Кітапхананың жұмысын автоматтандыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 13:00, дипломная работа

Описание

ілім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында кітапханашы мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

Работа состоит из  1 файл

кітапханашы мамандарды қалыптастыру..docx

— 187.72 Кб (Скачать документ)

Кітапханашы мамандарды даярлауда ақпараттық мәдениетті қалыптастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

    Білім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр. Сондықтан кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет. Аталған қажеттілікті шешу барысында кітапханашы мамандардың біліктілігін ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім беруді ақпараттандыру жағдайында кітапханашы мамандардың ақпараттық сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.

    Психологиялық-педагогикалық  ғылымда өңделген қызмет принципіне сәйкес болашақ кітапханашылардың жеке тұлғаларының шығармашылық қасиеттерінің дамуы тек қоғамдық тәжірибені меңгеру, кітапханашы мамандардың өздерінің белсене қызмет ету арқылы жүзеге асатын меңгеру негізінде ғана жүре алады. Адамзат мәдениетінің қол жеткізулеріне ие болу үшін әр жаңа ұрпақ осы қол жеткізулер үшін істелген қызметке ұқсас қызметті жүзеге асыруы керек. Осыған байланысты кітапханашы мамандардың мамандандырылған қызметіне сәйкес оқу қызметін ұйымдастыру маман даярлау жүйесінің қажетті кешені болып табылады.

    Қоғамда ақпараттандыру, есептеу техникасы  құралдары кеңінен таралуымен байланысты, оқу процесін ұйымдастыруға, сол сияқты білім берудің мазмұнын өзгертуге де елеулі ықпал етеді. Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъектісі - кітапханашы. Қазіргі кез келген кітапханаға шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа кітапханалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан кітапханашы қажет. Ол бір уақытта кітапханашы-психолог және кітапханалық қызметті ұйымдастырушы кітапханашы-технолог бола білуі керек.

    Жаңа  технологиялар - кітапханашының мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол кітапханашыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде кітапханалық қызметке сай қолданылуы керек.

    Кітапханашы оқырмандарға қызмет көрсетуінсіз, оқырмандар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақытты үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттық-анықтамалық жүйе құрамында электрондық кұрылғылармен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

    Жаңа  ақпараттық технология құралдарын кітапхана қызметінде пайдалану, оқырманның шығармашылык, интеллектуалдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.

  • өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
  • құбылыстарға модельдер кұра біледі.

    Кітапханалық  арнайы бағдарламаларды кітапханашыларға оқыту оқырмандардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау мен өзіне-өзі есеп беруін қалыптастырады, оқырмандардың еңбек ету мен дағдысының жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.

   Мақсаты:

  • ақпараттық-коммуникациялық технологияны кітапхана қызметіне енгізу жағдайында тұжырымдамалық негізін  жасақтау және оны жүйелеу;
  • мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын кітапханашы мамандардың категорияларын таңдауды болжау;
  • білім беру жүйесіндегі кітапханашыларды ақпараттандыру жағдайына кітапханашы мамандардың біліктілігін көтеру.

    Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

    - білім беру жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған сәйкес мазмұнын анықтау;

    - кітапханашы мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу дайындығын  анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін зерттеу.

    - кітапханашы  мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызметтеріне енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.

    - ақпараттық-коммуникациялық технологияны білім мекемелерінің кітапхана қызметінің процесіне енгізу бойынша кітапханашы мамандардың іс-тәжірибесін тарату. 

  БIЛIМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КІТАПХАНАШЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША БIЛIКТIЛIГIН КӨТЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ НЕГIЗГI ЖОЛДАРЫ

     Бiлiм беру жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандыру процесi кітапханадағы бөлім басшыларына, әдiскерлерге,  жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды.

   Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiн ақпараттандырудың  Мемлекеттiк бағдарламаларының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi ретiнде мамандардың осы сала бойынша бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау мәселесі қарастырылса.

   Тәжiрибе жүзiнде дәлелденгенiндей, кез келген кітапханашы мен әкiмшiлiктiң өз қызметтерiне компьютердi пайдалануы олардың әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енуде ақпараттық мәдениетiнiң қалыптасатынымен өлшенедi. Сонымен бiрге, бұл жағдайда, инновациялық әдiстер мен құралдарды кітапхана қызметінде пайдалану оқырмандардың қомақты материалдарды қамтуына, уақытты үнемдеуіне, қызығушылықтарын арттыруына көмектеседі.     Ақпараттық-коммуникациялық технологияны кітапхана қызметі процесiне пайдалану оның келесi инновациялық мүмкiндiктерін жүзеге асыруға көмектеседі: оқырманның дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге байланысты қызмет атқару және кітапханалық қызмет көрсету процесiне жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалануды көздейді.

  • проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
  • жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және мультимедиалық-технологияларды) пайдалану арқылы кітапханалық қызмет процесiнiң материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.

   Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде кітапханалық қызмет процесiнде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi мүмкiндiктерi ұсынылады:

  • ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда кітапханашы қызметкерлерінің қажеттiлiгiн қанағаттандыру:  информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша жаңа бiлiмдер алу;
  • кітапханатану және библиография саласындағы оқытушылардың бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлау;
  • бiлiм беру жүйесiндегі кітапхана қызметкерлерінің жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге үйрету;
  • арақашықтықтан оқыту формаларына кітапханалық істі бағыттау;
  • облыстағы бiлiм беру жүйесіндегі кітапханаларды ақпараттандырудың ғылыми-әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
  • облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын қалыптастыру;
  • Кітапхана ісі процесiне және ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.

