Статистикалық корсеткіш

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Апреля 2012 в 15:39, доклад

Описание

Статистикалық бақылау деп қоамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні, айы, жылы, алты, ата – анасының алты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады.

Содержание

1. Кіріспе
2. Статистикалық бақылаудың ұғымы және міндеттері
3. Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның бағдарламасы
4. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары
5. Статистикалық бақылаудың түрлері және тәсілдері
6. Статистикалық бақылаудың қателері
7. Қорытынды
8. Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа состоит из  1 файл

статистика.docx

— 34.45 Кб (Скачать документ)
 
 

                                          Жоспар: 

  1. Кіріспе
  2. Статистикалық бақылаудың ұғымы және міндеттері
  3. Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның бағдарламасы
  4. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары
  5. Статистикалық бақылаудың түрлері және тәсілдері
  6. Статистикалық бақылаудың қателері
  7. Қорытынды
  8. Қолданылған әдебиеттер тізімі
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                       
 
 
 

                                                Кіріспе

   Статистикалық бақылау деп қоамдық өмірдің көптеген құбылыстары мен процестері туралы бастапқы мәліметтерді алдын ала жасалынған бағдарлама бойынша, ғылыми ұйымдастырылған жүйеде тіркеу, жинау тіркеу, жинау тәсілі айтылады. Мысалы, жаңа туған баланы тіркеу кезінде оның өз аты – жөні, туған күні, айы, жылы, алты, ата – анасының алты, білімі, жұмыс істейтіндігі және басқа фактілер жазылады. Статистикалық бақылауды жүргізу, оның бағдарламаларын дұрыс ұйымдастыру - өте күрделі және көптеген білікті мамандар мен ғылыми мекемелердің қатысу арқылы жасалынатын жұмыс. Себебі, кез – келген статистикалық бақылаудың  өзіне тән бағдарламасы, ұйымдастыру жоспарлары болуы керек. Ол үшін әр түрлі дайындық жұмыстары жасалынатын.

       Жалпы алғанда, статистикалық бақылаудың алдына қойған негізгі мақсаты – зерттеліп отырған зерзаттар туралы шындықты нақты дәлдікпен көрсететін, ғылымға негізделген, сапалы мәліметтерді белгіленген мерзімде жинау. Бұл жөнінде статистикалық бақылаудың алдында төмендегі талаптар толық орындалуы тиіс:

       1.Халық шаруашылығы үшін зерттеліп отырған қоғамдық  құбылыстар  мен процестердің негізгі мақсаты, ғылыми және тәжірибелік бағалылығы жоғары болуы керек.

      2.Жалпы жиынтыққа әсерін тигізетін себептерді анықтауы қажет және қоғамдық құбылыстар мен процестер туралы ұдайы өзгерісте болатын сапалы мәліметтермен қамтамасыз етілуі тиіс. Себебі дұрыс ұйымдастырылмаған, толық қамтылмаған және жан-жақты қарастырылмаған бақылау процесіне талдау жасағанда нәтижелі қорытынды шықпайды. Мұндай жағдайда статистикалық бақылау өзінің әлеуметтік – экономикалық маңызы мен мәнін жоғалтады .

     3.Статистикалық бақылау арқылы жиналған мәліметтер шындықты, дәлдікті көрсетуі үшін оның сапалылығы жан-жақты, ұқыпты түрде, әрі өз уақытында тексерілуі тиіс. Өйткені, бақылау көрсеткіштеріндегі орын алған жетіспеушіліктер, кемшіліктер, ауытқушылықтар өңдеу процесінде толық түзету жасауға мүмкіндік бермейді. Осының салдарынан ғылыми негізіндегі қорытынды және экономикалық баланс жасауымыз қиындыққа әкеліп соғады, тұйыққа тіреледі.

 

   4.Статистикалық бақылау ғылыми негізде, алдын-ала жасалынған бағдарлама - әдістеме негізде, алдын–ала жасалынған бағдарлама - әдістеме негізінде ұйымдастырылған түрде жүргізілуі тиіс және одан алынған мәліметтер дұрыс шешім қабылдау үшін қолданылуы керек.

