандырудың жыл сайынғы шығыны 160 миллиард теңгеден 362 миллиард теңгеге дейін, екі еседен астамға өсті» деген болатын. Демек, республикалық бюджет кірісінің материалдық әлеуеті қоғам игілігін және мемлекет егемендігін қамтамасыз етеді. Республикалық бюджет кірісін атқару ауқымындағы материалдық бюджеттік құқықтық қатынастар тиімділігі де жыл санап өсе түсуде. Мәселен, 2005 жылғы республикалық бюджет кірісі 1 128 444 762 мың теңге көлемінде атқарылды. Ал 2006 жылға арналған республикалық бюджет кірісі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 46-бабына, «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 1) тармақшасына және 1-қосымшаға сәйкес, «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының негізгі қаржылық жоспарына сәйкес 1 468 225 079 мың теңге көлемінде бекітілген. Осы орайда республикалық бюджет кірісі: 1) 1 302 870 000 мың теңгені құрайтын салықтық түсімдерден; 2) 37 692 594 мың теңгені құрайтын салықтық емес түсімдерден; 3) 8 185 895 мың теңгеден тұратын негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерден; 4) 119 476 590 мың теңгені құрайтын ресми трансферттердің түсімдерінен қалыптасады.

    Демек, республикалық бюджеттің кірісі (қаржы-қаражаттары) Қазақстан Республикасының  Бюджет кодексі мен Салық кодексінде белгіленіп, айқындалған түсімдер бойынша  және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы негізгі қаржылық заңда бекітілген көлемде мемлекеттік шаруашылық жүргізу (секторы) аясында, сондай-ақ корпоративтік шаруашылық жүргізу және жеке (меншік) кәсіпкерлік аясында алынған (алынатын) пайдалар мен табыстардың республикалық бюджет кірісіне тартылып, жұмылдырылатын әр түрлі (ақшалай) түсімдердің жиынтықталған жүйесі (мемлекеттің меншігіндегі қаржылық ресурс) ретінде көрініс табады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Қолданылған әдебиеттер

1. ҚР-ның  Конституциясы;

2. Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігі  Қазынашылық Депортаментінің 1998 жылғы 27 қаңтардағы № 30 нұсқаулығы

3. Қазақстан  Республикасының Бюджет Кодексі,  Алматы - 2006;

4.ҚР  –ның қаржы министрлігінің бұйрығымен  бекітілген, толықтырулар енгізілген  жергілікті бюджеттің қаржылық  органдардағы бухгалтерлік есеп бойынша № 288 24.06. 19998 ж. Нұсқаулығы

6. Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 2 желтоқсандағы N 264 бұйрығымен  бекіткен және нұсқаулыққа Казақстан  Республикасы Каржы министрлігінің 1997 жылғы 26 ақпандағы N 49 бұйрығы

7. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен ұсталатын ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жөніндегі нұсқаулық, Алматы, «Қаржы – қаражат»//1998

8. Қазақстан  Республикасының  ағымдағы жылға  «Республикалық бюджет жайлы  есеп» заңы

9. Дүйсенбаев  К.Ш. «Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын  талдау» Алматы – 2001

10. Ілиясов Қ., С. Құлпыбаев // «Қаржы»,  Алматы - 2003

11. Қазақстан  Республикасының  Заңы «2005 жылға  арналған республикалық  бюджет  туралы»

12. Кеулімжаев  К.К. «Қаржылық есеп» Алматы  – 2001

13. Мырзабай  Л.У. «Мемлекеттік  қаржы жүйесіндегі бюджеттік процедурасының  орны мен рөлі» // АльПари, № 1, 2004 ж.

14. Қазақстан  Республикасының бюджетін жақсарту// Қаржы – қаражат, 2004

15. Бюджет заңына біраз өзгеріс енгізілді// Егемен Қазақстан, 2006-сәуір

16. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет//Алматы, 2006 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Халықтың өмір сүру деңгейі және Қазіргі кедейшілік жағдай