     Кітапханашы мамандарды ақпараттық-коммуникациялық технология негiзiнде дайындауда келесi қағидалар негiзге алынған:

-вариативтiлiк — әрбiр кітапханашы қызметкерлерiнiң жасақтаған материалдарына сәйкес бiлiктiлiктi көтеру жүйесiн бағыттайды;

-болашаққа негiзделген — күтiлетiн нәтиженi анықтайтын кезеңдiк бағдарламалардың бағытын орнықтырады және жеке тұлғаға бағытталған курстың жалпылама мақсатын анықтайды;

-рефлексивтi-креативтi — жаңа ақпараттық технологияларды меңгерту бiлiмдерiн ұйымдастыруда курстың бағыты даралық-шығармашылық негiзге бағытталуы қажет;

-эргономикалық — нақтылы мәселелердi үйренуге қажеттi уақыт мөлшерi талап етiледi;

-iзгiлiктiлiк — бейiмделген оқыту жүйесiн құруды талап етедi, бiлiктiлiктi көтеру жүйесiнiң құрылымы мен нақтылы нәтижесiн анықтау;

-тәжiрибеге бағытталған — оқыту көздерiнiң бiрi ретiнде оқытушылардың тәжiрибесi қолдану идеясы жүзеге асырылады және нақтылы iс-әрекеттер бойынша тыңдаушылардың танымдық процестерiнiң өзара байланыстылығы  мен олардың жеке тұлға ретiнде  қалыптасу деңгейi анықталады;

-жекелеген  кеңес беру - тыңдаушыларға консультация беру ұсынылады. Ол мына бағытта жүргiзiледi: әрбiр тыңдаушының өзiндiк ерекшелiгiн ескере отырып қойылған нәтижелерге жетуге байланысты игерiлетiн мәселелердiң мазмұны  мен оған қолданылатын тиiмдi әдiс-тәсiлдер.

   Кітапханашы мамандарды қайта даярлау практикалық және жобалық сипатты анықтайды. Ол ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану тәжiрибесi, сабақты ақпараттық ортаға бейiмдеп, жобалау және т.б. жұмыстарды қамтиды.

   Жаңа  ақпараттық технологиясына дайындау мынадай  екi негiзгi модуль бойынша құрастырылған:  “Кітапханашының ақпараттық құзырлығы” және “кітапхана ісіндегі ақпараттық технологиялар”.

   Ақпараттық  мәдениеттi дамыту қазiргi кітапханашының ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:

1. қазiргi бiлiм беру жүйесiндегi ақпараттық кеңiстiк туралы бiртұтас түсiнiктi қалыптастыру (бүкiләлемдiк ақпараттық ресурстарға бағдарлау, ақпараттарды iздеу алгоритмi мен ақпараттарды аналитикалық-синтетикалық тұрғыдан өңдеу әдiстерiн меңгерту).

2. Ақпараттық (дербес жағдайда, компьютерлiк) сауаттылық: оқу-әдiстемелiк, озық тәжiрибелердi зерттеу, ғылыми-зерттеу нәтижелерiн түрлендiру мен технологияларды қолдану әдiстерiн  меңгерту; қолданбалы программалық құралдарды меңгерту; жаңа программалық құралдарды меңгерту.

3. Өз қызметтерiн жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану: жаңа ақпараттық технологияның мүмкiндiктерi туралы бiлiм; коммуникациялық қызметтердi пайдалану дағдысы; бiлiм беру процесiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып, кітапханалық программаларды жүзеге асыру, және оларды өз қызметтерiмiзге сәйкес бейiмдеп пайдалану. 
 
 
 

АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ  ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ САЛАСЫ БОЙЫНША КІТАПХАНАШЫ

МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ  КЕЗЕҢДЕРІ 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       КІТАПХАНАШЫ МАМАНДАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

     Негiзгi ұғымдар

     1. Мемлекеттiк ақпараттық саясат – ақпараттық қоғам жағдайында  түрлi қызмет салаларын ақпараттандыру және бiртұтас әлемдiк ақпараттық кеңiстiкке енудi қалыптастыруға  бағытталған құжаттардың мемлекеттiк органдарда бекiтiлiп, жүзеге асыру механизмдерiн реттеу.

     2. Бiлiм берудi ақпараттандыру - бiлiм беру саласының теориясы мен практикасына жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану және оқыту мен тәрбиелеудiң психологиялық-педагогикалық мақсаттарын жүзеге асыратындай жағдайда оның мүмкiндiктерiн  қолдану процесi.

     3. Ақпараттық кеңiстiк -  белгiлi бiр ереже мен қағидаға негiзделiп ақпараттық субъектiлердiң өзара әрекетiн және ақпараттық тұтынушылардың қызметiн толығымен қанағаттандыруды  қамтамасыз ететiн ақпараттық ресурстар мен жүйелер және телекоммуникациялық жүйелер мен желiлердiң жиынтығы.

     4. Ақпараттық ресурстар – ақпараттық жүйелердегi жекелеген құжаттардың немесе құжаттар  жиынтығы (кiтапханалардағы, архивтердегi, деректер қорындағы және басқа да ақпараттық жүйелердегi).

     5.  Ақпараттық жүйе  - ақпараттық процестердi жүзеге асыратын ақпараттық технологиядағы реттелген құжаттар мен бiрнеше құжаттар жиынтығы.

     6. Ақпараттық процестер – ақпаратты жинау, өңдеу, алу, сақтау, iздеу және тарату процестерi.

     7. Ақпараттық орта – ақпараттық процестермен қарым-қатынас кезiнде пайда болатын ақпараттық ресурстар мен жүйелердiң жиынтығы.

Информация о работе Кітапхананың жұмысын автоматтандыру