    Сонымен, статистикалық бақылау  кезінде бастапқы жиналған көрсеткіштерде  көптеген кемшіліктер кездесетін  болса, онда бақылау жұмысының  қорытындысы нәтижесіз болып  шығады және алдына қойған  мақсатына жете алмайды. Мұның  барлығы бақылау бағдарламасы  мен ұйымдастыру жұмыстарының  дұрыс жолға қойылмағандығынан  туындайды.

  1. Статистикалық бақылаудың ұғымы және міндеттері

         Қоғамды жан – жақты сандық  мәліметтермен қамтамасыз ету және  әлеуметтік – қоғамдық  құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашу үшін, ең алдымен қажетті құбылысқа жаппай бақылау жүргізу керек. Статистиканың осындай қоғам, мемлекет алдындағы міндетін іске асыру үшін, бақылау жүргізу жұмысына белгілі бір міндеттер, талаптар қойылады. Басқаша айтқанда, статистикалық зерттеу жұмысының дұрыс, әрі сапалы, өмір шындығына сәйкес келетіндей сандық мәлімет беруі, ол құбылысты бақылау жұмысының дұрыс жүргізілуіне байланысты болып табылады. Статистикалық бақылау әдісінің мағынасы, саны көп құбылыстарды, уақиғаларды, сандық жағынан зерттеуге алу үшін, ол құбылыстар туралы қажетті мәліметтер жинауды білдіреді. Қоғамдық құбылысты бақылау кезінде, сол құбылысқа жататын уақиғалар қаншалықты толық тіркелсе, статистика ол құбылыстың сандық жағындағы өмір шындығын соншалықты дәл анықтайды. Статистиканың өзі бастапқыда нақты қоғамдық құбылыстарды барынша толық қамтып ол туралы мемлекетке мәлімет беру мақсатында пайда болған таным.

     Статистикалық зерттеу жұмысы ұзақ, белгілі бір әдістердің кезектілікпен қолдануын қажет ететін жұмыс. Бақылау – сол жұмыстардың, әдістердің алғашқысы болып табылады. Сондықтан, статистикалық бақылаудың мазмұны мен ол жұмыстың сапалы атқарылуы, жиналған мәліметтерді әр түрлі елеулі белгілері бойынша топтастыру, өңдеу және талдау кезеңдерінің ғылымилығына үлкен әсер етеді. Сондықтан: статистикалық бақылау – бұл зерттелуге жататын әлеуметтік – қоғамдық құбылыстардың жиынтық бірліктерін елеулі белгілеріне қарай тіркеуге алуды білдіретін және жоспарланған, ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған зерттеу жұмысының алғашқы сатысы болып табылады. Статистикалық бақылау әдісі, құбылыстарды тіркеуге алу арқылы жүзеге асырылады. Әрбір тіркеуге алу жұмысы жиынтық бірлігінің бақылауға алынған, мәлім болғанын білдіреді. Тіркеуге алу – құқықтық статистикада құқықтық реттелуге жататын құбылыстардың құқықы қорғау органдарына мәлім болып қана қоймай, оған іс ашылып, қажетті статистикалық карточкалардың толтырылуын білдіреді.  Демек, «тіркеуге алу»  ұғымы бақылау жұмысының жүргізілгенін білдіреді және оны іске асыратын мекеме, ұйымның қызметі болып табылады.

   «Елеулі белгілер» деген ұғым  басқа да тақырыптарда қарастырылады.  Құбылыстың жиынтық бірліктерін  сипаттайтын белгілердің қатарын  шектеулі деп бағалауға болмайды. Статистикалық зерттеулердің мәліметтерін пайдаланатын ғалымдардың сұранысының артуына байланысты, құрылыс бірліктерін сипаттайтын белгілердің қатары да үнемі артуда. Статистикалық бақылауда құбылыстың елеулі белгілері қоса алынбаса, онда жиналған мәліметтерді топтастыру да мүмкін болмайды. Сондықтан, бақылау жүргізу кезінде құбылысты тікелей немесе қосымша тұрғыдан сипаттайтын белгілердің қоса бақылануы, ол статистикалық әдістердің ары қарай жалғасуын, түбінде жан – жақты сандық мәліметті білдіретін, көрсеткішті дайындаудың негізгі кілті, бастамасы болып табылады. Себебі статистикалық зерттеу жұмысы осы ғалымда белгіленген әдістердің, сатылардың кезектілікпен қолданылуы арқылы іске асырылады және бұл кезектілікпен орындалатын жұмыстардың бір – бірімен байланыстылығы, кейінгі қолданылатын әдістің үнемі алдыңғы әдіске бағынышты болуымен айқындалады. Яғни, құбылысқа жаппай бақылау жүргізбей отырып, біз ешқандай құбылысты топтастыра алмаймыз немесе топтастыру болмаған жерде статистикалық арнайы талдау әдістемелері де жүргізілмейді.

