Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 18:59, реферат
Қазақстан жеделдете жан-жақты жаңғырта жаңарту жолын таңдап алып отыр. Біз осы заманғы әлемде Қазақстанға және қазақстандықтарға лайықты орын, бүкіл ел халқының әл-ауқатының өсуі мен тұрмыс деңгейінің елеулі жақсаруын қамтамасыз ету үшін сыртқы рыноктарға шығып, сенімді орнығуға міндеттіміз.
Үкімет ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігін қолдауға бағытталған нақты бағдарламалар қабылдауы қажет. Жеке меншік бизнесті қолдаудың және оның тауарлары мен қызметінің әлемдік рыноктарға жылжытатын мамандандырылған құрылымдар болуы шарт, мұндай ұйымдардың әлемдік тәжрибесін зерделеп, оны еліміздің жағдайына бейімдеуіміз керек.