   Статистикалық бақылау жоспарлы жұмыстың қолданылуын талап етеді. Бақылау жоспары жасалынбай, статистикалық бақылау жұмысы басталмайды және бұл жоспарды бақылау жұмысын ұйымдастыратын мекемелер дайындайды. Бақылау жоспарында қарастырылатын әдістің толық мазмұны яғни бақылаудың уақыты, орны, заты, құжаттары, онымен айналысатын мекемелер анықталады. Сол себептен бақылау жоспарының жасалуын, статистикалық бақылау әдісінің бастапқы кезеңін құрайды дейміз және бақылау қызметі жоспардың толық сақталуын қажет етеді.

        

 Бақылау жоспарының  элементтеріне немесе құрамына  мыналар жатады:

  1. Бақылау обьектісі
  2. Жиынтық бірлігі
  3. Бақылау бірлігі
  4. Бақылау уақыты және орны
  5. Өлшем бірлігі
  6. Бақылау бағдарламасы
  7. Нұсқаулар және дайындық шаралары
  8. Бақылау құжаттары
 

        Статистикалық бақылау, мағынасы бойынша ғылыми жарақталған, әрі өзге ғылымдардың қажеттілігін өтей алатын қызмет қана емес, ол жаппай құбылыстардың, уақиғалардың тиісті саласы бойынша мемлекеттік қызметті атқаратын мекемелердің негізгі жұмысын немесе үнемі қадағалауын білдіреді. Сондықтан, статистикалық бақылау – тиісті мекемелердің, органдардың өз саласына жататын құбылыстарға қадағалаушылық қызметін де білдіреді.

     Мәліметті жинаудың барлық түрі статистикалық бақылауды білдіре бермейді. Мәліметтер ресми түрде белгілі бір мекемелер, органдармен жүргізілуі мүмкін немесе кейде жеке адамдармен жүргізілуі де мүмкін.

     Статистикалық бақылау – статистикалық  карточкаларда, формулярда немесе  құжаттарда жеке құбылысты әр  түрлі белгілермен қоса тіркеуге  алуды білдіреді. 

   Статистика – қоғамға кең таралған, жаппай қоғамдық құбылысты қарастырады,  сондықтан статистикалық бақылау  – осы міндетті іске асыру  үшін қолданыла отырып, бір тектес  құбылыстардың барлығын немесе  негізгі бөлігін қамтуы арқылы  өз қызметін атқарады. Статистикалық бақылаудың ерекшелігі, ол кейінгі әдістерді қажетті шикізатпен қамтамасыз ету мақсатында, тиісті құбылыстың нақты уақыты мен аумағы бойынша жиынтығын шығарып береді. Статистикалық жиынтық бақылау кезеңінің соңғы уақыттарында, яғни бақылау қорытындысы ретінде шығады.

      Статистикалық бақылауға қойылатын  талаптардың мағынасына байланысты, статистикалық бақылаудың міндеттерін  анықтауға болады.

       Статистикалық бақылаудың  міндеті, статистикалық  зерттеудің мақстана  сәйкес, құбылыстың  жекелеген оқиғаларын, олардың сипаттайтын  белгілермен қоса  қамти отырып толық  тіркеуге алу болып  табылады. 

  1. Статистикалық бақылауды жүргізуді ұйымдастыру және оның                      

                                    бағдарламасы

         Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың мәні. Статистикалық бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі  қарастырылатын мәселе бақылауды жүргізбес бұрын оның ұйымдастыру жоспары жасалынады. Мұндағы негізгі қарастырылатын мәселе бақылаудың мәні мен маңызын, міндетін және алдына қойған мақсатына байланысты бастапқы мәліметтерді жинаудың формаларын, түрлерін, тәсілдерін, орнын анықтау болып табылады. Сондықтан бұларды нәтижелі шешу үшін алдын ала бағдарлама жасалуы тиіс. бірақ алдымен статистикалық бақылаудың мақсаты мен міндетті анықталады да, соңынан оның бағдарламасы жасалынады.

    Ұйымдастыру жұмыстарының ішіндегі  ең негізгісі - статистикалық   бақылауды жүргізудегі алдына  қойылған мақсат, оның өзі сол  жүргізілетін зерттеудің мәні  мен  маңызына байланысты. Бұл  дегеніміз бақылауды не үшін  және қайда жүргізетінімізді, қандай  мәліметтердің жиналатындығын, қалай  өңдеу керек екендігін, қолданылатын  кестенің пішінін және есептеу   тәсілдерін анықтау болып табылады. Сол себепті статистикалық   бақылауды ұйымдастыру және онң  бағдарламасының жасау мағынасы  жағынан өте күрделі жұмыс  болып есептелінеді.

    Статистикалық бақылау зерзаты (объектісі).

       Статистикалық  бақылаудың бағдарламасында зерзаты мен бақылау  бірліктері  дұрыс анықталуы тиіс. Статистикалық  бақылау зерзаты дегеніміз – зерттеуге жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестер жиынтығы. Мысалы, өнеркәсіпті зерттеу  керек болса, онда бақылау зерзатына Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп орындары, ал ауыл шаруашылығын зерттеу қажет болса, онда ұжымшарлар мен кеңшарлар жиынтығы жатады. Ал халық санағын жүргізу қажет болатын  болса, онда бақылау зерзатына республикамызда  тұратын белгілі бір шекті мезгілдегі бүкіл халық жатады.

    Статистикалық бақылау жұмыстарын  ғылыми  жүйеде ұйымдастыру   кезеңіндегі  ең бастысы - бақылау  зерзатының шегін дұрыс анықталмаған  болса, онда оның кейбір бөліктерінің  зерттеуден тыс қалуы немесе  зерттеуге жатпайтын мүлде   басқа зерзаттардың кіріп кетуі  де мүмкін. Сондықтан бақылау  зерзатының шегін дұрыс анықтап  алу зерттеу кезіндегі мәліметтердің  анық та, қанық болып шығуына  әсері өте зор. Статистикалық бақылаудың зерзаттары бөлек элементтерден тұрады және оны нышандарына қарай бір – бірінен ажыратуға болады. Сондықтан, ол статистикалық бақылау жүргізудің негізгі көзі болып саналады. Оны статистикалық бақылау бірлігі деп атайды. Бақылау бірлігі деп, бастапқы статистикалық мәліметтер жиынтығын зерттеуге жататын зерттеуге жататын зерзат құрамының белгілі бір бөлігін айтады .

  Бақылау бірлігін анықтау – зерттеуге жататын жиынтық құрылымына, оның алдына қойған мақсатына, атқаратын міндетіне байланысты. Мысалы, ауыл шаруашылығын зерттеу керек болса, бақылау бірлігі ретінде өндірілген.

  1. Статистикалық бақылауды ұйымдастырудың негізгі формалары

     Статистика органдары бастапқы мәліметтерді жинауда ұйымдастырудың негізгі екі жолын қолданады. Оның біріншісі – есеп беру, екіншісі – арнайы ұйымдастырылған бақылау.

      Статистикалық есеп беру. біздің қоғамымызда статисти-калық есеп беру статистикалық бақылаудың негізгі формасы болып саналады. Себебі, бастапқы мәліметтердің көпшілігі бухгалтерлік есеп беру формалары арқылы жиналады. Демек, есеп беру деп кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар, ұжымшарлар мен кеңшарлар және т.б. өз жұмыстары туралы міндетті түрде арнайы бекітілген құжаттар үлгісінде және белгіленген уақыт аралықтарында керекті мәліметтерді статистика органдарына немесе тиісті орындарға тапсырып отыруды айтады.

Информация о работе Статистикалық корсеткіш